Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат: іске асырылуы және зардаптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 19:30, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Ата Заң бойынша зайырлы мемлекет қалыптастыруға бет алған қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туып отыр. Өйткені,халықтың тарихында түбегейлі өзгерістер әкелген тарихи, рухани процестерді жете зерттемейінше, оларды бүгінгі күні тарих ғылымы қойып отырған талаптар тұрғысынан қайта саралаудан өткізбейінше, тәуелсіз қазақ мемлекетінің болашақтағы идеологиялық бағыт-бағдарын айқындау мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі посткеңестік республикалардың тағдырлас болып, ортақ тарихи кезең «кеңестік тарихынң бірге өткергені белгілі және осы кезеңді обьективті зерделеудің мән-маңызы күн өткен сайын артып келеді. Әлемдік кеңістіктегі елеулі құбылыс-діни фактордың қозғаушы рөлге ие болып отырған кезде және діннің, әсіресе әлемдік діндердің адамзат тарихында өркениет алғышарты ретінде үлкен мәдени серпілістердің қайнар көзі екені әлдеқашан мойындалып отырған шақта, кеңестік кезеңдегі қазақ халқының діни-рухани өткенін қарау өзекті мәселелердің біріне айналды.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………....
3-7

Тарау.КСРО-ның мемлекеттік–партиялық жүйесіндегі дегі атеистік саясат: идеологияландыру және дінге
қарсы күрес

Атеизмді социалистік құрылыстың идеологиялық
құралы ретінде негіздеу ………………………………………..

8-15
Дінге қарсы жүргізілген іс-шаралар ……………………..
16-24

Тарау Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат:
іске асырылуы және зардаптары

2.1. Атеистік үгіт-насихат жұмыстарының ауқымы және оның әдіс-тәсілдері……………………………………………………..

25-35
2.2. Атеистендірудің рухани-идеологиялық салдары………...
36-43

Қорытынды …………………………………………………….
44-45

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі…………………………………............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

rel_10.doc

— 322.00 Кб (Скачать документ)

    Бірақ, мәселе  онда емес, мәселенің мәні тоталитарлық  және діни доктриналардың қисындық (логикалық) және көзқарастық  тұрғыдан сыйыспауында. Өйткені, бұрын да талай рет атап көрсетілгендей, тоталитаризмнің өзі де дін сияқты. Дін әлде қандай бір имандылыққа негізделеді де, жаңағы мақсатқа жетуді құдайдың құдіретімен байланыстырады. Ал тоталитаризм болса, қарадүрсін ақылгөйлікке және құдайды мансұқтауға негізделеді. Дін құдайға жүгінген жерде тоталитаризм балтамен шапқылағандай дөрекі шешімдер ұсынады, дін имандылық қағидаларына иек артқан тұстарда, тоталитаризм топтық мүдделердің жалауын желкілдетеді, дін дәстүрді бетке ұстаған кездерде, тоталитаризм дәстүрді зорлықпен жойып жатады. Тоталитаризмнің «діни проблеманың шешу тәсілін ұмытуға болмайды ң- деп кешегі Кеңестік жүйенің атеистік саясатын талдайды./147/.

    «Халықтың  бойындағы діни сезімді аластай  отырып, тоталитаризм осымен қатарлас  тағы бір мәселені шешуге – жаңағы зорлықпен пайда болған «бос қуысқаң өзінің сірескен үлгілерін тықпалауға тырысты. Діни сенімді осылайша күшпен аластамайынша, мемлекеттің үйірсек идеологиясын ойдағыдай орнықтыру мүмкін емес еді.ң-деп, мәселені тағы бір қырынан көрсетіп береді./148/.

    «Адамзат тарихында  бұрын болып көрмеген идеологиялық  машина 70 жыл бойы ұлттың рухани  тіректерін күл-талқан қылып қиратты,  оның руханиятын кесіп-пішіп шұнтитты  да, ортақ бір қалыпқа салып  шегендедің- деп зардаптарына тоқталады./149/.

     Президент  өзінің «Сындарлы он жылң еңбегінің  «Дінде экстремизм жоқң деген  бөлімінде атеистік саясаттың  ауыр салдарына тағы да назар  аударады: «Қалай дегенмен, кеңестік  кезеңдегі Сенім мен діннің  ондаған жылдар бойы тұншықтырылуы  із-түзсіз кетпегенін және дінге қарсы өткен ғасырдағы саясаттың жағымсыз салдары бүгінгі күні де белгі беріп отырғанын атап өткен жөн.

    Ұзақ жылдар  бойы мешіттерді, шіркеулерді , әулиелі  орындар мен басқа да киелі  ғимараттарды қаусатып-қаңырату  жұмыстары, дінге қарсы белсенді насихаттар мен бүкіл конфессиялық ағым дін басыларының, соның ішінде мұсылман дінбасыларының  өкілдерін қырып жою шаралары коммунизм құрылысымен қатар жүргізіліп отырды. Кеңес өкіметі тұсында Сенім үшін қудалануды Орта Азия мен Қазақстан халықтары өздерінің діни негізде қалыптасқан ұлттық мәдениетіне, дәстүрі мен салтына қол сұғу ретінде қабылдап, мұның өзі жағдайды ушықтыра түстің- деп атап көрсетеді./150/.

    Кеңес мемлекетінің  атеистік саясатының рухани-идеологиялық  салдары бүгін де Қазақстанның діни ахуалы жағдайында күрделі мәселе болып табылатынын ескеру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

   Сонымен, жоғарыдағыларды қорыта  келгенде,КСРО-ның мемлекеттік-партиялық  жүйесіндегі дінге түбірімен  қарсы атеистік саясатының барысы  мен салдары кеңес мемлекетінің құрамды бөлігі ретінде кеңестік Қазақстанда да орталықтағыдай іс жүзіне асырылғанынына толық көз жеткіздік.

   Жалпы, тоталитарлық кеңестік жүйенің өзіндік ерекшеліктері, әсіресе, пролетариаттың мүддесінен келіп туындайтын 2 басты сипатты белгісі: таптық теория мен материалистік тұрғыда дінді жоққа шығару, яғни атеизм болғаны белгілі. Социалистік құрылысты орнықтыру үшін осы 2 негізгі мәселені шешу керек болды. Ал марксизм-ленинизм атеизмді мемлекеттік дәрежеде саясатқа айналдыруға байланысты, діни қатынастар мен нанымдар кеңес мемлекетінің идеологиялық негіздеріне қарама-қайшы келді. Марксизм негізіндегі атеизмге идеологиялық сипат берген большевиктер социализм құрылысының басты кедергісі - дін деп есептеп, оған қарсы шықты. Осы жерде айту керек, ХІХғ. ортасында ортағасырлық теологияны сынайтын марксизм негізінен-ғылыми-сыни бағыт болса, кеңестік кезеңде марксизм-атеизмге идеологиялық үстемдік беріліп, дінге қарсы күресте құралға айналдырылған болатын

   1918ж. 23 қаңтардағы ”Шіркеуді мемлекеттен бөлу туралы” декрет іс жүзінде ождан бостандығын қамтамасыз етпеді,керісінше, мемлекеттік атеизмге жол ашып берді. Қазан төңкерісі қоғамға, саяси құрылысқа ғана емес, сонымен бірге, халықтың рухани санасына түпкілікті төңкеріс жасады десек те болады. Осы кезден бастап идеологияландырылған атеизм халық санасына күштеп және үгіт-насихаттық тәсілдермен сіңіріле бастады. Қоғамды діннен азат ету, адам санасындағы діни сенімді жою, яғни секуляризациялау кеңес өкіметінің басты идеологиялық бағыт-бағдарына айналды.

  Жалпы, дінге қарсы атеистік саясаттың іске асырылу барысы былайша сипат алғанын айқындай түсеміз. Қазан төңкерісінен кейінгі онжылдықта  ҰОС-на дейінгі аралықта дінге ымырасыз ашық күрес түрінде өрбісе, 50-60жж. “жақсару”, яғни коммунистік басшылықтың диаметральді қайшылықты дінге қатысты саясаты көрінді. 30 жж. Сталиндік репрессия және әкімшілік күштеу шараларынан соң, 40жж. КСРО-да “діни жаңғыру” қамтамасыз етілді. Одан кейінгі жағдай, кеңес өкіметінің дінге қатысты саясаты “атеистік диктат”сипатында болды деуге толық негіз бар. Сөйтіп, 70ж.ж. социалистік құрылыстың алғышарты-мемлекеттік атеизм толық орнап, КСРО-әлемдегі бірден-бір атеистік ел ретінде қалыптастырылды.Қазан төңкерісіне дейін халықтың 99%-і дінге сенген болса, 50-60жж. атеистік саясат нәтижесінде нәтижесінде халықтың 90%-нен астамы атеистендірілді. Атеистік саясат алғашқыда репрессиялық түрде жүргізіліп отырса, кейін идеологиялық-насихаттық, ғылыми-материалистік дейтін сипатқа ауысты. Айта кету керек, 30жж. Саяси қуғын-сүргін құрбандарымен қоса, тек діни сенімі үшін де жазықсыз қудаланған мыңдаған тағдырлар тарихымыздың “ақтаңдағы” болып отырғанын еске алуымыз керек қой деп ойлаймыз.

  КСРО-ның, соның ішінде  кеңестік Қазақстандағы діни  жағдай туралы мынаны айтуға  болады.Шіркеудің мемлекетпен бірігетіні сияқты атеизм де халықтың еркінен тыс мемлекетпен біріктірілді. Сөйтіп,атеизм жоғары рухани құндылық ретінде бағаланды.

  Коммунистік партия  мұсылман дініне қатысты қатаң  саясат ұстанды, сол себепті де  барлық жағынан шектелген “коммунистік ислам” көрініс тапты. Тоталитарлық жүйенің ауыр зардаптарының біріне атеистік саясат нәтижесінде халықтың рухани-идеологиялық тұрғыда атеистендірілуі жатады. Соның салдары бүгінгі діни ахуалдан анық байқалады. Дінінен ажырап қалған посткеңестік аймақтарда әртүрлі бейресми және дәстүрлі емес діни секталар мен миссионерлік топтардың белсенді әрекеті көрінеді. Сондықтан мұндай сыртқы діни факторларға дәстүрлі руханияты және діні берік ел ғана оған тосқауыл қоя алады деп ойлаймыз. Мәселенің бүгінмен байланысы да осында жатса керек.

   Сонымен, ойымызды  түйіндеп айтсақ, ХХғ. басында социализмді  дін деп халыққа күштеп таңған  большевиктер, шынында, жұртты ғасырлық  дәстүрінен, руханияты мен дінінен  аулақ етті. Діни сенімді коммунистік  идеологиямен алмастыруға тырысты. Соған қарамастан, қазақ халқы рухани құндылықтарын, төлтума мәдениеті мен дінін, ділін берік сақтап қалды. Дініне берік, тарихымен қуатты халықтың іргесі кең, тұғыры биік болмақ.

  Сондықтан да, тарих  ғылымының “кеңестану”саласында осы мәселені зерттеудің маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі.

 

1.Н.Назарбаев. Тарих  толқынында.А.Атамұра. 1999. 202 бет.

2.Марешаль Ш.Л. Избранные произведения. М.Госполитиздат. 1955.             800стр.

3.Канэтти.Э. Масса и  власть. М.Маргинем. 1997, 528стр; Кураев.А. Православие и право. Церковь в светском государстве. М, Из Сретенского монастыра. 1997, 64стр; МчедловМ.П. Политика и религия. М, 1987; ПолонскаяЛ.Р. Религия в формировании современного политического мышления.// Мусульманские страны. Религия и политика.(70-80-е годы.) М,Наука, 1991, 183стр; Салыгин.Е.П. Теократическое государство.М,1999.128стр; Эзрин.Г.И. Государство и религия.Религиозные организации и политическая структура общества. М,1974; Яблоков.И.Н. Религия: сущность явления. М,Знание,1982, 64стр; Шехтерман.Е.И. Религия и политика. А-А, 1970, 43стр.

4.Бонч-Бруевич.В.Д. Избранные  атеистические роизведения. М,  Мысль. 1973, 373стр.

5.Калинин.М.И. Избранные  произведения. В 4-х томах. М,1962.

6.Луначарский.А.В. Об  атеизме и религии. М, 1972.

7.Ярославский.Е.М.Как вести антирелиозную пропаганду. М,1925.

8.Бражник.И.И. Право,  религия, атеизм. Киев. 1983.

9.Клочков.В.В. Социалистическое  государсво, право и религиозные  организации. М, 1984.

10.Колесник.Н.А. Социалистическая  свобода совести.  1983, 76стр.

11.Круглов.А.А. Свобода  совести. Минск, 1986.

12.Розенбаум.Ю.А. Советское  государство и церковь. М, Наука, 1985.

13.Тимофеев.В.Д. Марксистко-ленинское  учение о свободе совести. М, 1983.

14.Савельев.В.Н. Свободе  совести: история и теория. М,  Высшая школа.1991,144стр.

15.Барменков.А.И. Свобода  совести в СССР. М, 1985.

16.Балтанова.Г.Р. Ислам  в СССР. Казань, 1991;  Андрианов.Н.П.  Атеизм в развитом социалистическом  обществе. М, Политиздат, 1980; Куроедов.В.А.  Религия и церковь в советском  обществе. М, 1984; Персиц.М.М. Отделение церкви от государства и школы от церкви в СССР(1917-1919г). М, 1958; Коновалов.Б.Н. Атеистическое воспитание на современном этапе. М, 1977; Воронцов.Г.В. Массовой атеизм: становление и развитие. Лениздат, 1983.

17.Нұрмағамбетов.К. Мектеп және атеистік тәрбие. А, Мектеп, 1972; Тоқбергенов.А. Жастарға ғылыми-атеистік тәрбие беру. А, Мектеп, 1987; Ақназаров.Х.З. Ғылыми атеизм негіздері. А, Мектеп, 1968.

18.Арабаджян.А.З. Истоки  духовности: Религия и атеизм.М,  Наука, Изд фирма Вост литературы, 1993; Гордиенко.Н.С. Творческое развитие научного атеизма в теории и политике КПСС. Л, 1980; Сапрыкин.В.А. Трудовой коллектив: атеисты и верующие. М, Политиздат, 1990; Урбанизация.Атеизм.Религия. А-А, Казахстан, 1981; Фурман.Д.Е. Религия, атеизм, перестройка.//На пути к свободе совести. Стр 29-71. /Сост и общ ред Фурман Д.Е. и о. Марка(Смирнова). М, Прогресс, 1989; Одинцов.М.И. Государство и церковь в Росии Ххвек. М, Луч, 1994;.

19.Артемьев.А.И. Атеизм, религия, личность. А-А, Казахстан, 1990.

20.Струве.Н. Христиане в СССР. Париж, 1963.

21.Кривец.Е.А. Ислам  в Центральной Азии. М, Леном, 1999.

22.Султангалиева.Г.К. Ислам  в Казахстане: история, этничность  и общество. Стратегический  исслед  институт при Президента РК. А, 1998.

23.Нұртазина.Н. Қазақ  мәдениеті және Ислам.(тарихи-мәдениеттанулық зерттеу.). А, 2002.

24. Тасмагамбетов.А. Почему  убивалась духовность в казахской  степи. //Мысль.(общественно-полит ежемесячный журнал). 1996, №2, стр 67-71.

25.Төлендиева.М. Дінге  қарсы қарбалас саясат.//Заң журналы.1999. №1. 55-60бб; Кеңес мемлекетіндегі діни қозғалыстар.//Заң газеті. 1999. 27қаңтар.

16.Маркс.К, Энгельс.  Ф, Ленин.В.И. О религии. 2-е изд.  М, 1983; В.И.Ленин. Об атеизме. Религии  и церкви. Сборник произведений, писем и других материалов. М, 1980; Полное собрание сочинений. В 55-х т. м, 1958; В.И.Ленин. Социализм и религия.- Полн собр соч. том12; Об отношении рабочей партии к религии. Том 17; Государство и религия.том 23; Духовенство и политика. Том 22; К.Маркс и Ф.Энгеьлс О религии. М, Политиздат, 1955.

27.Декреты Советкой  власти. 2-х т.М, 1957.  Том 1.

28. КПСС в резолюциях  и решениях съездов, пленумов  ЦК. М, 1970, 1972. 6-томах.

29.Материалы Пленума  ЦК КПСС. 14-15июня. 1983; Материалы ХХVІІсъезда КПСС. М, 1986.

30. ҚР ОМА. 81, 789, 1711 қорлар;  ҚР ПА. 141, 708 қорлар.

31.Советское правительство  о религии и церкви. М, Госполитиздат, 1959.

32. О религии и церкви. Сборник высказываний классиков  марксизма-ленинизма, документов  КПСС и Советского государства.  М, 1981.

33.Русская Православная  церковь в Советское время (1917-1991): Материалы и документы по истории отношений между государством и Церковью.(Сост. Г.Штрикер. М, 1995, кн 1,2.

34.Преодолевая религиозное  влияние ислама. Сб док-в и материалов.(Из  опыта Компартии Каз-на) 1917г начало 1930г. А-А, 1990.

35.Атеистический словарь. М,Политиздат, 1985, стр32-34.

36.К.Маркс, Ф.Энгельс.  Шығармалар. 3-том. 632 бет.

37.Ленин.В.И. Шығармалар. 31том. 320 бет

38.Ленин.В.И. Сочинение.  том 10, стр 71-72.

39.Ленин.В.И. Соч. том  15. Стр 410-411.

40.Ленин.В.И. Соч.  том  10. Стр 72.

41.К.Маркс пен Ф.Энгельс.  Дін туралы. А, 1956, 72бет.

42.Ленин.В.И. Соч.  том  12. Стр 152-153.

43.Аралбаев.Ж. Коммунистік  партияның дінге көзқарасы. Қазмембас,  А. 1958. 5-бет.

44.Ленин.В.И. Шығармалар. 10-том. 67-бет.

45.Ленин.В.И. Шығармалар.  15-том.  413-бет.

46.Сонда. 416-бет.

47.Об ошибках среди  трудящихся в научно-атеистической  пропаганде.// Правда. 10 ноября  1954г.

48.Баскин.М.П. Материализм  және дін. А, Қазмембас, 1956, 48-54 бб.

49.Ақназаров.Х.З. Ғылыми  атеизм негіздері. (ЖОО-ға студенттеріне арналған оқу құралы.). А,  Мектеп, 1968, 6-бет.

50.Блақбаев.З. Дін және  мораль. А, Қазақстан, 1973, 78-бет.

51.Лауренайтис.Ф.К. По  поводу даты и названия ленинского  декрета о свободе совести. //Вопросы истории КПСС.  1983. №4, стр 73-76.

52.КПСС в резолюциях и решениях съездов, конференций и пленумов ЦК. М, 1970, том 2стр 49.

53.КПСС в резолюциях…   том 1,  452.

54.Коммунистическая партия  и советское правительство о  религии и церкви.  М,  Политиздат,  1959,  стр 59.

55.Материалы ХХІV Съезда КПСС.  М, 1972, стр 215-216.

56.Из обрашения СНК  РКФСР ко всем трудящимся мусульманам  России и Востока. Декреты Советской  власти. М, том 1, 1957, стр 273.

57.Коммунистическая партия  Советского Союза в резолюциях  и решениях съездов, конференций  и пленумов ЦК (1898-1986). М, 1917-1922гг.  1983, том 2.стр 237.

58.Преодолевая религиозного  влияния ислама. Сб док-в. А-А, 1990. 89-97.

59.О религии и церкви. (Сб док-в). М, 1981, стр 64.

60.Назарбаев.Н.Тарих толқынында. А, Атамұра, 1999, 184-бет.

61.Сонда.  239-бет.

62.Билялова.Р.Н. Взаимодействие религиозного и этнического в казахской духовной культуре.(Философско-религиоведческий анализ) автореферат на соиск. уч.ст. канд. филос наук. А, 1999, стр 12.

63.Цепкова.И.Б. Место  и роль религии в процессе  становления гражданского общества  РК.  Автореферат на соиск. уч.ст. канд.политических наук. А, 2002, стр 9-12.

Информация о работе Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат: іске асырылуы және зардаптары