Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің құрылым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:16, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі күні тіл ғылымы жаңа – антропоцентристік бағытта дамып келеді. Жаңа бағыттағы зерттеулердің дені тілді адам баласының өзін-өзі тануының құралы ретінде қарау принципіне сүйенеді. Бұған дейінгі лингвистикадағы басым бағыт – құрылымдық болса, қазіргі кезде бұл дәстүрден өзгеше дәстүр қалыптасты.

Содержание

I МӘСЕЛЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1.1Күрделі атау, сандық ұғымдардан жасалған күрделі атаулар – сөзжасамдық бірліктер
1.2Қазақ тіліндегі сан атауларының зерттелуі жайында
1. 3 Когнитивтік лингвистика және концепт ұғымы
ІІ САНДЫҚ ҰҒЫМДАР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ АТАУЛАР КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
2.1 Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің құрылымы: аялық білім, астырт және үстірт мағына
2.2 Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің мазмұны

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сандық+ұғымдар+арқылы+жасалған+күрделі+атаулар+концептілерінің+құрылым.doc

— 493.50 Кб (Скачать документ)

Тілімізде жеті атамнан мұндай пәлені көргенім жоқ (жеті ата, жеті мұстанымда мұндайды көргенім жоқ) деген сөз бар. Біреуді түгін қалдырмай, үрім-бұтақтан бері қарай сыбап, балағаттағысы келсе, қазақ – «жеті ата», «жеті мұстыдан» немесе «жетпіс жеті атадан» келеді.

Жеті сөзі бір топ мақал-мәтелдермен ұласып жатыр: жетіге келгенше, жерден таяқ жейді; алып алты, жеп жеті болмайсың; жетімнің құрсағы жеті қабат [жетімнің жеті қарны болады]; кедейдің жеті қаңтаруы бар («... кесірі бар» деген мағынада), т.б.

Баланың жерден таяқ жеуі жетімен байланыссын, байланыспасын, негізгі өлшем осы санмен келуі де кездейсоқ емес сияқты. Баланың сана-сезімін, естияр болуын, аяқ баса бастауын жеті жастан бері қарай есептеуде, әрине, өмі шындығы бар. Алып алты, жеп жеті болмайсың дегендегі жеті болмайсың дегеннің («кемеліне келу, баю») сықылды мағынасы бар. Бұл санды негізгі шек деп есептегенде («көп», «мол» деп қарағанымызда), жеп жеті болмайсың деген тіркестің қазіргі тіліміздегі семантикалық ролі бізге түсінікті болу керек. Қалың мал мөлшері кей жерде қырық жеті, он жеті, отыз жеті болып өлшенген. Біреудің әйелі қыз туса, кейде қырық жеті құтты болсын деу дағдысы болған (сондай-ақ қырық жылқылы болыпсың, құтты болсын сияқты сөз саптау көбірек айтылады). Мұндағы бір ескертетін нәрсе, малдың жалпы мөлшері жоғарыдай, жетіге бітіп келсе де, құдандалы кісілердің алыс-берісінде сан мөлшерінен асып түсу немесе ол межеден кем түсу бола береді. Осыған қарағанда, жеті сөзінің тікелей лексикалық мағынасы дәл осы жерде сақталып тұрған жоқ. Әйтеуір осыны «ырым» еткені болмаса, үнемі жетіні тәптіштеп, қалың малды беруде сол жетіге жеткізу шарт емес. Бұл да болса жеті санының жай шартты ұғым ғана болғанын көрсетсе керек.

Жеті бағзы уақыт өмірдің басқа салаларынан да орын тепкен. Аңшылық, ит жүгірту, құс салуға қатысты: ит – жеті қазынаның бірі (ит жеті қазынаның біріне қосылған) деп келеді. Ол жеті қазына мыналар: 1) жүйрік тазы, 2) қыран бүркіт, 3) перен [берен] мылтық, 4) сұлу қыз немесе сұлу әйел, 5) жүйрік ат, 6) ер жігіт, 7) ілім-білім. Әрине, халық аузында жеті қазына жайында бұдан басқа да түсініктер жоқ емес.

Жеті, бір жағынан, жақсылық затпен, өмірге керек өнер, кәсіппен, ізгілік қасиетке байланысып жатса, екінші жағынан, шаруаны күйзелтіп, елдің дамылын алып, кей кезде аласапыран бүліншілікке, ашаршылыққа әкеп соқтыратын жұтқа да қатысты. Қазақ: жұт жеті ағайынды – дейді. Қыс қатты боп, суықтан, бораннан мал қырылса да – жұт, жауын-шашын болмай, егін шықпай қалса да – жұт, малға індет ауруы келсе де – жұт. Осы жұттың қай-қайсысы болса да, өзімен бірге ірілі-уақ басқа жұтты ала келетіні, бір жұт екінші жұтты шақыра келетіні – белгілі. Жұттың тольш жатқан зардабы болады. Сондықтан бір жұтқа іліктес басқа жұттардың да шығуын «жеті ағайынды» деу орынсыз емес. Жұттың осы «ағайындарын» (сыңарларын) халық мыналар деп ұғады: 1. Құрғақшылық (егін шықпау, шөп қуару); 2. Мал жұтау (қыс қатты болу, қар қалың жауу, індет болу); 3. Оба (домалатпай); 4. Өрт кету; 5. Соғыс (бейбіт елге басқыншылық жасау); 6. Сел кету; 7. Жер сілкіну, т. б.

Сөйтіп, жеті сөзімен келетін діни ұғымды фразеологизмдерді де, сол ұғымнан шыққан сарқыншақ (реликт) есебінде күнделікті тіршілікте ұшырайтын басқа тұрақты тіркестерді тізіп, санын көбейте


Информация о работе Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің құрылым