Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2015 в 20:54, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................3

I. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................6
1.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны ........................................................................................................................6
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде................................................................16
1.3 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және отандық
тәжірибелері...........................................................................................22


ІІ. ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ .........................38
2.1. Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің
дамуын талдау....................................................................................38
2.2. «Алматы кілем» АҚ-ның қаржылық сипаттамасы және дағдарысқа
қарсы басқаруын талдау....................................................................58
ІІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ..................70
3.1. Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару
механизмінің стратегиясы ...................................................................70
3.2. Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары.... ................................................................................................................76

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................77
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................81

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорындағы-дағдарысқа-қарсы-басқару.doc

— 809.00 Кб (Скачать документ)

Кредиторлар мүддесін қорғау және әкімшілік шығындарды азайту мақсатында кредиторлар комитетінің құрамына келесі кұрылымдардың өкілдері кіреді: еңбек ақы, салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер және кепілдік кредиторлар.

Конкурстық және оңалту басқарушысына ай сайын берілетін сыйақы мөлшері шектелген. Заңға борышкермен ұсталған, бірақ төленбеген алименттерді алуға кәмілетке толмағандардың құкығын қорғауға бағытталған қосымшалар енгізілген. Осындай мөлшер міндетті зейнетақы жарналары бойынша борыштарға қатысты қарастырылған. Заңға кредиторлар комитетінің отырысы олардың 2/3-сі қатысса құқылы деген толықтырулар енгізілген. Конкурстық өндіріс мерзімі 6 айдан көп болмауы керек. Ерекше жағдайларда бұл мерзім 3 айға дейін созылады. Шығындар, айып санкцияларының шамасы және т.б. қарыздарды банкрот деп тану шешімі қабылданған және оны тарату мезетіне анықталады. Банкроттық үрдісінде катысуға байланысты несиегерлер шығындарының орны толтырылмауы борышқор несиегерлер реестрінің мазмұнымен танысқан соң, конкурстық басқарушы несиегерлер талаптарының реестрі мен оларды қарастыру нәтижелерін сотқа ол күшіне енгеннен 3 айдан кешіктірілмей бекітуге беріледі. Борышкердің қаржы құжаттарында көрсетілген, меншік иесі екенін растайтын құжаттар бар мүлік конкурстық массаны құрайды. Әкімшілік және сот шығыстары борышкер мүлкінің есебінен кезектен тыс өтеледі. Конкурстық масса келесі тәртіппен бөлінеді:

  1. Біріншіден, таратылатын банкрот өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін   жауап беретін азаматтардың талаптары тиісті уақтылы төленетін капиталға айналдыру арқылы бірінші кезекте 
    қанағаттандырылады.
  2. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы мен өтемдер, авторлық шарттар бойынша сыйақылар екінші кезекте жүргізіледі.
  3. Кредиторлардың таратылған банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде үшінші кезекте қанағаттандырылады.
  4. Салық және бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешек төрттінші кезекте орындалады.
  5. Бесіншіден, басқа кредиторлармен есеп айрылысады.

Әрбір кезек талаптары алдыңғы талап толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады. Банкрот мүлкі жетпегеннен орындалмай қалған, сонымен қатар сотпен тарату балансы  бекітілгенге  дейін жарияланбаған  талаптар  өтелген деп саналады. Көрсетілген сомалар кредиторлармен дебиторлық борыштан есептен шығарылуы керек .

Әлемнің нарықтық экономикасы әртүрлі деңгейде дамыған елдерінің дағдарысты мемлекеттік реттеу аспектілерін салыстыра отырып, біз дағдарысты мемлекеттік реттеуді бірнеше белгілері бойынша жіктедік. Дағдарысты мемлекеттік реттеуді түрлі белгілері бойынша жіктеуді 1 кестеде келтіріп отырмыз.

1 кесте - Дағдарысқа   қарсы   мемлекеттік   реттеуді   түрлі   белгілер бойынша жіктеу

Жіктеу белгілері

Дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеу түрлері

1.

Тараптарды қорғау

·1 кредиторлар мүдделерін қорғайтын;  бейтарап;

·1 кәсіпорын мүдделерін қорғайтын

2

Кәсіпорынның      төлемқабілетсіздігін

Тану

·1 төлемдер сомасы;

·2 төлемдер мерзімі

 

Сауықтыру мерзімінің ұзақтығы

·1 үш айға дейн;

·2 үш айдан алты айға дейн;

·3  алты айдан бір жылға  дейін.

4.

Конкурстық салмақты өткізуі

·4 әлеуметгік бағьггталған;

·5 әлеуметтік бағытталмаған.

5.

Төлемқабілетсіздік       диагностикасын өткізуі

·1 жедел диагностика;

·2 терең талдау жүргізу.


Бұл кестеде келтірілген белгілер бойынша Қазақстандағы дағдарысты мемлекеттік реттеуді кредиторлар мүддесін қорғайтын, төлемдер мерзімі бойынша төлем қабілеттігін анықтайтын, оңалту мерзімі алты айға дейінгі, әлеуметтік бағытталған, жедел диагностикалы заңдылық деп қарастыруға болады.

Төлем қабілеттілікті анықтау диагностикасы ҚР-сы заңдылығы бойынша тек қана екі коэффициент арқылы жүргізіледі де, әр саланың кәсіпорындарын өз ерекшеліктеріне қарамай өткізіледі. Ал, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі үшін дағдарысты реттеудің жедел диагностикасы кәсіпорын қызметін жан-жақты көрсетпейді. Осы мәселенің әдістемелік тұстарын біз толығырақ қарастыруды жөн көрдік.

 

2 ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ  ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ  ДАҒДАРЫСҚА  ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ

2.1  Қазақстан Республикасындағы  тоқыма және кілем өнеркәсібінің

дамуын талдау

Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етілу деңгейін макро, микро деңгейлерде талдаймыз. Тоқыма және кілем өнеркәсібі біздің елімізде мұнай, газ, басқа да өндіруші салаларға қарағанда төмен бәсекелі блокқа жататыны белгілі. Бірақ та, бұл саланың ерекшелігі айналым қаражаттарының тез айналмалылығында болып қалып отыр. Тоқыма және кілем өнеркәсібінде ішкі нарықты толығымен қанағаттандыратын өндірістік қуаттылықтар орналасқан. Саланың дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ғылыми-өндірістік потенциал жеткілікті деңгейде сақталған, болашақты тиімдірек қолдануға болатын сенімді шикізат базасы сақталған. Тұрғылықты халықтың жұмысбастылық қабілетін толығымен қамтамасыз ете алатын саланың қабілеті бар.

Қазақстандағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын бағалау үшін біз жалпы өнеркәсіптің дамуына талдау жасауды, содан кейін ғана саланың дамуын қарастыруды жөн деп таптық.

Өнеркәсіп өндірісі Қазақстан Республикасы экономикасының                    негізін құрайды. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, өнеркәсіп жүргізілген реформалардың, сыртқы және ішкі факторлардың әсеріне байланысты дамып отырды. 2003 - 2004 жылдардағы Қазақстан Республикасы өнеркәсібі дамуының негізгі көрсеткіштері 2-кестеде көрсетілген.

Кесте ақпараттарына сүйенсек, өнеркәсіптің ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 2003 жылы 29,3 %-ға, 2004жылы 33,4%-ға тең болды. Осылайша, тек қана 2004 жылы ішкі жиынтық өнімдегі өнеркәсіп үлесінің басқа                    жылдармен салыстырғанда артық болғанын айта кетуіміз керек, 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 4,1% - ға артты. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны да солай өзгерген. 2004 жылы тек қана ірі және орта кәсіпорындардың саны көрсетілгендіктен, бұл көрсеткішті алдыңғы жылдармен салыстыруға келмейді .

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі қарастырып отырған барлық жылдарда артып отыр. Өткен жылдармен салыстырғанда  2003 жылы - 16,8%, 2004 жылы — 12,1% шамасында болды. Салық салуға дейінгі жиынтық  табыс  көлемі  2003, 2004 жылдары алдыңғы жылмен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің жыл сайынғы артуы оң бағаланады. 

2 кесте   -   2003 -2004   жылдардағы   ҚР-сы   өнеркәсібінің   негізгі көрсеткіштері серпіні

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2003 жыл

2004

 жыл

өткен  жылғы пайызбен

1.

Республикалық  ЖІӨ- дегі өнеркәсіптің ЖҚҚ-ның үлесі

%

29,3

33,4

113,9

2.

Өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістерінің саны

бірлік

13177

1536

-

3.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі

млрд тенге

2336,9

2618,6

112,1

4.

Салық салуға дейінгі жиынтык табыс

млн

тенге

401087

351600

87,7

5.

Негізгі қызметтен табыс

млн. тенге

402210

324832

80,8

6.

Өнеркәсіп табыстылығының

деңгейі

%

23,0

37,8

164,3

7.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

млн. тенге

587953

475820

80,9

8.

Негізгі қызметтегі қызметкерлер

мың

адам

671,2

626,1

93,3

9.

Негізгі қызмет өнеркәсіптік қызметкерлерінің орташа                    айлық жалақысы

теңге

26226

27759

105,8


Ескертпе:

-  ҚР статистикалық  Агенттігінің мәліметтері бойынша  есептелген;

Өнеркәсіпте жұмыс істейтін персонал    саны    жыл    сайын    азайып    келеді,    бұл    еліміздегі жұмыссыздар санының артуына әкелуі мумкін. Айлық еңбек ақы мөлшері жылдан-жылға артып отыр.

Республикада жүргізілген экономикалық реформа келесідей сандық және сапалық парметрлермен сипатталады.

Дамудың бірінші кезеңінде (1992-1994 жж.) басты назар шет елдік ірі инвестицияларды стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарға тартуға аударылды. Ұлттық теңгенің енгізілуімен басталатын екінші кезеңде нарықтық шаруашылық жүргізу механизмінің тетіктерін (нормативті-құқықтық базаны жетілдіру, салықтық, бюджеттік, банктік реттеу, сыртқы экономикалық байланыстарды жетілдіру, кедендік істі жолға қою, нарықтық инфрақұрылымды дамыту) жасау арқылы ұлттық макроэкономикалық саясатты қалыптастыру жүргізілді. Осы кезеңнің нәтижесі болып, экономиканың либерализациясы, нарықтық экономика және инфрақұрылым институттарының калыптасуы, елдегі қаржылық тұрақтану танылады. Еліміздің дамуының үшінші кезеңінде (1997-2003 жж.) экономиканың тұрақтануы байқалады. ТМД елдерінің арасында Қазақстан Республикасы құрылымдық өзгерістердің кешендігі және көлемі бойынша алдыңғы қатарға шықты. Қабылданған шаралар қазақстандық қоғамның барлық жақтарын қамти отырып, ЖІӨ-нің, өнеркәсіптік өндірістің және экономиканың инвестициялану көлемінің артуымен сипатталады. Республикада жүргізілген реформалардың қорытындысында:

  • экономикалық, инфляциялық, төлем, инвестициялық дағдарыстарды басқару арқылы, экономикада даму қамтамасыз етілді;
  • ЖІӨ-де импорттың үлес салмағы азайып, экспорттың дамуы байқалады;
  • Тұрғылықты халықтың нақты табыстарының артуы және жұмыссыздық деңгейі азайғаны байқалады;
  • Экономиканың салалық құрылымы өзгеріп, өнеркәсіптің үлес салмағы артты .

Біздің ойымызша қазір республикада дамудың төртінші кезеңі (2000 жылдан басталады) орын алып отыр. Осы кезеңде экономикада өсу фазасы байқалады, шаруашылық жүйесінің реформациясы іске асып, экономикалық қатынастардың жаңа жүйесі қалыптасты деп айтуға болады. Өнеркәсіптің дамуы көрсеткіштерінің өсу серпіні байқалып, жалпы Қазақстан Республикасын нарықты экономикалық ел деп дүние жүзі танып; дамуын оң бағалап отырған кезде, тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуы қай деңгейде екендігі байқалады.

3 кестеде - тоқыма және кілем өнеркәсібі даму көрсеткіштерінің серпіні берілген.

3 кесте - ҚР-сы    тігін    және    кілем   өнеркәсібінің    негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2003 жыл

2004 жыл

өткен жылға пайызбен

1.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі

млн. тенге

39673

37474

94,5

2.

Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің жалпы көлеміндегі   сала өнімдерінің үлесі

%

1,7

1,4

82,3

3.

Өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістерінің саны

бірлік

724

188

-

4.

Салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс

млн.тенге

-760

-200

26,3

5.

Негізгі қызметтен табыс

млн.тенге

-490

-42

8,6

6.

Тиімділік деңгейі (залалдығы)

%

-2,1

0,3

14,3

7.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

млн. тенге

963

_

-

8.

Негізгі  қызметтегі қызметкерлер

мың адам

24,4

25,4

104,1

9.

Өнеркәсіптің  гізгі қызметіндегі қызметкерлердің орташа айлық жалақысы

теңге

9851

10669

108,3


Ескертпе:

- ҚР статистикалық Агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген;

Тоқыма және кілем өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісінің көлемінің 2003 жылдан артқаны байқалады. 2003 және 2004 жылдарды осы көрсеткіштің төмендеуі саланың дамуын теріс бағалауға   негіз   болады.   Өнеркәсіп   өнімдері   өндірудің   жалпы көлемін деп сала өнімдерінің үлесі жылдан-жылға кеміп отыр. Тиімділік деңгейі (заладығы) 2003 жылдан бері артып отырғанымен, 2004 жылдың қорытындылары бойынша да теріс шаманы құрайды. Негізгі қызметтегі қызметкерлер саны 24-25 мың адам шамасында сақталып қалып отыр. Өнеркәсіптің негізгі қызметіндегі қызметкерлердің орташа айлық жалақысы қарастырылып отырған жылдары артып отырғанымен, жалпы өнеркәсіптегі жалақы мөлшеріне қарағанда артта қалуда.

Информация о работе Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару