Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2015 в 20:54, дипломная работа
Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.
КІРІСПЕ.................................................................................................3
I. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................6
1.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны ........................................................................................................................6
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде................................................................16
1.3 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және отандық
тәжірибелері...........................................................................................22
ІІ. ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ .........................38
2.1. Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің
дамуын талдау....................................................................................38
2.2. «Алматы кілем» АҚ-ның қаржылық сипаттамасы және дағдарысқа
қарсы басқаруын талдау....................................................................58
ІІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ..................70
3.1. Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару
механизмінің стратегиясы ...................................................................70
3.2. Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары.... ................................................................................................................76
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................77
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................81
Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы ұйымдар мен кәсіпорындарда халықаралық сапа стандарттары талаптарына көшу әлуеті бар. Қазір көптеген кәсіпорындарды менеджмент жүйесі жұмысының дұрыстығы және ақырғы өнімнің сапасы толғандырады. Сондықтан сапа менеджменті жүйесін енгізу процессі өзекті болып отыр. Халықаралық деңгейде сапа менеджменті деген атауға ие болған жүйенің негізіне халықаралық сапа стандарттары, менеджменттің өзары байланысқан жүйесі және сапаны жалпы басқару жүйесі жатады .
ISO халықаралық стандарттары жалпы сипатта болады және өнеркәсіптің немесе экономиканың нақты саласынан тәуелді болмайды. Ұйым қажеттіліктерінің әртүрлілігіне байланысты халықаралық стандарттар мақсаты сапа жүйелерінің біртүрлілігін қалыптастыруда емес.
Сапа жүйесін тұрғызу және тәжірибеде қолдану нақты ұйымның міндеттерімен, өнімімен, процестерімен және жеке тәсілдемесімен анықталады. ISO халықаралық стандарттары сапа жүйесі қандай элементтерден тұратынын көрсеткенмен, нақты кәсіпорын қалай өткізетінін көрсетпейді. Тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру және тиімділікті барынша қамтамасыз ету үшін сапа жүйесінің қызметтің немесе ұсынылатын өнімнің нақты түріне сай келуі керек .
Бұл жүйе тек кәсіпорынның ішкі құрылымын жақсартып және тиімділігін арттырып қоймай, әлемге танымал ISO халықаралық стандартын алуға да мүмкіндік береді. Мысалы: ISO 9000 стандарты бойынша сертификацияланатын компаниялар мемлекеттік жәке жеке тендерлердің тұрақты қатысушы болып қалады. ISO 9000:2001 стандартының мәні өндірістік процестерді үнемі жақсартуды білдірсе, ISO 14001 сертификациялық жүйесі бар компанияның үшін тұтынушыларға, жергілікті халыққа, үкіметке және қоғамға жолы ашық .
Осы ISO жүйесін енгізу процесіне кәсіпорындардың көп санын тартып қана қоймай, оларда болатын қайта құрылымдаудан қорықпау қажеттігін айту орынды. Қазақстандағы бірлескен немесе шетел компаниялары тоқыма және тігін бұйымдарымен жабдықтайтын отандық кәсіпорындарды тандағанда, халықаралық стандарттар бойынша сапа сертификатының болғаныны тартымды. Өкінішке орай, кәсіпорындар көп жағдайда оны ұсына алмайды.
Қазір бұл стандарттар әлемнің 73 елінде қолданылады. Қазақстан Республикасында ISO 9000 стандарттарын енгізіп, ҚР СТ ISO 9000-2001 талаптарын дайындады. І8О халықаралық стандарттарын енгізуге әрбір кәсіпорын ерікті болғанымен, оны енгізу қажеттілігін нарық талаптары анықтап отыр. ISO 9000-2001 талаптарын кәсіпорынға енгізу сапаны жалпы басқару негіздеріне сәйкес және 4 деңгейде жүргізіледі:
Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем өнеркәсібінің кәсіпорындарында, оның ішінде біз "Алматы кілем", "Алматы мақта" ЖШС, ІSO халықаралық стандарттарын енгізу бойынша жұмыстар әзірше тек бағдарда ғана бар. 2003 жылдың 7-қарашасында Алматы қаласында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар Қауымдастығы өткізген "ІSO стандарттарын жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында енгізу" семинарына қатысқан тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындары басшылары халықаралық стандарттарды кәсіпорындарға енгізу қажеттілігімен келісті.
Әлемге танымал стандарттарды енгізу халықаралық сауда және өнеркәсіптік қатынастарына жол ашады. Бұл сондай-ақ, Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына кіруді оңтайландырады.
Әлемдік экономикада терең өзгерістер болып жатыр. Олардың сипаты мен серпініне баға беру үшін белгілі бір уақыт мерзімі қажет емес. Қазірдің өзінде де бүл өзгерістердің сипаты анықтальш келе жатыр, олардың барлығы да ғаламдандырумен тікелей байланысты. Тоқыма және кілем өнеркәсібінің әлемдік дамуында келесідей бағдарларды анықтадық:
Дамушы индустриалдық елдердегі фабрикаларды қаржыландырудың нұсқасын зерттей келе, А.Ормирод бүл тәжірибенің дамыған елдер үшін де пайдалы болатынын айтады. Қаржыландырудың жалпы формуласы келесідей: кәсіпорын капиталының 51%-ы меншік капиталы, 49%-ы қарыз капиталы, өтеу мерзімі 2-3 жыл болуы керек. Қаржыландырудың осы нысанын Халықаралық қаржыландыру корпорациясы (ІҒС), еуропалық инвестициялық банк (ЕІВ), Африкандық даму банкісі (АІВ) қолдайды .
Ұлттық экономикалардың өзара тартылысының бір-біріне әсер етуі реттеуді қажет ететін кезеңге жетті. Әлемдік экономиканың дамуында 1950-2000 жылдар аралығында әлемдік өндірістің 7 есе, әлемдік экспорт көлемі 20 есе, әлемдік өнеркәсіптік өндіріс 10 есе, оны сыртқа шығару-35 есе артқанын көруге болады.
Әлемдік шаруашылықтың ашықтығы жағдайында аса маңызды орын Бүкіл Әлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) беріледі. Себебі, ол халықаралық сауданың либерализациясы мен дамуын қамтамасыз етуші субьект болып табылады.1947 жылы құрылған Сауда мен Тарифтер бойынша Бас келісімнің мұрагері болып табылатын БСҰ өз қызметін 1995 жылдың қаңтарынан бастады. БСҰ - әлемдік деңгейдегі ірі ұйым ғана емес, қызметіне жүздеген келісім жүргізушілер, эксперттер қатысатын, үдемелі дамып және өзгеріп отыратын кұрделі механизм болып табылады. Басқа халықаралық ұйымдармен салыстырганда БСҰ-ң ерекшелігі — миллиардтаған сомалармен бағаланатын мәмілелерді бақылайды, нәтижесінде тұтынушылардың және нақты компаниялардың мүдделерін көздейтін тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортының ережелері белгіленеді .
БСҰ халықаралық сауданың максималды мүмкін
болжамдығы мен еркіндігін қамтамасыз ету және сауда, сауда шекаралары бойынша қатысушы-елдер арасындағы кез-келген сұрақтарды шешу үшін халықаралық сауда ережелерін әзірлейтін, әлемдік деңгейдегі бірден-бір ұйым.
БСҰ-на кіру үрдісі Қазақстан үшін 1996 жылдың қаңтарында басталды және осы шараның нәтижелері біздің ел өмірінің барлық тұстарын, экономиканың барлық салаларын, отандық немесе импортгық өнімнің тұтынушылыры мен өндірушілерін қамтиды. Бүл ғаламды мәселе, оны әлемдік экономиканы ғаламдандыру деңгейінде қарастырған жөн. Осы беталыс отандық тоқыма және кілем өнеркәсібінің кәсіпорындарын, олардың тұтынушыларын айналып өтпейді.
Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларының БСҰ-на кіру дайындығының әртүрлілігін, осы БСҰ-на кіруден бірдей деңгейде қайтарым алмайтындығын айта кету керек. БСҰ-на кіруден тез қайтарым экспорттаушы-салаларда, қазіргі заман талаптарына сай жоғары бәсекеқабілетті технологиясы мен құрал-жабдығы бар, әлемдік деңгейде сапа және өнімнің өзіндік қүны бойынша жұмыс жасайтын салаларда болады.
Қазақстанда қызметі экспортқа бағытталған жеке салалар мен кәсіпорындар бар, бірақ әлемдік нарықта толық бәсеке қабілетті салалар мен жеке кәсіпорындар жоқтың қасы. Сондықтан БСҰ-на өту Қазақстан экономикасы үшін күрделі, көп жылдық болса да қажетті міндеттердің бірі. Бірақ, бұл шараны өткізбей отандық экономика дамуға ынтасыз, бәсекеқабілетсіз болып қала бермек.
Соңғы 10-15 жылдардың тәжірибесі БСҰ-на өткен дамушы елдер (Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия) өндірістің барлық түрлерінің технологиялық және техникалық деңгейін көтеріп, экспорт үлесін арттырғанын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы БСҰ-на мүше болып кіргеннен кейін, отандық тоқыма және кілем өнеркәсібінде қандай өзгерістер болмақ? БСҰ-на өту үшін қандай қиыншылықтар мен ұтымдылықтар бар?
Біздің ойымызша, қиыншылықтарға төмендегілерді жатқызуға болады:
- Бәсекеқабілетті технология
мен өнімді қамтамасыз ете
алмайтын құрал-жабдықтардың
Тоқыма және одан өнім өндірушілердің БСҰ-на кіруіне жеңілдіктерді келесі сипаттардан көреміз :
- Дамыған және дамушы елдердегі еңбек ақы деңгейімен салыстырғандағы жүмыскерлердің еңбек ақы деңгейінің төмендігі. Бұл көрсеткіш өнімнің өзіндік құнында аз үлестік салмақты алатын болғандықтан, баға бойынша бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз етіп, ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуы керек. Осы себептен, Батыс Европа, АҚШ, Жапониядан технологиямен бірге капиталдың көші дамушы елдерге бет бұрды. Дамушы елдерде өндірілген өнім дамыған елдерге өткізіледі. Осылайша, еңбектің, капиталдың, ақырғы өнімнің және пайданың еңбек бөлінісі жүргізіледі. Бүл жерде барлығы да, дамушы елдер де ұтыста, оларда жүмыс орындары ашылады, қазіргі кезге сай технологиялар енгізіледі, еңбек ақы мен тұрғын халықтың әл-ауқаты артады.