Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2015 в 20:54, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................3

I. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................6
1.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны ........................................................................................................................6
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде................................................................16
1.3 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және отандық
тәжірибелері...........................................................................................22


ІІ. ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ .........................38
2.1. Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің
дамуын талдау....................................................................................38
2.2. «Алматы кілем» АҚ-ның қаржылық сипаттамасы және дағдарысқа
қарсы басқаруын талдау....................................................................58
ІІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ..................70
3.1. Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару
механизмінің стратегиясы ...................................................................70
3.2. Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары.... ................................................................................................................76

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................77
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................81

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорындағы-дағдарысқа-қарсы-басқару.doc

— 809.00 Кб (Скачать документ)
  1. Технологиялық өндірісті басқаруды компьютерлеу. етелдік тоқыма және кілем кәсіпорындарындағы ақпараттарды жинау,  жоспарлау, өндірісті және технологиялық үрдісті басқаруды кеңінен компьютерлеу, өндірісті басқару тиімділігін және құрал-жабдық жұмысының көрсеткіштерін біршама арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстандық кәсіпорындарда бұл элементтерді саусақпен санарлықтай ғана кәсіпорындарда байқауға болады. Қазір кәсіпорындарда өндірісті және технологиялық үрдісті басқаруды компьютерлеу жақсаруда. Бірақ, станоктарды компьютерлеу, олардың жұмыс параметрлерін оңтайлау, тек қана жаңа заманғы құрал-жабдық алынған соң жүзеге асырылады.
  2. Синтетикалық талшықтарды пайдалану. Шет елдердегі кілем және     тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары синтетикалык талшықтар мен жіптерді, әсіресе, тоқыманың тұтыну қасиеттерін арттырып  және  өзіндік құнын  төмендететін, полиэфирлі талшықтарды  өте  кең  қолданады.   Дамыған    елдерде оларды пайдалану 50%-дан  асып кетті.  Қазір синтетикалық жіптер мен талшықтарды пайдалану мүмкіндігі мен қажеттілігі де артып отыр, енді олардың еркін нарығы пайда болғандықтан, фабрикалардың 
    оларды оңай сатып алуға мүмкіндігі бар.
  3. Маталардың  ассортименті мен  сапасы. Шет елдік кәсіпорындар шығаратын ені кең маталардың көп экономикалық артықшылықтары   бар,   өндірісте ені 140 сантиметрден асатын маталар үлесі басым.  Бұл    маталардың    ассортименті нарық конъюктурасымен қалыптасып және оның әсерінен жедел өзгеріп отырады.  Қазақстан кәсіпорындарындағы дайын маталардың ені 103  см-ге тең  болды.  Бұрыннан,  негізінен,  көлемді арттыруға бағытталған   Қазақстан   Республикасының   тоқыма   өнеркәсібінде 
    технологиясы жеңіл, қарапайым маталар өндірісі басым болды. 
    Қазіргі  кезде   маталардың   ені  ұлғайтылды,   себебі  кәсіпорындар бірте-бірте ескі пневморапирлі станоктарды өндірістен алып тастауда.   Нарықта   импорттық маталармен бәсекелесіп, сауда-саттық жүргізуге тура  келгендіктен, маталардың сапасы мен ассортименті жақсарып  келеді.  Дегенмен, құрал-жабддықтардың жағдайы   және   деңгейімен   тежелетін   маталардың   сапасы   мен ассортиментін ары қарай жақсарту қажеттілігі де бар.
  4. Құрал-жабдықтардың деңгейі мен жағдайы. Шетелдік тоқыма кәсіпорындары үнемі бәсеке жағдайында болғандықтан, жұмыс параметрлері компьютерлендірілген жоғары өнімді, жетілген құрал-жабдықтармен өздерін қамтамасыз етуі қажет. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін, өнім сапасын арттырады, өнімнің өзіндік кұнын төмендетеді. Қазақстандық тоқыма кәсіпорындары жетілдірілмеген отандық құрал-жабдықтармен жабдықталған болатын.   Тек   қана жіп  иіру  өнеркәсібіндегі   машиналар   мен станоктар шет елдерден сатып алынатын еді. Соның өзінде де, сатып алынатын машиналар амортизация кезеңінен шығып кеткен болуы мүмкін. Қазіргі кезде құрал-жабдықтардың деңгейі мен жағдайы одан да нашарлана түсті. Себебі, өткен жылдарда біз айтқан машиналар мен станоктар одан ары моральдық және физикалық түрде тозды. Бұл жағдайдан кәсіпорындарды қазіргі заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы шығуға болады.

Екінші топтың себептері — кәсіпорындарды басқару деңгейі. Көптеген фабрикалардың басшыларында шикізаттарды сатып алу, маталарды өткізу, қаржы ресурстарын басқару сияқты сұрақтарды шешуде жеткілікті тәжірибелері болған жоқ. Жақсы жүмыс істеп отырған фабрикалар басшылары нарық жағдайларына тез бейімделді, даму стратегаясын бекіту және менеджерлер тобын қалыптастыру арқылы табысқа жетіп отыр.

Бірінші топтың факторларын жақсарту көп қаржы салымдарын қажет етеді және бір күннің немесе бір сағаттың ішінде шеше салатын мәселе емес. Сондықтан олар "инерциялық" факторларға жатады. Екінші топтың факторлары — кәсіпорындарды басқару деңгейін де аз уақыт ішінде түбегейлі өзгертуге болмайды. Осы екі топтың факторларын қазірден бастап, біртіндеп дұрыс жолға қойса, уақыт өте келе жемісін жейтініміз анық .

Нарықтық экономика зандары бойынша, бәсеке қабілетсіз кәсіпорындар дағдарысқа ұшырып, бәсеке қабілетті кәсіпорындар қызметін жалғастыруы керек екенін білеміз. Тоқыма және кілем өнеркәсібіндегі жағдайды талдау, осы саладағы көп кәсіпорындардың дағдарыс жағдайында екенін, бір тобының дәрменсіздік жағдайында екенін көрсетті.

Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес тоқыма және кілем өнеркәсібі ішкі бағдардағы тоқырау блогына жатады. Осы стратегияда тоқыма және тігін өнеркәсібін қолдау шараларына мемлекеттік сатылымдар жүйесін ұйымдастыру және нарықты теріс пиғылды бәсекеден қорғау жатады.

Алматы қаласының 2010 жылға дейінгі индустриалдық дамуы саясатының регионалдық бағдарламасы бойынша жеңіл өнеркәсіптің дамуының негізгі бағыттары болып:

  • кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру;
  • жаңа технологияларды игеру арқылы бәсекеқабілеттілікті арттыру;
  • ішкі тұтыну нарығында отандық өндіріс тауарларының үлесін арттыру табылады.

Саланың дамуы ең алдымен отандық ауыл шаруашылық шикізатты    өңдеуге    бағытталған    қолда    бар    өндірістік    әлеует базасында өткізіледі. Саладағы маңызды міндеттер болып, тиімділігі аз өндірістерді сегментациялау, бейінін өзгерту, солардың базасында шағын және икемді бәсекелесті өндірістер құру табылады.

Селективті қолдаудың негізгі нысандары болып, жеңіл өнеркәсіптің дайын тауарларын конкурстық негізде әскери және соларға теңестірілетін тұтынушыларға мемлекеттік сатып алуларды орналастыру және ұзақ, орта мерзімге несиелеу жатады.

Кілем  және тоқыма өнеркәсібінің өз артықшылықтары бар, олардың ішіндегі ең елеулісі: жоғары капитал айналымдылығы. Қазіргі экономикалық жағдайда тоқыма және кілем өнеркәсібіне инвестициялар және инновацияларды салу инвесторлар үшін тартымды болмақ-тоқыма және кілем өнеркәсібіне салынған инвестициялар басқа салаларға қарағанда аз болуы мүмкін және істі білікті түрде жүргізе білсе, аз уақыттың ішінде қайтарып алуға болады. Айналым қаржыларын ұсыну да тиімді, себебі бір жылдың ішінде қаржылардың 4-6 рет айналысы болуы мүмкін.

Тоқыма жөне кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды  қамтамасыз ету экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан қажет. Тұрғылықты жерлерінде жұмыстан босаған әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету шешуін таппаған сұрақтардың бірі. Оның үстіне,. токыма және тігін өнеркәсібінің құлдырауы ауыл шаруашылық кешенінің, химия өнеркәсібінің және машина жасау саласының өніміне деген сұранысты төмендетті.

Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды  қамтамасыз ету төмендегідей салалық және салааралық мәселерді шешумен байланысты:

  • Мақтаны, зығырды (оның котонизациясы жоғары сапалы аралас 
    маталарды алуға мүмкіндік береді), химиялық шикізатты, жүнді 
    өңдеудің жаңа технологияларын, былғары-тері шикізатын (оның 
    ішінде тігін, автомобиль, жиһаз, тері-галантерея өнеркәсібі үшін) 
    кеңірек пайдалану негізінде саланың шикізат базасын дамыту;
  • Маркетингтік, ақпараттық, жарнамалық қызметтерді, дилерлік желілерді, өткізуді, бағаларды, қаржылар мен инвестицияларды басқару бойынша ассоциацияларды дамыту;
  • Салада ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары, киіз, текемет, алашалар бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту;
  • Мақта-мата   және   жүн   өнімдерінің,   өңделген   тері,   шетелдік 
    үдемелі құрал-жабдықпен материалдарды пайдаланған тігін өнімдерінің экспортын дамыту;
  • Тоқыма және  кілем  өнеркәсібі кәсіпорындарындағы әлеуметтік 
    сфераның обьектілерін жергілікті бюджеттің балансына беру;
  • Қазақстан Республикасында шығарылмайтын құрал-жабдықтар мен материалдар үшін  баж салықтарын төмендету немесе  алып тастау;
  • Әскери құрылымдардың, балалар үйлерінің, көмір, мүнай өндіру-өңдеу өнеркәсіптерінің үдемелі сұраныстарын қанағаттандыру үшін тендерлер ұйымдастыру;
  • Спорт  және   басқа  да  мәдени шараларды өткізу үшін түрлі ассортименті киімдерге сұранысты қанағаттандыру үшін жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындарын тарту.

Тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды  қамтамасыз ету жүйесі мемлекет түрғысында келесідей бағыттарды қамтуы мүмкін:

  • Теріс пиғылды бәсекені жою.Қазақстандық нарыққа тоқыма және   кілем бұйымдарының кедендік баж  төлемдерінсіз және жеңілдікті салық төлеу арқылы түсетін каналдарын жою. Қазақстанның кедендік территориясына  импортты тауарды енгізгенде оның  құнын төмендетуді жою үшін   өнім   топтары бойынша ең төменгі бағалар каталогын жасау.
  • Салалық лизингтік компанияны құру және сала кәсіпорындарының техникалық қайта жарақтану мәселесін шешуге мүмкіндік беретін лизингтік операцияларды жүргізуге қажетті қаражаттармен қамтамасыз ету.
  • Жоғары сапалы,  экологиялық таза және қауіпсіз өнім шығару үшін мемлекеттік стандарттарға жаңа техникалық регламенттер, стандарттар,   өзгерістер мен толықтырулар, метрологиялық және талдау құралдарын, әдістерін енгізу. Бұл шараны орындау халықаралық стандарттарға сай жүргізілуі керек. Жоғары сапаны анықтайтын сертификациялық орталықтар желісі болуы тиіс.
  • Елдің барлық территориясында аймақ аралық көтерме-жеке тауар өткізу желісін құру.
  • Кәсіпорындардың қаржылық мүмкіндіктері шектеулі екенін ескере  отырып, мемлекеттік деңгейде қосымша құн салығына, Қазақстанда шығарылмайтын технологиялық жабдықты және оның қосалқы бөлшектерін ел территориясына енгізгенде кедендік төлемдерге жеңілдіктерді қайта қалпына келтіру.
  • Тоқыма және кілем өнеркәсібі ғылыми-зерттеу секторын қайта 
    қалыптастыруды өткізу.

Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының деңгейінде экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды  қамтамасыз етуді біз келесі бағыттардан көреміз:

  • Химиялық талшықтар қосылған,  ені  150 сантиметрден асатын 
    маталар өндірісін ұлғайту.
  • Жіп иіру өндірісіне талшықтарды тұту, араластыру үшін кардотарайтын, ленталық машиналарды енгізу.
  • Өндеу (отделка) өндірісіне таза мақта және химиялық талшықтар 
    мен жіптер қосылған маталарды өңдеу үшін мерзімді және үздіксіз 
    жұмыс істейтін құрал-жабдықтарды енгізу.
  • Жуылған, жуылмаған және карбондалған жүнге және солардан 
    жасалатын өнімдерге нормативті-техникалық  құжаттаманы халықаралық стандарттарға сайлау.
  • Сәнді көркем-колористік, жеңілдетілген ерлерге және әйелдерге 
    арналған пальто, костюмдік маталарды өндіруді игеру және өндіру.
  • Түйенің жүнінен жасалатын маталар өндірісін игеру.
  • Сән әлемінде тақымал дизайнерлердің лицензиялары бойынша 
    киім өндірісін ұлғайту .

Әлемдік тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын жасалған талдау, синтетикалық талшықтардың, маталардың үлес салмағының артқанын көрсетті. Жасанды талшықтардан жасалған тоқыма және кілем өнімдерінің әлі де арта түсетінін мамандар болжап отыр (24 кесте).

 

24  кесте — 2040 жылға  тоқыма талшықтарын әлемдік тұтынудың  болжамы

Талшықтардың түрлері

Өлшем бірлігі

жылдар

 

 

 

1960

1970

1980

1990

2000

2040(болжам)

1

Жүн

млн. т

1,5

1,6

1,6

1,7

1,5

2,0

2

Мақта

млн. т

9,4

12,3

14,2

18,2

20,2

33,0

3.

(нарықтық үлесі)

%

64,5

53,3

46,6

45,8

37,3

21,0

4

Химиялық талшықтар

млн. т

1,8

4,8

8,2

10,4

16,2

38,0

5.

(нарықтық үлесі)

%

12,0

20,5

27,1

26,2

30,0

24,0

6.

Химиялық жіптер

млн. т

1,5

4,0

5,9

8,9

15,5

85,0

7

(нарықтық үлесі)

%

10,1

17,1

19,4

22,4

28,7

53,0

8.

Барлығы

млн. т

14,6

23,2

30,3

39,8

54,1

160,0

9.

Өсу қарқыны (алдыңғы кезеңге шаққанда)

%

-

4,7

2,7

2,8

3,1

2,2

10

Жер шарының тұрғындары

Млр адам

3,0

3,6

4,4

5,3

6,1

9,2

11

1адамға шаққандағы талшықтарды  тұтыну

кг/адам

4,7

6,2

6,7

7,5

8,8

17,3


Ескертпе: Мәліметтер [24] дерек көзі бойынша есептелген.

Кесте мәліметтері химиялық талшықтарды тұтыну жылдан-жылға артқанын, 2040 жылға дейін барлық талшықтар мен жіптердің 50%-ын қамтитын көрсетеді. Тұрғын халықтың санының артуы талшықтарды пайдаланудан аз болуы мүмкін. Демек, Қазақстан Республикасы тоқыма және тігін өнеркәсібінің осы үрдістен өз орнын табуға ұмтылуы қажет.

Тоқыма және тігін өнеркәсібі дамуының негізі болып, фундаментальды және қолданбалы зерттеулердің нәтижелері, тауардың тұтынушылық қасиеттерін арттыратын жаңа материалдарды, өнімнің жаңа үлгілерін, жаңа технологияларды жасау жатады. Қазақстан Республикасында жібек, астарлық маталарды, тігін жіптерін, қосымша материалдарды, молния-замоктарды, синтетикалық және жасанды талшықтарды шығаратын бір де бір кәсіпорынның жоқ екенін айта кету керек.

Ауыл шаруашылық кешенін басқару сұрақтары байсалды ойлануды талап етеді. Мамандану есебімен құрылған, міндетті түрдеи сервисті бөлімшелері  бар ауыл  шаруашылық кооперацияларын қолдау керек. Сол жағдайда "Өндіріс - өндеу - сақтау — тасымалдау - өткізу" циклы аяқталған тізбек болады.

Ғылыми және инновациялық зерттеулердің басыңқы бағдарлары болып:

  • тоқыма өнеркәсібіне ресурс үнемдейтін, экологиялық таза технологияларды жасау;
  • сорбциялық сиымдылығы және селективтілігі жоғары тоқыма материалдарын және технологияларын ойластыру;
  • аз сызықтық тығыздықты жеңілдетілген жартылай жүн маталарын табу жатады.

Өнеркәсіпте ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану "ғылым - өндіріс" тізбегінің қай кезде де осал тұсы болғаны анық. Нарықтық қатынастар кәсіпорындарды ғылыми-техникалық ізденістерді қолдануға мәжбүрлейді деу артық айтқандық болар еді. Бұл мәселе кәсіпорындардың төмен қаржылық жағдайымен, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді ынталандыратын заңдылықтың жоқтығынан ушыға түседі.

Нарықтың дамуы, бәсеке, тұтынушылар талаптары сапа түсінігін кеңейте түсіп, кәсіпорындардың бәсекеқабілеттілік және сенімділік факторы ретінде қарастырылатын болды. Тауар өндірушілер және тұтынушылар арасындағы қатынастар қазіргі кезде тиімді сапаны басқару жүйесін қажет етеді.

Қазір тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдерінің сапасы ҚР-ның "Стандарттау туралы", "Сертификаттау туралы" заңдарына және "Сапа" бағдарламасына сәйкес жүргізіледі . Аталған зандар мен бағдарламаның басты мақсаттары адам өміріне, қоршаған ортаға қауіпсіз және бәскекеқабілетті өнім өндіру болып есептеледі.

Информация о работе Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару