Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:16, курсовая работа
Бүгінгі күні тіл ғылымы жаңа – антропоцентристік бағытта дамып келеді. Жаңа бағыттағы зерттеулердің дені тілді адам баласының өзін-өзі тануының құралы ретінде қарау принципіне сүйенеді. Бұған дейінгі лингвистикадағы басым бағыт – құрылымдық болса, қазіргі кезде бұл дәстүрден өзгеше дәстүр қалыптасты.
I МӘСЕЛЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1.1Күрделі атау, сандық ұғымдардан жасалған күрделі атаулар – сөзжасамдық бірліктер
1.2Қазақ тіліндегі сан атауларының зерттелуі жайында
1. 3 Когнитивтік лингвистика және концепт ұғымы
ІІ САНДЫҚ ҰҒЫМДАР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ АТАУЛАР КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
2.1 Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің құрылымы: аялық білім, астырт және үстірт мағына
2.2 Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің мазмұны
Халықтың өткен өмір жолынан мағлұмат беретін, белгілі бір өмір саласына қатысты жұмсалатын тілдік бірліктер көне мұраларда, ауыз әдебиетінің үлгілерінде (шешендік сөздер, эпостық, лиро-эпостық, тарихи жырлар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, жұмбақтар мен ертегілер, аңыз әңгімелер), көркем шығармаларда кездесіп, әлеуметтік мәнділік деңгейі кеңіп отырады.
Әлеуметтік
мәнділік деңгейі шектеулі астырт құрылым
атауларға негізінен мән-
Абай шығармашылығының жемісі – қазақ өлеңінің құрылымдық жаңа түрінің күрделі атауы сегізаяқ сөзін де осы астырт құрылым тілдік бірлікке жатқызуға болады. Себебі осы атаудың қолданысының аясы әдебиеттанушы, тілші мамандармен, сондай-ақ Абай творчествосын зерттеуші немесе лингвистикалық біліктілігі жоғары оқырмандармен шектеледі де, бұл сөз барлық тіл иелеріне бірдей түсінікті бола бермейді. Сонымен қатар әлеуметтік мәнділік деңгейі тым шектеулі атауларға сан ұғымдарынан жасалған математикалық, физикалық, химиялық ұғымдарды көрсететін терминдік лексикалық бірліктер де жатады.
2.2 Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің мазмұны
2.2.1 «Бір», «екі», «үш», «төрт», «бес», «жеті» сан атауларының концептілері
Тұрақты сөз тізбектерінің біраз бөлігі жеті, үш, тоғыз, қырық сияқты бірқыдыру сан есімдердің төңірегіне топталып жүреді. Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу себебі халықтың ежелгі дәуірдегі ұғым-түсінігімен, салт-санасымен ұштасып жатыр. Фразеологизм ішінде бұл сөздер нақтылы сан мағынасында қолданылуы шарт емес. Мысалы, жеті ғылым тілін біледі [жеті ғаламның тілін біледі], қырық ру дегендерде нақты саннан гөрі әйтеуір «көп» деген ұғым бар.
Бұл сияқты сан есімдердің фразеологизмдер ішінде ұйытқы болу қасиеті жоғарыдағы тіл, жүрек т.б. типтес емес. Өйткені бұл үш, жеті, тоғыз, қырық сөздері өзінің сан-мөлшерлік қызметін көп жағдайда жойып алу сыры бөлегірек. Олар белгілі бір нәрсе, құбылыстардың ұғымдық символы ретінде қолданылатын тәрізді. Бұлардың дені халықтың ескі наным, түсініктерінен туған. Бірақ, бертін келе бұл ұғым-түсінік дерексізденіп, екінші бір салаға ауысқан деуге болады. Айталық, ит сөзінің алыстыққа тікелей қатысы болмаса да, ит арқасы қиянда дегеннің алыстық ұғым баламасы болғаны сияқты, жеті атасынан түк көрмеген дегенде жеті сөзі де, уақыт, мезгілдің шартты көрсеткішіне айналған. Немесе жеті басты жалмауыз, жұт жеті ағайынды дегендегі жеті сөзі де жалпы көптік ұғымына айналып кеткен. Демек, бұл сандар біршама сан мағынасын сақтай отырып, өзге ұғымға да икемденіп, екі түрлі қасиетке ие болған. Өзге сандардан гөрі жеті санының жұмсалу өрісі кеңірек.
Ертедегі мифопоэтикалық дәстүрлерде сан ұғымдарына киелі мән беріп, өн бойына космонимикалық мағыналар жүктеген. Адамзат қоғамында сандар діни тәңірлік және әлемдік символдар ретінде қарастырылып, олардың бойында адам санасы жете қоймайтын құдіретті құпиялар мен сырлар жатқанына, сонымен қатар бұл құдіретті күштердің адамға жақсылық та, жамандық та, алып келетініне сенген. Сан есімдер бойындағы мифопоэтикалық семантика мен символикалық қолданыстар олардың магиялық қасиеттерімен тікелей байланысты. Сан есімдер мифолегемасы дара сандарда ғана емес антропонимдерде, фразеологизмдерде де көптеп сақталынған. Ономастика ғылымының көрнекті ғалымы Т.Жанұзақов сан есімдермен келетін жалқы есімдерге, 1-10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100, 1000 сандарымен келетін кісі аттарына тоқтала келіп, ол есімдердің көбінесе ер кісілерге берілетін, ал санмен әйелдер есімінің кездеспейтінін айтады (Жанұзақов, 1971: 196).
Қазақ фразеологиясының ірі маманы, ғалым-түркітанушы І.Кеңесбаев сан есімдермен жасалған фраземаларға талдау жасай келіп, «... тұрақты сөз тіркестерінің біраз бөлігі ... сан есімдер төңірегіне топталып жүреді. Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу себебі халықтың ежелгі дәуіріндегі ұғым-түсініктерімен, салт-санасымен ұштасып жатыр. ... үш, жеті, тоғыз, қырық сөздері өзінің сан-мөлшерлік қызметін көп жағдайда жойып алу сыры бөлегірек. Олар белгілі бір нәрсе, құбылыстардың символы ретінде қолданылатын тәрізді. Бұлардың дені халықтың ескі, наным, түсініктерінен туған. Бірақ бертін келе бұл ұғым-түсінік дерексізденіп, екінші бір салаға ауысқан деуге болады» (Кеңесбаев, 1977: 612).
Сөз қадірін білген халық өзінің ардақты би-шешендерін ардақтай білген. Қазақтың ел қалаған үш биінің бірі Қазыбек бидің көңілін сұрай келген Бұхар жырауға бірден онға дейінгі санның мағынасын айтып берші депті. Сонда ол:
Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз – егесіп өткен ел жаман.
Үш дегеніңіз – білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған кісі жаман.
Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатыңа жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған жаман.
Он дегеніңіз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
Осы жолдардың әрқайсысы қазіргі күнде нақыл, өсиет сөз түрінде халық тілінде қолданылады.
Көне жазба ескерткіштер деректері мен қазіргі түркі тілдері материалдары сан құдіреті архаикалық, көне дәстүрлерді сақтағанын және олардың көпшілігінде ерекше символиканың таңбасы барлығын дәлелдейді.
«Бір» концептісінің мағынасы. Қазақ тіліндегі культтік фразеологизмдердің табиғатына ғылыми талдау жасаған ғалым К.Қ.Рысбаева, кейбір сан есімдер ұйытқы болатынын да айтып кеткен. Мәселен, киелі сан есімдер қатарын бір санынан бастай отырып, автор ол санның құдай, алла, жаратушы ием» сөздерімен тіркесіп келетінін айтады (Рысбаева, 2000: 95). Бір құдірет – он сегіз мың ғаламды жаратушы жалғыз Алла, бүкіл дүниені, адамзат пен тіршілікті жаратушы жалғыз – құдай немесе алла болса, бір саны жалғыз сөзімен мағыналас келуі, әрине, түсінікті. Мысалы: бір құдайдың ұрғаны, бір құдайдан тілегенім, бір құдай біледі, бір алла өзің жар бола көр!, бір аллаға тәуекел және т.б.
Бір саны соматизмдермен тіркесіп соңғы, қорытынды деген мағына береді. Мысалы: бір ауыз сөз «соңғы сөз», бір ауыз сөзге келмеді «үндемеді», бір беткей «айтқанынан қайтпайтын (адам)», бір ауыздан «түгел, тегіс» және т.б.
Бір санымен тіркесіп келетін заттың, нәрсенің мөлшерінің, арасының аз, жақын екенін білдіретін тіркестер қазақ тілінде бірталай. Мысалы: бір уыс «бір рет тамақ жасауға жететін арпа, бидай, тары» т.б., бір асым (ет), бір аттам «өте жақын жер», бір жапырақ «азғантай, аз», бір жұтым «бір ұрттап жұтарлық», бір киер «оқта-текте бір киетін», бір тұтам «1. бір сығым; 2. өте қысқа», бір түйір «аз, кішкентай ғана», бір тілім «бір ғана кесіп алған», бір үзім «жарым-жарты бөлшек», бір шайнам «тіске басарлық», бір шөкім «азғана, кішкентай» және т.б.
Бұл тіркестердің басым көпшілігі «аз, кішкентай» мағынасында жұмсалғанымен, олар синонимік қатар құра алмайды. Мысалы: Аспанда бір шөкім бұлт жоқ (А.Тоқмағанбетов); Кәріптен тымағының маңдайына қыстырған бір жапырақ қағазды алып берді (Ә.Әбішев). Екі мысалдағы мөлшер тіркестер «аз, кішкентай» мағынасында жұмсалса да, олардың прагматикалық қызметі әр түрлі. Бір санымен кслген фраземалардың тіркесімділік қасиеті өте шектеулі.
«Екі» концептісінің мағынасы. Сандар жүйесін ғаламдық бейнеден іздеу қажет. Тіл - әлем қатынасы. Тілдік ойлау әлем қатынастарына негізделеді. Г.В.Колшанскийдің ғаламдық бейнені тіл арқылы тануға арналған еңбегінде тіл танымның, сондай –ақ санның да ерекше құралы емес. Тіл әлемді танып, біле алмайды, сондықтан ғалам бейнесін жасай алмайды деп тұжырымдайды. Бірақ та, ғалым тілде адамның барлық танымдық шығармашылығының әр түрлі әрекеттерінің бейнесі көрінетінін, соның нәтижесінде тілге бекітіледі дей келе: «Язык не может раскрывать истину бытия только через свою форму– через материю знака. Закономерности мира отражаются и познаються только в концептуальной системе человека. Вот почему язык состороны внешней, знаковой формы не образует самостоятельного государства» (43, 33) деп атап көрсетеді.
Сандардың ерекше қолданыла бастауы антикалық тіл білімі дәстүрінен басталады. Антикалық тіл білімі дәстүрі көне грек мифологиясымен қатар пайда болады. Антикалық ойшылдар тілдің табиғаты мен жазу таңбаларын зерттеумен қатар айналысқан. Бұл екі саланың дамуы тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына, бүкіл көне мәдениеттің дамуына әсері болған. Көне грек дүниетанымының негізгі философиялық мәселесіне қатысты «заттың», «сөздің», «ойдың» өзара қатынасын қарастыру барысында антикалық тіл білімі пайда болды.
Дүниежүзіндегі халықтардың
Жоғарыда айтқанымздай екі лексемасы көбінесе егіз, жұп мағынасындағы символдық мәнге ие болған. А.Золоторева екінің егіз ұғым гипотезасына дәлел ретінде ежелгі Римдегі егіз култьінің дуалистік ұғымын көрсетеді (44). Ежедгі Римде егіз Ромула және Рема культі болған, яғни екі патша болған. Сондықтан әрбір қызмет орындары екіден болған. Елде екі жақты басқару кейінгі дәуірге де жеткен. Римде екі консул, екі трибун (ежелгі Римдегі қызмет адамы) болған. Дуализм - қазақ және жалпы түркі мифологиясының да басты көрсеткіштері (С.Қасқабасов т.б.)
Ескі наным-сенімнен бастау алған екі сан есімі ертегілерден де орын алған. Мысалы, «Ер Төстік» ертегісінде Төстік жер астына түскен кезде Бапы ханның ордасында екі қара жылан, екі сұр жылан, екі дәу жылан кездеседі. Сондай-ақ «Қара үйрек» ертегісінде Қараүйрек пен ағасы екі күн, екі түн алысып, ақыры Қараүйрек қыз ағасын қырық құлаш аспанға лақтырғанда, жерге түспей-ақ өліп кетеді.
Екі сан есімі үндіевропа тілдерінде «кез келген қарама-қарсылықты, ақ пен қара, әйел мен еркек дегенді білдіреді» (Маковский, 1995: 110). Қазіргі тілде сақталған екі дүние: бұл дүние - фәни. о дүние - бақи; екі мәңгілік: ай және күн және т.б. ұғымдар да қарама-қарсылықтың заңдылықтирына мысал бола алады.
Екі сөзінен туындаған түркі тілдеріндегі егіз сөзі туралы атақты түркітанушы ғалым И.Г.Добродомов былай дейді: «В соответствии с названным противоречием («мужское и женское») именем екиз или же именем с этим компонентом у современных тюркских народов нарекают близнеца-младенца мужского пола, родившегося с близнецом женского пола», - дейді (СИГТЯ, 1997: 629.). Қазақ фразелогиялық қорында, дос егіз, дұшпан сегіз; егіз қозыдай; екінің бірі, егіздің сыңары т.б. фраземалары сақталған.
Мұндай қарама-қарсылық фразеологизмдер бойында қазақ тілінде де кездеседі. Мәселен: екі дүние – діни ұғымда екі дүние бар деп есептеген. Бірі – тірліктегі кез, бұл – жалған дүние, екіншісі – адам өлгеннен кейінгі кез, бұл – шын дүние. Мысалы:
Дін де осы шын ойласаң, тағат та осы,
Екі дүние бұл тасдиқ – хақтың досы.
Осыларды бұзатын және үш іс бар:
Пайда, мақтан, әуесқой – онан шошы (Абай).
Немесе Екі жүзді (бетті) – кісінің көзінше бір түрлі, сыртынан екінші түрлі сөйлейтін, опасыз адам (Кеңесбаев, 1977: 157). Мысалы:
Есеңгіреп жүрмесең,
Елді неге даттайсың,
Екі жүзді болмасаң,
Байды неге мақтайсың?! (Жамбыл);
Сонымен қатар теріс сөйлейтін, айтқан сөзінде тұрмайтын, қарама-қарсы сөйлейтін, өтірікші адам туралы: екі сөзді кісі «өтірікші, тиянақсыз кісі». Мысалы: Екі сөзді болып елендеп жүргеннен, бір сөзді болып мерт кеткен дұрыс (Б.Момышұлы);
Екі ұшты болды (сөйледі) «екі жақты; өтірік, шыны белгісіз, күмәнді» және т.б.
Екі сөзінің мағынасы тұрақсыз, сатқын, опасыз сияқты жағымсыз коннотациямен байланысты:
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілме.
Құлағын салмас,
Тіліңді алмас,
Көп наданнан түңілдім.
Екі кеме кұйрығын,
Информация о работе Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің құрылым