Лекции по "Этике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 12:28, курс лекций

Краткое описание

Студент білім алғаннан кейiн бiлуi қажет:
- бизнес этикасы әртүрлi тұжырымдамалар арқылы бизнестiң өзара тәртiп мәселелерi және әдеп ережелерiмен нормаларының салыстырмалы жас ғылым екенiң бiлу керек;
- бизнес этикасы компаниялар арасындағы қарым-қатынастарды реттейдi, сонымен бiрге компания және қоғам арасындағы, фирма арасындағы қарым-қатынастарды, жеке тұлғалар арасындағы iскерлiк байланыстарды реттейдi;
- бизнес этикасы психология, маркетинг, менеджмент, экономия теориясы, экономикалық теория негiздерi, әлеуметтану және т.б. әдiстер мен тәсiлдердi қолданады.

Содержание

Кіріспе
Глоссарий (анықтама сөздік)
Дәріс 1. Этика ұғымы және оның заты.
Дәріс 2. Мораль. Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері.
Дәріс 3. Мораль ізгілік қызметін анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтындардың бірі ретінде. Ізгілікті таңдаудың түсінігі. Моральдың кәсіптік-ізгілікті мәні және мақсаты.
Дәріс 4. Іскерлік қатынастардың табиғаты қызметкерлердің кәсіптік қарым – қатынас жасау мәдениеті.
Дәріс 5. Әдептілік- экономистердің, менеджерлердің кәсіптік қызметінде.
Дәріс 6 . Бизнес этикасының қазіргі заман концепциялары
Дәріс 7.Кәсіпкерлік мәдениет: мәні және маңыздылығы
Дәріс 8. Тұлғааралық қарым-қатынас мақсаты, міндеттері.
Дәріс 9. Корпоративтік этика
Дәріс 10 Әкімшілік (басқармалы) этика
Дәріс 11. Микро және макроэтика

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЛЕКЦИЯ КОНСПЕКТІСІ.doc

— 430.00 Кб (Скачать документ)

 

Этикет – бұл тәртіптің  негізгі нұсқауы және қоғамдағы  тәртіп. Этикеттің нұсқаулар ең біріншіден мәдениеттілікті көрсетеді.

 

Күнделікті қызметтік араласу.

 

  • әңгімелесу, кездесу, келіссөздер;
  • келушілерді қабылдау;
  • жиналыстарға, мекемелерге бару;
  • азаматтардың тұрған орындарына бару;
  • жиналыс, конференция, отырыстар;
  • кезекшілік, күзет.

 

Спецификалық қызмет араласуы.

 

жұмыс кезінде коллективімен  араласу:

  1. субординациялық араласу түрі;
  2. жұмыскерлер арасында араласу;
  3. үйрену кезіндегі сабақ берушінің тыңдаушылармен жұмыс жүргізу.
  4. шет азаматтармен іскерлік қатынас.

 

Қауіпті қызмет түрі кезінде  араласу.

  • өзара келіспеушілік қарым-қатынасы;

 

  • митинг, демонстрация, қатысушылармен араласу;
  • спецконтингентермен араласу.

 

Невербалдық және неспецификалық араласу түрі.

 

  • публикалық қатынас және интерьвю;
  • баспада, теледидарда, радио арқылы сөйлесу;
  • телефон, телесайт, радиохабар;
  • іскерлік жазу.

 

3. Іскерлік  хаттың мәдениеті.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жұмысын құжаттармен  тығыз байланысты. Мамандардың айтуынша, жұмысн құжаттарын жасау және әртүрлі  деңгейдегі жұмыскерлер жұмыс істеу  кезінде 30 проценттен 70 процентке дейін  уақыттары кетеді.

Талапқа сәйкес, қызметтік құжат қатаң қалыптасқан. Олар нақты жасалған, көп тілде және артық, керексіз сөздер болмауы қажет.

Іскерлік қарым-қатынас  қағидасына сәйкес тәжірибеде құжаттар мен жұмыс істеуде бүкіл әлемде бірдей және құқық қорғау органдарының қызметкерлері тек бір-бірімен ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттің қызметкерлері мен, халықаралық қылмыспен күрес қызметкерлерімен байланыста болады.

Барлық қызметтік құжаттарды былай бөлуге болады: нұсқаулы (нұсқау, шешім, бұйрық); анықтама (қызметтік  хаттар, жазба, телефонограммалар және т.б) және ұйымдық (жарғы, дәреже, нұсқау). Қызметтік құжаттардың ішіндегі ең көп таралған түрі бұл – бұйрық. Бұйрық нақты, түсінікті және талапқа сәйкес болуы керек. Оның құрамы тақырыпша сияқты және көмектес септігінде тұрады. Қылмыстық құжаттардың ішіндегі үлкен орын алатын құжаттың бірі бұл іскерлік хат,ол әртүрлі себептерде қолданылады. Сауатты-түсінікті құралған хат керекті нәтиже алуға мүмкіндік береді.

 

Қызметтік құжатты құрған кезде маңызды талаптарды орындау  керек.

 

  • орындаушы жеткізетін хабарды, қоятын сұрағын өзі нақты білу керек;
  • хат нақты, дәл, қисынды болу тиіс;
  • хат түсінікті, жеткілікті аргументті болуы тиіс;
  • хат бейнетарапты жазылуы тиіс және эмоциялық рең болмау керек;
  • қыметтік хаттың көлемі;
  • салақ жасалған хат, орфографиялық, синтактистік және стилистикалық қателермен жаман әсерлер болмауы керек.

 

Хатты бағалау хаттың мазмұнын ғана емес, сондай-ақ конвертпен және жазылған бланкаға байланысты болады.

 

Қызметтік хат белгілі  бір бланкта, стандартарға сәйкес, керекті  ревервтері бар қағазда жасалады. Оған келесі реквезиттер қолданылады: ведоство атауы, ұйымның атау, почта және телеграф мекен-жайы, телефон және факс нөмірі, күні, құжат индексі.

Іскерлік хат- бұл жалғыз іскерлік құжат, бұған атау берілмейді. Мұнда ұйымның атын қысқартуға болмайды, бірақ ресми қысқарту рұқсат етіледі, бұл іскерлік хаттың реквизиті ретінде қажет. Хатты алушының аты және адресі бланктың үстінгі оң жағында белгіленеді.

Іскерлік әдепті құжаттын анық, дәлелденген, обьективті және түсінікті  болу керек. Қызметтік құжаттарда дұрыс жазылмаған сөздермен, терминдермен, қысқартылған сөздермен, шет сөздерді қолданудың дұрыссыздығымен күресу керек. Әрине, әрбір құқық қорғау органдарында және бөлімшелерінде құжаттарды жөндеудің өз дәстүрі бар, бірақ әрбір құжат, дәл, нақты, дәлелдемелі, обьективті жазылу тиіс, ал мазмұны іскерлік талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Сұхбат. Шет елде іссапарында, құқық қорғау органының қызметкері өз қызметін ресми адамдармен тиісті қызметтік дәреже деңгейінде, басты  мақсатынан және іссапар тапрсымасынан орындаудан бастайды.

Бұл байланыс кезінде, сұхбат өзіне мұқият дайындықты талап етеді. Байланысқа дайындалғанда және байланысты өткізу уақытында үш негізгі тірек  орынды еске түсіру қажет. Біріншіден, пайдалы іскерлік көрісу, бұл әңгімелесушінің тыңдауына шеберлік қызықтыру. Екіншіден, өзара кездесу құбылысында, сенімділік ортасын жасау.Және үшіншіден, бұл іскерлік уақыт кезінде ақпаратты өнерлі пайдалану әдісі. Сұхбат ең алдымен алдына қойған мақсаттарға және нұсқауларға байланысты әртүрлі сипатқа ие болады.

 

4. Телефон арқылы сөйлесудің  этникалық нормалары. 

Жұмыс бойынша керекті  мәселелерді телефон арқылы тез  шешуге болады, ал егерде жеке мәселеге келсек ол көп уақыт алады. Сондықтанда іскер адамға телефон арқылы сөйлесу ережесін сақтау керек, керексіз мәліметтерді телефон арқылы шешсе ол жұмыс уақытының тәртібін бұзып, керекті сұрақтарды қиындатып, қасындағы әріптестерге кедергі жасайды. Телефон жұмыс уақытында психеологиялық тітіркендіргіш болып есептеледі. Тағыда телефон адамның өміріне өте қауіп төндіреді, себебі ол сөйлесер алдында немесе күтіп отырғанда немесе оның даусынан адамның психологиялық клеткалары бұзылады. Телефон мен сөйлесер алдында біріншіден не айту керек екенін дайындалып алу керек. Есте сақтау қабілетінің жақсы болсада телефон арқылы сөйлесіп отырған сұрақтарыңызды жазып алуыңыз жөн. Жазылған сұрақтарыңызды сізге бірден есте болмауы мүмкін. Телефон шығарылған кезде сіз тұтқаны аласыз. Неден бастау керек? Егерде үйдің телефонына звандаса онда қиналмай «Алло» деуге болады, ал егер жұмыстың телефонынан звандаса онда амандасып сыпайы түрде сөйлесу керек. Жұмыс телефонмен жұмыс уақытында тек жұмысқа байланысты мәселелерді талқылау керек. Мысалы: сәлеметсіз бе, сіз қандай жұмыспен телефон соғып тұрсыз. Егерде сөйлесіп жатқанда телефон үзіліп қалсаонда, тұтқаны қою керек. Ереже бойынша телефон соққан кісі қайта звандау керек. Мына ереже ұзақ сөздің арасында да қолданылады. Егерде телефон бос болмаса немесе шақырған кісіңіз келмесе онда қоя тұрып телефон шалғаныңыз дұрыс. Телефонмен сөйлесіп жатқанда кішкене үзіліс жасау керек. Себебі, тыңдап отырған кісі сұрақтарыңызға жауап беру үшін. Сұрақтарыңыздың шешімін тапқаннан кейін, қайтадан сқрақты қайталау міндетті емес. Сөздің соңында телефонмен сөйлесіп отырған көршіңізге қызық жауаптары үшін алғыстарыңызды білдіру керексіз. Сөйлесер алдында айқайламай жайлап сөйлесу керек, егерде сөйлесіп жатқанда сөзің даусы естілмей кетсе ондаонда телефон дұрыс істемей тұр.

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

  1. Іскерлік дегеніміз не?
  2. Іскерлік қарым қатынас деген не?
  3. Телефонмен сөйлесудегі мәдениет?
  4. Сұхбат деген не?

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Белкберн С. Этика: Краткое введение. Пер.с англ. М.: АСТ, Астрель, 2007. 192 с.
  2. Голубева Г.А. Этика: Учебник. М.: Экзамен, 2007. 320 с.
  3. Губин В.Д. Основы этики: Учебное пособие. М.: Форум, Инфра-М, 2008. 224 с.
  4. Зеленкова И.Л. Этика: учебное пособие. М.: ТетраСистемс, 2008. 144 с.
  5. Золотухина-Аболина Е.В. Современная этика: Учебное пособие. 3-е изд., перераб. и доп. Ростов-на- Дону: МарТ, 2005. 416 с.
  6. Кузнецов И.Н. Современный этикет – 4-е изд. – М.: Изд-во Торговая корпорация «Данилов и Ко», 2007. 498 с.
  7. Ладатко Л.В. Этика и культура управления: Учебник / Л.В. Ладатко. Ростов-на-Дону: Феникс, 2006. 320 с.
  8. Мальцева Ю.А., Яценко О.Ю. Этика бизнеса: учебное пособие. Екатеринбург: УГТУ-УПИ, 2009. 293 с.
  9. Петрунин Ю.Ю. Этика бизнеса: Учебник. 4-е изд. ТК Велби, Проспект, 2007. 352 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс 5. Әдептілік- экономистердің, менеджерлердің кәсіптік қызметінде.

 

Дәріс мақсаты: Кәсіби этика, іскерлік қатынас этикасы туралы, өзін - өзі таныстыру, экономистердің, менеджерлердің қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстауы тұралы анықтап білу.

 

Тақырыптың  сұрақтары:

 

  1. Экономист пен менеджер қызметкерлерінің этикеті және имиджі.
  2. Сәлемдесу және танысу этикеті.
  3. Адамдардың сыртқы келбеті.
  4. Қызметкерлердің сыртқы келбет ерекшеліктері.
  5. Өзін - өзі таныстыру.
  6. Қызметкердің қоғамдық орындарындағы өзін - өзі ұстауы.

 

Іскерлік қабылдаудың  этикеті. Шетел азаматтарымен іскерлік қарым – қатынас жасау ерекшеліктері. Комплимент айту шеберлігі. Сыйлық ұсыну  ережесі.

Экономист пен менеджер қызметкерлерінің этикеті және имиджі. Сәлемдесу және танысу этикеті. Адамдардың сыртқы келбеті. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыртқы келбет ерекшеліктері.

Кәсіби этика –  белгілі қызмет аясындағы адамдардың өзара қарым – қатынастарының өзіндік шарты негізінде әрекет ететін моральдық нормалар мен принциптердің жүйесін зерттейтін этикалық ғылымның саласы.

Экономика, менеджмент саласындағы қызметкерлердің кәсіби этикасы басқа кәсіптерден өзінің деонтологиялық белгісімен ерекшеленеді.

Кәсіби деонтология  – нақты императивтік белгісі  бар және белгілі кәсіп аясында  жеке тұлғаның қажетті мінез құлықтарын регламенттейтін, моральдық нормалардың  жиынтығын зерттейтін кәсіби этиканың бір бөлігі. Жай этиканың нормаларынан ерекшелігі бұл нормалар қызметтік құжаттарда белгіленіп, әкімшілік санкциясымен бекітілетін таңдауға құқық бермейді. Сәйкесінше құқық қорғау органдары қызметкерлеріне бірқатар өзіндік моральдық талаптар қойылады. Кейбірде олар ар – намыс Кодексі сияқты қызметтік нормативтік құжаттарда кездеседі және оның деонтологиялық белгісі болады. Экономист, менеджер қызметкерлеріне қойылатын жалпы түрдегі моральдық талаптар келесідей:

 

  • адамға жоғары құндылық ретіндегі қатынас, моральдың және отандық құқықтық нормалар мен жалпы адамдық қағидаларына сәйкес адамдардың абыройы мен бостандығын, олардың құқықтарын қадірлеп, қорғау;
  • қоғамның қауіпсіздігі, көптеген адамдардың өмірлерін, денсаулықтары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін құқық қорғау жүйесінің қызметшісі ретінде қоғам мен мемлекет алдында жауаптылығын, жоғарғы кәсіби және өзінің әлеуметтік рөлінің қажеттілігін терең түсіну;

 

  • құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне заңмен белгіленген құқықтарын әлеуметтік әділдік, азаматтық, қызметтік және мінез – құлықтық міндет принциптеріне сәйкес ақылмен және адамгершілікпен қолдану;

 

  • қылмыспен күресуде табандылық, ерлік, ымыралылық, жігерлілік, шешім қабылдау кезінде объективтілік;

 

  • құқық қоғау органдары қызметкерлерінің қоғамдық абыройы мен кәсіби намысын қамдау және тұрмыс пен қызмет кезінде жеке мінез – құлқының мінсіз әділдігі;

 

  • тындырымдылық және бастамашыл, кәсіби салиқалылық, өзара көмекткстік, қолдау, батылдық және төтенше жағдай кезінде қисынды тәуекелге дайындылық;

 

  • отандық және шетелдік қызмет тәжірибесінде қажетті қызметтік этикет саласындағы білім мен кәсіби біліктілігін жиі жетілдіру, зияткерлік ой - өрісін кеңейту.

 

  • Жоғарыдағы талаптар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қандай мінез – құлықтарға ие болуы қажет екендігін көрсетеді. Бұлар адамгершілік, шыдамдылық, әділділік, батылдылық, ерік – жігерлілік, шынайылық, патриоттылық.

 

 

Өзін - өзі таныстыру. Экономист, менеджер қоғамдық орындарындағы өзін -өзі ұстауы.

 

Экономист, менеджер өз қызметінде, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде дау, әңгіме, диалогтың ғылым мен күнделікті өмірде алатын орны жоғары.

Дау - өз пікірлерін сақтай отырып екі  немесе бірнеше тараптардың арасындағы ауызша жарысы. Дау көбінесе сұхбат ретінде басталады, ал сұхбат әртүрлі  болады.

Экономист, менеджер кәсіби қызмет саласында қызметтік сұхбаттар, жауап алу( мысалы: қылмыс болған туралы куәлардан), тергеу, сот жарыссөзі, дау және с.с.. Олар өз кезегінде іскерлік қарым – қатынастың ерекше түрі.

Диалогты, дауды, сұхбат пен пікір  таласты қатаң түрде жүргізу  үшін кейбір ережелерді сақтаған жөн. Осылайша пікірлесуші тараптар бірінші кезекте даудың пәнін, яғни дау не жөнінде болмақ, соны білу қажет.

 

Егер адам дауласатын болса, онда ол қарсы жақтыңдәлелдерін шыдаммен тыңдап, түсініп және оларды бағалап, өзі сенімді дәлелді  қабылдауы керек. Адамдардың өз өмірінің мәнін табу – бұл бақытқа жол болып табылады. Дұрыс түсінілген өмірдің мәні адамға әлеуметтік бағдар жасауына, өзінің жетілуі мен шығармашылығына ықпал жасайды.

Көбінесе, сұхбаттасу кезінде жоспар құрып алған жөн. Сұхбат, пікір  талас кезінде мүмкіндігінше келесі ережелерді сақтауы қажет:

 

  • дәлелді айғағы болатын болса, өз ұстанымдарынан бас тартпау;

 

  • өз ұстанымдарын ұстануда табандылық танытпау, егер олар жоққа шығарылған болса;

 

  • әртүрлі, қиын сұрақтарды шешу кезінде тарихи даму қисынын сақтап, қазіргі заман мен әдет – ғұрыптың арасындағы үзілмес байланысты есте сақтау.

 

Іскерлік қабылдаудың  этикеті.

Шетел азаматтарымен  іскерлік қарым – қатынас жасау  ерекшеліктері. Комплимент айту шеберлігі. Сыйлық ұсыну ережесі.

Іскерлік қатынас этикасы  – мінез – құлықтық талаптардың принциптері, нормалар мен ережелердің әлемдік тәжірибе мен ғылым негізіндегі өндірістің жиынтығы.

Іскерлік қарым – қатынас  белгілі бір мінез – құлықтық қағидаларға сүйенуі керек, олардың  ең басты қағидалары болып келесілер  табылады:

 

  • іскерлік байланыстың негізінде жеке мүдделер мен өзіндік қызығушылықтардан басқа іскерлік қана қызығушылықтар болуы керек;
  • адамгершілік;
  • мейірімділік, яғни адамға мейірімділік жасау қажеттігі;
  • құрмет көрсетушілік, яғни қарсы тарапқа деген құрмет.

 

Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін - өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы.

Кәсіби такт – бұл  қарым – қатынас кезінде басқаларға деген шыдамдылық, мұқияттылық және әдептілік танытудың үлгісі.

Шетел азаматтарымен  іскерлік қарым – қатынас жасаудың негізгі қағидалары мен ережелері дипломатиялық хаттамамен белгіленеді.

Информация о работе Лекции по "Этике"