Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2015 в 20:54, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................3

I. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................6
1.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны ........................................................................................................................6
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде................................................................16
1.3 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және отандық
тәжірибелері...........................................................................................22


ІІ. ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ .........................38
2.1. Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің
дамуын талдау....................................................................................38
2.2. «Алматы кілем» АҚ-ның қаржылық сипаттамасы және дағдарысқа
қарсы басқаруын талдау....................................................................58
ІІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ..................70
3.1. Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару
механизмінің стратегиясы ...................................................................70
3.2. Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары.... ................................................................................................................76

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................77
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................81

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорындағы-дағдарысқа-қарсы-басқару.doc

— 809.00 Кб (Скачать документ)

КАЗАХСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Т.Рыскулова атындағы  Казақ Экономикалық Университеті

 

 

Факультет: Экономика

 

Кафедра:  Экономика

 

 

 

 

ДИПЛОМ    ЖҰМЫСЫ

 

Тақырыбы: «Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................3                                                                                                                                                           

     

    I. КӘСІПОРЫННЫҢ  ДАҒДАРЫСҚА  ҚАРСЫ БАСҚАРУ

          ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................6

          1.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы  басқаруының мәні мен мазмұны     ........................................................................................................................6

          1.2. Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде................................................................16

          1.3 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және отандық 

                 тәжірибелері...........................................................................................22

 

                                          

ІІ. ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ  ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ .........................38                                          

       2.1.   Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің

             дамуын талдау....................................................................................38

     2.2. «Алматы кілем» АҚ-ның қаржылық сипаттамасы және дағдарысқа

             қарсы басқаруын талдау....................................................................58                                                                                                                                                                                                  

 

ІІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ..................70

            3.1. Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару

                  механизмінің стратегиясы ...................................................................70                             

       3.2. Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының  дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары.... ................................................................................................................76

 

 

Қорытынды....................................................................................77

 

Пайдаланған  әдебиеттер тізімі.....................................81

 

Қосымшалар

 

                                                                                                                                                                                                                                     

 

 

 

Кіріспе

"Қазақстан-2030" Стратегиясында дамудың ұзақ мерзімді басым мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсеке қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады.

Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.

Мемлекеттің экономикалық кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі.

Кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан көзқарастар мен сараптауларды, экономикалық қатерлерді талдауды, дағдарысқа қарсы басқаруды, ғаламдану жағдайындағы қолдауды ғылыми негіздеу зерттеу тақырыбынын өзектілігін айқындайды және ғылыми-тәжірибелік құндылығын анықтайды.

Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын зерттеу өрісі әлі көптеген сүрақтар бойынша кең болып қалып отыр. Кәсіпорындарды дағдарысқа карсы қамтамасыз етудің бағалау көрсеткіштері, дағдарысқа карсы басқаруды экономикалық кауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі ретінде қарастыру, мемлекет тарапынан дағдарысқа карсы реттеудің экономикалық қауіпсіздікке тигізетін әсері, ғаламдану жағдайындағы саланың дамуын қамтамасыз ету бағыттары, кәсіпорындардың маңызы, ауыл шаруашылығы, машина жасау, химия өнеркәсіптерімен өзара тығыз байланыстарын назарға ала отырып, тиімді даму тізбегін құру мәселелері жан-жақты сараптауды талап етеді. Үдемелі қарқынмен дамып отырған технологиялық, инновациялық, ғылыми-техникалық факторлар және нарық сұранысының өзгермелілігі тұтынушылар зердесінен шығатын тауарлар өндіру қажеттілігін анықтайды. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету теориялық және әдіснамалық тұрғыдан саралау қажеттілігі дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.

Дипломдық жүмыстың мақсаты кәсіпорындардың қызметтерін жан-жақты зерттей отырып, олардың экономикалық дағдарысқа   қарсы    басқару   және    оларды    қолдану   бойынша   нақты ұсыныстар жасау.

Белгіленген максатқа жету үшін зертеу жұмысының келесі міндеттері анықталды:

  • дағдарысқа    қарсы   қатысты    анықтамаларды    зерттеу   және 
    олардың мазмұнын ашу;
  • дағдарысқа  қарсы  басқарудың  экономикалық тигізетін әсерін 
    анықтау;
  • жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің әлемдік нарығының даму беталысын 
    бағамдау;
  • Қазақстан        Республикасы        өнеркәсібінің        және        сала 
    кәсіпорындарының   экономикалық   дағдарысқа   қарсы   басқаруды 
    салыстырмалы түрде талдау;
  • ғаламдану    жағдайындағы    кәсіпорындарының     экономикалық 
    дағдарысқа қарсы басқару бағдарларын негіздеу.

Экономикалық дағдарысқа карсы басқарумен байланысты ұйымдастырушылық - экономикалық қатынастар жиынтығы кіреді.

Дипломдық жұмыстың максаты кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету бойынша нақты тетіктерді ұсыну мен оларды қолдану тиімділігін негіздеумен сипатталады.

 

КӘСІПОРЫННЫҢ  ДАҒДАРЫСҚА  ҚАРСЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1  Кәсіпорынның дағдарысқа  қарсы  басқаруының мәні мен  мазмұны    

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген дағдарыс төнуі мүмкін. Бұл дағдарыс бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жұмысымызда кәсіпорынның тек экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың қаматамасыз ету сұрақтарына тоқталамыз.

Қаржылық-экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіп  кәсіпорындарға кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.

Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды, өзекті мәселе туады.

Әрбір кәсіпорын үшін өзінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың қамтамасыз ету сұрақтары, тек қана дағдарыс жағдайында ғана емес, тұрақты экономикалық ортада да экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың міндеттері өз көкейкестілігін жоймайды.

Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында экономикалық дағдарыстын  сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, ақпараттардың компьютерлік базасының бұзылмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды.

Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлуетінің (өндірістік, технологиялық, ғылыми-техникалық және кадрлық ) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Бұл ретте, ұдайы өндіріске мүмкіндік болмай қалады. Кәсіпорында инвестициялардың басты көздері - амортизациялық аударылымдар, таза табыс және қарыз қаражаттары болғандықтан, дағдарыс жағдайында, айтылып кеткен инвестиция көздерінің тартылып қалуы мүмкін. Кәсіпорын әлуетін біртіндеп жаңалау (инновацияларды игеру, тұтыну сапасы артық тауарлар шығару) алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық, конструкторлық, технологиялық және инвестициялық құралдарды игеру арқылы жүргізілетіні белгілі. Ұдайы өндірісте осы құралдарды ұзақ уақыт бойы қолданбау кәсіпорынның дамуын тоқтатады.

Қазақстан    Республикасының   егемендік    алған кезеңінен бастап, «экономикалық дағдарыс» термині елдің құқықтық - нормативті құжаттарынан берік орын алды. Осындай  нормативті құжаттардың қатарына ҚР-ның "ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы, ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігінің Мемлекеттік стратегиясы жатады. Ұлттық заңдылықта экономикалық дағдарыс талаптары мен түсінігі, біздің ойымыз бойынша, анық   көрсетілмегендіктен, біз «экономикалық дағдарыс» түсінігін жан -жақты  қарастыруды үйғардық.

Үлкен заңгерлік сөздікте экономикалық дағдарыс келесідей   түсінік беріледі: «...мемлекеттің үдемелі дамуы   мен әлеуметтік, саяси және   қорғану қабілетін   дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз   ететін экономиканың жағдайы».

ҚР-ның «ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы «Заңында экономикалық қауіпсіздік «ҚР-ның ұлттық экономикасының тұрақты дамуына және экономикалық тәуелсіздігіне кері әсер ететін үрдістер мен факторлардан, ішкі және сыртқы жағдайлардан қорғалған жағдайы» деп көрсетілген .

Біз жоғарыда тоқталып өткен экономикалық дағдарысқа қарсы басқару түсінігіне берілген екі анықтамада да кәсіпорынның экономикалық дағдарысы қарастырылмаған, экономикалық дағдарыс түсінігі мемлекет деңгейінде ғана қарастырылған деп тұжырымдап, анықтамаларды зерттеуімізді ары қарай жалғастырдық.

Отандық және ресейлік авторлардың ғылыми жұмыстарында кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көзқарастар көрсетілген. Соларға шолу жасау арқылы, өз ойымызды білдірмекпіз.

Бір авторлардың пікірінше, кәсіпорынның (фирманың, ұйымның) экономикалық қауіпсіздігі ғылыми - техникалық, технологиялық, өндірістік және кадрлық әлуеттің сыртқы және ішкі экономикалық қатерлерден қорғалған жағдайы және оның барлық ресурстарын тиімді қолдану арқылы ұдайы өндіріске қабілеттілігі .

Келесі авторлар кәсіпорынның (шаруашылық субъектісінің) экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды оның ғылыми - техникалық, технологиялық, өндірістік және кадрлық әлуетінің тікелей (белсенді) және жанама (енжар) экономикалық дағдарыс, мысалы, мемлекеттің тиімді емес ғылыми - өндірістік саясатымен немесе қолайсыз сыртқы ортаның қалыптасуымен байланысты дағдарыс, қорғалуы және ұдайы өндіріске қабілетті.

Басқа авторлардың пікірінше, экономикалық дағдарысқа қарсы басқару дегеніміз - жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға мүмкін болатын экономикалық қатерлердің қарсы шаралар жүйесіне немесе басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне тең болуы .

Кейбір авторлар экономикалық дағдарысқа қарсы басқару  кәсіпорын қызметіне дағдарысты алдын алу үшін корпоративті ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және қазіргі кезде, болашақта кәсіпорынның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді .

Осы пікірлерде кәсіпорынның экономикалық дағдарыспен байланыстыруға талап болмағаны байқалады, дегенмен дағдарыстын   алдын-алу туралы мәселе қозғалған. Экономикалық дағдарыс ұштаса отырып, дағдарысқа әкелуі мүмкін болғандықтан, айтылып кеткен көзқарастарды біз дағдарыстың алдын-алу шараларымен байланыстыра көрсеткіміз келді. Біздің ойымызша, кәсіпорынның  экономикалық дағдарыспен мәнін келесідей түсінік толығымен ашар еді: «Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын кәсіпорындағы барлық ресурстарды (өндірістік, технологиялық, еңбек, ғылыми-инновациялық, қаржылық, кәсіпкерлік) ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу және ұдайы даму шаралары жүйесінің тиімді қызмет ету жағдайы». Осы ретте, бұл түсінікте ресурстарды толығымен пайдалану, дағдарыстардың алдын-алу, ұдайы дамуды қамтитын жүйе толығымен қамтылып, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару түсінігі толығымен ашылады деген ойдамыз.

Нарықтық экономика кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың нарықтық стратегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде интеллектуалдық меншікті және экономикалық дағдарыстан қорғаудың арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек. Кәсіпорындағы осы қызметке жауапты бөлімшенің, дағдарыс ережелерін сақтауды бақылайтын және қорғау жоспарын, құралдарын анықтайтын, бұзу әрекеті мен фактілерін анықтау және нейтралдау жұмыстары бірінші жолға қойылады. Кәсіпорын инфрақұрылымының кез-келген элементінің қызметінің босаңсуы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару тікелей әсер ететін болғандықтан, кәсіпорынды басқару үрдісі экономикалық қауіпсіздік сұрақтарымен тікелей байланысты.

Информация о работе Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару