Діндарларды
былай қойғанда,кейбір коммунист
адамдардың өзі діни ғұрыптарды
қолданатыны арнайы мәселе ретінде қаралды коммунистік дәстүрдің
орнына әлі күнге діни қалдықтардан арылмағаны
сөз етілді. Мұрағаттық деректерден 1950ж.
діни істер жөніндегі кеңеске кейбір коммунистердің
мұсылман ғұрыптарын орындайтындығы жөнінде
мәліметтер жеткізіліп отырғанын көреміз.Мәселен,
Сайрам ауданының мәдениет бөлімінің
бастығы коммунист Рысбаев өз ұлының сүндет
тойын жасап оған 200-дей коммунистер қатысқан.
Сүндет тойда балаға сыйлыққа 17 жылқы
40 қой, 10 мыңдай ақша берілген. Бұндай діни
қалдықтарға жол бермеу мәселесі қаралып
отырды./110/.
50 ж.ж. Қазақстанда
тіркелген 25 мұсылман қоғамы болған,
ал тіркелмеген 66 мұсылман қауымы
да жұмыс істеген. ОК КПСС-тің
«Қасиетті жерлергең ғибадат
етуге тиым салу туралы шешімі
іске асты. Мәселен 1958 ж. 53 адам
Меккеге қажылыққа баруға өтініш берсе, 1959ж.-52, 1960-17
өтініш келіп түскен. Сонда барғандары
1958, 1959ж.ж. бір-бір адамнан ғана барып 1960ж.
ешкім бара алмаған. Ескілік қалдықтарына
атеистік насихат жүргізіп жатырмыз, сонда
ғана коммунизмге жетеміз деп сендірілді.
КСРО-да коммунистік құрылыс дамыған кезеңде
ескінің қалдықтарын толық әрі түпкілікті
жою мәселесі тікелей практикалық іске
айналды. Ал Кеңес адамдарының жаңа бейнесі,
оның коммунистік моралі және дүниеге
көзқарасы ескінің сарқыншақтарына қарсы
үнемі ымырасыз күрес жүргізу барысында
қалыптасады деген теория халыққа түсіндірілді.
Партияның ХХVІ съезінде КПСС ОК «идеологиялық
тәрбие жұмысын одан әрі жақсарту туралың
қаулысында еңбекшілердің саналылығы
мен әлеуметтік белсенділігін арттыру,
оларды коммунизм ісіне берілгендік, коммунистік
көзқарас рухында тәрбиелеу, атеистік
насихатты күшейтіп, діни соқыр сенімдерге
қарсы ымырасыз күрес жүрізу идеологиялық
жұмыстың өзекті арқауы екені атап көрсетілді.
Ал КПСС ОК 1983ж. шілде Пленумының материалдарында
идеологиялық жұмыс социалистік қоғамның
барлық мүшелерінің санасын қалыптастыру
бүкіл партияның ісі екені тұжырымдалды./111/.
1954 ж. 10-қараша
КПСС ОК «халық арасында ғылыми
атеистік насихат жүргізудегі
қателіктер туралың қаулысында
дін иелері мен шіркеулерге
қысым жасамау, қорламау, олардың құқығын
сақтау сияқты жақсы мәселелер қойылған
болатын, алайда осы жерде қарама-қайшылық
дінге емес, діни сарқыншақтарға қарсы
күресеміз делінді. Осының өзі Кеңес басшылығының
дінге қарсы насихат жұмысында басқаша
әдіс- тәсілге ауысқанын көрсетті. Қаулыда
былай делінді: «Қазіргі уақытта КСРО-да
социализмнің жеңуі және қанаушы таптардың
жойылуы нәтижесінде діннің әлеуметтік
негіздері жойылды, шіркеудің сүйенетін
базасы күйреді. Фактілерге қарағанда,
Шіркеу қызметкерлерінің көпшілігі қазір
Кеңес өкіметі жөнінде түзу ниетте болып
отыр. Сондықтан қазіргі уақытта діни
соқыр сенімдерге қарсы дүниеге ғылыми,
материалистік көзқарастың діни ғылымға
жат, діни көзқарасқа қарсы идеологиялық
күресі деп қаралуға тиіс.
Дінге қарсы
насихатта жіберілген қателіктерді түзету еңбекшілерге
коммунистік тәрбие берудің құрамды бөлігі
болып табылады және бұқара арасындағы
ғылыми білімдерді таратып, дінге сенетін
адамдарды діни соқыр-сенімдерден арылтуды
мақсат етіп қоятын ғылыми атеистік насихатты
әлсіретуге әкеліп соқпауға тиіс./112/.
Айта кету
керек, діни сарқыншақтарды жою
деген желеумен кейбір ғибадат
орындарын керісінше атеистік
насихат музейлеріне айналдыру
қаралды. Мәселен, Түркістандағы
Ахмет Яссауи мавзолейін архитектуралық
бағалы ескерткіш екенін ескере отырып, ҚазКСР Министрлер
Кеңесі ондағы реставрация жұмыстарын
тез аяқтап, мавзолейді дінге қарсы музейге
айналдыру мәселесі қаралды./113/. Осы фактінің
өзі Кеңес өкіметінің дінге қарсы позициясының
өзгермегенін, қайта онымен күресте жаңаша
әдіс- тәсілдерге көшкенін көрсетті.
Атеисік насихат
жұмыстары білім беру жүйесінде
кеңінен қолданылды. Жоғарыда қабылданған
қаулыларға сәйкес, діни сарқыншақтарды
жою ісінде мектепке, арнаулы
орта және ЖОО-на айрықша орын
берілді. Ондағы мұғалімдердің, профессор-оқытушылар құрамының
борышы- оқушылар мен студенттердің ғылыми-атеистік
көзқарасын дәйектілікпен қалыптастырып,
жастардың білім дәрежесі үшін де, олардың
дүниетанымы үшін де жауапкершілікті
терең сезіну деп белгіленді.
Әсіресе, оқушы
жастардың арасында әртүрлі себептермен
дінге бойұрушылық, діни мейрамдарға қатысу,
ескі салттар мен әдет-ғұрыптарды орындау,
кеңестік моральға сыйымсыз мінез-құлыққа
бой ұру т.б.ескіліктің қалдықтарына қарсы
күрес Пленумдарда арнайы қаралып отырды.
Мектепте, ЖОО- да атеистік насихатты жүргізуде
мұғалімдердің методикалық нашарлығы
қатаң сыналды. Атеистік тәрбие беруді
әр мұғалім, оқытушы-профессорлар өздерінің
басты борышының бірі-деп білуі керек
болды. Алайда жағдайдың олай болмай тұрғаны
туралы «Сөйтсе де қынжыларлығы сол, атеистік
насихаттың жаршысы болуға тиісті кейбір
мұғалімдер мен ауыл интеллигенттері
діни мейрамдар мен дәстүрлерге қатысады,
тіпті олардың арасынан кейбір коммунистер
мен комсомолдардың өздері діни дәстүрлерді
өткізетін фактілермен келісуге болмайдың
деп жазады «Агитаторң журналы./114/.
Әрбір дінге
сенушімен жеке-жеке жұмыс істеу
коммунистпін, атеистпін дейтін
адамның борышы болды. Дінге
сенетін жастармен жұмыс істеу
міндеті тапсырылды. «Лениншіл жасң
газетінде: Шымкент обл, Сайрам
ауд. «Коммунистң колхозында ораза ұстап,
намаз оқитын 17 жастың бар екені анықталды
деген хабар жария етіліп, жергілікті
бөлім дереу осы жастармен іске кірісті./115/.
Жастарды атеизмге
баулуда, оқушылардың атеистік
көзқарасын қалыптастыруда семьяның
рөлі ескеріліп, оған назар аударылды:
1) Дінге сенетін немесе
дін туралы тұрақты көзқарасы
жоқтар арасында тіпті, атеистер
арасында да насихат жұмыстарын
жүргізу;
2) Ата-аналарды тек
ғылыми атеизм негіздерімен ғана
емес, отбасында балаларға атеистік
тәрбие берудің әдіс- тәсілдерімен де қаруландыру;
3) Бұқара арасында
ғылыми атеистік насихат жүргізудің
негізгі орталығы – мектеп. Сондықтан
дінге қарсы насихатты мектеп
арқылы ғана пәрменді де жүйелі
жүргізу;
4) Ғылыми атеистік
насихаттың негізгі бағыты –
жұртшылықты дінге қарсы жаппай сауаттандыру, дінге
сенетін ата-аналармен дербес жұмыс жүргізу
, балаларға атеистік тәрбие беру ісінде,
семьяның, жұртшылықтың көмегіне сүйену
т.б. ескерілді./116/.
Жастарға атеистік
тәрбие бере білу мұғалімдердің
методикалық шеберлігі ретінде бағаланды. Жастарға
атеистік тәрбие беру ісі – екі жақты
процесс болды:
- Жекелеген жастар санасын соқыр сенімнен тазарту;
- Оларды ғылыми материалистік, атеистік және коммунистік рухта тәрбиелеу міндеттері қойылды./117/.
Кеңестік мектептерде атеистік тәрбие беру мынандай
педагогикалық әдіс-тәсілдерге сүйену
негізінде жүргізілді: 1.Коммунистік
тәрбие пролетарлық атеизм туралы
марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектері;
2. КПСС съездерінің
шешімдері мен қаулы-қарарлары,
КПСС программасы, ВЛКСМ ОК мен Қазақстан туралы және
, дінге қарсы жұмыстар туралы документтер;
3. Оқушылардың атеистік
көзқарасын қалыптастыру жөніндегі
Кеңес мектебінің тәжірибесін
баяндайтын педагогикалық және
методикалық әдебиеттер, мектептегі
атеистік тәрбие мәселесіне арналған еңбектер...
Осындай ондаған
атеистік тәрбие жөніндегі методикалық
құралдардың көлемі атеистік
насихаттың қаншалықты ауқымда
жүргізілгенін байқатады. Нәтижесі
із-түзсіз кеткен жоқ. Социалогиялық
зерттеулер мәліметіне сүйенсек,
анкетаға қатысқан 14-30 жас аралығындағы 30 мың жастың
97-98%-і өздерін атеиспін санаған./118/.
Мектептердегі
атеистік тәрбие жұмысы пәндер
оқыту үстінде сабақтың тақырыбымен
ұштастырылып жүргізілумен қабат
мектептен тыс жерлерде де
жүргізілді. Жоғарғы класс оқушыларына арнап «коммунистік мораль
және діни моральң, «ғылым мен діннің қарама-
қайшылығың т.б.осы тақырыптарда жүйелі
лекциялар оқылды. Осы міндеттерді мектепте
комсомол комитеті орындап отырды. Хрущевтің
өзі жасаған баяндамасында: «ғылыми атеистік
тәрбиенің жете ойластырылған сындарлы
жүйесі керек, ол халықтың барлық топтарын
қамтитын болуы тиіс, әсіресе балалар
мен жасөспірімдер арасында діншілдік
көзқарастың таралуына жол бермеуі керекң-деді/119/.
Атеистік насихат
барысы орталықтағыдай Қазақстанда да іске асты. Халық мұсылман дінінен
безіп, рухани құндылықтарын жоғалтып
алды. Қазақстанда дінге сенбейтін атеист
насихатшылар шоғыры қалыптасты. Қазақстан
компартиясының ОК ХV съезде Д.А.Қонаев
жолдас өзінің есепті баяндамасында былай
деп мәлімдеді: «Дінмен күресе білң деген
Лениннің өсиеті бүгінде өзекті мәселе.
Республикамызда атеизмді насихаттай
білетін активіміз жаман емесң деп атеистік
насихат жұмысына қанағаттанғандық білдірді./120/.
Сонымен, атеистік
жұмыстың мынадай түрлері және
атеистік насихаттың мынадай әдіс-тәсілдері бар:1.Түрлері:а)
әңгімелесу; ә) лекция оқу; б) ғылыми атеистік
кештер немесе сұрақ- жауап беру кештері
(дінге қарсы бағытта ); в) бұрынғы дінге
сенушілермен әңгімелесу; г) Атеистік
басылымдарға байланысты тұрақты түрде
оқырман конференцияларын өткізу; д) ғылыми
атеистік көрмелер ұйымдастыру; е) Экскурсиялар;
ж) кинолекторийлер көрсету;
2. Атеистік
үгіт насихаттың әдіс-тәсілдері:
а) баспасөз атеистік насихатта
аса маңызды орын алды; ә) өте
тиімді әдістің бірі – радио.
Онда тыңдаушыларға мынадай тақырыптарда
радиобағдарламалар ұсынылды: «сенушілер
мен сенбеушілерге арналған журналң, «Дін
және атеизмң, «сенушілер хатына жауап
беремізң т.б. б) Атеистік тәрбиедегі маңызды
құрал – теледидар болды. Онда атеистік
насихат мәселелеріне байланысты. «дөңгелек
үстелдерң жүйелі өткізіліп тұрды. в) ғылыми
атеистік насихаттың күшті құралы – кино.
Онда атеистік- ғылыми кино ленталар «Праздник
святого Иоргенаң, «Тучи над Борскомң,
«Грешницаң, «Чудотворнаяң, «Анофемаң,
«Иваннаң, «Все остается людямң, «Великий
обличительңт.б. көрсетілді. г) Атеистік
насихаттың пәрменді тәсілі ретінде –
көркем әдебиет пайдаланылды. Сонымен
қатар көркемөнер туындылары, театр т.б.
қолданылды.
Дінді жеңу
үшін, ғылыми материалистік дүниетанымды
қалыптастыру және діни салт-дәстүрлерді жаңа кеңестік
ресми салт-дәстүрлермен алмастыруға
тырысты. Өнеркәсіптің өсуі, қала халық
санының артуы, урбанизация процесі Сапрыкиннің
тұжырымдауынша, ғылыми атеистік дүниетанымды
қалыптасыруда үлкен рөл атқарады екен./121/.
Дінді жоққа шығарудан діни сарқыншақтарды
жоюға бағытталған атеистік насихат шынында
да ғылыми дәйекті түрде марксизм ілімі
негізінде жүзеге асып отырды. Марксизмнің
ақиқаттығын дәлелдеу үшін адамдардың
ішкі дүниесіне қысым жасалды. Осы мақсатта
ресми атеистік насихат кеңінен қолданылды./122/.
К. Маркстің
«Дін қаншалықты күйресе, социализм
сонда дамиды. Діннің күйреуінде
маңызды орынды тәрбие алуға
тиіс деген қағидасына сәйкес
жан-жақты түрде жүргізілген атеистік
насихат толығымен іске асты.
Кеңестік зерттеушілердің бәрінің жазатынындай, социалистік
құрылыс процесінде, социализм мен капитализмнің
идеологиялық күресінде атеистік тәрбие
аса маңызды бөлік саналды./123/.
Ғылыми атеистік
әр алуан түрлері мен әдіс-тәсілдерін
кеңінен қолдану барысында кеңес
халқы діннен толықтай бас тартып, жаңа адам
және дамыған социализм орнады деп жарияланды.
Атеистік насихаттарды жүргізу ғылыми
тұрғыда делінгенімен, астарында Кеңес
өкіметінің дінге қарсы саясаты жатты.
Атеистік саясат ғылыми жетістіктермен
шебер байланыстырылып, халық арасында
насихатталды. Дінге қарсы күрес ғылыми
болу керек-деген лениндік принцип іс
жүзінде артығымен орындалды. Ал, КСРО-ның
70 жыл бойғы тарихында жүргізілген атеистік
саясаттың зардаптары өте зор болды.
2.2. Атеистендірудің
рухани-идеологиялық салдары.
1917 ж. Кеңес
өкіметі орнаған соң, оның мемлекеттік
партиялық жүйесінде марксизм-материализм
негізінде дінге қарсы атеистік
насихат жүргізу маңызды идеологиялық
жұмыстардың бірі болып саналды.
Марксизмге идеологиялық мазмұн
беріліп, 70жыл бойы үздіксіз түрде халық санасына күштеу
әрі насихаттау арқылы сіңіріліп келді.
Осы атеистік саясаттың рухани-идеологиялық
салдары бүгін айқын сезіліп отыр. Кеңестік
қоғамды діннен азат ету, адам санасындағы
діни сенімді жоюға (секуляризация) бағытталған
шаралар 50-60 ж.ж. өзінде-ақ нәтижесін берген
болатын. Коммунистердің көсемі В.И.Лениннің
есептеуінше, төңкеріске дейін халықтың
99% дінге сенген болса, ождан бостандығын
орнатамыз деп алдап, шын мәніндегі дінге
қарсы саясатының салдарынан 80ж.ж. Кеңес
халқының 90%-нен астамы атеистпін деп есептейтін
жағдайға жетті./124/.
Кеңес халқының
діннен бас тартып, атеистенуінің
көптеген мәліметтерін толығырақ
келтіріп өтсек. Дінтанушы зерттеушілердің
пікіріне сүйенсек, еңбекші халықтың
діннен жаппай бас тартуы кеңес өкіметінің алғашқы жылдары өте күшті
болған. Халықты атеистендіруде белсенді
қызмет жасаған әсіре атеист П.А.Красиков
куәлігінше, кеңес билігінің алғашқы жылдары
халықтың 10%-ке жуығы діннен дереу бас
тартқан. Ал профессор М.К.Тепляковтың
сөзіне сенсек, бұл кезде Воронеж обл.
халықтың 20% діннен бас тартып үлгерген.
Ленинградтық социолог В.Д.Кобецкий зерттеуінше
халықтың 80% діни идеологияның ықпалында
болған. Статистика мәліметтері негізінде
атеист А.В.Луначарскийдің алға тартқан
деректері бойынша 20ж.ж. аяғында халықтың
20%-і діннен шықса, қалғаны әрі-сәрі күйде
қалған.
1929-30ж.ж. халықтың
діншілдігіне қатысты зерттеулер
Белорусь, Мәскеу, Ленинград, Татария,
Еділ-Кама және Төменгі Кама
өңірінде, Карелияда жүргізіледі.
Әсіресе Белорусияның 20 шақты қаласы мен 225 селосында өткізіліп,3 мыңдай
анкета алынды. Солардың ішінде 35,4% дінге
сенбейтіндер және олардың 60% ер адамдар
болып шықты. 1934 жылы шаруа – колхозшылардың
жартысындайы діни ғұрыптар мен мейрамдардан
бас тартқан. Село тұрғындары арасында
дінге, мінәжат етуге бөлетін уақытының
күрт қысқарғаны байқалады. Мәселен, егерде
халық 1922-23 жылдары жылына 119 сағат шіркеуге
уақытын бөлетін болса, ал әйелдер – 199
сағат бөліп келген. Атеистендендіру салдарынан
1934 жылы тиісінше бұл көрсеткіштің қатынасы
4 сағат және 15 сағатты ғана құрады.