Лекции по "Этике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 12:28, курс лекций

Краткое описание

Студент білім алғаннан кейiн бiлуi қажет:
- бизнес этикасы әртүрлi тұжырымдамалар арқылы бизнестiң өзара тәртiп мәселелерi және әдеп ережелерiмен нормаларының салыстырмалы жас ғылым екенiң бiлу керек;
- бизнес этикасы компаниялар арасындағы қарым-қатынастарды реттейдi, сонымен бiрге компания және қоғам арасындағы, фирма арасындағы қарым-қатынастарды, жеке тұлғалар арасындағы iскерлiк байланыстарды реттейдi;
- бизнес этикасы психология, маркетинг, менеджмент, экономия теориясы, экономикалық теория негiздерi, әлеуметтану және т.б. әдiстер мен тәсiлдердi қолданады.

Содержание

Кіріспе
Глоссарий (анықтама сөздік)
Дәріс 1. Этика ұғымы және оның заты.
Дәріс 2. Мораль. Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері.
Дәріс 3. Мораль ізгілік қызметін анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтындардың бірі ретінде. Ізгілікті таңдаудың түсінігі. Моральдың кәсіптік-ізгілікті мәні және мақсаты.
Дәріс 4. Іскерлік қатынастардың табиғаты қызметкерлердің кәсіптік қарым – қатынас жасау мәдениеті.
Дәріс 5. Әдептілік- экономистердің, менеджерлердің кәсіптік қызметінде.
Дәріс 6 . Бизнес этикасының қазіргі заман концепциялары
Дәріс 7.Кәсіпкерлік мәдениет: мәні және маңыздылығы
Дәріс 8. Тұлғааралық қарым-қатынас мақсаты, міндеттері.
Дәріс 9. Корпоративтік этика
Дәріс 10 Әкімшілік (басқармалы) этика
Дәріс 11. Микро және макроэтика

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЛЕКЦИЯ КОНСПЕКТІСІ.doc

— 430.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

«МИРАС» университеті

 

 

«____________________________» департаменті

 

 

 

 

 

 

 

 «_____________________________________________» пәні бойынша

мамандық шифрі  мен атауы  мамандығының күндізгі, сыртқы және

кешкі бөлім студенттері  үшін

 

ЛЕКЦИЯ КОНСПЕКТІСІ

 

Кредит саны –

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент-20__

ОӘЖ _____

ББК   _____

 

Құрастырған: оқытушының тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы.

Мамандық шифрі  мен атауы мамандығының күндізгі, сыртқы және кешкі оқу түріндегі студенттері үшін «________________» пәнінен лекция конспектісі.

Шымкент: «Мирас» университеті 20__,   ___ бет.

 

 

Лекция конспекттері  «________________» пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талартарына сай құрылып, курстың баолық қажетті мәліметтерін қамтиды.

Лекция конспекттері  мамандық шифрі мен атауы мамандығының күндізгі, сыртқы және кешкі бөлім студенттеріне арналған. 

 

 

Рецензент:   Тегі, аты, әкесінің аты – ғылыми атағы, ғылыми атағы, жұмыс орны

                     

 

«___________________» департаментінің мәжілісінде (Хаттама №___  «__» _____20__ж.) және «______» институтының әдістемелік комиссиясында (Хаттама №___  «__» _____20__ж.) қаралып, баспаға ұсынылды.

 

 

 

«Мирас» университетінің  әдістемелік Кеңесінде баспаға ұсынылды

(Хаттама № __   «___» ______20__ ж.).   

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«МИРАС» УНИВЕРСИТЕТІ

 

Кіріспе

Бизнес этикасы - ең жас  ғылымын саласының  бiрi. Бизнес әдебi кәсiби әдепке жатады. Кәсiби әдеп белгiлi қызмет түрлерiне  тән нормаларды, стандарттарды өндiредi.

Бизнес  этикасы - бұл  қарым-қатынас түрiн жазатын  тәртiп  кодексi. Кәсiпкерлердiң  өз мiндеттерiн  осы немесе басқа салада орындаулары  олардың көзқарасы бойынша ең жақсы  болып  көрсетiледi. Әдеп  ортасында  мораль тұр,  немесе өнегелiк  қарым-қатынас жүйесi, әрекет мотивтерi, сезiм және ақыл-ой.Бұл жүйелер адамдардың ұжымдағы  қарым-қатынастарын және қылықтарын  қарым-қатынас шектерiн анықтайды.

Бизнес  этикасы экономистер  мен менеджерлердi  дайындауда ажырағысыз бөлiгi болуы керек.

Келешекке қызмет ететiн кәсiпкерлерге олар өздерi және олардың серiктестерi мораль нормаларын ұстану туралы ойлану қажет. Оқытудың мақсаты - болашақ мамандарға этика бизнесiнiң  саласында теориялық және тәжiрбиелiк  дағды бiлiмдерiн беру.

Курстың негiзгi мiндетi болып - дәстүрлер мен ережелер арқылы бекiтiлген нарықтық заңдылыққа байланысты берiлген сөзге нәтижелi, әдiл ашық түрде қызмет ететiн бизнес әдебiнiң сұрақтарын iскер әдеп ретiнде қарастыру болып табылады. Сонымен қоса, курстың мiндетiне  өндiрiстiк iс әрекеттiң әдептiлiк мәнiн ашу жатады, мұнда келесi сұрақтар қарастырылады: қазiргi бизнес әдебiнiң тұжырымдамасы, әдептiлiк кодекс түсiнiгi, бизнестегi мораль және жауапкершiлiк түсiнiктерi, басқару әдебiнiң  ерекшелiгiн оқып үйрену, iскер байланыс әдебi, сонымен қатар бизнестiң қоғам алдындағы әлеуметтiк жауапкершiлiгi, әдеп пен әдептiлiктiң өндiрiстiк iс әрекеттi нәтижелi орындауға әсер етедi.

Студент білім алғаннан кейiн бiлуi қажет:

- бизнес этикасы әртүрлi тұжырымдамалар арқылы бизнестiң  өзара тәртiп мәселелерi және әдеп  ережелерiмен нормаларының салыстырмалы жас ғылым екенiң бiлу керек;

- бизнес этикасы компаниялар  арасындағы қарым-қатынастарды реттейдi, сонымен бiрге компания және  қоғам арасындағы, фирма арасындағы  қарым-қатынастарды, жеке тұлғалар  арасындағы   iскерлiк байланыстарды реттейдi;

- бизнес этикасы психология, маркетинг, менеджмент, экономия  теориясы, экономикалық теория негiздерi, әлеуметтану және т.б. әдiстер  мен тәсiлдердi қолданады. 

Тақырыптамалық  жоспар

 

 

           Кіріспе

           Глоссарий (анықтама сөздік)

Дәріс 1. Этика ұғымы  және оның заты.

Дәріс 2. Мораль. Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері.

Дәріс 3. Мораль ізгілік  қызметін анықтайтын әлеуметтік факторлар  жүйесін құрайтындардың бірі ретінде. Ізгілікті таңдаудың түсінігі. Моральдың кәсіптік-ізгілікті мәні және мақсаты.

Дәріс 4. Іскерлік қатынастардың  табиғаты қызметкерлердің  кәсіптік қарым – қатынас жасау мәдениеті.

Дәріс 5.  Әдептілік- экономистердің, менеджерлердің кәсіптік қызметінде.

          Дәріс 6 . Бизнес этикасының қазіргі заман концепциялары

          Дәріс 7.Кәсіпкерлік мәдениет: мәні  және маңыздылығы

Дәріс 8. Тұлғааралық қарым-қатынас  мақсаты, міндеттері.

Дәріс 9.  Корпоративтік этика

Дәріс 10  Әкімшілік (басқармалы) этика

Дәріс 11. Микро және макроэтика

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Глоссарий (анықтама, сөздік)

 

  1. Этика – Мораль және адамгершілік туралы ғылым.
  2. Этика – адамдардың моральдық сана-сезімдеріне , олардың өзара қатынастарына, қимылдарына ғылыми-теориялық дәлелдеме беретін және зерттейтін ғылым.
  3. Этикет – осы қоғамда қабылданған адамдардың қимыл тәртіптері және байланыстары.
  4. Адамгершілік – адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым – қатынаста болатын қабілеті.
  5. Іскер деп – нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады.
  6. Жалпы сенім - адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.
  7. Әдеп – қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады.
  8. Теориялық этика – моральдық мәні мен пайда болуын зерттеумен айналысады.
  9. Нормативтік этика – заты болып адамның моральдық нормалар мен принциптерді ескере отырып қалай істеу керек деген сұраққа беретін барлық жауабы есептелінеді.
  10. Кәсіптік этика (профессионалдық этика)- адамдардың нақты еңбек қимылдары шеңберіндегі этикалық принциптер мен нормалар анықтайды.
  11. Медициналық этика. Гиппократ – дәрігер әр жағдайда әділ, әдемі және кең жүректі адам болуы керек деп айтқан.
  12. Педогогикалық этика –басты мақсаты адамның ішкі рухани байлығына еркін еңбек тәрбиелеу арқылы ықпал жасау.
  13. Әскери этика. Армияның әскери күшін нығайту мақстандағы оның басқару және ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
  14. Басқару этикасы – бұл профиссионалдық этиканың бір түрі. Басқару этикасы – ол басқару іс-қызметіне бағытталған., этикалық ұғымдар және тәрбиелік нұсқаулар жүйесі.
  15. Педагогикалық еңбек - өзіндік қарым-қатынасты басқаратын қоғамдық өмірдің қажетті сферасы.
  16. Қарым-қатынас – бұл адамның өзара қарым-қатынаста болу тәсілі, және де басқа адамдармен өзара қарым-қатынаста болуы.
  17. Іскерлік хат- бұл жалғыз іскерлік құжат, бұған атау берілмейді
  18. Әлеуметтілік міндеттілік – жеке бизнестен түскен пайда арқылы ұйымның қоғамға пайдасы.
  19. Дәстүрлі философия – бұл философияға сәйкес кәсіпкерліктің мақсаты – кәсіпорынның пайдасын максимилизациялау және ұйымның ұзақ мерзімдік жұмыстарын қарастыру. Мұнда әлеуметтік міндеттілік қоғамға арнап төмен бағамен тауарлар мен қызметтерді ұсыну ретінде түсіндіріледі. Бұл философияға сәйкес ұйым емес үкімет әлеуметтік проблемалармен айналысуы керек (яғни әлеуметтік проблемаларды үкімет шешсін, неге мен шешемін деген пікірді ұстанады).

 

  1. Қызығушы топтар философиясы – бұл философияға сәйкес менеджер ұйымның мақсатымен байланысты немесе байланысты болуы мүмкін топтар үшін міндеттілігін айқындайды. Мұндай топтарға акционерлер, тұтынушылар, үкімет институттары, бәсекелестер т.б жатады. Бұл философия әлеуметтік топтардың бар екендігін дәлелдейді.
  2. Дәлелдеуші философия – бұл философия менеджер фирма үшін, қызығушы топтар ұшін және қоғам үшін белгілі бір міндеттілігі бар екендігін дәлелдейді. Дәлелдеуші философия әрбір ұйым ерікті түрде әлеуметтік проблемаларды шешуге міндетті екендігін дәлелдейді.
  3. Педагогикалық мораль – ұжымдық мораль, гуманистік мораль, белсенді іскер мораль кәсіптік педагогикалық қызметтің ілгері адамгершілік мазмұнын құрайды.
  4. Моральдық сана – жекелеген тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және бүкіл қоғамның көзқарастарын, пікірлерін және мінез-құлықтарын нормалармен бағалау қызметін атқаратын қоғамдық сананың бір формасы.
  5. Моральдық қызмет – бұл мораль нормаларымен, қағидаларымен және әлеуметтік көзқараспен бағаланатын адамдардың, топтардың, қоғамдастықтардың кез-келген қызметі. Мысалы, соғысып жатқан екі мемлекеттің әрекеттерін алайық, бір мемлекет оны дұрыс деп бағалайды, ал басқалары бұл қатыгездік дұрыс емес бағалайды.
  6. Моральдық қарым-қатынас – бұл адамдар, топтар, кластар, мемлекеттер арасындағы айқындалған, бағаланған қатынас аспектілері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Дәріс 1. Этика ұғымы және оның заты.

Дәріс мақсаты: Этика ұғымының пайда болу кезеңін анықтап білу.

 

Тақырыптың  сұрақтары:

  1. Этика түсінігі.
  2. Этиканың қалыптасуы мен даму кезендері.
  3. Қазіргі этика теориялары.

 

1. Этика түсінігі.

 

Этикет адам мен қоғам  мәдениетінің құрамдас бөлігі болып  табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы.

Этикет адамның сыртқы келбетінің элементі ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола бермейді, бала күнінен дипломатиялық қатынастардың даналығын сіңіріп өскен адам өнегесіз, адамгершіліксіз, менменшіл болып қалуы мүмкін. Бірақта осындай адамның мәдениетті, тәрбиелі болуы екіталай. Өзге адамдарға деген шынайы силастықтың сыртқы көрінісінде, адамның өзіндік абыройына, көмекке әзірлігі, қолдаушылық сияқты мінез – құлықтық мазмұнға ие болғанда өзін - өзі ұстаудың сыртқы нысаны шынайы мәдениеттің элементі мен көрсеткіші болып табылады.

Адамның өзін - өзі ұстауында  сыртқы және ішкі бірлігі екі жарым  мың жыл бұрын «мінез – құлықтың алтын ережесінде», «Басқалардың өзіңе  қандай қарым – қатынаста болсын десең, басқаларға да сондай қарым –  қатынаста бол» дегенді білдіреді. Біз бұл қағиданы Конфуцидің ілімінде, ежелгі индия эпосы «Махабхараттан» және Библиядан да кездестіреміз. Өзіндік абыройын сезіну адамның өзін - өзі бағалауын бекітетін этиканың негізі болып табылады. Адамдарға қатысты әдептілік, шынайылылық, табиғилық, ілтипаттылық (этиканың маңызды кредосы) қарым – қатынастағы мәнерлілік пен жалғандылықты айыптайтын этиканың маңызды кредосы.

Көбінесе қазіргі заманғы  этиканың мінез – құлықтық шарттастығы  жақсы мәнер мен өзін - өзі ұстау  ережелерін зеріккен мырзалар немесе әлеуметтік топтардың назымен қалыптасқан жоқ, ал адамдардың объективті қажеттіліктерін реттеп, жоғарылатудың күшімен, өзін - өзі құрметтеуге, басқа адамдардың қадірлеуі мен тануы, қарым – қатынас пен бауырмалдылықты әлеуметтік қамсыздандырып, оларды жылы және адами ету болып табылады. Әсіресе, бізге бұл қажеттілік қазір қоғамымызды менмендік пен бөлектенушілік меңзегенде аса қажет, ал альтруизм ұғымы келмеске кеткен сияқты.

Қазіргі заманғы жеке әлеуметтік топтардың кәсіби ерекшеліктері  мен қоғамның кейбір өмірлік қызметінің аясындағы кәсібилік сияқты өмірлік жағдайлардың ерекшелікреімен айқындалатын этикеттің әртүрлі нысандары. Сондықтан, бүгінгі күні этикетті кәсіби, қызметтік, ғылыми, медициналық, дипломатиялық және т.б. түрлерге бөледі. Этика – Мораль және адамгершілік туралы ғылым. Этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі – Аристотель.

 Этика деп – этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан.Ол бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:

 

1.Этикалық ізгіліктер.

2.Дианоэтикалық ізгіліктер.

 

Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына  байланысты болады. Олар мыналар: жомарттық,батылдық,шыншылдық. Ал Дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер. Олар мыналар болып есептеледі:Ақыл мен парасат. Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады.Ол адамзатпен бірге бірігіп этиканы құрайды. Адамгершілік – адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым – қатынаста болатын қабілеті.Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі. Ал мораль өзінің мәні жағынан жеке тұлғамен қауымның адам мен азаматтың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы.

Этиканың қалыптасуы мен даму кезендері.

Этика ғылым ретінде  ежелгі Грецияда қалыптасқан.Этиканың негізгі элементтері Платонның, Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Этика Грек тілінен аударғанда «Әдеп» дегенді білдіреді.

Этика Ежелгі Грецияда философиялық ғылым ретінде пайда болған екен. Ежелгі Греция құл иеленушілік мемлекет болған еді.Сондықтан ол Ежелгі Грецияда орнаған әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай екендігіне сенімді болды.Мысалы: Аристотель әрбір осы Ежелгі Грециядағы адам белгілі бір Полистің мүшесі болу керек деп білді.

Полистің мүшесі емес құлдарды ол адам қатарына қосқан жоқ  еді.

Аристотель Этикасында «Құбатөбел», немесе «Алтын орта» ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды.Өиткені Аристотельдің айтуынша екі шеткі күйлердің ортасын таба білгенде ғана адам ізгілікке жетеді – деген екен. Мысалы: Жомарттық малшашпақ пен дүниеқоңыздықтың орта шені,Батылдық, Көзсіз батылдықпен Қоянжүрек қорқақтықтың дәл ортасы.

Жалпы Антикалық этикаға  байланысты оған тиесілі ең негізгі 3-мұрат бар.

1.Адам мен Полис  бірлігі.

2.Адамның құдіретіне  өзін-өзі жетілдіру қабілетіне  мейлінше сену.

3.Эвдомоманы яғни бақытты  адам мұраттарының ең биік шыңы деп тану.

Қазіргі этика  теориялары.

Қазіргі этика адамзат  тарихының ежелгі кезеңімен өте  тыгыз байланысты. Қазіргі кезде  этиканың ең басты пәні Мораль.Ол күнделікті этикетпен тығыз байланысты.

Коптеген философиялық,теориялық  пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады.Олар: Достық,Махабат,Жомарттық, ізгілікпен пен зұлымдық,ұят,абырой,парыз, Әділеттілік бақыт. Қазіргі нарықтық эканомика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп – нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады. Іскерліктің маңызды ұстанымына Сенім жатады.Әріптес адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды. Жалпы сенім - адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.

Әдеп – қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады. Әдеп амандасудан басталады.Қазіргі кездегі этика халықаралық қарым-қатынаста ереже ретінде кең қолданылады.Мысалы Мемлекет және Үкімет басшылары, Министрлер,Елшілер кездесу өткізгенде белгілі-бір әдеп ережелерін сақтай отырып кездесу жүргізеді. Қазіргі кезде дін,құқық, өнер сияқты Моральда қоғамдық сананың бір формасына айналды.Көптеген ерекшеліктермен қатар Мораль басқа қоғамдық сана формасымен тығыз байланыста дамиды.

Қазіргі біздің қоғамда  Этика дін мен де тығыз байланысты.

Мысалы: Исламның этикалық тұрғыдан қарастырған өлшемдері  Мораль нормаларына да қатысы бар. Өйткені  Ислам діні қазіргі кезде әділеттілікті,бейбітшілікті  кеңінен марапаттайды. Қазіргі этика күнделікті адамдар арасында кеңінен этикет түрінде қолданылады.

Информация о работе Лекции по "Этике"