Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2015 в 20:54, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................3

I. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................6
1.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны ........................................................................................................................6
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде................................................................16
1.3 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және отандық
тәжірибелері...........................................................................................22


ІІ. ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ .........................38
2.1. Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің
дамуын талдау....................................................................................38
2.2. «Алматы кілем» АҚ-ның қаржылық сипаттамасы және дағдарысқа
қарсы басқаруын талдау....................................................................58
ІІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ..................70
3.1. Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару
механизмінің стратегиясы ...................................................................70
3.2. Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары.... ................................................................................................................76

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................77
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................81

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорындағы-дағдарысқа-қарсы-басқару.doc

— 809.00 Кб (Скачать документ)

Кредиторлармен келісім, төлемдердің мерзімін борышкер бірқатар шарттарды орындаған соң кейінге қалдыруды, оның ішінде мүліктік немесе басқа заңмен белгіленген кепілдікті ұсыну да бар, ескеретін ымыралы шешім болып табылады. Ең қолайлы нысаны болып, кәсіпорын санациясының дәйекті жоспарын ұсынған кәсіпкерге, сот бақылауымен мүлікті және кәсіпорынды басқаруды сақтап, екі жылға дейін төлеу мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін бақыланатын басқару болып табылады.

Басқару органдарын күштеп тарату ерекшелігі - стратегиялық маңызы бар бірқатар кәсіпорындар мемлекеттік басқару органдардың бақылауында болғанымен анықталады. Осындай кәсіпорындардың каржылық дағдарысы жағдайында олардың мүлкін тарату жүргізіледі. Бұл әкімшілік тәртіппен мемлекеттік басқарудың тоқтатылғанын көрсетеді.

Банкроттық туралы Италияның заңдылығы үнемі жетілдіріліп отырғанын айта кету керек және осы үрдіс мақсаттарының бірі болып, кәсіпорын банкроттықка ұшыраған жағдайда азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының кешенін енгізу табылады. Егер Германияда мемлекет банкрот болған кәсіпорынның жұмысшыларына қарыздарын тікелей өтеуге қатысса, Италияда экономикалық-әлеуметтік реттеудің басқа, икемді нысандары карастырылған. Ол мемлекеттің қаржылық қиыншылықтары бар жеке компаниялардың жарғылық. капиталына мемлекеттік басқаруды енгізу мақсатында үлеспен кіру және осы шеңберде мемлекеттік үлесті қайтып берумен байланысты санациялық іс-шараларды қаржыландыру. Осы шараны нақты қаржылық дағдарысты басынан кешіріп отырған кәсіпорындарға ғана қатысты қолдануға болады. Сол себепті олардың дағдарыс алдындағы диагностикасы мақсатында және оларды қайта құру жайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның төлемқабілеттілігін анықтаудың негізделген көрсеткіштері қажет.

Италияда дәрменсіздік жағдайды келесі көрсеткіштермен анықтайды:

  • өмірді   сақтандырумен   айналысатын   кәсіпорындарға   міндетті резервтер кепілдігі есебіне ұсынылатын активтердің жеткіліксіздігі;
  • егер банктер немесе кооперативтік типті несие мекемелері үшін жарғылық капиталдың 1/3 - і жоғалса;
  • басқа типтегі несие мекемелер үшін, егер қалған жартысы қарыз міндеттемелерін жабуға жеткілікті болғанына қарамастан, мүлкінің жартысы  жоғалса.

Чехия Республикасында өтпелі кезең экономикасының күрделігіне қарамастан, кәсіпорындар қызметін дағдарыс кезінде реттеу-өркениетті бәсеке және экономиканы мемлекеттік реттеудің айрылмас элементі болып табылды. Банкроттық жағдайында конкурстық өндірістің басталғаны жайлы шешімді конкурс соты қабылдайды. Конкурстық өндіріс үрдісі оңалту мерзімін (әдетте 3 ай) қамтиды, ол мерзім ішінде несиегерлер талаптары уақытша тоқтайды және кәсіпорын өз қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік алады. Кредиторлар комитеті осы мерзім ішінде кәсіпорын жұмысын бақылаудың бір нысаны жайлы шешім қабылдауы мүмкін. Егер кәсіпорын төлем қабілеттілігін қалпына келтірмесе, төлемдер конкурс массасына енгізілген борышкер мүлкін сатудан түскен қаражаттар есебінен өтеледі. Бұл жерде талаптарды қанағаттандыру тәртібі, ең алдымен еңбек талаптарымен қатар конкурстық басқарушының еңбек ақысы қосылғандығымен ерекшеленеді. Банкроттылық туралы Чехия заңдылығының тағы бірқатар ерекшеліктері бар:

  • егер   конкурстық   өндіріс   барысында   қарыздарды   бөліп   өтеу туралы шешім қабылданбаған болса,  онда банкроттың өзі сотқа күштеп өтеу жүргізуді ұсынуға құқылы, бұл кредиторлардың ѕ бөлігі келіскен жағдайда мүмкін болады;
  • мемлекеттік кәсіпорындарды банкрот деп танудың ерекше тәртібі   белгіленген: банкроттық туралы шешім қабылдау үшін халықтық мүлік және жекешелендіру істері жөнінде Министрліктің шешімі қажет, қорғау мерзімі борышкер кәсіпорындарды жекешелендіру жағдайында және оны жекешелендіру мерзімі шеңберінде беріледі;
  • банкроттылық туралы зандылық мемлекет қарыздары бойынша субсидиарлық жауаптылықты өз мойнына алатын кәсіпорындарға қолданылмайды.

Чехия заңдылығында банкротты ажыратудың басқа елдерден ерекшелігі жоқтың қасы-дәрменсіздік белгісі болып, кредиторлық қарыздардың кәсіпорынның таза активтерінен жоғары болуы табылады.

Экономиканы дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеудің аспектілері әр елде әртүрлі. Мысалы, АҚШ-та бұл, жұмысбастылық саласында заңдылықты жетілдіру, әсіресе, жастарға жұмыс орындарын көбейту, аймақтық күрылымдық бағдарламалар жасаудан көрінеді. АҚШ-тың заңдар жинағында үкіметтің тиімді іс-шаралары жеке аймақтардағы жұпемыссыздықтың жоғары деңгейін төмендету жөнінде арнайы әзірленген бағдарламаларды қамту, экспорт ролін көбейтуге және ауыл-шаруашылықтың, машина жасаудың және өнеркәсіптің бәсеке қабілеттілігін жақсартуға көбірік көңіл бөлу керек деп айтылған. Бұл    саясат    жастарды    жұмыс    орындарымен    қамтамасыз    ету бағдарламасын және штаттар, жалпы ел үшін маңызы зор салаларда жұмыс орындарын құру бағдарламаларын қамтиды.

Конгресс мәліметтері бойынша, елдегі жұмыссыздардың көп бөлігі жастардың үлесіне тиеді және бұл қылмыстың, нашақорлықтың, маскүнемдіктің және т.б. жоғары деңгейде өсуіне жағдай жасайды. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралармен бағдарламаларды әзірлеуде американдық заңгерлер үкіметке жұмысты кәсіптік оқумен үйлестірудің тәжірибелік әдістерін әзірлеу, жеке кәсіпкерлікті ынталандыру, өндірістен қол үзбей кәсіптік білім алу тәжірибесі сияқты міндеттерді шешуді қарастыруды ұсынады.

АҚШ-та дағдарысты мемлекеттік реттеуді жетілдірудің екінші маңызды бағыты болып, экономикалық саясатты әзірлеу мен жүргізу жөніндегі әртүрлі мемлекеттік ұйымдардың қызметтерін ғылыми жан-жақты негізделген үйлестіру табылады. Осы мақсатта реттеуді жетілдіру жөніндегі Президенттік кеңес құрылған. Оның басты міндеті болып, мемлекеттік аппарат алдында туындайтын мәселелерді шешуді әзірлеу табылады. Оның қызметінде келесі басым бағыттар бөліп көрсетіледі:

  • қаржы ресурстарын басқаруды жетілдіру;
  • басқару құралдары мен үрдістерін ұтымдау;
  • бас инспектор қызметін үйлестіру;
  • қылмыстар санын қысқарту жөніндегі әртүрлі ұйымдардың күшеюі және т. б.

Дағдарысқа қарсы мемлекеттік басқару экстремальді даму кезеңдерінде күшейеді-дағдарыс кезінде кәсіпорындар мен салаларды мемлекеттік бақылаудан бастап, өндіріс және өнімді бөлу сфераларында орталықтандырылған әкімшіліктің болуына дейін күшейеді. Мысалы, соғыстан кейінгі жылдардағы Жапониядағы экономикалық механизм қорларды бөлу, айналыс үрдісін қатаң реттеу, баға белгілеу, табыстар саясаты жүйесін реттеу, көптеген салалар мен кәсіпорындарды тікелей мемлекеттік басқарумен сипатталады.

Ол кезеңдегі жапон бизнесі үшін күрделі мәселе- отандық тауарларының қанағаттанарлықсыз сапасы болды. Сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігінің ұсынуымен 1950 жылы Жапонияға осы салада белгілі маман профессор Э.Деминг шақырылған, ол Жапон кәсіпкерлеріне "Жапон сапасы әлемде ең алдыңғы бола алады" деп жариялаған. Демингтің бұл сөздері, болашақты болжағанын өмір көрсетті .

Кей елдерде мемлекеттік органдар жекешелендіру бағдарламаларын әзірлейді, ал олардың жүзеге асырылуы жеке кәсіпорындарды және тұтастай экономикалық салаларды дағдарыстан  шығаруға немесе  оны  болдырмауға  бағытталған  оң шаралар ретінде қарастырылады. Ондай жекешелендірудің мақсаты кәсіпорындардың жаңа, жетілдірілген құрылымдарын іздеу, олардың бәсекеқабілеттілігін және тиімділігін жоғарылату. Жекешелендірудің әр елде өз ерекшеліктері бар. Мысалы, Ұлыбританиядағы жекешелендіруге тән белгі болып бірыңғайлылық, Германияда сақтық, Италияда анық көрсетілген прагматизм табылады. Чехия Республикасындағы жекешелендірудің басты мақсаты-жеке меншік бөлігіндегі мемлекеттің үлесін азайту және мемлекеттік мүліктің үлес салмағын 10- 15 % - ға дейін жеткізу болды .

Дамыған елдердің банкроттық туралы заңдылық негіздерінің мұқият әзірленгендігі, олардың үнемі дамуда болуы, нарықтық шаруашылық жүргізудің өзгермелі жағдайларына бейімделуі көп жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеудің көп жылдық тәжірибесімен шартталған. Сонымен қатар, көптеген елдің банкроттық заңдылығы мазмұнының ортақтығына қарамастан, әрбір мемлекеттің экономикасына тән өз ерекшеліктері тән.

Америкалық құқық институтымен құрастырылған үлгілік қылмыстық кодексте американ штаттарына жаңа қылмыстық кодекс құрастыру барысында оған "Төлем қабілетсіздік жағдайындағы жалғандық" атты бап қосылу ұсынылған. Бұл бапта кәсіпорынды әдейі банкроттыққа ұшыратқан тұлғалардың жауапқа тартылатыны ашық ұсынылған. Американ штаттарының заң шығару жиналыстарының көбісі қылмыстық заң реформасын жүзеге асыруда үлгілік қылмыстық кодекске бағдарланып, банкроттық заңдылығын жасауда банкроттық кезіндегі жауапкершіліктің сол түрін де қамтыған.

Француз заңы бойынша «дәрменсіздік» ұғымы тек алыпсатарларға қолданылады, сондықтан саудаға жатпайтын маман тұлғаларға банкроттық жайлы ережелер колданылмайды. Англо-американдық құкық, сондай-ақ Германия заңы бойынша «дәрменсіздік» ұғымы сауда жұмыстарының тұлғаларымен шектелмейді, сондықтан банкроттық субъектісі болып төлеуді тоқтатқан борышқор болады. Швециялық қылмыстық кодексте төлем қабілетсіздікке әкелетін әрекеттер жасайтын борышқордың жауаптылығы қарастырылады.

Тағы бір айта кететін жайт, дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеудің әртүрлі елдердегі ұлттық механизмдері бір-біріне ұқсамайтыны соншалық, әлі күнге дейін бірегей нұсқаулар, бұл механизм стандарттары әлі әзірленбеген. Әлем елдеріндегі дағдарысқа қарсы басқарудың мемлекеттік механизмін шартты түрде бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады. Негізгі мүддесі - борышқор кәсіпорындарды қорғайтын заңдылықтар да бар. Бейтарап немесе мүдделерді «фифти-фифти» түрінде қарастыратын заңдылықтар да бар. Ақырында, радикалды кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға ұмтылатын заңдылықтар да бар.

Ресей Федерациясының «Кәсіпорындардың төлемқабілетсіздігі (банкроттығы) туралы» Заңы алғаш рет 1992 жылдың 19 - қарашасында қабылданды да, үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізілумен болды. Нәтижесінде 1998 жылдың 8-қаңтарында «Кәсіпорындардың төлемқабілетсіздігі (банкроттығы) туралы» Заң қайта қабылданды. Осы заңға сәйкес «төлемқабілетсіздік (банкроттық) арбитрлық сотпен немесе борышкердің жариялауымен кредиторларға ақша міндеттемелерін және (немесе) міндетті төлемдерін толық көлемде қанағаттандыра алмау қабілетсіздігі» деп анықталады.

Бұл елде заңды тұлғаның үш ай көлемінде кредиторлардың акша қаражаттары бойынша және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді төлей алмауы банкроттық белгісі болады. Арбиторлық сот кәсіпорынның құрылтай құжаттарында көрсетілген орналасқан орны бойынша төлем қабілетсіздік туралы істі жүргізеді. Арбиторлық сотқа борышкердің жиынтық қарызы еңбек ақы төлеудің ең аз көлемінен 500 есе артып кетсе өтінішпен баруға болады. Заң кәсіпорынды таратып жіберуді мақсат етпейді. Кәсіпорынның қызметін сауықтырудың мүмкіншіліктері бар болса, төрелік сот борышкердің мүлкін басқаратын конкурстық басқарушыны анықтайды. Конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінде бекітілген жоспар бойынша сауықтыру шараларын жүргізеді. Конкурстық басқару 12 айдан аспайтын мерзімге бекітіледі, ерекше жағдайларда бұл уақыт 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Кәсіпорын санацияның екі түрін ажыратады.

Санацияның бірінші түрі қарызды қайта ұйымдастыруға бағытталған (санация жүргізілетін занды тұлғаның мәртебесі өзгертілмейді). Мұндай санация кәсіпорынға, егер оның дағдарыстық жағдайы уақытша құбылыс түрінде қарастырылса, төлем қабілетсіздігін жоюға көмектесу үшін жүргізіледі.

Санацияның екінші түрі бойынша заңды тұлғаның мәртебесі, меншік түрі, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгертіледі. Кәсіпорында жүргізілген санация жұмыстары күткен нәтижеге жеткізбесе, онда ол банкрот деп жарияланады. Арбиторлық соттың шешімімен тарату үрдістерін өткізу үшін арнайы комиссия құрылады. Банкроттық жағдайындағы тарату жұмыстары келесі кезекте жүргізіледі:

  • баланстық және нарықтық құны бойынша  банкрот - кәсіпорынның мүлкі бағаланады;
  • тарату массасы анықталады;
  • мүлікті сатудың ең тиімді нысаны анықталады;
  • кредиторлар талаптарын қанағаттандыру орындалады;

- тарату комиссиясы кредиторлардың барлық талаптары қанағаттандырылған соң арбиторлық сотқа тарату балансын жасайды.

Кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың өз кезегі бар: біріншіден арбиторлық соттың, тарату комиссиясының, мүлікті бөлушілердің, кепілдікпен қамтамасыз етілген кредиторлардың талаптары орындалады. Сосын кәсіпорынның өз жұмыскерлері алдындағы міндеттемелерін, жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтарды, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді, зейнетақы аударылымдарын, кепілмен қамтамасыз етілмеген кредиторлар талаптарын төлеу жүргізіледі. Әр келесі кезектегі кредитордың талабы тек алдыңғысы төленген соң ғана орындалады. Мүлікті сатқаннан кейінгі қаржылар жетпей жатса, талаптар пропорционалды түрде тең бөлініп, орындалады .

Қазақстан Республикасында банкроттықты реттейтін негізгі заң болып, 1997 жылдың 21 қаңтарында қабылданған «Банкроттық туралы» табылады. Бұл заңға уақыт талабына сай үнемі өзгерістер енгізіліп келеді. ҚР-сы банкроттылық заңдылығы кредитор мүддесін қорғауға көбірек бағытталған. Себебі кредиторлар мүддесі қаншалықты белсенді қорғалса, соғұрлым экономика инвестициялар үшін тартымды. Ал, бұл көкейкесті мәселе.

Заң қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істерге қолданылады.

Кредитордың борышкерге қоятын талаптары жиынтығында жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмаса, банкроттық туралы істерді сот қарайды. Кредиторлардың борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсімдерін өткізу туралы органға арыз беріп, өтініш жасауына борышкердің төлем қабілетсіздігі негіз болып табылады. Егер борышкер міндеттемесін орындау мерзімі жеткен кезден бастап үш ай ішінде орындамаса, ол төлеуге қабілетсіз деп есептеледі .

Борышкердің өзін банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсімдерін өткізу туралы уәкілетті органға арыз беріп өтініш жасауына оның дәрменсіздігі негіз болып табылады. Оңалту рәсімі шеңберінде дәрменсіз борышкерге кез - келген қайта ұйымдастырушылық, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтык және борышкердің таратылуын болдырмау мақсатында оның төлем кабілетін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолданылады. Борышкер өзі оңалту үрдісінің жоспарын ұсынса, кредиторлар комитеті мен уәкілетті орган мақұлдаса, бес күннен кешіктірмей оңалту жоспарын бекіту және борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым шығарылады. Тарату үрдістеріне мыналар жатады: кредиторлар бақылауымен, дәрменсіз кәсіпорынның еркімен таратылады және борышкер кәсіпорынды күштеп тарату.

Информация о работе Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару