Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 19:30, курсовая работа
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Ата Заң бойынша зайырлы мемлекет қалыптастыруға бет алған қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туып отыр. Өйткені,халықтың тарихында түбегейлі өзгерістер әкелген тарихи, рухани процестерді жете зерттемейінше, оларды бүгінгі күні тарих ғылымы қойып отырған талаптар тұрғысынан қайта саралаудан өткізбейінше, тәуелсіз қазақ мемлекетінің болашақтағы идеологиялық бағыт-бағдарын айқындау мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі посткеңестік республикалардың тағдырлас болып, ортақ тарихи кезең «кеңестік тарихынң бірге өткергені белгілі және осы кезеңді обьективті зерделеудің мән-маңызы күн өткен сайын артып келеді. Әлемдік кеңістіктегі елеулі құбылыс-діни фактордың қозғаушы рөлге ие болып отырған кезде және діннің, әсіресе әлемдік діндердің адамзат тарихында өркениет алғышарты ретінде үлкен мәдени серпілістердің қайнар көзі екені әлдеқашан мойындалып отырған шақта, кеңестік кезеңдегі қазақ халқының діни-рухани өткенін қарау өзекті мәселелердің біріне айналды.
Кіріспе…………………………………………………………....
3-7
Тарау.КСРО-ның мемлекеттік–партиялық жүйесіндегі дегі атеистік саясат: идеологияландыру және дінге
қарсы күрес
Атеизмді социалистік құрылыстың идеологиялық
құралы ретінде негіздеу ………………………………………..
8-15
Дінге қарсы жүргізілген іс-шаралар ……………………..
16-24
Тарау Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат:
іске асырылуы және зардаптары
2.1. Атеистік үгіт-насихат жұмыстарының ауқымы және оның әдіс-тәсілдері……………………………………………………..
25-35
2.2. Атеистендірудің рухани-идеологиялық салдары………...
36-43
Қорытынды …………………………………………………….
44-45
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі…………………………………............................................
Құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, мазмұнына сай екі тараудан, әр тарау екі параграфтан құралған және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер реті мен қосымшалар берілген.
1-тарау. КСРО-ның мемлекеттік- партиялық жүйесіндегі атеистік саясат: идеологияландыру және дінге қарсы күрес.
XІX ғасырдың орта
шенінде К. Маркс пен Ф.
Атеизм дегеніміз құдайды теріске шығару арқылы адам болмысына сену – деді К. Маркс./36/.
Ал дін – relіgіo – латын тіліне аударғанда – ар–намыстылық, ар–ұятқа негізделген қатынас, құдайдан қорқу, тақуалық, қасиет-киелілік т.б. мағыналарды береді. Сонда атеизм түсінігі әлгіндей рухани құндылық, асыл қасиеттерді жоққа шығарушылық болып тұрғанын көреміз. Большевиктер осы атеизмге идеологиялық үсемдік беріп қойды. В. И. Ленин бастаған большевиктер пролетариаттық капитализмге қарсы социализм үшін күресіне негіз етіп таптық теория мен материалистік ұстанымға сай атеизмді маркстік ілімдермен қаруландырып ғылыми атеизмді идеологиялық құралға айналдыруда бар күш-жігерін салып бақты. «Марксизмң,-дейді В.И. Ленин, - буржуазиялық заманның аса бағалы табыстарын тіпті де керексіз етіп тастамай, қайта керісінше адамзат ойының, мәдениеттің 2000 жылдан аса уақыттың шілде дамуындағы бағалы нәрсенің бәрін игеріп, қайта өңдеп революцияшыл пролетариаттың идеологиясы ретінде өзінің бүкіл дүние жүзілік тарихи маңызына ие болды ң-деп жазды. /37/.
К. Маркстың «Еуропалық мәселегең, «Неміс идеологиясың, «Фейербах туралың, «Капиталң, «Гота программасына сынң,т.б. және Ф. Энгельс «Табиғат диалектикасың, «Антидюрингңт.б. еңбектерінен тезистерінен ғылыми атеизм саласын одан әрі В.И.Ленин дамытып қана қоймай, іс жүзіне асырды.Дінге таптық сипат бере отырып,оған қарсы тұруға шақырды. «Халық достарың, «Қытай соғысың, «Деревня кедейлерінең, «Социализм және дінң деген мақалаларында дін үстем тап құралына айналғанын мейлінше сынай келе былай деп жазды: «Дін дегеніміз - өмір бойы басқа біреуге жұмыс істеумен, мұқтаждық пен жаншылған халық бұқарасын барлық жерде бірдей басқан рухани езгінің бір түрі.ң./38/. «Қаналушы таптардың қанаушы таптармен күрестегі әлсіздігі ол дүниедегі жақсы тұрмысқа налуды сөзсіз туғызадың деген сөздері өз идеологиясына сай еңбекшілердің түсінігін қалыптастыруды міндет етті.
Ал одан басқа да «Материализм және эмпириокритицизмң еңбегінде идеализм оның тірегі дін деп оған қарсы тұрса, «Жұмысшы партиясының көзқарасың (1909ж.) мақаласында дін мен шіркеу, мешітке қарсы марксизм тактикасын белгілейді: «Дін дегеніміз - халықтың басын айналдыратын апиын,- Маркстың осы нақыл сөзі марксизмнің дін мәселесі жөніндегі бүкіл дүние тануының ірге тасы болып табылады. Осы заманғы шіркеулер мен діндердің, әр алуан діни ұйымдардың бәрін марксизм әрқашан буржуазиялық реакцияның жұмысшы табын қанау мен оның басын айналдыру үшін қызмет ететін органдар, деп танидың- деп дін атаулыға теориялық қарсы тұруға, кейін идеологиялық шабуылға ұласты. /39/.
Халық санасын атеизмге
иландырудың әртүрлі әдіс-
Коммунистік партияның манифесінде: «...коммунизм мәңгілік ақиқаттарды жояды, ол дінді...жоядың - делініп әу бастан-ақ дінге қарсы позициясын ашық жариялаған болатын./41/. В.И.Лениннің дінге қарсы кесіп айтқан сөзіне назар аударып қарасақ. «Діни идеяның қандайы болса да, құдайекең атаулы туралы идеяның қандайы болса да, тіпті құдайекеңмен шүйіркелесудің қандайы болса да барып тұрған пасықтық... ең қауіпті пасықтық, жексұрын жұқпалы ауруң-деген нұсқауларын басшылыққа алған партияның ХІІ сьезінде «Дінге қарсы үгіт-насихатты жолға қою туралың арнаулы қаулысы да өмірде іске асты. «Біздің программамыз түгелдей ғылыми дүниетанымға негізделген және оның үстіне нақты материалистік дүниетаным негіздеріне құрылған. Сондықтан біздің программамызды түсіндіру діншілдік тұманының шын тарихи және экономикалық тамырларын түсіндіруді де қажетті түрде қамтиды. Біздің насихатымыз атеизмді де насихаттауды да қамтиды. Тиісті ғылыми әдебиетті шығару, енді біздің партияның жұмысының бір саласы болуға тиісң-деп мәлімдеді В.И.Ленин./42/.
Дінді теріс түсіндіру, керітартпа құбылыс ретінде қарастырылды. Дін – жеке меншікшілдік, әйелге төмен көзқарас дарашылдық, жайбарақаттық, еңбектегі керенаулық сияқты ескіліктің санадағы зиянды қалдықтарына дем беріп, жандандырып отыратын, адамды үмітсіздікке жетелейтін, үстем тап өкілдеріне қызмет ететін құрал деп теріс баға берілді және оған қарсы идеялық күрес үздіксіз түрде жүрді.
Дін қалдықтарының коммунизм құрылысына келтіретін зияны бар, дін ғылымға да, коммунизмге де жат делінді./43/. Партиялық құжаттардың қай-қайсысын алып қарасақ та дінге қарсы күресті үдете беру қажет дегенді көреміз.
«Діншілдік тұманға қарсы таза идеялық және тек идеялық қарумен, баспасөзімізбен күресу үшін біз шіркеудің мемлекеттен толық бөлінуін талап етемізң, - деген болатын большевиктердің көсемі./44/.
Коммунистік партия дінге қарсы күресте марксизм ілімін басшылыққа алды. Марксизм дінге мейлінше қас. «Біз дінмен күресуге тиіспіз. Бұл - бүкіл материализмнің әліппесі, олай болса, марксизмнің де әліппесі.ң Қызыл көсем одан әрі: «Бірақ марксизм әліппеге тоқтап қалған материализм емес. Марксизм оданда әрі барады. Ол: дінмен күресе білуі керек, ал ол үшін бұқарада бұл танымның және діннің қалай пайда болғанын материалистік тұрғыдан түсіндіру керек.ң/45/. Сондағы аңғаратынымыз, марксизм дінмен күресте материализмнен анағұрлым күшті ілім болып табылады екен. Марксист адам – материалист болуға, яғни діннің жауы болуға тиіс, бірақ материалист болғанда диалектикашыл материалист болуға, яғни дінге қарсы күресу ісіне абстракты түрде емес, дерексіз, таза теориялық әрқашан өзіне тең уағыз негізінде емес, нақтылы түрде іс жүзінде болып жатқан және бұқараны бәрінен де көбірек, жақсырақ тәрбиелейтін тап күресі негізінде қоятын болуға тиісң деп әрбір кеңес адамының дін атаулыға көзқарасын айқындап берді/46/. Сонымен дінге қарсы күрес идеялық күрес, партиялық іс болды. Партияның діни көзқарасқа қарсы идеологиялық күресі дүниеге бір жақты ғылыми көзқарас – марксизм-ленинизмге және оның теориялық негізі диалектикалық материализмге негізделген. Осы ғылыми көзқарас осылайша идеологияландырылды. «Діни соқыр сенімдерге қазіргі уақытта дүниеге ғылыми, материалистік көзқарастың – ғылымға жат, діни көзқарасқа қарсы идеологиялық күрес деп қаралуға тиісң деп бекітілді/47/. Сөйтіп, большевиктер қоғамға ғана емес, адам санасына түбегейлі төңкеріс жасады десек болады. Тіпті В.И. Ленин «Социализм – есть религияң деп жар салды.Материализм атеизмнің философиялық негізі болып табылады. Материалистік көзқарас дінді біржолата бекерге шығарады. Дәйекті материализм дінмен келісімге келмейді. Материализмге идеализмді қарсы қойды. Кеңестік марксистер идеализмнің құралы–дін деп теріс бағалайды.Олардың ойынша, «Идеялизм діннің нәзік формасы. Сонымен бірге догмаларына ғылымсымақ түр баруге әрекеттенеді. Дін дегеніміз тұрпайы идеализм. Әдетте дін өзінің ғылымға қарсы қағидаларын дәлелдеуге тіпті тырыспайдың деген қасаң анықтамалар береді./48/. Дінге атеистік анықтама беріліп «дін апиынң деп кеңестік ЖОО-да осылайша оқытылып келді/49/.
Марксистік идеологияға сипат берген большевиктер социализм құрылысының басты кедергісі – дін деп есептеп оған қарсы шықты. Осы туралы Кеңес мемлекетінің дінге қатысты саясатын әшкере етіп жазған Н.Струве өзінің «Христиане в СССР (Париж 1963г.)ң деген еңбегінде 1920 ж.ж. коммунистердің ең басты әрекеті дінге қарсы жұмыс болғанын атап көрсетеді. Атеизмді идеологияландыру жан-жақты бағытта, ғылыми материалистік тұрғыда дәлелдеу арқылы жүргізіле бастады. Лениннің өзі «Дінге қарсы күрес науқан емес, ұзақ процесс сондықтан діни соқыр сенімдерге қарсы күресте табандылық керек деген болатынң/50/.
Халық Комиссарлар Кеңесінің 1918ж. 23-і қаңтардағы декреті негізінде мемлекет тарапынан ендігі жерде рухани-діни құрылымдарға тотальді бақылау қойылды. Кейінгі кездері кейбір зерттеушілер осы декреттің алғашқы жобасының атауы басқаша болғаны жөнінде пікірлер айтып жүр. Мысалы, Ф.К. Лауренайтис декреттің алғашқы нұсқасы «Мемлекеттен шіркеуді, шіркеуден мектепті бөлуң емес, «ұждан бостандығы, шіркеу және діни бірлестіктер туралың деп аталғаны жөнінде тосын пікірді алға тартады. Әрине, бұл атау еш жерде редакцияланбаған, халыққа әлгіндей атаумен таралып кеткен. Ф.К. Лауренайтис бұлай аталып кету себебін халыққа мейлінше түсінікті болуымен түсіндіреді./51/. Большевиктердің бастапқы атауды өзгертуі олардың дінге қатысты саясатының бағыт-бағдарын көрсетіп берсе керек. Осыдан кейін осы декрет негізінде съездерде қаулы-қарарлар қабылданып отырды. 1919ж. наурыздағы РКП(б) ХVІІІ съезд бағдарламасында декрет бойынша іс шаралардың қанағаттанарлықтай еместігін, енді партия барлық қанаушы таптар және діни ұйымдармен байланысты біржола үзе отырып, жұмысшы бұқараны діни наным-сенімнен азат ету, дінге қарсы ғылыми-ағартушылық бағытта кең ауқымда жүргізу міндеті қойылады./52/. Осыған сай съезде «деревняда саяси және мәдени ағартушылық жұмыстар жүргізу туралың қарар қабылданып, онда «мектеп шіркеуден, қандайда болса діннен, дін атын жамылған контрреволюцияшылдардың ықпалынан аластатылу қажет деп шешілді. Бірақ Кеңестік Ресей әр азаматтың діни бостандығына кепілдік береді және бұл шараның мұқият іске асырылуын қадағалайды, тіпті дінге күштеушіліктің өзін жауапқа тартады. Сонымен бірге дінге сенушінің ғибадат қылуына нұқсан келтірушілер қатаң жазалануы тиісң делінген./53/. Осы жерде діни этиканың құқықтық реттелуін жоғары бағалауымыз керек. Одан кейін қабылданған 1921ж. наурыздағы Х съезде «Главполитпросвет және үгіт-насихат туралың партия тапсырмасы бойынша Главполитпросветтің міндеттері белгіленді. Бұл бойынша Главполитпросвет бұқара арасында дінге қарсы үгіт насихат жұмысын ұйымдастыру және оны іске асыру міндеттелді. Осы мақсатта органның жұмыс мазмұны бұқара арасында баспасөз құралдары арқылы: газет-журнал, кітап, оқулықтар шығару, лекциялар топтамасын жариялауды қазіргі техника жетістіктерін (кино,фото) пайдалана отырып тарату болды. ОК РКП(б) Пленумында дінге қарсы үгіт-насихат туралы 13 пунктен тұратын бағдарлама жасалды. Ол бойынша:1. Дін қызметкерін, сенуші болсын, ондай сенімдегі кандидат партияға өткізілмесін. Егер партия мүшелігінде ондай азамат болса, ол аз уақыт ішінде ғибадатын тиып шіркеумен қатынасын үзсін, бұл талаптар орындалмаса партиядан қуылсын./54/. Осындай қабылданған қаулы-қарарларда коммунист адамның дінге қатысты міндеттері белгіленіп отырды. Мысалы, КПСС жарғысында былай көрсетілген. «Партия мүшесі мынаған міндетті: маркстік-лениндік теорияны жетік меңгеріп, өзінің идеялық деңгейін арттыру, коммунистік қоғам адамын қалыптастыру және тәрбиелеу. Коммунистік мораль прициптерін сақтай отырып, жеке басынан қоғамдық мүддені жоғары қойып буржуазиялық идеологияның кез-келген көрінісіне,өткеннің ескіліктеріне және діни қалдықтарға қарсы ымырасыз күрес жүргізуге тиістің делінгенінен көреміз./55/. Кеңестік Конституция және соның негізінде қабылданған заңдар партияның дінге қатысты ұстанымын айқындап берді және коммунист адамның діннен бас тартуын талап етті. Әрине, осы мақсатта идеологиялық жұмыстарды кең ауқымда іс жүзіне асырды.
Сонымен бірге партияның дінге қатысты, әсіресе мұсылман дініне қарсы қатаң позициясын ресми құжаттардан анық көре аламыз. Мемлекеттік атеистік саясаттың исламға қатынасының өзіндік ерекшеліктері болды.
Ресей мұсылмандарына арналған үндеуде «Сіздердің осыдан бастап діни сенімдеріңізге және әдет-ғұрыптарыңа,ұлттық және мәдени мекемелеріңе бостандық пен дербестік право жарияланадың- деп мәлімделгенімен іс жүзінде олай болмады./56/. ОК РКП(б) 1920ж. «Шығыс халықтары арасында барлық партия комитеттері мен саяси бөлімдер жұмысы туралың қаулысы кеңестік биліктің «исламдық факторғаң қатынасын айқындап берді. Бұл құжат мұсылман халықтарының діни- ұлттық ерекшеліктеріне қарай олармен қалай жұмыс істеу керектігіне алғышарт жасады. Онда мұсылман халықтарында «діни қалдық күшті сақталып қалған, тіпті олардың өмірінде дін еуропалықтарға, орыстарға қарағанда әлдеқайда берікң- деп көрсетілді. Коммунистер мұсылман қоғамының таптық сипатын дәлелдеу мақстында халықты сауаттандырып, клуб-мектептер ашып, адам, табиғат туралы санасын кеңейтуде білім беруді жолға қойды. Өздерінің бұл әрекеттерін «Кеңестік құрылыс шеңберінде мұсылман бұқарасының өз ұлттық тағдырын өзі шешуіне жанашырлық көрсетудемізң деп мәлімдеді./57/. 1920ж.ж. ортасында мұсылмандық дәстүр жанданып, әртүрлі мұсылман мекемелері рухани жұмыстар атқарып тұрды. Мұсылмандық шариғат ісі өріс алып, сопылық жолды қуушы мүридтер 500-800-ге дейін барды./58/.
1923 ж. Қазақстанның
діни істері Уфадағы орталық
діни басқарма құзырына
1923 жылы РКП (б) ХІІ
сьезде «Дінге қарсы үгіт-
1926 жылы КазКСР–дегі мұсылмандар дініне қарсы насихат туралы тезистерде шаманизм қалдықтарының олардың өмірінде үлкен маңыз алып отырғаны ескертіледі. «Ислам таптық езушілік құралы, байларға қызмет етедің деп теріс айдар тағылды. Сондықтан мұсылмандардың арасында үгіт насихат барлық деңгейде жүргізілуі тиіс деп белгіленді. Осы тектес құжаттардан большевиктердің дінге қатысты, әсіресе мұсылмандарға қатаң позицияда болғанын аңғару қиын емес.
Информация о работе Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат: іске асырылуы және зардаптары