Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 12:28, курс лекций
Студент білім алғаннан кейiн бiлуi қажет:
- бизнес этикасы әртүрлi тұжырымдамалар арқылы бизнестiң өзара тәртiп мәселелерi және әдеп ережелерiмен нормаларының салыстырмалы жас ғылым екенiң бiлу керек;
- бизнес этикасы компаниялар арасындағы қарым-қатынастарды реттейдi, сонымен бiрге компания және қоғам арасындағы, фирма арасындағы қарым-қатынастарды, жеке тұлғалар арасындағы iскерлiк байланыстарды реттейдi;
- бизнес этикасы психология, маркетинг, менеджмент, экономия теориясы, экономикалық теория негiздерi, әлеуметтану және т.б. әдiстер мен тәсiлдердi қолданады.
Кіріспе
Глоссарий (анықтама сөздік)
Дәріс 1. Этика ұғымы және оның заты.
Дәріс 2. Мораль. Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері.
Дәріс 3. Мораль ізгілік қызметін анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтындардың бірі ретінде. Ізгілікті таңдаудың түсінігі. Моральдың кәсіптік-ізгілікті мәні және мақсаты.
Дәріс 4. Іскерлік қатынастардың табиғаты қызметкерлердің кәсіптік қарым – қатынас жасау мәдениеті.
Дәріс 5. Әдептілік- экономистердің, менеджерлердің кәсіптік қызметінде.
Дәріс 6 . Бизнес этикасының қазіргі заман концепциялары
Дәріс 7.Кәсіпкерлік мәдениет: мәні және маңыздылығы
Дәріс 8. Тұлғааралық қарым-қатынас мақсаты, міндеттері.
Дәріс 9. Корпоративтік этика
Дәріс 10 Әкімшілік (басқармалы) этика
Дәріс 11. Микро және макроэтика
Шетел делегацияларын қабылдау мен қарым – қатынас жасау кезінде, келіссөз бен келісім шартқа қол қойған кезде, мереке күндері құттықтап, қаралы күндері көңіл айту – бұл дипломатиялық хаттама нормаларының сақталуын білдіреді. Қабылданған нормалардан қандац да болмасын бас тарту мемлекеттердің абыройына нұқсан келтіру сияқты бағаланады. Тіпті белгісіз бір кеткен қателік қасақана жасалған қорлауға тең.
Қазіргі кезде мемлекеттер қарым – қатынастарының арасында 1991 жылы қабылданған «дипломптиялық қарым – қатынас туралы Вена Конвенциясы» бар.
Дипломатиялық хаттаманың ережелері «халықаралық әдептілік» қағидасына негізделген, яғни мемлекетті таныстырып, көрсеттетін құрметтеулер мен қадірлеулердің барлығын сақтауды білдіреді.
Хаттамамен шет мемлекетке келген ресми тұлғалардың өзін - өзі ұстауы, ресми жағдайларда киінуі және т.б. белгіленеді. Халықаралық этикет нормаларынан ауытқу шетелдік әріптестермен тек қана бейресми мәні бар, қызметтен тыс жағдайларда ғана жол беріледі. Бірақта осындай қарым – қатынас кезінде әдепсіздік таныту сияқты бағаланатын жағдайлардан аулақ болған жөн. Қызметтік немесе қоғамдық кездесу мен өзара сөйлесу барысында сыйлық сыйлау туралы ой келеді. әр бір мекемеде өздерінің сыйлық силау ережелері қалыптасқан дәстүрлері болады, бірақ осындай дәстүрлерге қарамастан барлығына ортақ негізгі ережелер де бар.
Егер сізді біреу үйіне түстенуге немесе қонаққа шақырған болса, онда кішігірім сыйлық алып барған жөн. Сыйлық кімге сыйланса сол адамның талғамына байланысты болуы керек.
Сыйлық қабылдар кезінде өзіңізді келесідей ұстауыңыз тиіс. Сыйлаған сыйлық қандай түрде болмасын оны қонақ кеткенге дейін ашпау қажет, себебі сыйлық туралы ойламаған басқа адамдарды ыңғайсыз жағдайға қалдыруыңыз мүмкін. Сыйлықты алғаннан кейін құр ризашылық аз болады, сондықтан өз ризашылығыңды ашық хат арқылы білдірген жөн.
Бақылау сұрақтары:
Қолданылған әдебиеттер:
Дәріс 6 . Бизнес этикасының қазіргі заман концепциялары
Дәріс мақсаты: Әдептiлiктiң утилитарлық - ағартушылық тақырыбының iскерлiк өмiрiнде адамның экономикалық iс әрекетiне дiннiң, моральдiң, мәдениеттiң әсер етуi.
Тақырыптың сұрақтары:
Бизнес әдебiнiң мазмұны және анықтау түсiнiгi.
Әдептiлiктiң утилитарлық - ағартушылық тақырыбының iскерлiк өмiрiнде адамның экономикалық iс әрекетiне дiннiң, моральдiң, мәдениеттiң әсер етуi.
Құрама Штаттар мен Батыс Европада бизнес әдебi ғылыми тәртiп ретiнде бұрыннан өмiр сүредi, менеджмент, экономика, стратегиялық жоспар, қаржы, есеп, маркетинг, ракурсына сәйкес зерттелетiн. Бизнес этикасы бiлiм саласының қолданбасы ретiнде Құрама Штат және Батыс Европада ХХ ғасырда 1970 жылдары құрылды.
Ғылыми қауымдастық
және iскерлiк әлем кәсiби бизнесмендер
iскерлiк операцияларды
Бизнес әдебiнде ең
негiзгi лауазымдардың бiрi болып
утилитаризм тұжырымдамасы
Барлық мүмкiн болатын iс-әрекет нұқалары негiзiнде табыс пен шығын түрiнде жағымды не негативтi тиiмдiлiгiн ескеру қажет сондай-ақ оның салдарын болжау оның iшiнде әрбiр жалған нәтижелерiн теориялық утилитаризм ережесiн қолдану толыққанды мәселелерiмен байланысты, оның қатарындағы ең негiзгiсi «қоғамдық пайданы» толығымен анықтау қажеттiлiгi. Кейбiр жағдайда табыс пен шығын өлшемге берiлмейдi. Көп жағдайда табыс пен шығын мөлшерiн болжау, сондай-ақ оларды сан жағынан бағалау мүмкiндiгi болмайды.
Сонымен өте белгiлi фундаментальдi ғылыми зерттеулердiң табысы мен шығысын анықтау мүмкiн емес.
Теориялық нормалар утилитаризмiнiң жағдайларын келесi принцптермен көрсетуге болады:
1) әдеп көз қарасы
жағынан қандай болмасын акция
заңды, тек қана мораль
2) мораль нормасы түзу тек қана, онымен жүретiн табыс, альтернативтi норманы қадағалау нәтижесiндегi жалпы табысынан гөрi жоғары көрсеткiштi болса.
Iскер өмiрдiң мәселерiне
басқа тұрғыдан қарау
Моральдi құқықтың 3 ерекшклiгi бар. Олар: жауапкершiлiкпен, автономды және тең құқықты мүмкiндiктi қамтамасыз ететiн мақсатты таңдауды, iс-әрекеттiң және қамқорлық жасаудың немесе басқа адамдарға көмектесумен байланысты.
Утилитарлық тұрғы және моральдық құқықтық позициялық тұрғының арасындағы басты екi айырмашылықты бөлiп қарауға болады. Моральдiк құқық моральдiк талаптардың бейнесi болып табылады, ал утилитарлық моральдiк нормалар мәнi бойынша ұжымдық болып табылады да, онда нормативтiк базалар қоғамдық пайдалы және сапалы факторлар ретiнде бейнеленедi.
Бизнес этикасы келесi категориялық императивтi құрастырады: «адамгершiлiк мақсат ретiнде өзiне немесе басқа адамдарға тек бiр құрал ретiнде қарастырылсын» Кант өз еңбектерiнде жауапкершiлiк заңдылықтарын этикалық шешiмдердi барлық адамдарға тән рационалистiк этиканы қалыптастыра отырып қарастырған. Iскерлiк өмiрдiң мәселелерiн 3 тұрғыдан қарастырғанда бизнес категориясына әдiлдiктi қолдануға талдау жасауымен байланысты. Утилитаризм этикасы және деонтикалық этиканың арасындағы айырмашылық «әдiлдiк этикасын» қолданумен айрықшаланады.
Соңғысы бизнеспен қоғамды тұтас қарым - қатынас негiзiнде қарастырады, мысалы корпорациялар арасындағы қарым-қатынас.соған қоса әдiлдiк стандарттары моральдiк құқықтан жоғары тұрмайды. Әдiлдiктiң өзi индивидтiң моральдiк құқығына негiзделедi.
Дж. Ролз әдiлдiк туралы өзiнiң түсiнiгiн келесi принцптер негiзiнде құрастырған:
1) әрбiр адам бостандыққа, басқа адамдармен бейбiт өмiр сүруге тең құқықты;
2) әлеуметтiк экономикалық теңсiздiк параметрлерi келесiдегiдей болуы қажет:
а) табысты артық мөлшерде қамтамасыз ету;
б) билiктi жүргiзушi мекемелер және лауазымды адамдар тең құқықты болуы керек.
1 сурет - Бизнес этикасының қазіргі заман концепциялары
Негізгі сұрақтар
1 Іскерлік өмірдің әдеп мәселелері.
2 Бизнес әдебінің ғылым ғылым ретінде қалыптасуы.
3 Бизнес әдебінің құрылымы.
4 Мораль және әдеп. Мораль және құқық.
5 Адамдардың қатынас теориясы.
6 Утилитаризм тұжырымдамасы.
7 Деонтикалық этикасы.
8 Әділеттілік этикасы.
Қолданылған әдебиеттер:
1 Веснин В.Р. Основы
2 Виханский О.С. Менеджмент: учебник / под ред. А.И.Наумова – 3-е изд. – М. : Фирма Гардарика, 1998. – 120 с.
3 Герчикова И.Н. Менеджмент: учебник /Для экон. спец. вузов – 3-е изд. – М. : Банки и биржи, 1998. – 210 с.
4 Глухов В.В. Основы
5 Де Джордж Р.Т. Настольная книга бизнесмена. Деловая этика. – М. : Рипол Классик, 2000. – 310 с.
6 Кабушкин Н.И. Основы
Дәріс 7. Кәсіпкерлік мәдениет: мәні және маңыздылығы
Дәріс мақсаты: Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтеріне төмендегілер жатады. Кәсіпкердің өзіне жүктелген міндеттемелер мен жауапкершілікті атқаруы; Кәсіпкерлік оның субъектісінің қызмет етуімен тығыз байланысты. Яғни, өзінің қызмет етуінде адалдық таныту. Адамдарға, тұтынушыларға, әріптестерге, мемлекетке шынайы, адал қарым-қатынас көрсету – кәсіпкерлік мәдениеттің түп тұлғасы жөнінде мағлұматты тереңірек түсініпе білу.
Тақырып сұрақтары:
Кәсіпкерлік мәдениет кәсіпкерлік
қызметті ұйымдастырудың ажырамас бөлігі.
Ол мәдениеттің жалпы
Мәдениет — адамдардың өнідірістік, қоғамдық және рухани қажеттіліктерінің жиынтығы. Мәдениет – бір заттың не құбылыстың жоғарғы деңгейі, жоғарғы қарқында дамуы, дағдысы.
Кәсіпкерліктегі мәдениет — белгілі бір мемлекетте (қоғамда) қалыптасқан құқықтық нормаға (нормативтік актілер, заңдармен), іскерлік дағдыларға, этикалық және адамгершілік ережелерге, өркенниетті бизнесті жүргізудегі мінез-құлық нормаларына сәйкес субъектілердің кәсіпкерлік қызметті іске асыру қағидасы, әдісі, тәсілдерінің белгілі бір жиынтығы.
Кәсіпкерлік қызмет – тұлғалардың экономикалық бостандығының қызметі. Бірақ та экономикалық бостандық сол кәсіпкерлік қызметке қатысты ержелер мен қағидаларды орындамауын білдірмейді, керісінше мемлекетте бекітілген нормаларға, заңдылықтарға сай қызмет атқаруы қажет.
Кәсіпкерлердің жалпы этикалық нормалармен, фирманың этикалық кодексін, бизнесті жүргізудің жалпыға бірдей ережелерін, кәсіби этиканы енгізетін жиынтық элементтерді сақтауы маңызды. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің жалпы мәдениеттілік, тәрбиелік деңгейі, олардың қоғамдағы дәстүрлер мен дағдыларды сақтауы, заңды бизнес жүргізуге қажетті білім деңгейін меңгеруі де маңызды.
Кәсіпкерлік мәдениет құқықтық және этикалық нормалар критерилері ретінде келесілерді енгізеді: мемлекетпен, қоғаммен, жұмыскерлермен, тұтынушылармен, әріптестермен, бәсекелестермен және басқа да шаруашылық субъектілермен, сонымен қатар, кәсіпкерлікке жанама не тікелей әсер ететін қызмет етуші құқықтық актілер, ережелер, нормалар, стандарттарды сақтауы.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы келесідей факторлармен айқындалады:
Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті
Кәсіпкерлік мәдениет жалпы мәдениеттің құрамында қарастырылатын кәсіпкерлік ұйымның мәдениетінің қалыптасуынан, сол кәсіпкерлердің мәдениетінен, олардың кәсіпкерлік және іскерлік этикасына байланысты сипатталады.
Фирма мәдениеті, сәйкесінше келесідей ішкі факторларға байланысты: