Лекции по "Этике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 12:28, курс лекций

Краткое описание

Студент білім алғаннан кейiн бiлуi қажет:
- бизнес этикасы әртүрлi тұжырымдамалар арқылы бизнестiң өзара тәртiп мәселелерi және әдеп ережелерiмен нормаларының салыстырмалы жас ғылым екенiң бiлу керек;
- бизнес этикасы компаниялар арасындағы қарым-қатынастарды реттейдi, сонымен бiрге компания және қоғам арасындағы, фирма арасындағы қарым-қатынастарды, жеке тұлғалар арасындағы iскерлiк байланыстарды реттейдi;
- бизнес этикасы психология, маркетинг, менеджмент, экономия теориясы, экономикалық теория негiздерi, әлеуметтану және т.б. әдiстер мен тәсiлдердi қолданады.

Содержание

Кіріспе
Глоссарий (анықтама сөздік)
Дәріс 1. Этика ұғымы және оның заты.
Дәріс 2. Мораль. Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері.
Дәріс 3. Мораль ізгілік қызметін анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтындардың бірі ретінде. Ізгілікті таңдаудың түсінігі. Моральдың кәсіптік-ізгілікті мәні және мақсаты.
Дәріс 4. Іскерлік қатынастардың табиғаты қызметкерлердің кәсіптік қарым – қатынас жасау мәдениеті.
Дәріс 5. Әдептілік- экономистердің, менеджерлердің кәсіптік қызметінде.
Дәріс 6 . Бизнес этикасының қазіргі заман концепциялары
Дәріс 7.Кәсіпкерлік мәдениет: мәні және маңыздылығы
Дәріс 8. Тұлғааралық қарым-қатынас мақсаты, міндеттері.
Дәріс 9. Корпоративтік этика
Дәріс 10 Әкімшілік (басқармалы) этика
Дәріс 11. Микро және макроэтика

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЛЕКЦИЯ КОНСПЕКТІСІ.doc

— 430.00 Кб (Скачать документ)

Мысалы: Бақыт дегеніміз  бұқара санасында бақытқа мынадай 4 түсініктеме берілген.

1. Бақыт дегеніміз  – жолы болып жұлдызы жаңғандық.

2. Бақыт дегеніміз  – Қуаныш, Ләззат және жан қызығы.

3. Бақыт дегеніміз  – Ең жоғарғы ізгілікке қол жеткізу.

4. .Бақыт дегеніміз  - өз-өзіңе,жалпы өмірге көңілі  толған төрт құбылаң түгелдік  күйі.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Этика дегеніміз не?
  2. Этика бойынша ізгіліктің қандай түрлері бар?
  3. Антикалық этикада неше мұрат анықталған?
  4. Әдеп дегеніміз не?

 

Ұсынылған әдебиеттер

1 Веснин В.Р. Основы менеджмента:  учебник. – М. : Изд-во «Триада  Лтд», 1996. – 185 с.

2 Виханский О.С. Менеджмент: учебник  / под ред. А.И.Наумова – 3-е  изд. – М. : Фирма Гардарика, 1998. –  120 с.

3 Герчикова И.Н. Менеджмент: учебник  /Для экон. спец. вузов – 3-е изд. –  М. : Банки и биржи, 1998. –  210 с.

4 Глухов В.В. Основы менеджмента:  учебник. – СПб. : Специальная  литература, 1995. –  175 с. 

5 Де Джордж Р.Т. Настольная  книга бизнесмена. Деловая этика.  – М. : Рипол Классик, 2000. – 310 с.

6 Кабушкин Н.И. Основы менеджмента:  учебник для вузов. – Минск  : БГЭУ, 1996. – 186 с.

 

 

Дәріс 2. Мораль. Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері.

 

Дәріс мақсаты: Моральдың түсінігі, мәні, құрылысының негізгі элементтері, функциялары және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мораль нормалары мен принциптерін анықтау.

 

Тақырыптың  сұрақтары:

1. Моральдың түсінігі және мәні.

2. Мораль құрылысының  негізгі элементтері.

3. Моральдың функциялары.

4. Құқық қорғау органдары  қызметкерлерінің мораль нормалары мен принциптері.

 

1. Моральдың  түсінігі және мәні.

 

Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүруінің әр түрлі салаларындағы  жүріс-тұрысын ретке келтіру. Қоғамдық қатынастарды реттеу нормалардың көмегімен  жүзеге асады, ол нормалар өз кезегінде, әлеуметтік және техникалық болып бөлінеді. Ал әлеуметтік нормаларға құқықтық, мораль, діни, саяси, эстетикалық, әдет, корпоративтік нормалар жатады. Мораль нормалары дегеніміз – бұл жамандық пен жақсылық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан адамдардың мінез-құлықтарын реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Ал мораль дегеніміздің өзі (латын тілінен mores – қарым-қатынаста көрініс табатын мінез дегенді білдіреді) - адамдардың қоғамға қажетті мінез-құлқының қажеттігін айқындайтын және оның ортақ әлеуметтік нормаларымен реттелетін әлеуметтік сананың бір формасы және оның тәжірибедегі көрінісі. Құқық нормаларынан айырмашылығы мораль нормалары адамдардың сана-сезімінде жазбасыз сақталады, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріледі. Оларды орындамағаны үшін заңды жауапкершілікке тартылмайды. Мораль нормалары мемлекет пайда болғанға дейін пайда болған, ал құқық нормалары менмлекетпен бірге пайда болған, сондай-ақ мораль нормаларының құрамы күрделі, кең мазмұнмен сипатталады және қоғамдық пікірмен немесе үйреншілікпен қамтамасыз етіледі. Мораль нормалары кез-келген қоғамда болады және адамдардың кез-келген тәртібі жан-жақты бағаланады. Мораль нормалары қоғамдық санада, әдет-ғұрып, салт-дәстүр түрінде көрініс табады. Мораль нормалары көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Мораль нормалары арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.

 

 

 

2. Мораль құрылысының негізгі элементтері.

Мораль – бұл өзіне  үш элементті қамтитын күрделі құбылыс.Бұл  элементтер:

 

моральдық сана

 

  • Моральдық қызмет;

 

  • Моральдық қарым-қатыныс.

 

Моральдық сана – жекелеген  тұлғалардың, әлеуметтік топтардың  және бүкіл қоғамның көзқарастарын, пікірлерін және мінез-құлықтарын нормалармен бағалау қызметін атқаратын қоғамдық сананың бір формасы.

Моральдық санада екі  негізгі деңгей ерекшеленеді: ол қоғамдық идеология деңгейі (этикалық теориялар, моральдық нормалар, қағидалар, бағалықтар, нормалар, кодекстер) және қоғамдық психология деңгейі (моральдық сезімдер, салт-дәстүрлер, ғұрыптар, жеке тұлғаның моральдық сапасы, әдеттер).

Моральдық қызмет – бұл  мораль нормаларымен, қағидаларымен  және әлеуметтік көзқараспен бағаланатын  адамдардың, топтардың, қоғамдастықтардың кез-келген қызметі. Мысалы, соғысып жатқан екі мемлекеттің әрекеттерін алайық, бір мемлекет оны дұрыс деп бағалайды, ал басқалары бұл қатыгездік дұрыс емес бағалайды.

Моральдық қарым-қатынас  – бұл адамдар, топтар, кластар, мемлекеттер арасындағы айқындалған, бағаланған қатынас аспектілері.

Тұрақтылық деңгейіне  қарай екі моральдық қатынастар ерекшеленеді: ұзақ мерзімді қатынастар (бұл әлеуметтік топтар арасында дәстүр бойынша бекітілетін, пайда болатын  ұзақ мерзімге белгіленетін қатынастар) және қысқа мерзімді қатынастар (қозғалысты қатынас, яғни нақты жағдайларда адамдар арасында уақытша пайда болатын қатынастар).

Моральдың бұл үш элементтері  бір-бірімен тығыз байланысты болып  келеді, оларды тек теориялық түрде  ғана бөліп қарастыруға болады.

 

3. Моральдың  функциялары.

 

Моральдың қоғамдағы  қызметі, функциялары мыналар болып табылады:

Реттеушілік қызметі, мораль нормалары адамдар арасындағы қарым-қатынасты  реттеп отырады, бірақ құқық нормалары  сияқты толық реттемесе де, оны толықтырып отырады.

Бағалау (аксиологиялық) қызметі, адамдардың, топтардың арасындағы қатынастар мораль нормалары арқылы жақсы немесе жаман, қажетті немесе қажетсіз мінез – құлық деп  бағаланады.

Бағыттау қызметі, яғни адамдарды, топтарды, қоғамды дұрыс  жолға, жақсы жаққа бағыттап, итермелейді.

Дәлелдеу (мотивациялық) қызметі, мотив немесе мотивация  моральдық немесе аморальдық, жақсы  немесе жаман екенін айқындайды.

 

Танымдық (ақпараттық) қызметі, яғни ортақ этикалық білімдер: қағидалар, нормалар, кодекстер, ақпараттар беру арқылы әртүрлі жағдайларда, конфликт жағдайында және төтенше жағдайларда моральдық тұрғыдан дұрыс шешім жасауға көмектесу, жәрдемдесу.

Тәрбиелік қызметі, қоғамды  мораль нормалары арқылы тәрбиелеу  болып табылады.

Коммуникативтік қызметі, бұл ең негізгі қызметтерінің бірі болып табылады, мысалы, үлкен кемелерде, ұшақтарда және тез қоғзалатын обьектілерде арнайы құрылғыларда орнатылады, олар сәйкесінше келіп түскен сигналдарға “мен өзіміздікімін” деп жауап қайтарады, сол сияқты мораль құндылықтарының да жүйесі сондай қасиетке, қызметке ие.

Идеологиялық қызмет, яғни бұл қызмет арқылы кез-келген қоғамдар, адамдар арасында нақты бір бағыт, мақсат көздеуге жәрдемдесуі.

Дүниетанымдық қызметі, моральдың құндылық жүйесі арқылы адамдар  арасында саяси, діни, эстетикалық, философиялық және басқа көзқарастар қалыптастырады.

4. Құқық қорғау  органдары қызметшілерінің мораль  нормалары мен принциптері.

Құқық қорғау қызметі  қылмыскерлермен күресуінің, арнайы күш құралдарды қолдануы нәтижесінде  өз қызметкерлерін адамгершілік шиеленіс жағдайында мораль нормалары мен принциптерін сақтай отырып дұрыс мінез –құлық көрсетуін талап етеді.

Адамгершілік шиеленістің  ерекшелігі мынада – белгілі бір  жағдайдағы моральдық нормаға негізделген  әрекеттің нақты бір норманы  бұзуы. Бұл жердегі күрделілік адамның кейбір адамгершілік нормаларды білмеуі салдарынан таңдау жасай алмауында емес, тіпті, оның оның моральдық талаптарды орындағы келмейтіндігі де емес, мәселе – осы талаптардың бір-біріне қайшы келмеуін болдырмаудың қажеттілігінде.

Мысалға, құқыққорғау  органдарының қызметкері сезіктінің немесе айыпталушының пәтеріне тінту жасауға  келгенде төсек тартып жатқан науқас адамды көрді делік. Оның алдында  мынадай таңдау тұрады: заң талаптарын орындай отырып, қатты науқас болса  дағы, сол тұлғаның төсегіне тінту жасау немесе адамгершілік көзқарастар негізінде төсекті тінтуден бас тарту.

Құқыққорғау органдары  қызметкері үшін кәсіби мәні бар шиеленістердің қатарынан сыртқы және ішкі шиеленістерді  атауға болады. Сыртқы шиеленістер  адамдар арасындағы адамгершілік шиеленістер ретінде көрініс табады (тұлға – қоғам, тұлға-топ, тұлға-тұлға, иоп-топ,топ-қоғам). Олар жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және қоғамның құндылықты бағыт-бағдарының қайшы келуін білдіреді. Ал ішкі шиеленістердің табиғаты басқаша. Олардың қайнар көзі болып тұлғаның жүріс-тұрысының бір-біріне бағынышты себептерінің күрделілігі, әртүрлі сипатта болуы табылады.

Құқық қорғау органдары  қызметкерлерінің тағы бір ерекшелігі – кей кездері өзінің мемлекеттік  құрылымдарға қатысын жасыра отырып, оған қылмыстық ортада жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай жағдайларда адам санасында бір мезетте екі адамгершілік жүйелер қалыптасады: біріншісі-ол өзі қабылдаған көзқарастар жүйесі; екіншісі-қылмыстық ортада негізге алынған көзқарастар, ал қызметкер өз жүріс-тұрысын осы екінші жүйеге негіздеп, оңтайландыруы керек. Мұндай жағдайларда адамның санасында моральдық құндылықтардың әртүрлі жүйелері бір мезетте шиеленіске түседі.

Әдебиеттерде адамгершілік шиеленістердің алдын алуға және оларды шешуге жәрдем беретін ұсыныстарды жасау ұмтылыстары біршама. Моральтдық шиеленістерді шешуде қоғамдық мүдденің жеке мүддеден үстемдігі туралы ереже көп жағдайда орын алады.

Құқыққорғау органдары  қызметкерлері өз қызметтерін атқаруда мынадай мораль қағидаларын басшылыққа алады:

1) Коллективтік және

2) адамгершілік. Коллективтік  немесе ұйымдық қағидасы өз  ішінде мынадай қағидаларға бөлінеді:

 

Мақсат пен еркінділіктің  бірлігі қағидасы, бұл дегеніміз  бірдей мақсат адамдарды жинап, олардың  біртұтас еркін тудыра отырып, оған жетуге бағыттайды.

Қызметтестік және өзара  көмек қағидасы, құқыққорғау органдарында “өзін өле бер, бірақ серігіне қол ұшынды бер” дегендей қызмет бабында  өзінен қарағанда мұқтаж адамдардың жағдайын жасау қажеттігімен сипатталады.

Демократиялық қағидасы, яғни құқыққорғау органы қызметкерлерінгің өз қызметтерін заңға сәйкес қоғамның мүддесін, пікірін есепке ала отырып атқаруды көздейді.

Тәртіп қағидасы, яғни барлық құқыққорғау органдары қызметшілері бірыңғай ішкі тәртіпті сақтауы керек, ол қажетті нәтижеге жетуде негізі рөл атқарады. Ал енді гумандылық немесе адамгершілік қағидалары өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді:

Заңдылық қағидасы, өзі  атынан айтып тұрғандай бұл қағида бойынша құқыққорғау органы қызметкерлері  Ата Заңымызды, басқа заңдарды басшылыққа алып қызмет атқаруы тиістігін көрсетеді.

Ақиқат немесе шындық қағидасы, бұған сәйкес мысалы, тек  заңда тыйым салынған әрекетті жасаған  адам ғана жауапкершілік санкциясы  қолданылуы керек; жасаған құқықбұзушылық әрекетіне сәйкес жаза қолданылуы керек; бір құқықбұзушылық үшін адамды қайталап жауапкершілікке тартуға болмайды деген сияқты қағидалар қолданылады.

 

Бақылау сұрақтары:

 

  1. Мораль дегеніміз не?
  2. Моралдық қызмет деген не?
  3. Моральдың қандай қағидалары бар?
  4. Моральдық қызмет түрлерін ата?

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1 Веснин В.Р. Основы менеджмента:  учебник. – М. : Изд-во «Триада  Лтд», 1996. – 185 с.

2 Виханский О.С. Менеджмент: учебник  / под ред. А.И.Наумова – 3-е  изд. – М. : Фирма Гардарика, 1998. –  120 с.

3 Герчикова И.Н. Менеджмент: учебник /Для экон. спец. вузов – 3-е изд. – М. : Банки и биржи, 1998. – 210 с.

4 Глухов В.В. Основы менеджмента:  учебник. – СПб. : Специальная  литература, 1995. –  175 с. 

5 Де Джордж Р.Т. Настольная  книга бизнесмена. Деловая этика.  – М. : Рипол Классик, 2000. – 310 с.

6 Кабушкин Н.И. Основы менеджмента:  учебник для вузов. – Минск  : БГЭУ, 1996. – 186 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс 3. Мораль ізгілік қызметін анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтындардың бірі ретінде. Ізгілікті таңдаудың түсінігі. Моральдың кәсіптік-ізгілікті мәні және мақсаты.

 

Дәріс мақсаты: Мораль және құқық, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы, мораль факторлары мен факторларының заңгер қызметіндегі спецификасы туралы анықтау.

 

Тақырыптың  сұрақтары:

1. Моральдың әлеуметтік  сипаты.

2.Мораль және құқық,  олардың өзара байланысы айырмашылықтары.

3. Мораль факторлары.

4. Заңгердің қызметіндегі  моральдық факторлардың ерекшелігі.

 

 

1. Моральдың  әлеуметтік сипаты.

 

Мораль дегеніміздің өзі (латын тілінен mores – қарым-қатынаста көрініс табатын мінез дегенді білдіреді) - адамдардың қоғамға қажетті мінез-құлқының қажеттігін айқындайтын және оның ортақ әлеуметтік нормаларымен реттелетін әлеуметтік сананың бір формасы және оның тәжірибедегі көрінісі. Моральдың талаптары қоғамның сана-сезімінде дәстүр, әдет және көпшілік таныған көзқарас ретінде сақталады.

Мораль нормалары көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Мораль нормалары  арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.

Мораль құдайлық қағидалар, тұрғындардың тәжірибелік даналығы, адамдарды тәрбиелеу мектебі  ретінде, адамдық рақымшылықтың  түйіні, және индивидтің өз әрекетімен ең жоғары қанағаттануы, ар-ождандық қызметтің көтеріңкілігі, шүбәйсіз парыздың орындалуы, қоғамдық тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ету құралы ретінде, қоғамдық мүдденің талабы, әділетсіздікті жою және қоғамдағы әділеттілікті орнату құралы, адамдардың қызметтестігі мен бірін-бірін түсінуді қамтамасыз ету құралы, және ұят дауысымен жүру, адамдық өмірдің жоғары мәніне жету жолы және т.б. ретінде түсіндірілді.

 

2. Мораль және  құқық, олардың өзара байланысы  айырмашылықтары.

 

Қоғамдық – саяси және заң баспасөздерінің беттерінде қазіргі күні ең өзекті және ауқымды мәселелердің бірі ретінде қоғамдық және жеке өмірдегі мораль мен құқықтың бірлігі, айырмашылықтары тақырыптары танылады. Және бұл кездей емес: құқық және мораль - мінезі нақты-тарихи жағдайлармен және қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымымен анықталатын әркезде біртұтас әрекет ететін адами мәдениеттің басты элементтері болып табылады.

Информация о работе Лекции по "Этике"