Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат: іске асырылуы және зардаптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 19:30, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Ата Заң бойынша зайырлы мемлекет қалыптастыруға бет алған қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туып отыр. Өйткені,халықтың тарихында түбегейлі өзгерістер әкелген тарихи, рухани процестерді жете зерттемейінше, оларды бүгінгі күні тарих ғылымы қойып отырған талаптар тұрғысынан қайта саралаудан өткізбейінше, тәуелсіз қазақ мемлекетінің болашақтағы идеологиялық бағыт-бағдарын айқындау мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі посткеңестік республикалардың тағдырлас болып, ортақ тарихи кезең «кеңестік тарихынң бірге өткергені белгілі және осы кезеңді обьективті зерделеудің мән-маңызы күн өткен сайын артып келеді. Әлемдік кеңістіктегі елеулі құбылыс-діни фактордың қозғаушы рөлге ие болып отырған кезде және діннің, әсіресе әлемдік діндердің адамзат тарихында өркениет алғышарты ретінде үлкен мәдени серпілістердің қайнар көзі екені әлдеқашан мойындалып отырған шақта, кеңестік кезеңдегі қазақ халқының діни-рухани өткенін қарау өзекті мәселелердің біріне айналды.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………....
3-7

Тарау.КСРО-ның мемлекеттік–партиялық жүйесіндегі дегі атеистік саясат: идеологияландыру және дінге
қарсы күрес

Атеизмді социалистік құрылыстың идеологиялық
құралы ретінде негіздеу ………………………………………..

8-15
Дінге қарсы жүргізілген іс-шаралар ……………………..
16-24

Тарау Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат:
іске асырылуы және зардаптары

2.1. Атеистік үгіт-насихат жұмыстарының ауқымы және оның әдіс-тәсілдері……………………………………………………..

25-35
2.2. Атеистендірудің рухани-идеологиялық салдары………...
36-43

Қорытынды …………………………………………………….
44-45

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі…………………………………............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

rel_10.doc

— 322.00 Кб (Скачать документ)

    Азаматтардың  қазынасына, еңбекшілердің мәдени  – тұрмыстық қажетіне деген  желеумен шіркеулер мен мешіттер  жаппай жабылды. Мәселен, Алматы  облысы Шілік ауданында 1913ж. 94 мұсылман қауымы – ғимараттары болса, 1929ж. одан бірі де қалмаған. Ал, дінге сенушілер саны 26 000-нан – 6000 –ға дейін азайған./76/.

    1937 ж. Қазақ  Өлкелік Компартия Бюросы «дінге  қарсы үгіт-насихатты күшейту,  діннің таптық мәнін түсіндіру,  Троций – Зиновьев, бандит, контрреволюционер, ұлтшыл, молда, поп, сектанттармен күресу туралың қаулы шығарды ./77/. Осындай қаулы – қарарларды күштеп іске асыруы нәтижесінде дінге сенушілер азайып, мешіттер жабылды. 1959ж. республикада 23 мазардың 14-і жабылды. Олардың ішінде Қожа Ахмед Яссауи, кесенесі, Арыстан бап, Ибраһим ата, Хұсаиын қазы, Қазыбай зауи, Мирали бап, т.б. бар еді./78/.

    Мұрағаттағы  қор материалдарында осы жөнінде  мынандай есеп беріліп, қорытындылар  жасалып отырған: Тіркелген діни  бірлестіктер саны өскен жоқ, мешітке келушілер саны артқан жоқ, барлық мешіттер мен қауымдардың табысы 1958-1959ж.ж. кеміген, сеніушілерді діннен шығару жұмысы күшеюде, халық ішінде атеистік сана ұлғая түсті. Ешқандай да діни қауымның тіркеу туралы ұсынысы келіп түскен жоқ деп қанағаттандырарлық есеп беріліп отырғанын көреміз. Жоғарыда айтылғандардан көретініміз дінге қарсы іс шаралар дер кезінде, тіпті, асыра орындалған десек те болады.

    Қазан төңкерісінен кейін  идеялық-тәрбиелік жұмыстарды жүргізу  барысында дін және діни мәселелерге ғылыми сын тұрғысынын қарау керек деген желеумен халықты большевиктер өзіне тартуға тырысты. Халықты дінді жоққа шығарушылыққа, оған қарсы күресуге шақыра отырып жаңа дүниетаным-атеизмді жаппай тарату үшін әкімшілік-партиялық, идеологиялық, ғылыми тұрғыда дәлелдеу т.б. әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Алғашқы кезекте дінге қарсы жұмыстар халықтың санасына әсер ету бағытында әңгімелер, әдебиеттер шығару, жиналыс өткізу, диспуттар түрінде, атеистік мазмұндағы газет-журналдар, мақалаларды көптеп шығару, ғылыми-көпшілік брошюраларды кеңінен жаю әрекеттері үлкен нәтижелер беріп отырды.

    Коммунистік  партия мен Кеңес мемлекетінің  дінге, шіркеуге сенушілерге теріс  қатынасы төңкеріс пен азамат  соғысы жылдарында дін мен  сенушілердің халыққа қарсы контрреволюцияда болды деген айыптаумен түсіндірілді. Осылай партияның тікелей нұсқауымен Кеңес билігінің алғашқы жылдарында атеистік қозғалыстар ерікті атеистік бірлестіктер құрылып іске кірісуімен басталды. 1923ж. Москва қаласы мен облысындағы атеистерді біріктірген «Құдайсыздар қоғамың құрылды. Осыдан РКФСР-да, басқа да жерлерде, Украинада көптеген қоғамдар құрыла бастады. Сөйтіп жан-жақты бағытта бұқаралық атеизмнің дамуының бастапқы кезеңі атеистік мерзімді басылымдардың жаппай шығарылуымен сипатталады. 1920ж. Главполитпросвет басшылығымен дінге қарсы насихат жұмыстары қолға алынды. Алғаш рет Юстиция Наркоматының 8-ші бөлімінде 1919-1924ж.ж. П.А. Красиковтың редакторлығымен «Революция и церковьң басылымын шығарып тұрды./79/.

     Бұл журналдың  басты міндеті кеңестік биліктің «Мемлекеттен шіркеуді бөлуң туралы декретін қоғамдық өмірге енгізуге көмекші орган қызметін атқару болатын. 1922ж. желтоқсаннан бастап атеистік қозғалыстарға дем берген «Безбожникң журналы, одан кейін Мәскеуде құдайсыздар одағы құрылып, оның төрағасы Е. Ярославский болды. Газет өз айналасына дінге қарсы белсенділерді топтастырып, ауыл-қала халқына атеистік бағытта білім беруді мақсат етті. 1924ж. бастап қоғам мен оның органы бүкіл жергілікті атеистік бірлестіктердің орталығына айналып, бүкілодақтық еңбекшілердің дінге қарсы бұқаралық бірлігі болды. 1925 жылы бұл бірлестік «Құдайсыздар одағың ал 1929 жылдан бастап «Жауыққан құдайсыздар одағың (союз войнствуюших безбожников (СВБ)) болып аталады. ЖҚҚ белсенді қызметі нәтижесінде КСРО-да бұқаралық атеизм дамуының қозғаушы күшіне айналды. 1929ж.ортасында «Жауынгер Құдайсыздар одағы (ЖҚО)ң ІІ сьезде дінге қарсы қозғалыстың жаңа ұранын қабылдады. «Дінмен күрес –социализм үшін күресң деп, діни бірлестіктер мен дінге сенуші азаматтардың құқығына ашық шабуылға шықты. /80/.

     Әлемдік  атеистік  әдебиеттерді аударумен  «Атеистң (1922ж ғылыми қоғамы айналысты. 1925-1930 жылдар аралығында И.А. Шпицберг  редакциясымен «Атеистң журналы  шығып тұрды. 1926-1941 ж.ж Е. Ярословский  (атышулы атеист) жетекшілігімен мазмұны ғылыми атеизмді насихаттаудан тұратын «Антирелигиозникң журналы көп таралыммен жарыққа шығып тұрды./81/.

     Одан басқа да көптеген  атеистік басылымдар: «Воинствуюший  атеизмң (1931г); «Безбожникң  (1921-1941г.г); “Деревенский безбожник” (1928-1932 г.г); “Безвирник” (1925-1935г.г); “Безбожник у станка” (1923-1932г.г); т.б. сияқты КСРО-дағы атеизм тарихы дәріптейтін жүздеген кітаптар, брошюралар, мыңдаған мақалалар үздіксіз жарияланып тұрды. 1932ж. Кеңес билігінің 15 жылдығына орай ЖҚҚ. «Воинствуюшие безбожие в СССР за 15 летң деп аталатын мақалалар жинағын шығарды. 1935ж. ЖҚҚ-ның 10 жылдығы кезінде «Антирелигиозникң журналы дінге қарсы қозғалыс жетекшілерінің мақалалар сериясын жариялады. Атап айтқанда, Н.Завотский, М.Кобецкой, Ф. Попов, М.Сунгуров, М.Шейнман және В.Шимаковтардың дінге қарсы насихатты күшейтуге арналған мақалалары көптеп басылды.

ЖҚҚ-ның міндеті ғылыми атеизм насихаттарын даярлау,атеистік жұмыс бағдарламаларын жасау, атеистік үйірмелер, семинарлар, циклді дәрістер, кешкі университеттер, сұрақ жауап пікір алысулар т.б.атеистердің қаруы ретінде қолданылды. 1923ж. пасха мейрамынан кейін атеистер Ярославлде 80 баяндама жасап, оған 20 мың адам қатысты. Сөйтіп, ЖҚҚ (СВБ) лениндік принциптерді басшылыққа ала отырып, коммунизм орнату жолында дін мен шіркеуге ымырасыз түрде күрес жүргізді.1926ж. партия кеңесі дінмен күрестің негізгі 3 бағытын белгіледі:

1) Діни идеологияның  таптық мәнін аша отырып, Кеңес  мемлекетінің таптық жауы санады;

2) Діннің ғылымға қарсы  сипатын материалистік дүниетаныммен, қоғам мен табиғат заңдарымен түсіндіру;

3) Діни моральға сыни  тұрғыдан қарап, шіркеу мен  сектанттар идеологиясын коммунистікпен  алмастыру./82/.

 Материалистік негіздеу  атеистік сананы қалыптастыру  үшін атеистік әдебиеттердің  таралымын арттырып, КСРО-дағы әртүрлі халықтар тілдеріне аударылды. Мәселен, Украин тілінде «Безвирникң, Башқұрт тілінде «Алласызң, Грузинше – Мебрдзоли Угмерто, Армян тілінде «Анаставанцң және т.б. «Атеистң баспасынан 1930ж. 418 түрлі дінге қарсы кітаптар 20,5 млн таралыммен жарық көрді. /83/.

    1930ж. «Безбожникң  газетінің таралымы 400 мың осы  аттас журнал 160 мың данамен шықты.  «Антирелигиозникң 35 мың данамен  таратылды. 1928ж. 6 млн 700мың данамен  атеистік журналдар шықса, 1929ж. 34 млн-ға жетті. Одан кейін бұл  көрсеткіш еселеп артып отырған. Жалпы, атеистік басылымдардың 1932ж дейін-ақ 10 газет, 23 журналы шығып тұрды. Атеистік материалдар ашық түрде «Религии-бойң, «Против религиозного дурманаң, «Религиозная паутинаң, «Подлость во Христең, «Гнездо лжиң, «В угаре духовной сивухиң деген ұрандармен жарияланып жатты./84/. «Жауынгер Құдайсыздар одағыныңң белсенді жұмысының нәтижесінде оның мүшелерінің саны арта түсті. 1928ж – 123  мың, 1929ж - 465мың,    1930ж – 2млн,  1932ж - 5,5млн-ға  дейін қарқынды түрде өскен. Олардың қатарында бұрынғы партияда жоқ дінге сенушілер де көп болды. /85/.

    Атеистік қозғалыс  жетекшісі Ем. Ярославский 1937 ж.  дейін КСРО-да ересек халықтың  жартысы діннен мүлде бас тартқанын  қуана хабарлады./86/. Жауынгер Құдайсыздар  одағының белсенді әрекетін шетелдік басылымдар былайша сипаттады. Мысалы, шетелдік Юнайтед Пресс және Манчестер Гардиан агенттігінің корреспонденті 1926ж. «Каррент Хисториң апталығында: « мұнда бұрқылдап қайнаған өмір, машинкалар тынымсыз тарсылдап, «Безбожниктіңң жаңа орамы әкелініп жөнелтілуде, зауыт-фабрика, клуб комсомолдары жан-жақтан телефон шалып, дінге қарсы тақырыпта арнайы маманданған атеист баяндамашыларды талап етуде, ғимарат қабырғалары дінге қарсы насихатты күшейтуге шақырған сан алуан сурет-плакаттарымен көз тартады. Бұл жерлерде үлгілі құдайсыздар бұрышы бар...ң-деп жазды.

    1920 жылдарда  жүргізілген мәдени революцияның  халықты сауаттандыру, оқу-ағарту  т.б. жағымды сипатымен қоса  келесі бір қыры – оның еңбекшілерді  дін мен шіркеуден аулақтау  мақсатын іске асыруда маңызды фактор  ретінде бағаланды. Сөйтіп, мәдени революцияның мәні – бір жағынан ағарту болса, екінші жағынан халықты өз руханиятынан алыстату яғни діннен бездіру әрекеті көрінді.

    1947 ж. бұқаралық  ерікті ғылыми-ағарту  бірлестігі  – бүкілодақтық «Знаниең қоғамы құрылған соң ЖҚҚ өз қызметін тоқтатты. /87/.

    Жоғарыдағы  «Мемлекеттен шіркеуді бөлу туралың  декрет әр азаматтың дінге  сенуге немесе сенбеуге құқық  беріп, ождан бостандығының құқықтық  негізін жасағаны рас. Әлеуметтік  әділеттілікке негізделген ұждан бостандығы өмірде құқықтық жағынан реттелді. Мемлекетпен шіркеу ара қатынасы қалыпқа түсіп ретке келгендей болды. Тіпті, 1920ж. ҚазОртАтқару Комитетінің төрағасы Пестковский Қазақстанда құрбан айт мейрамын өткізуге рұқсат берді. Бұл мейрам кезінде дін қызметкері жұмыстан босатылды./88/.

   Бұл кездегі  жап-жақсы мемлекет-шіркеу қатынасы  ұзаққа барған жоқ. Православ  священнигі Мень былай деп  жазды: «Иерархтар мен шіркеу  адамдарының көбі екі орта  кезеңде өзінің дымын білдірмей  тұрған ашық жауына қарсы тұруға  дайын болмай қалдың/89/.

   Кейбір шіркеу  иелері шіркеу мүлкін тарату  туралы декретке қарсы шықты.  Әсіресе черносотен дін басылары  қарсы шықты. Бұл жағдай В.И.Лениннің  шұғыл жазалау әрекетіне түрткі  болса керек. 1922ж. Ленин «өте  құпияң белгімен ОК РКП(б) саяси бюро мүшесі В.И.Молотовқа хат жазып черносотен дін басыларына қарсы күрес кампаниясын жасауға нұсқау берді. Хатта былай деп жазылған еді: «Сондықтан мен черносотен дін басыларына аяусыз күрес жүргізу керек деген шешімге біржола келдім. Біздің жаныштауымызды олар ондаған жылдар бойы ұмытпайтын болады ң/90/.

    Кейбір дінбасылардың  кеңеске қарсы әрекетіне бола  дін иелеріне жаппай репрессия  басталып кетеді. 1923-1930ж.ж. конфессиялар  қылмыстық, әкімшілік жолмен жазалануға  ұшырады. Кез-келген ушыққан мемлекет – шіркеу қатынасы өкімет тарапынан қатаң қудалаумен аяқталып отырды. 1937ж. қазанда НКВД діни дәрежесі барлардың барлығын ату жазасына кесу туралы құпия жарлық шығарды. Нәтижесінде Ресей үкіметі Комиссиясының мәліметі бойынша, 1937 ж. қуғын жылдары тек проваслав-шіркеу қызметкерлерінің-136900-і айдалған, соның ішінде-85300-і атылған.

    1943 ж.ҰОС жалдары  Сталин араласуымен шіркеу –  мемлекет қатынасы жақсарды. Орыс  проваславие шіркеуі азаматтардың  қарым-қатынасын реттеу статусына  ие болды. Жаңа құрылған бірлестік Орыс Проваславие Шіркеуі мен бірге Кафоликалық Бүкілресейлік Проваславие Поместьелік шіркеу болып аталды. Бұл бірлестік қоғамдық мәселелерді көтерумен көрінді. ҰОС жылдары халықты патриотизмге шақырып, жауға қарсы танк колоннасын, самолет эскадрильясын жасақтауға 150 млн. рубль бөлген болатын.

    Соғыстан кейінгі  жылдары дінге сенушілерге қысым  жасалмады, дегенмен протестанттарға  мемлекеттік қарсы саясат жалғасты. 1951ж. КСРО МГБ-сі 19 ақпанда Украина,  Белорусь, Молдавия, Латвия, Эстон СССР-індегі Кеңеске қарсы иегова сектасының мүшелерімен отбасыларын алыс аудандарға көшіру туралы қаулысы қабылданды. 8576 адам (3048отбасы) алыс аудандар Сібір, Қазақстан, Қиыр шығысқа «Сібір операциясыменң көшірілді.

    1990ж. жариялылық  кезінде КСРО Президентінің 20-50ж.ж. саяси репрессия құрбандарын ақтау туралы жарлығы шықты. Қуғын-сүргінге ұшыраған дінге сеушілерді ақтау туралы мәселе кейін көтеріліп, 14.03.1996ж. РФ Президентінің №378. «Жазықсыз репрессияға ұшыраған діни қызметкерлер мен сенушілерді ақтау туралың жарлығы шықты.

    Кеңестік тоталитарлық  режим тұсында саяси іс-әрекеті  үшін ғана емес, жай дінге сенушілігі  үшін де азаматтардың ұждан  бостандығына құқықтық- әкімшілік  тұрғыдан қысымына ұшыраған мыңдаған  тағдырларды тарих таразысына  салатын кез әлдеқашан жетті деп ойлаймын.

 

2-ТАРАУ.   Кеңестік  Қазақстандағы атеистік насихат:  іске асырылуы және зардаптары.

2.1. Атеистік  үгіт-насихат жұмыстарының ауқымы  және оның әдіс- тәсілдері .

    Ғылыми атеистік насихат жұмыстарының түрлері мен әдіс-тәсілдері маркстік-лениндік атеизм теориясының құрамды бөлігі болып саналды. Коммунистік партия атеистік үгіт-насихат жұмыстарының мазмұны, әдіс-тәсілдерін тиімді ұйымдастыру жолдарына баса назар аударды./91/.

    Партияның  мақсаты әртүрлі мүмкін әдіс-тәсілдерді  барынша қолдана отырып, материалистік ғылыми атеизм дейтін көзқарасты сіңіру. Ол үшін халықтың дінге бой ұру себептерін, мінез-құлық ерекшеліктерін, тұрмыс жағдайларын т.б. әбден ескеріп, сан алуан әдіс тәсілдер арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Көпшілікті атеизмге тәрбиелеу негізінен бұқаралық-идеялық бағытта жүргізілді. Мәселен, оның кейбір түрлері:

1) Саяси хабарлар тарату  арқылы атеистік тәрбие беру;

2) Атеистік бағыттағы  көркем әдебиетті оқыту;

3) Экскурсиялар арқылы;

4) Кино көрсету атеизмге  баулуда күшті құрал ретінде кеңінен қолданылды;

5) Атеистік тәрбие  берудің басты түрі-лекция. Лекциялардың  мазмұны мен теориялық дәрежелері  ғылыми техникалық жетістіктермен  байланыстырылып барлық жерде  бірдей дінге қарсы насихатталды.

    Лениннің атеист  насихатшы туралы «Әрбір насихатшы үгітшінің шеберлігі сол аудиторияға барынша жақсы әсер ете білуінде, ол үшін белгілі шындықты мүмкіндігінше неғұрлым сенімді, оңай түсінілетін, көрнекі және қатты есте қалатындай ете білудең деген талабына сай атеист насихатшылар арнайы даярланды.

Информация о работе Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат: іске асырылуы және зардаптары