Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 19:30, курсовая работа
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Ата Заң бойынша зайырлы мемлекет қалыптастыруға бет алған қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туып отыр. Өйткені,халықтың тарихында түбегейлі өзгерістер әкелген тарихи, рухани процестерді жете зерттемейінше, оларды бүгінгі күні тарих ғылымы қойып отырған талаптар тұрғысынан қайта саралаудан өткізбейінше, тәуелсіз қазақ мемлекетінің болашақтағы идеологиялық бағыт-бағдарын айқындау мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі посткеңестік республикалардың тағдырлас болып, ортақ тарихи кезең «кеңестік тарихынң бірге өткергені белгілі және осы кезеңді обьективті зерделеудің мән-маңызы күн өткен сайын артып келеді. Әлемдік кеңістіктегі елеулі құбылыс-діни фактордың қозғаушы рөлге ие болып отырған кезде және діннің, әсіресе әлемдік діндердің адамзат тарихында өркениет алғышарты ретінде үлкен мәдени серпілістердің қайнар көзі екені әлдеқашан мойындалып отырған шақта, кеңестік кезеңдегі қазақ халқының діни-рухани өткенін қарау өзекті мәселелердің біріне айналды.
Кіріспе…………………………………………………………....
3-7
Тарау.КСРО-ның мемлекеттік–партиялық жүйесіндегі дегі атеистік саясат: идеологияландыру және дінге
қарсы күрес
Атеизмді социалистік құрылыстың идеологиялық
құралы ретінде негіздеу ………………………………………..
8-15
Дінге қарсы жүргізілген іс-шаралар ……………………..
16-24
Тарау Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат:
іске асырылуы және зардаптары
2.1. Атеистік үгіт-насихат жұмыстарының ауқымы және оның әдіс-тәсілдері……………………………………………………..
25-35
2.2. Атеистендірудің рухани-идеологиялық салдары………...
36-43
Қорытынды …………………………………………………….
44-45
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі…………………………………............................................
Жоғарыдағыларды жинақтай айтқанда, жан-жақты кең көлемдегі атеистік насихат жүргізу нәтижесінде кеңес халқының маркстік идеологияға негізделген «атеистік – коммунистікң дүниетанымы қалыптастырылды. Бұл туралы КПСС ОК 1954ж 10-қарашадағы «халық арасында ғылыми атеистік насихат жүргізудегі қателіктер туралың қаулысында былай делінген: «Қазіргі уақытта КСРО-да социализмнің жеңуі және қанаушы таптардың жойылуы нәтижесінде діннің әлеуметтік тамырлары үзіліп, шіркеудің сүйеніп келген негізі жойылды. Шіркеу қызметін атқарушылардың көпшілігі, фактілер көрсетіп отырғандай, қазір кеңес өкіметіне дұрыс көзбен қарайтын позиция ұстанып отыр. Сондықтан діни соқыр сенімдерге қарсы қазіргі уақытта дүниеге ғылыми, материалистік көзқарастың күресі – ғылымға жат, діни көзқарасқа қарсы идеологиялық күрес деп қаралуға тиісң делініп, діни қалдық атаулыға идеялық күресін жалғастыра берді.
Жалпы, кеңес мемлекетінің идеологияландыру саясатының бір жағы халықты діннен аластату әрекетімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл мәселе терең зерттелуі керек деп ойлаймыз. Комунистік партияның дінге қатысты саясатының астары туралы Н.Назарбаев «Тарих толқынындаң атты еңбегінде тоқталып өтеді: «Қазақтың бүкіл тарихы, әсіресе діни тарихы өлтіре сынға алындың дей келе, «біздің тарихтың Ресей империясының териториялық ауқымындағы көшпелі және одан кейінгі кезеңіне тән. Онда мемлекеттік дін ретінде православие тықпаланды, одан кеңес тарихы кезінде атеизм бел алдың деп, бұған назар аударады./60/.
Соңғы кездері маркстік коммунистік идеология керемет еді деушілердің пікіріне былай деп тойтарыс береді: «Тоталитарлық данышпандардың идеологиялық жаттығулары шала-шарпы ұғынылған марксизм мен ауыл арасындағы өр көкіректіктің бытпырақ қойыртпағы ғана екені ойларында жоқң./61/.
Ойымызды түйіндей айтсақ ХХ ғасыр басында социализмді дін деп халыққа күштеп таңған большевиктер шынында, жұртты ғасырлық дәстүрінен, руханияты мен дінінен аулақ етті. Діни сенімді коммунистік идеологиямен алмастыруға тырысып бақты.
Кейбір зерттеушілер айтып жүргендей, марксизм- бұл ХІХ ғасырдағы ғылыми бағыт. ХІХ ғ. ортасында К.Маркс пен Ф.Энгельс орта ғасырлық қараңғылықтағы теологияға ғылыми – сыни талдау жасаған және олардың дінге өте дәлелді сын пікір айтқанын ескермеу мүмкін емес. Ал ХХ ғ. басындағы большевиктер осы ілімді өздеріне идеологиялық құрал етіп алды. Сөйтіп ғылыми – сыни марксизм ХХ ғ. басында Кеңес мемлекетінің идеологиялық құралына айналып кеткенін айту керек. Маркстік ілімді идеологиялық қалыпқа салудың нәтижесінде кеңес елінде атеистік саясат жүргізілді.
Осы орайда, соңғы кездегі дінтанушы–саясатшылар, теолог – философтар мемлекет-дін қатынасын зерттеп отырады. Адамзат тарихындағы діни құрылымның бес негізгі типі бар деп есептеледі. Соның бірінде социалистік қоғам кезінде өзгертілуге ұшыраған діни құрылым жатқызылған. /62/. Сонымен бірге тағы бір зерттеуші И.Б.Цепкова мемлекет - шіркеу қатынасының 3 формасын көрсетеді:
1. Радикалды бөлік ретінде шіркеудің автономды статусы болады. Шіркеу мемлекеттен ажыратылса да мемлекет қандай да бір дінге басымдық береді.
2. Демократиялық елдерде мемлекет – дін 2 автономды құрылым ретінде әрекет етеді.
3. ХХ ғ. тоталитарлық кезеңдегі діннің «социалистік үлгісің. Онда атеизм мемлекеттік – идеологиялық дүниетаным ретінде қалыптастастырылған. /63/.
Жоғарыда аталған мамандардың пікіріне сүйене отырып кеңес өкіметінде дінге қарама-қайшы атеистік дүниетаным орнықтырылғанына көз жеткіземіз. КСРО тарихының өне бойында табиғи діни санаға ғылыми материализм негізінде дейтін атеистік дүниетаным қарсы қойылып, онымен күресте ұдайы идеологиялық құралы ретінде қолданылды.
1.2. Дінге қарсы жүргізілген іс-шаралар.
Марксизм-ленинизм атеизмді мемлекеттік дәрежеде саясатқа айналуына байланысты, діни қатынастар мен нанымдар кеңес мемлекетінің идеологиялық негіздеріне қарама-қайшы келді. Социалистік құрылысты орнықтыруда екі негізге сүйенді: таптық теория және материалистік тұрғыда дінді жоққа шығару, яғни атеизм. Социализмге жету үшін осы 2 маңызды мәселені қалайда шешу қажет болды.
Атеизмге халықты сендіру, иландыру үшін міндетті түрде дінге қарсы репрессиялық саясат жүргізілуі тиіс болды. Бұл саясат еш жарияланбай, құпияық мазмұнда, біртіндеп іс жүзінде асырылды. Сонымен қатар діни мәселелерді зерттеуге ешқашан жол берілген емес. Тек «дін-апиынңдеген танымдық мағынада зерттелініп, коммунистік таптық идеология шеңберінде бағаланды.
Кеңес өкіметі саяси билікті қолына алғаннан кейін үш ай уақыт өте келе 1918ж. 23 қаңтарда «Шіркеуді мемлекеттен бөлуңтуралы арнайы құқықтық құжат қабылдады./64/. 13баптан тұратын бұл құжаттта дінді тежеп шіркеу, мешіт сияқты қасиетті орындардың құқықтарына шектеу енгізді. Аталмыш құжаттың 13 бабы шіркеу мен мешіт меншігіне қол сұғуды былай заңдастырды: «Ресейдегі шіркеу мен діни қоғамдардың барлық мүліктері халық игілігі болып табылады. Құдайға құлшылық үшін пайдаланылатын ғимараттар мен мүліктер жергілікті және орталық мемлекеттік өкіметтің ерекше қаулыларының негізінде беріледің. 12 бапта: «Ешқандай шіркеу және діни қоғамдар меншікті иелену құқығына ие бола алмайдың деп көрсетілді. Бұл бойынша, 1917-1937 ж.ж. шіркеу, мешіт мүліктерін заңсыз жоюға, сатуға, тәркілеуге тікелей жол ашты. Бұл әрекеттерді іс жүзінде асырған НКВД әсіресе1929-1930ж.ж. мешіттерді, құдай үйлерін қиратуда ешкімге дес бермеді.
1922 ж. 23 ақпанда ВЦИК(ЖОАК)
ашыққандар қажетіне шіркеу
Осыдан кейін шіркеулерді жаппай жабу науқаны басталды.1928ж. ОПЦ (РПЦ) төңкеріске дейін 30 мың приходтың 1/3 қалған, ал сол жылы 534 шіркеу , 1929ж. өзінде 1119 храм жабылды. Мәскеудегі 500 храмнан 1930ж. 1 қаңтарда 224-і ғана қалса, 2жылдан соң шіркеудің 87-сі қалады. Орел қаласында сол жылдары бірде-бір шіркеу қалмаған екен. Жабылған храмдар өңдеу цехына, қойма, пәтер, клубтарға, ал монастырлар түрмелер мен колонияаларға айналдырылған./66/.
Осындай жағдай Қазақстанда да көрініс тапты. Мысалы Орал округі бойынша жабылғандардың саны -60, ал 20-сы шіркеу. Солардың 6-ы клубқа, 4-і мектепке, 2-і құрылыс конторына айналдырылған. 8-і туралы мәлімет берілмеген. Жабылғандардың ішінде-33 мешіт бар. Петропавл округі бойынша жабылғандары – 250. Оның ішінде клубқа берілгендері-10, халық үйіне-3, мектепке- 1, 36-ы туралы мәлімет жоқ. Осындай көптеген фактілерді келтіруге болады. Ақмола округі бойынша жабылғандары:1. Құдайға сенетін үйлер-46, оның ішінде мектепке берілгендері-9, клубқа-8, халық үйіне-15, оқу кітапханасына-1,қызыл бұрышқа -1, дәрігер пунктіне-1, қалған 11-і туралы ешқандай мәлімет берілмеген.б. Мешіт-1, оны мектепке берген./67/.
Осындай мәліметтер
НКВД-ға беріліп, олар
Осылайша жаппай
дінге шабуыл туралы поляк
жазушысы Витторио Мессори «
Осындай күштеу
шараларынан кейін діни
Жылдар. |
1975 |
1979 |
1980 |
1983 |
1984 |
1985 |
1986 |
Тіркелгендері. |
175 |
159 |
166 |
182 |
185 |
187 |
189 |
Тіркелмегенденрі. |
385 |
455 |
434 |
397 |
325 |
318 |
311 |
Төңкеріске дейін тек Татарстан территориясында 1590 мешіт және 967 мұсылман оқу орындары болды. 1917ж. Ресейде 166 мұсылман мерзімді басылымдары шығып тұрды. Қазан төңкерісінен кейін ислам діні «мәдениет, ғылым білім атаулыға қарсың деп жарияланып, мешіттердің көпшілігі дерлік жабылуға ұшырады.
Кеңес мемлекетінің
алғашқы 10 жылында мемлекет пен
дін қатынасы қайта қаралып,
қоғамның діни өмірін
Мемлекеттік саясаттың дінге, соның ішінде исламға қатынасы жалпы одақтық шеңберде болса да, тікелей мұсылман дініне байланысты өзіндік ерекшеліктері де болды. 1918ж. 23 қаңтардағы «Мемлекеттен шіркеуді бөлу туралың арнайы құқықтық құжат жарияланғаны белгілі./70/.
Онда наным-сенімдер мен дәстүрлерге, ұлттық және мәдени мекемелерге қол сұғылмайды және толық ерікті, делінгенімен іс жүзінде ождан бостандығына қол сұғылып отырған.
1922 ж. КСРО-да
қабылданған Қылмыстық
Сол баптарға
арнайы шолу жасап өтсек: «119
–бап: Халықтың діни нанымдарын
жұмысшы шаруалар өкіметін
Күштеу саясатын қолына алған Юстиция халық комиссариаты қудалау саясаты 20ж.ж. іс жүзіне асырылды. Діни қайраткердің үстінен болмашы кінәсі үшін іс қозғалғаны белгілі. Мысалы Орынбор прокурорының 1293ж. «Оренбургский рабочий (№224)ң газетінде көрсетілгендей, патриарх Тихонның үстінен құдайға құлшылық еткені үшін іс қозғалған. Ал Кеңес мемлекетіне оның заңдарына қарсы контрреволюциялық саясат жүргізді деп дін қызметкері Кононов Дмитрий Михайловичке айып тағылып қылмыстық кодекстің 73, 119, 123 баптары бойынша үстінен іс қозғалды. 1923ж. 13 тамызда №84 іс бойынша Волдин П.Т, Фрольф А.В, 1920ж. Орынборда жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз діншілдік одақ құру мақсатында жиналыс өткізді деп айып тағылып, жоғарыдағы баптармен жазаланды ./72/.
Сонымен қатар діни қызметкерлерді әкімшілік жолмен жер аудару кең етек алды. 1924ж. Ақөбе губерниясында 2 дін өкілі жер аударылған. Дінге қарсы ашық қуғындау саясаты қарсылық туғызды. 20ж.ж. басында Кеңеске қарсы интеллигенция өкілдері Сенімді қорғау Бүкілресейлік одағы атеизмге қарсы күреске шықты. Сол сияқты жағдай Қазақстанда да діни қозғалыстың туындауына әкелді. Қазақстандағы дін басылары басқарған құпия түрде жүргізілген қозғалыс жергілікті жерлерде мұхтасибаттар арқылы арқылы жүзеге асырылып отырды. Кеңестік аппарат қызметкерлері мұхтасибаттардың пролетариат диктатурасына қарсы қызметі мен беделін төмендету үшін «елдің ескі тұрмыс жағдайын пайдаланып, діннің құртын қоздырушылар деп атады.ң Ілияс Кабуловтың 1928ж. 17 қазанда «Советская степьң газетіне берген мәліметі бойынша Қазақстандағы мұхтасибаттар саны 55 болғанын айтады. Бұл мұсылман мекемелері қару алып, саяси билікке таласқан емес, халыққа діни тәлім-тәрбие беретін, бірақ теріс саясат кесірінен тіркелмеген мектептер ашумен шектелді./73/.
Озбыр саясатқа қарамастан 1928ж. Сырдария губерниясында 276 мектебі болып, онда 5150 оқушы оқыған. Бірақ, Кеңес өкіметі алғашқы кезден-ақ халықты рухани құндылықтардан бас тарттырып, діни мектептерді ашуға тиым салды. Орталық пен жергілікті биліктің исламға қатысты теріс саясаты кесірінен тіркелмеген молдалардың құқы заң жүзінде қорғалмағанымен олардың халық арасында беделі зор болды. Өйткені олар 1;Ұлттық дәстүрді сақтаушылар ретінде атеистендіруге, еуропаландыруға, орыстандыруға, коммунистендіруге қарсы тұрды.
2; рухани жағынан халықпен тығыз байланыста болды.
3;Халықтың рухани тұрмысына сай мешіт–медреседе ислами сауаттандырып отырды./74/.
Көптеген партия
материалдарынан мұрағат
Информация о работе Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат: іске асырылуы және зардаптары