Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат: іске асырылуы және зардаптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 19:30, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Ата Заң бойынша зайырлы мемлекет қалыптастыруға бет алған қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туып отыр. Өйткені,халықтың тарихында түбегейлі өзгерістер әкелген тарихи, рухани процестерді жете зерттемейінше, оларды бүгінгі күні тарих ғылымы қойып отырған талаптар тұрғысынан қайта саралаудан өткізбейінше, тәуелсіз қазақ мемлекетінің болашақтағы идеологиялық бағыт-бағдарын айқындау мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі посткеңестік республикалардың тағдырлас болып, ортақ тарихи кезең «кеңестік тарихынң бірге өткергені белгілі және осы кезеңді обьективті зерделеудің мән-маңызы күн өткен сайын артып келеді. Әлемдік кеңістіктегі елеулі құбылыс-діни фактордың қозғаушы рөлге ие болып отырған кезде және діннің, әсіресе әлемдік діндердің адамзат тарихында өркениет алғышарты ретінде үлкен мәдени серпілістердің қайнар көзі екені әлдеқашан мойындалып отырған шақта, кеңестік кезеңдегі қазақ халқының діни-рухани өткенін қарау өзекті мәселелердің біріне айналды.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………....
3-7

Тарау.КСРО-ның мемлекеттік–партиялық жүйесіндегі дегі атеистік саясат: идеологияландыру және дінге
қарсы күрес

Атеизмді социалистік құрылыстың идеологиялық
құралы ретінде негіздеу ………………………………………..

8-15
Дінге қарсы жүргізілген іс-шаралар ……………………..
16-24

Тарау Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат:
іске асырылуы және зардаптары

2.1. Атеистік үгіт-насихат жұмыстарының ауқымы және оның әдіс-тәсілдері……………………………………………………..

25-35
2.2. Атеистендірудің рухани-идеологиялық салдары………...
36-43

Қорытынды …………………………………………………….
44-45

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі…………………………………............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

rel_10.doc

— 322.00 Кб (Скачать документ)

М а з м ұ н ы

 

Кіріспе…………………………………………………………....

3-7

   
  1. Тарау.КСРО-ның мемлекеттік–партиялық жүйесіндегі  дегі атеистік саясат: идеологияландыру және дінге

қарсы күрес

 
    1. Атеизмді социалистік құрылыстың идеологиялық

 құралы ретінде  негіздеу ………………………………………..

 

8-15

    1. Дінге қарсы жүргізілген іс-шаралар ……………………..

16-24

   
  1. Тарау    Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат:

іске асырылуы және зардаптары

 

2.1. Атеистік үгіт-насихат жұмыстарының ауқымы және оның әдіс-тәсілдері……………………………………………………..

 

25-35

2.2.  Атеистендірудің рухани-идеологиялық салдары………...

36-43

   

Қорытынды …………………………………………………….

44-45

   

Пайдаланған  әдебиеттер мен  деректер тізімі…………………………………............................................

 

46-50


 

 

 

КІРІСПЕ.

Қазақстан өз тәуелсіздігін  алғаннан кейін Ата Заң бойынша зайырлы мемлекет қалыптастыруға бет алған қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туып отыр. Өйткені,халықтың тарихында түбегейлі өзгерістер әкелген тарихи, рухани процестерді жете зерттемейінше, оларды бүгінгі күні тарих ғылымы қойып отырған талаптар тұрғысынан қайта саралаудан өткізбейінше, тәуелсіз қазақ мемлекетінің болашақтағы идеологиялық бағыт-бағдарын айқындау мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі посткеңестік республикалардың тағдырлас болып, ортақ тарихи кезең «кеңестік тарихынң бірге өткергені белгілі және осы кезеңді обьективті зерделеудің мән-маңызы күн өткен сайын артып келеді. Әлемдік кеңістіктегі елеулі құбылыс-діни фактордың қозғаушы рөлге ие болып отырған кезде және діннің, әсіресе әлемдік діндердің адамзат тарихында өркениет алғышарты ретінде үлкен мәдени серпілістердің қайнар көзі екені әлдеқашан мойындалып отырған шақта, кеңестік кезеңдегі қазақ халқының діни-рухани өткенін қарау өзекті мәселелердің біріне айналды. Ал кеңестік дәуірде жалпы діндерді, соның ішінде ислам дінін де мәдениетке, прогресс ұғымына жат, буржуазияның, империалистердің құралы етіп көрсету кең тарады.

Кеңестік қоғамтану  ғылымында бұрындарда орныққан теріс  тұжырымдар мен түсініктерге келсек, ол мәселен, дінді мәдениетке қарсы  қою, көнеден келе жатқан діни дәстүрді жоққа шығару, оған қарсы құрал ретінде атеистік үгіт-насихатты кең түрде жүргізу, мәдениет пен руханияттың өзегі-әлем мойындаған діннің өзін түбегейлі жоққа шығарушылық, оның адамгершілік, ізгілікке бастар мәнін түсінбеу, оның орнына ешқандай тамыры да, бастау-көзі де жоқ «коммунистік қоғамң және «жаңа атеист адамң тәрбиелеу партияның түпкі мақсаты болды. Нәтижесінде КСРО-да бейрухани тарих пен дінсіз «социалистік ң мәдениет жасалынды. Әлемдік философия мен мәдениеттану ғылымының көрнекті өкілдері тіпті, ХХғ өзінде сыңаржақ материалистік көзқарас пен шектеулі, рационалды сана түрінен бас тартуды ұсынып, ғылым мен дінді интегралдық, яғни тұтастанған жаңа сана аясында біріктіру қажеттігін, сол сияқты осы мақсатқа жету үшін шығыс халықтарының мұрасын зерттеу қажеттігін айтып, адамзатты шынайы руханият пен өзара келісімге шақырғаны белгілі. ХХғ.атақты тарихшысы әрі философы А.Тойнбидің «Тарих-Құдайдың ісің деген сөз айтуы тарих пен теологияның өзара түсіністікке келетін уақыты жақын екенін білдіреді.

Расында, тарихты кезінде  материалистік тұрғыдан жазып келгеніміз, ендігі жерде рухани тарихымызды  танып-білу міндеті қойылса дұрыс  болар еді. Халықтың мәдениеті мен  руханиятының негізгі тіні- дінді, діни тарихымызды зерттеу төл тарихшылардың алдындағы келелі міндеттердің бірі болып табылады.

    Тоталитаризм  құрсауынан саяси азат болсақ  та, сананы арылту мемлекет алдындағы  үлкен мәселе. Төл тарихымыз бен  төлтума мәдениетімізге қайта  оралып, рухани жаңғыру үрдісінде  осы діни тарихтың  өзіндік орны бар. Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаев «Тарих толқынындаң атты еңбегінде: «Сөз жоқ, мәдени мұраның мәнді салаларының бірі ретінде діннің қалпына келуі, қазақ халқының рухани жаңғыруына тегеурінді ықпал етті...

    Бұл тұрғыдан  келгенде, Қазақстан формальді тұрғыда ғана зайырлы мемлекет емес, сонымен бірге іс жүзінде Қазақстан халқының төл табиғаты мен рухы, сана-сезімі дінге деген тарихи кеңшілікте қалыптасқан.ң деген ойлары осы мәселеге терең ден қоюға жетелейді./1/.

Осы негізде айту керек, күні кешегі кеңестік дәуірдегі қазақ халқының діни-рухани дамуының қасіретті тарихы өкінішке орай, назарымыздан тыс қалып келеді. Кеңес мемлекетінің Қазақстанда дінге қарсы жүргізген саясаты мен қимыл-әрекеттері мүлдем зерттелмеген. Басылып шыққан еңбектерде Кеңестік партия басшылығының дінге қатысты репрессиялық және идеологиялық-насихаттық негіздегі атеистік саясаты осы кезге дейін ашық көрсетілген емес. Сондықтан да тарих ғылымының кеңестану саласында  КСРО-ның атеистік саясатының Қазақстандағы мән-мазмұны мен салдарын ашып көрсетуді бітіру жұмысымызға арқау еттік.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Жалпы, осы тақырыпқа байланысты мемлекеттің дінге қатысты саясаты жөнінде тарихнама бұрыннан қалыптасқан. Осы кезге дейінгі мемлекет-дін қатынасы контексінде қарастырған классик зерттеушілердің еңбектеріне ерекше тоқталған жөн. Т.Гоббс, Н.Макиавелли, Ф.Вольтер, П.Марешал, Э.Канэтти т.б.дін-мемлекет байланысын ашып көрсеткен./2/. Ал қазіргі Ресей зерттеушілері: К.С.Гаджиев, А.Кураев, М.П.Мчедлов, Л.Р.Полонский, Е.П.Салыгин, Г.И.Эзрин, И.Н.Яблоков және қазақстандық зерттеушілер: А.И.Артемьев, Г.Н.Билялова, А.Косиченко, Г.А.Лупарева, М.С.Машан, Ж.А.Мурзалин, К.Л.Сыроежкин, Е.И.Шехтерман т.б. өз еңбектерінде мемлекеттің дінге қатысты саясатының бағыт-бағдарын талдап берген./3/. КСРО партиялық жүйесінің діни істерге араласуын қарастырып, оның саяси-құқықтық аспектілеріне тоқталып өтеді. Бұл бағыттағы зерттеулер мемлекет-дін арақатынасын және тарихын түсінуге мүмкіндік береді. Тарихнамада бұл зерттеулерді «дін-мемлекет қатынастарың шеңберіне жатқызуға болады.

   Кеңестік марксистік  зерттеушілер үлкен топты құрады.Марксистік  тарихнаманың алғы легінде В.Д.Бонч-Бруевич  /4/., М.И.Калинин /5/., П.А.Красиков, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский,/6/., И.И.Скворцов-Степанов, Ем Ярославский /7/., сияқты қызыл атеист қайраткерлердің еңбектері тұтастай дінді жоққа шығаруға, атеизмді кеңінен насихаттауға арналған. Дінге материалистік-марксистік тұрғыдан қараудың методологиялық бағдарын қалыптастырғаны шындық. Марксистік тарихнаманың негізін қалыптастырған атеист-тарихшылардың еңбектеріне терең талдау арқылы кеңес мемлекетінің атеистік саясатының түпкі мақсатын аңғара аламыз. Одан кейінгі марксистік зерттеушілер қатарында: И.И.Бражник /8/, В.В.Клочков /9/, Н.А.Колесник /10/, А.А.Круглов /11/, Ю.А.Розенбаум /12/, В.Д.Тимофеев /13/. өз еңбектерін КСРО-ның дінге қатысты саясатын жақтап жазады. Шіркеу мен партия арасындағы қатынастар  социалистік жолмен әділ шешімін тапты деп көрсетеді.Кеңес кезінде ождан бостандығы принциптеріне ерекше тоқталған В.Н. Савельевтің /14/,және А.И.Барменковтың еңбектерін атауға болады./15/.

Сонымен бірге В.Г.Афанасьева, Б.А.Рыбаков, А.М.Румянцев, М.Н.Тихомиров, М.П.Новиков, Д.М. Угринович, А.Ф.Окулов, Г.Р.Балтанова, В.А.Черняк, И.А.Крывелев, С.И.Никишов, П.Н.Курочкин, Б.Н.Коновалов, Г.В.Воронцов, Н.П.Андрианов еңбектері атеизмнің қалыптасуы мен дамуын сипаттайды және атеистік насихатты күшейтуге шақырады./16/.

 Осы бағыттағы қазақстандық  зерттеушілер: Х.З.Ақназаров, К.Нұрмағамбетов,  А.Тоқбергенов т.б. еңбектерінде, әсіресе ислам дініне қарсы насихаттың өзекті мәселелерін көтереді. Дін тарихы-зұлымдық, озбырлық тарихы деп оқытып, халықты сендіруге бағытталды. /17/.

  Посткеңестік ТМД, Ресей ғалымдары Кеңестер Одағының дінге қатысты саясатын, оның бүгінгі діни ахуалға тигізген салдарын өз еңбектеріне арқау еткен. Олардың қатарында А.В.Антонов, В.Борщев, В.И.Гараджи, Н.С.Гордиенко, М.Михайлов, В.Сапрыкин, Ю.В.Тихонравов, С.Ф.Филатов, Д.Е.Фурман,  А.З.Арабаджян, М.Н.Одинцов т.б. /18/. Және отандық зерттеушілер А.И.Артемьев, Н.К.Фокинді айтуға болады. /19/.

 Сондай-ақ КСРО-ның  дінге қарсы саясатын айыптап  жазған «буржуазиялықң авторлар  еңбегі бүгін де біршама құнды  және обьективті зерттеулер ретінде  ғылыми айналымға кеңінен тартылуы  керек. Атап айтсақ, А.А.Рорлих, М.Броксап,  А.Бенигсен, Баймырза Хайт, Н.Струве т.б. Бұл шетелдік еңбектерді өз тілімізге аударып, Отандық тарихымызға  қолданылса құба-құп болар еді. /20/.

 Тек соңғы кездері  ғана КСРО-ның дінге қатысты  қуғындау және идеологиялық саясатын  зерттеу енді ғана қолға алына  бастаған десек болады. Әсіресе, пролетариаттық мемлекеттің ислам дініне қарсы саясатына біршама тоқталған Е.А.Кривец /21/, А.К.Султангалиева /22/ және исламтанушы Н.Нұртазинаның еңбектері өте құнды. /23/ . Кеңес мемлекетінің дінге қарсы саясатының мазмұны мен зардаптарына тоқталады.

  Большевиктердің  діни саясатына назар аударып,  тың мәселе көтерген А.Тасмагамбетовтың /24/. және партияның дінге қатысты  заңдарына талдау жасаған М.Төлендиеваның  мақалалары тікелей осы тақырыпқа  арналған. /25/.

 Осы мәселе төңірегінде  үлкен тарихнамалық мектептердің болуы тақырыптың күрделі екенін көрсетеді. Бұл мәселе жаңа концептуалдық тұрғыдан, тарихи контексте зерделеуді қажет етеді. Бітіру жұмысымызда осы өзекті мәселені арнайы қарастыруды жөн көрдік.

   Деректік  негізі.

Бітіру жұмысының мазмұнына арқау етіп қолданылған дереккөздерін төмендегідей топтарға бөліп қарастырдық: 1. марксистік еңбектер; 2.КПСС қаулы-қарарлары; 3. мұрағат қорлары; 4. жаңа шыққан құжаттық жинақтар.

  Тақырыптың мазмұнын  ашу барысында марксистік авторлардың  еңбектері К.Маркс пен Ф.Энгельс, В.И.Ленин, В.Д.Бонч-Бруевич, Ем.Ярославский т.б. тезистері кеңінен қолданылды./ 26/.

  Кеңес мемлекетінің  дінге қарсы саясатының деректері-идеологиялық  бағдарлау және әкімшілік-күштеу  жұмыстарының ресми құжаттары:

«Декреты Советской власти М, 1957.»/27/,  «КПСС в резолюциях и решениях съездов, конференций и пленумов ЦК»/28/,  « Материалы Пленума ЦК»/29/.

т.б.құжаттар кеңінен  пайдаланылды. Сонымен бірге осы  тақырыпта іздену үстінде екі  бірдей мұрағат: ҚР Орталық Мемлекеттік  мұрағатының  81, 789, 1711қорлары және ҚР Президенті Архивінің 141, 708 қорларынан тікелей мәліметтер алынып, пайдаланылды. /30/.

Деректердің келесі тобы-құжаттық жинақтар мен мерзімдік басылымдар кеңінен қолданылды: «Коммунистическая  партия и Советское правительство о религии и церкви ( Сб док-в) М. 1959ң, /31/.« О религии и церкви.(Сб док-в)М, 1981ң,/32/., «Русская православная церковь в Советское время( 1917-1991):Материалы и документы по истории отношений между гоударством и Церковью ң/33/, «Преодолевая религиозное влияние ислама (Сб док-в и мат-в)ң/34/, және мерзімдік басылымдар «Агитаторң, «Большевик ң, «Наука и религияң т.б. кеңінен пайдалана отырып, жұмыстың деректік базасын арттыруға және мазмұнын байытуға тырыстық.

Жұмыстың мақсаты  мен міндеттері.

Кеңес мемлекетінің дінге қарсы атеистік саясатының мәнін ашып көрсету, халықты атеистендіруде күштеу және идеологиялық жағынан қысым жасалғанын, жалпы КСРО-ның мемлекеттік-партиялық жүйесіндегі «мемлекеттік атеизмдің жаңаша тұрғыда зерделеу бітіру жұмысымыздағы басты мақсатымыз болып табылады. Бұл үшін төмендегідей міндеттер алдыға қойылды:

  • Пролетариаттық мемлекеттің идеологиялық негізгі ұстындары ретінде материалистік-марксистік дүниетанымды, яғни атеистік сананы орнықтыру себептеріне назар аудару,
  • Атеизмге неліктен идеологиялық мазмұн берілуіне тоқталу;
  • Дінге қарсы қабылданған іс-шараларды, оның репрессиялық сипатын ашып көрсету;
  • Кеңес елінде атеистік насихаттың жаппай жүргізілуіне тоқталып өту;
  • Кеңестік Қазақстандағы атеистік саясаттың жүзеге асырылуына талдау жасау;
  • Атеистік насихаттың түрлері, әдіс-тәсілдері мен ауқымының қаншалықты болғанын саралау;
  • Кеңес халқын атеистендірудің рухани, идеологиялық жағынан теріс салдарын көрсету және бүгінгі рухани ахуалмен байланыстыру.

Жұмыстың хронологиялық  шегі.

Негізінен зерттеу нысанындағы тақырыптың ауқымы зор, КСРО-ның бүкіл кезеңін тұтас қамтиды десек болады.Дегенмен, жұмысымызда кеңестік партия басшылығының атеистік саясатының жүзеге асырылған кезеңі мерзімдік шегін,яғни  50-85жж.аралығын қарастырдық. Бұл кезең атеистік саясаттың идеологиялық-насихаттық сипатымен көрініс тапқан.Және бүгінгі күнмен байланыста қаралған.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Бұл тақырып мүлдем зерттелмегендіктен,онда жаңа мәселелер көтерілді.Қарастырылған жұмыстың ғылыми жаңалығы төмендегідей анықталды:

  • алғаш рет Кеңес өкіметінің дінге қарсы атеистік саясаты коммунизм   құрылысымен тығыз байланыста іске асқаны көрсетілді;
  • атеизмге идеологиялық үстемдік беріліп, кеңестік қоғам тұтастай атеистендірілгені дәлелденді;
  • Кеңестік оқшау жүйеде дінге қарсы күрес алғашында ашық репрессиялық түрде болса, кейін идеологиялық-насихаттық,ғылыми сипат алғаны ескертілді;
  • декретте айтылғандай ождан бостандығы емес, шын мәнінде «мемлекеттік атеизмң орын алғаны белгілі болды;
  • халық арасында ғылыми-атеистік насихаттың түпкі астарында дінді мүлдем жою саясаты тұрғаны көрсетілді;
  • партия басшылығының дінге, әсіресе мұсылман дініне қатал саясат ұстанғаны дәлелденді;
  • тоталитарлық режимнің зардаптарының бірі – номенклатуралық  рухани сана екені назарға алынды;
  • атеистендірудің рухани-идеологиялық салдарының бүгінгі діни ахуалмен байланысы анықталды.

Информация о работе Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат: іске асырылуы және зардаптары