Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 10:57, лекция
Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуыныц 2003-2015 жылдарга арналган мемлекеттік багдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруга, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылган стратегиялық мақсаттарга сәйкес экономикалық қатынастарды трансформациялау мәселесін шешу қажет.
Корпоративтік экономика еңбекті халықаралық бөлуде үлттық экономиканың бәсекеге кабілетін арттыруга, нақты эконо-микага инвестициялар тартуга, сонымен бірге гылыми-техникалъщ прогрестіц жетістіктерін енгізуге ъщпал етеді. Мемлекеттіц әріптестері ретінде ірі корпоративтік -қүрылымдар өндірістің ма-териалдъщ ресурстары мен капиталын біріктіреді.
1 Кіріспе (аннотация)
2 Тақырыптық жоспар
3 Лекциялар
4 Лабораторлық жұмыстар
5 Практикалық жұмыстар
Кәсіпкерлік - бұл қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын әлеуметтік - экономикалық шарттардағы инновациялық өндірістік форма болып табылады. Қазақстандағы жаңа экономикалық жүйенің құрылуы шағын кәсіпкерлік қызметінің, соның шағын, орта және ірі (корпоративті) кәсіпорындар қызметіндегі өндірістік - коммерциялық масштаб байынша олардың өзара әсер ету қарым - қатынасындағы бір жақты реттеуін көрсетеді. Шағын кәсіпкерлік іскерлік өмірдегі негізгі құрал болып саналады. Тұтынушылар мен өндіріс тауары бола отырып, шағын кәсіпорындар нарық тербелісіндегі көптеген өзгерістерге әсер ететін көптеген факторлардың бірі болады. Шағын кәсіпкерлік негізгі рөлді аймақтық экономикада алады. Аймақтар әкімшілдік - территориалдық, әлеуметтік - экономикалық дамуды көрсететін меншік элементтерінің өзара қарым - қатынасы арқылы жүретін басқару жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Сондықтан да, шағын бизнестің және аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуы, біріншіден еңбек, материалдық техника, табиғи, қаржылық және ақпараттық ресурстарын қолдануға, екіншіден аймақтық экономиканы басқару жүйесіндегі ұлттық экономиканың ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарын бағдарлауға байланысты. Аймақтық басқару жүйесі шаруашылық субъектілерінің өзара қарым - қатынас орнатуына, сондай-ақ нарықтың жеке, корпоративті қатысушыларына экономикалық және әлеуметтік нәтижелермен қамтамасыз ету жүйесі болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдық құқықтары бар дара шаруашылық субъектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді. Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Оларға заңды статус беріледі, осыған сай мүліктері болады, сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды. Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық – құқықтық формалары бар: - мемлекеттік кәсіпорын; - серіктестік: толық жауапкершілікпен; аралас жауапкершілікпен; шектеулі жауапкершілікпен; - акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі). Орын алып келген мынадай түсініктер шағын кәсіпорын бірлескен кәсіпорын, “кооператив”, бұлар шын мәнінде кәсіпорынның заңды статусын бейнелейді, оның экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын ғана түсіндіреді. Мысалы, шағын кәсіпорын атауы мұнда жұмыс істейтіндердің санына қарай берілген анықтама. Бүкіл әлемде, оның ішінде біздің елде де кіші бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасы бар. Шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер берілген, бірінші жылы салықтың толық мөлшерінің төрттен бірін, екінші жылы жартысын төлейді. Ал жаңа салада, құрылыста алғашқы екі жыл бойы қалыптасу кезеңінде салықтардың алынбай жүргені де сирек кездесетін жәй емес. Жеке кәсіпорын. Оны ұйымдастырушы да, иелік етуші де бір адам. Қалғандары жалдамалы қызметкерлер.
Толық серіктестік – жеке адам және заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша қозғалмайтын мүліктерге жауапты. Мұнын мәні мынада: егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бірі жеке адам ретінде енетін болса, белгілі бір жауапты кезеңге кезіккенде (банкрот жағдайында) қажетті күнделікті заттардан басқа жеке мүліктерін, атап айтқанда, машина, саяжай, зергерлік бұйымдар тағы басқа бағалы мүліктерді тізімге алады. Жұмыс істеп тұрған қоғамға мүшелікке енгеннен кейін бұрынғы мүшелермен қатар енгенге дейінгі қоғамның қарыздарын өтеуге бірдей жауапты болады. Әдетте толық серіктестіктерді заңды тұлғалар құрайды. Белгілі бір салада бірлесіп қызмет ету жөніндегі келісім осындай серіктестікті құрудың негізгі деп қарауға болады. Мұндай жағдайда серіктестіктің жарғысын тіркеудің де қажеттігі болмайды. Аралас серіктестік толық серіктестіктің өзгерген формасы. Мұның негізгі ерекшелігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл мүліктерімен несие беруші серіктестер алдында жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға қосқан үлесі бойынша шектеледі. Бүкіл мүліктермен тәуекелділік етіп отырған қатынасушы қоғамның ішкі мүшесі немесе толық серіктестер деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде тәуекел етушілер сыртқы қатынасушылар немесе командиттер деп аталады. Оқырмандардың көпшілігіне тарихтан, ғылыми көркем әдебиеттен белгілі аттар «Джонсон – Джонсон» және «М.Иванов балалары және КО» тағы басқа. Міне командитті серіктестік деген осылар. Командиттік серіктестіктерді ұжым басқарады және ел өкілеттік қызмет атқарады. Командиттік серіктестікке салық тұрғысынан қарағанда шектеулі жауапкершілігі бар қоғам қабылданды. Мұндай құрылым шектеулі жауапкершілігі бар командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы салық төлеу тұрғысынан ол серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан шектеусіз жауапкершілігін шектеулі қоғамға тарата алады, сөйтіп жауапкершілікті шектеу арнасынан өтеді, әдетте, олардың капиталы да көп болмайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік алдын ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелерін орындау жауапкершілігі жоқ, тез өз үлестерінің мөлшерінде тәуекелділік жасайды.
Шектеулі жауапкершіліктің мәні де осында. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда компаньондар арасында өзара берік байланыс бар. Осы себептермен ол семьялық кәсіпорындар ұйымдастыруға тырысады. Кооператив – бұл қоғамның қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Алайда біздің кооперативтер ең алдымен өндірістік, қызмет көрсету және сауда-делдалдық салада өрістеп отыр. Кооперативтік кәсіпкерлік формаға тән жағдай, оның мүшелерінің сол кооперативпен тығыз байланыс орнатуында. Кооператив – ол заңды иегер. Көпшілік елде өріс алғанына қарамастан іс жүзінде кооперативтердің салыстырмалы түрде үлес салмағы аса көп емес. Оның көптеген себептері бар, ең алдымен, кооперативтік кәсіпорындарда табысты капиталға айналдырмау тенденциясы байқалады, ол болса өндіріс тиімділігін төмендетеді, инновациялық процеске кедергі жасайды, құрылымдық қайта құруды қиындатады.
Мемлекеттік корпорациялар. Бұл кеңінен тараған ұйымдық-құқылық формадағы мемлекеттік кәсіпорындар. Олар белгілі бір құқық субъектілері және өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Әдетте, олар шаруашылық жұмыстарымен бірге мемлекет атынан реттеуші және басқарушы қызметтерін де атқарады. Басқаша айтқанда, мемлекеттік корпорациялар коммерциялық кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың қызмет ету аясын, ерекшелігін бірдей қолданып отыр. Мемлекеттік корпорациялар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам формасында да құрылуы мүмкін
Бақылау сұрақтары:
1. Шағын кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерін есептеу
2. Шағын кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштері
Тақырып 16. Коммерциялық қызметтің қаржылары
16.1 Коммерция туралы ұғым. Тәуекелдік жағдайында кәсіпорын табысын қалыптастыру
Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары
мен мекемелерін
Коммерциялық емес қызмет бағыттарының әркайсысы өзінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады, материалдық сфера мен коммерциялық қызметке тән функцияларды айқындайтын құрылымдарды кіріктіреді. Мысалы, олардың көбісінің меншікті кәсіпорындары болады, олардың жұмысы кәсіпорындар қаржысының жұмыс істеуінің жалпы қағидаттарына негізделіп ұйымдастырылады. Алайда мұндай кәсіпорындардың өнімін өткізу сұраным мен ұсынымның рыноктық критерийлерімен емес, бірақ ұйымның өзінің ішкі қажеттіліктерімен реттеледі. Мұндай өнім өндіріс шығындарын жабатын және нормаланатын деңгейде пайданы (таза табыс) қалыптастыратын бағалар бойынша: қолайлы өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ету және ұйымның -кәсіпорын иесінің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін сатылады. Сөйтіп, өнім, әдеттегідей, бәсекелік рынокқа шықпайды, коммерциялық ұйымның ішінде қолдануға арналады (әскери-өнеркәсіптік кешен өнімі, медициналық техника мен саймандар өндіру жөніндегі кәсіпорындар, мамандандырылған өнімнің басқа түрлері).
Алайда шаруашылық жүргізудің рыноктық
жүйесі өндіріс, айналыс сферасындағы
анық шекараларды анықтамайды және экономикада
болып жатқан өзгерістер бірқатар коммерциялық
емес салалар қызметінің уәждемесінде
бейнеленеді. Олардың көптеген құрылымдары
өзінің өнімімен және қызметтерімен ашық
рынокқа шығады, сөйтіп, өз құрылымының
және жалпы осы сала жүйесінің жақсы дамуын
қатамасыз етеді. Мысалы: білім беру, денсаулық
Коммерциялық
қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен
мекемелерді қаржыландырудың
Мемлекет тиісті функцияларын т
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелермен кепілдендірілген деңгейлердегі білім беру мен денсаулық сақтауды қаржыландыру жөніндегі шығындарды өзіне алады.
Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Бұл мұндай зерттеулердің нәтижелері дереу нәтиже бере қоймайтындықтан, ұзақ мерзімнен кейін қолданылуы мүмкін болатындықтан барып шығады, ал олардың маңыздылығы қоғамның болашақ дамуы үшін өте айтарлықтай.
Бюджеттік ресурстар сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле- және радиостудияларды, киностудияларды және т.б. қолдап отыруға пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыс (түсім-ақша) түріндегі меншікті қаражаттар, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда), ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызмет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымның оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан ары өздігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) кіріктіреді. Мұндай әдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтың қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.
Меншікті кәсіпорындары бар ұйымдарда олардың қызметін (жөндеу ұйымдапының жабдықтар мен оргтехниканы қалпына келтіруі үшін, осы мақсатпен босалқы бөлшектер шығарымы бойынша қызметін, басқа мекемелердің медикамент және емдік преператтар шығарымы бойынша мекемелерінің қызметін, әр түрлі қосалқы шаруашылықтар қызметін) қамтамасыз ету үшін, алынатын пайда немесе табыс әуел баста белгіленген тәртіппен бөлінеді, яғни бюджет және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер төленеді, содан кейін қаражаттардың бір бөлігі кәсіпорынның дамуын өзін-өзі қаржыландыру мақсатына бағытталады және тек сонан соң қалған бөлігі ұйым-иегердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Ведомствоға қарасты кәсіпорындардың болуы жағдайында коммерциялық емес ұйымды қаржыландыру көздері мысалы, кәсіпорын мүлкін өткізуден, акциялар пакетінің бір бөлігін сатудан, құрылтайшы ретіндегі ұйымдағы кәсіпорын акцияларына дивидендтерден түсетін түсімдерден болатын қаражаттармен толықтырылуы мүмкін. Ведомствоға қарасты кәсіпорынның резервтік қорының қаражаттары да пайдаланылуы мүмкін.
Меншікті көздердің
қатарына сонымен бірге ғимараттарды,
құрал-жабдықты және ұйымның басқа
мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар,
мүлік пен ғимараттарды кепілді
Қаржыландырудың үшінші көзі - банктердің кредиттері. Бұл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардын пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі, кредиттік қаражаттардың қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.
Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіби, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқалары) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді. Қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастырудың еріктілігі олардың қаржылық ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады: оларға бюджеттікқаржыны (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржылық ресурстар бірлестіктердің жарғысына байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.