Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат: іске асырылуы және зардаптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 19:30, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Ата Заң бойынша зайырлы мемлекет қалыптастыруға бет алған қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туып отыр. Өйткені,халықтың тарихында түбегейлі өзгерістер әкелген тарихи, рухани процестерді жете зерттемейінше, оларды бүгінгі күні тарих ғылымы қойып отырған талаптар тұрғысынан қайта саралаудан өткізбейінше, тәуелсіз қазақ мемлекетінің болашақтағы идеологиялық бағыт-бағдарын айқындау мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі посткеңестік республикалардың тағдырлас болып, ортақ тарихи кезең «кеңестік тарихынң бірге өткергені белгілі және осы кезеңді обьективті зерделеудің мән-маңызы күн өткен сайын артып келеді. Әлемдік кеңістіктегі елеулі құбылыс-діни фактордың қозғаушы рөлге ие болып отырған кезде және діннің, әсіресе әлемдік діндердің адамзат тарихында өркениет алғышарты ретінде үлкен мәдени серпілістердің қайнар көзі екені әлдеқашан мойындалып отырған шақта, кеңестік кезеңдегі қазақ халқының діни-рухани өткенін қарау өзекті мәселелердің біріне айналды.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………....
3-7

Тарау.КСРО-ның мемлекеттік–партиялық жүйесіндегі дегі атеистік саясат: идеологияландыру және дінге
қарсы күрес

Атеизмді социалистік құрылыстың идеологиялық
құралы ретінде негіздеу ………………………………………..

8-15
Дінге қарсы жүргізілген іс-шаралар ……………………..
16-24

Тарау Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат:
іске асырылуы және зардаптары

2.1. Атеистік үгіт-насихат жұмыстарының ауқымы және оның әдіс-тәсілдері……………………………………………………..

25-35
2.2. Атеистендірудің рухани-идеологиялық салдары………...
36-43

Қорытынды …………………………………………………….
44-45

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі…………………………………............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

rel_10.doc

— 322.00 Кб (Скачать документ)

    Коммунистік  партия лениндік принциптерді  басшылыққа ала отырып, дінге  қарсы насихат жұмысын ұйымдастыру  үшін арнайы органдар құрды.  Орталық Комитеттің идеологиялық  жұмысында атеизмді насихаттау  бірлестігі – үгіт-насихат бөлімі (Агитпропотдел) жетекші орган болды. Бұл бөлімнің мүшелері ОК РКП(б) атеизмді насихаттау мәселелеріне байланысты құжаттар даярлаумен айналысты, арнайы дінге қарсы мәжілістерді ұйымдастырып отырды./92/.

    Партияның  ОК жанында ғылыми тұрғыда  атеизмді насихаттау ісімен дінге қарсы комиссия айналысты. Бұл органның міндеті бұқараға атеистік тәрбие беру, атеистік насихатты жүйелі түрде өткізу және бағыт-бағдар беріп отыру, атеист маманндар даярлау, атеистік тәрбие берудің тиімді жолдарын қарастыру, атеистік насихаттың әртүрлі формаларын ұйымдастыру, халықтың діншілдігін бақылау, т.б. болды. 1922ж қаңтар-қыркүйекте комиссия мәжілісінде дінге қарсы кітаптар мен брошюралар шығару, дінге қарсы курс және семинарлар бағдарламасын жасау, атеистік құнды баяндамалар тезистерін, осыған әдебиеттер даярлау қаралып, үгіт-насихат комиссиясының жұмыс бағдары кеңейтілді. 1922ж. 23-қазаннан 1929ж. 4-қазанға дейін 100-дей отырыс өткізіпті. Бұл комиссияда В.И, Лениннің серіктері, жауапты органдардың басшылары Ем. Ярословский, А.В.Луначарский, П.А.Красиков, В.Р.Менжинскй, Г.В.Чичерин, И.И.Скворцов-Степанов, В.Д.Бонч-Бруевич сияқты діннен безген әумесер насихатшылар болды.

     РКП(б) ХІІ  съезінің «Дінге қарсы үгіт-насихат  туралыңқаулысында партияның бірден-бір  маңызды тапсырмасы дінге қарсы бағытта діннің шығуы мен тарихын көрсетуге арналған ғылыми көпшілік әдебиеттер болды./93/.

    В.И.Ленин атеистік  басылымдарды шығарушы Скворцов- Степановқа «Дін тарихы және  барлық дінге қарсы жазуды  және атеизм тарихы туралы  және буржуазиямен байланысты  шіркеулер хақында материалдар жинап басуғаң нұсқау берді./94/.

    1922 ж. 1-ақпанда  «Атеистң газетінің «Религия  – дурман для народаң деген  ұранмен 15 мың данасы жарыққа  шығарылды. 1928ж. ОК РКП(б) үгіт-насихат  бөлімінің бүкілодақтық үгіт  насихат мәжілісінде дінге идеологиялық шабуылды күшейту туралы шаралар талқыланады. 1928ж. Көптеген қалаларда жексенбілік дінге қарсы университеттер ашылып, оның мақсаты дінге қарсы насихат методикасын меңгерген кадрлар даярлау болды.

    50 ж.ж. дейін  дінге қарсы үгіт-насихат мазмұны негізінен жаппай атеистік басылымдар әдебиеттер шығарумен сипатталды.Осының нәтижесінде халықты діннен аластатты, енді жаңаша бағытта атеистік тәрбие беру науқанына көшті.

     КПСС қаулы-қарарларында  мынандай шаралар белгіленді: «Партия  комитеттерінің идеологиялық комиссиясының қызметі жандандырылып,оларға коллективтер мен адамдардың тұрғылықты жерлерінде идеялық тәрбие жұмысын үйлестіру, жаңа формалар мен әдістер іздестіру, қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау жүргізілсін. Атеистік тәрбиені күшейту жөнінде нақты шаралар әзірленіп жүзеге асырылсын./95/.  Және сонымен бірге коммунистер мен комсомолдардың діни қалдықтармен күрестегі жауапкершілігін арттыру керек делінді./96/.

   Сөйтіп, атеистік  үгіт-насихат жүргізу атеистік  тәрбие беру идеологиялық жұмыстың  маңызды бөлігіне айналды. Сонда  ғана коммунистік құрылыс толығымен  орнап, жаңадан дінсіз кеңестік  дәстүрлер қалыптасады деп түсіндірілді  және халықты осыған шақырды.

     Атеистік үгіт-насихат діни сарқыншақтарды жоюға бағытталды. КПСС-тің ХХVІІ съезінің программасында «Партия дүниені ғылыми-ғылыми материалистік тұрғыдан түсінуді кеңінен тарату үшін, дінге сенушілердің сезімін қорлауға жол бермей, діни соқыр сезімдерді жою үшін, идеялық ықпал ету құралдарын пайдаланадың делінді./97/.

     Дамыған  социалистік қоғамға жету бұқаралық  атеизмнің дамуымен тығыз байланысты. Діни қалдықтарға қарсы ғылыми-материалистік  тұрғыда дәлелденген ғылыми танымдық  әдіс-тәсілдер ұйымдастырылды. Дін сарқыншақтарын жоюдың негізгі құралы – барлық еңбекшілерді коммунизм құрылысына белсенді қатыстыру және еңбекшілердің арасына тәрбиелік ағарту жұмыстарын кең жүргізу болды. Дінге және діни әдет-ғұрыптарға қарсы күрес – кеңес адамдарының баршасын марксизм-ленинизмнің идеялары рухында тәрбиелеу үшін күрес, коммунизм құрылысы ісін табыспен алға апару үшін күрес жүргізілді. Коммунистік тәрбие адамдардың санасын діншілдік соқыр сенімдер мен жоққа нанушылықтан арылтуды көздейді, мұндай нанымдар мен сенімдер жеке кеңес адамдарының өзінің творчествалық күштерін толық көрсетуіне әлі де кедергі келтіріп отырң- дейді Н.С.Хрущев./98/.

    80 ж.ж. коммунистік  құрылысты кеңінен өрістету де  ескінің қалдықтарын толық әрі  түпкілікті жою мәселесі тікелей  практикалық іске айналған болатын. Тіпті Кеңес адамының дүниеге көзқарасы мен моралін қалыптастыру да ескінің сарқыншақтары дейтінге ымырасыз күресі барысында болуы тиіс екен. Бұл жөнінде партияның ХХVІ съезінде КПСС ОК «Идеологиялық саяси-тәрбие жұмысын одан әрі жақсарту жұмысы туралың қаулысы еңбекшілердің саналылығы мен әлеуметтік белсенділігін арттыру, оларды коммунизм ісіне берілгендік, атеистік насихатты күшейтіп, діни соқыр сенімдерге қарсы ымырасыз күрес жүргізу идеологиялық жұмыстың өзекті арқауы екенін атап көрсетеді./99/. Және де аталмыш Пленумда: «Халықтың діншілдер сияқты ерекше тобымен жүргізілетін жұмысты әлсіретіп алмау қажет. Адамдардың бір бөлігі, турасын айтайық, тіпті, едәір бөлігі әлі де діннің ықпалында қалып отырң,- делінгенінен кеңес азаматтарының ождан бостандығына қаулы-қарарлар негізінде ашық қол сұғушылық жасағанын аңғарамыз. Сол Пленумның «Партияның идеологиялық бұқаралық – саяси жұмысының актуальді мәселелерің қаулысында «халық арасында ғылыми материалистік көзқарастарды неғұрлым белсенді насихаттау, атеистік тәрбиеге көбірек көңіл бөлу қажетң делінді./100/.

    1983 ж. июнь  пленумы: «идеология, тәрбие, насихат  жұмысын партия социялизмді жетілдіру  процесінде шешіп жасайтын зор  да күрделі міндеттер дәрежесіне  батыл көтеру қажетң деді. Ғылыми  атеистік жұмыс еңбекті, неғұрлым өнімді ғана емес, сондай-ақ мазмұнды қызықты ету, творчестволық еңбекке айналдыру керек деген қаулы шешімдері атеистік насихатқа, идеологиялық насихатқа серпін берді./101/. Діни қалдықтарды жоюға мүмкіншіліктер жасады сөйтіп ғылыми атеистік сипатқа нағыз бұқаралық сипат берді. Оның барлық түрлері мен әдістерін-лекция, баяндама әңгіме радио, теледидар, кино, баспасөз, мәдени-ағарту мекемелерін мемлекет тікелей қолдап отырды. Комммунистік атеистік дүниетанымды қалыптастыруда – баспасөз айрықша орын алды./102/.

    Атеистік тәрбие  – жеке адамның діни дүниетаным  мен діни моральға сыни қатынасын  қалыптастыруға мақсатты түрде  бағытталған процесс. Атеистік  нанымды қалыптастыру жеке адамның  қоғамдық пайдалы белсенділігін  арттырады және атеистік іс-әрекетке тартуды көзейді./103/. Осындай атеистік тәрбиенің бәрі Маркстің «Дін қаншалықты күйресе, социализм сонда дами түседі. Діннің күйреуінде тәрбие үлкен рөл атқарадың деген қағидасы бойынша жүргізілді../104/.

   50 ж.ж. атеистік  насихат жұмыстары іс жүзінде табысты іске асып жатса да 1954ж. 7-шілдедегі «КПСС ОК ғылыми атеистік насихаттағы ірі кемшіліктер және оны жақсарту шаралары туралың қаулысында атеистік насихат жұмысы қанағаттанғысыз деп бағаланды. Онда: «КПСС ОК мынаны көрсетеді: көптеген партия ұйымдары халық арасындағы ғылыми атеистік насихатқа қанағаттанғысыз басшылық етеді, соның салдарынан идеологиялық жұмысың аса маңызды участогы бетімен жіберілген. Ал сонымен қатар шіркеу мен әртүрлі секталар өздерінің қызметін едәір жандандырды, өз кадрларын нығайтты сөйтіп қазіргі жағдайға икемделе бейімделіп халықтың артта қалған топтар арасында  діни идеологияны мықтап тарата бастады... шіркеу қызметінің жандануы салдарынан діни мейрамдарды сақтайтын, діни салттарды ұстанатын азаматтар саны көбейгені байқалады, діни орындарға қарай шұбырушылық көбейе түскен. Діндар адамдардың көпшілігі Киев-Печерская лавраға қарай ағылуда, мыңдаған адам шұбырынды болып, Курск облысындағы «Түбірлі түздең, Ульянов облысының Суры ауданындағы «Никола тауынаң түнейді. Әсіресе Орта Азияда «әулие мекендерінең шұбырушылық өте көп. Діни мейрамдарды мерекелеу кезінде бірнеше күндер бойы арақ ішіліп мал сойылып, халық шаруашылығына зор нұқсан келтіреді, мыңдаған адамдарды жұмыстан айырып еңбек тәртібін әлсіретеді. Діни соқыр сенімдермен ырым нанымдар кеңес адамдарының бір бөлігінің санасын уландырып, олардың коммунистік құрылысқа саналы түрде қатысуына кедергі келтіредің деп жазылған./105/.

    ҚР Президенті  архивінде осы қаулыны қарағанда  толығырақ мәліметтерді кездестірдік. Көптеген аудандық, қалалық, облыстық партия комитеттерінің халық арасындағы насихат жұмысының мардымсыздығына сын айтылды. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда облыстарында атеистік насихаттың жеткіліксіздігі және бұл жерлерде мұсылмандық қауымдар жұмысының өрістегені туралы айтылды. Республикадағы діни ұйымдардың белсенділігі нәтижесінде халық «Киелі жерлергең ғибадат қылуға ағылуда. Діни мейрамдар кезінде Алматыдағы Никольский шіркеуі бірнеше мың сенушілерді қабылдайды, Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи мешітіне көп адам ағылып барады. Одан басқа да киелі орындар «Қараханң, «Тектұрмас әулие,ң «Айша бибің, «Арасан-Хорасанғаңт.б. көптеген сенушілер келеді. Діни мейрамдар кезінде Құрбан айтта көптеп мал сою халық шаруашылығына нұқсан келтіреді. Мәліметтерге қарағанда, соңғы 3 жылда Құрбан айтта республиканың 6 облысында 4 мың бас мал құрбандыққа сойылған. 1953ж. 21-тамызда  Жамбыл обл., Жамбыл ауданының колхозшылардың жартысы жұмысқа шықпаған. Осындай жаппай дерлік жұмысқа бармау фактісі «Интернационалң колхозы және Георгиев ауданында тіркелді./106/.

    Осындай жағдайларға  байланысты КПСС ОК мынадай  қаулы етті:

1. Одақтас республикалар  компартияларының ОК-не, КПСС өлкелік,  облыстық комитеттеріне дінге  қарсы жұмыстың бетімен жіберілгендігін  жоюды, ғылыми атеистік насихатты кең өрістетуді, діни нанымдар мен соқыр сенімдердің тұтқынында жүрген халықтың ең артта қалған бөлігі арасында бұл жұмысты өрістетуге ерекшке назар аударуды міндеттейді... Дінге қарсы жұмыс жүйелі, барынша табанды түрде сендіру, жалықпай түсіндіру, діндар адамдардың әрқайсысымен жеке-жеке қарау әдісімен жүргізілуге тиіс...

     Сондай-ақ, дінге қарсы тақырыптарда көпшілікке  арналған лекциялар оқуды кең  өрістету, діннің, христандиандықтың,  православиенің, католицизмнің, исламның  және сектанттықтың мәнін ғылыми тұрғыдан әшкерелеу, діннің кімге қызмет ететінін, діни мейрамдар мен тақуалық кімге қажет екенін, дін қалдықтарының зияндылығы неде екенін, ғылым мен дін арасында неліктен күрес болатынын т.с.с. түсіндіру қажет. Ғылыми атеистік насихатты күшейту мақсатымен еңбекшілерге өз ана тілінде идеялық саяси ықпал етуді сан алуан формалары мен құралдары – лекциялар, баяндамалар, әңгімелер, баспасөз, радио, кино, театр түгел пайдалануға тиіс. Ғылыми атеистік насихатқа таңдаулы партия және комсомол насихатшылары, интеллигенция мен ғылыми күштер тартылуға тиіс.

    2. Ғылыми атеистік  насихат саласында насихатшы  кадрлар даярлау мақсатымен КПСС  ОК насихат және үгіт бөліміне  осы мәселелер жөнінде марксизм-ленинизм  университеттерінің программасына, сондай-ақ насихат қызметкерлерінің жергілікті партия ұйымдары өткізетін курстарының программасына да лекциялар циклын өткізу тапсырылсын.

   3. КСРО Мәдениет  министрлігіне, одақтас республикалардың  мәдениет министрліктеріне және  бүкілодақтық саяси және ғылыми білімдер тарату қоғамына мыналар жүктелсін: а) еңбекшілер арасында лекциялық насихаттың жүргізілуі жақсартылсын, лекциялардың жоғары идеялық дәрежеде және халықтың барлық топтарына түсінікті болуы қамтамасыз етілсін, маман-атеист лекторлар даярлауға ерекше назар аударылсын; в) 1954-1956 жж мазмұны дінге қарсы бағытталған қысқа және толық метражды және ғылыми-көпшілік, көркем фильмдер сериясын шығарудың тақырыптық жоспары жасалып жүзеге асырылсын, олардың кино театрлар мен клубтық мекемелерде, мектептер мен оқу орындарында кеңінен көрсетілу қамтамасыз етілсін; г) ғылыми атеистік тақырыптарға лекциялар, баяндамалар, мақалалар, әңгімелер оқылып, радио тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріліп тұрсын; е) лекторларға,үгіт-насихатшыларға көмек ретінде жаратылыстық ғылыми және атеистік тақырыптарға альбомдар мен диапозитивтер шығару ұйымдастырылсын./107/.

   4. Бүкілодақтық  саяси және ғылыми білімдер  тарату қоғамының «Наука и  религияң атты бұқаралық ғылыми-көпшілік  айлық журнал шығаруына рұқсат  етілсін, оның көлемі 3 баспа табақ, тиражы 15 мың дана болсын.

   5. Мемлекеттік  саяси әдебиет баспасына марксизм-ленинизм  классиктерінің дін және атеизм  туралы жеке шығармаларын, сондай-ақ  коммунистік партия мен Кеңес  мемлекетінің дінге көзқарасы  жөнінде көпшілікке арналған кітаптар мен кітапшалар сериясын басып шығару міндеттелсін.

   6. КСРО Ғылым  Академиясының баспасына антика  ойшылдары мен француз ағартушыларының  атеистік шығармалары мен еңбектерінің  үзінділерін шығару, оларды көпшілікке  түсінікті алғысөздермен қамтамасыз ету ұсынылсын.

   7. Шетел әдебиеті  баспасына дін мен атеизм мәселелері  жөнінде шетелдік ғалымдар мен  жазушылардың таңдаулы еңбектерін  шығарып тұрсын.

   8. Мемлекеттік  көркем әдебиет баспасына орыс  және шетел көркем әдебиеті  классиктерінің атеистік тақырыптағы туындыларын көпшілікке арнап арзан басылымдарын шығаруды ұйымдастыру,  сондай-ақ дінге қарсы бағытталған ертегілер, халықтық өлеңдер, мақалдар мен мәтелдер шығару міндеттелсін...

    10. Одақтас  республикалардың оқу министрліктеріне  және КСРО Жоғары білім министрлігіне оқушылар мен студенттерді жауынгер материализм рухында тәрбиелеу жұмысын күшейту міндеттелсін, мектептерде, орта арнаулы оқу орындары мен ЖОО жүйелі түрде жаратылыстық ғылыми, атеистік тақырыптарда көпшілікке арналған әңгімелер мен лекциялар өткізу, ғылыми кино фильмдер ұйымдастырылсын. Пәндерді оқыту атеистік мазмұнмен байытылсын, ал ЖОО-ның диалектикалық және тарихи материализм жөніндегі программасына ғылыми атеистік мәселелер бойынша тақырыптар енгізілсін. Мұғалімдердің кеңестері мен конференцияларында оқушылар арасындағы дінге қарсы тәрбиені күшейту туралы мәселе талқылансын./108/. Осы қаулыдан-ақ атеистік насихаттың түрлері, ауқымы және жүргізудің әдіс-тәсілдерін көре аламыз. Осы негізде барлық мәдени ағарту ісі, білім беру саласы атеизмді насихаттауға тиіс болды. Діндар адамдардың және сенушілердің құқығына қол сұғылмады дегенімен оларға қарсы үгіт-насихат жалғаса берді. Дін мен ғылым қарама-қайшы қойылды. Әрбір қаулы-қарар, мақалалар мен әдебиеттер дін басыларды тек айыптап отырды. 1962ж. идеология жұмысы жөнінде бүкілодақтық кеңесте: «Шіркеу ғұламалары, біздің дінге қарсы насихатымыздан қорғануы былай тұрсын, негізінен, халықтың идеологиялық табансыздау, қоғамдық саяси жұмысқа басқалардан гөрі аз тартылған бөлігіне үміт артып, өздерінің позициясын нығайтуға тырысады. Шіркеу ғұламалары көбінесе жағдайға шебер икемделіп, әрекетін бүркемелей біледі. Кеңес адамдарының коммунистік идеялдарға берілгендігі жөнінде біле тұра, олар бұл идеялдардың діни ілімен «отасаң алатынын, тіпті, «бірлесң екенін дәлелдегісі келеді. Коммунистік және діни идеология арасындағы құзды бүркемелеуге тырысады.- деп дін иелерін жағымсыз етіп көрсетеді. /109/.

Информация о работе Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат: іске асырылуы және зардаптары