Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2015 в 20:54, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................3

I. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................6
1.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны ........................................................................................................................6
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде................................................................16
1.3 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және отандық
тәжірибелері...........................................................................................22


ІІ. ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ .........................38
2.1. Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің
дамуын талдау....................................................................................38
2.2. «Алматы кілем» АҚ-ның қаржылық сипаттамасы және дағдарысқа
қарсы басқаруын талдау....................................................................58
ІІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ..................70
3.1. Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару
механизмінің стратегиясы ...................................................................70
3.2. Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары.... ................................................................................................................76

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................77
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................81

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорындағы-дағдарысқа-қарсы-басқару.doc

— 809.00 Кб (Скачать документ)

4 кесте -  ҚР-сы тоқыма  және кілем өнеркәсібіндегі натуралдық өлшемі мен өнім өндірісі

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2003 жыл

2004 жыл.

 

Өткен пайызбен

 жылға   (%)

1.

Кардо немесе  тарақпен түгілген майсызданған жуылған жүн

 

тонна

 

4707

 

6762

 

 

144

2.

Мақта талшығы, кардо және тарақпен түгілген

 

тонна

 

137364

 

131942

 

 

96

3.

Маталар-барлығы

мың шаршы метр

 

19162,9

 

22975,5

 

 

120

4.

Арнайы   маталардан   басқа, мақта маталары

мың

шаршы метр

14204

19926

 

140

5.

Төсек жаймалар

мың дана

1727,8

1599,8

 

93

6.

Кілемдер мен         кілем бұйымдары

мың шаршы метр

133,6

97,7

 

73

7.

Киіз

тонна

248

378

 

150

8.

Машинамен   және  қолмен тоқылған тоқыма шұлықтар

мың

дана

3007,8

2396,4

 

80

9.

Ерлер мен ер балаларға арналған сырт киімдер, трикотаждан басқа

дана

265866

291492

 

110

10.

Әйелдер мен  қыздарға арналған      сырт киімдер, трикотаждан басқа

дана

422415

409169

 

97

11.

Бөлшек саудаға арнап өлшеп оралмаған жүн иірім жібі

тонна

389

389

 

100

12.

Бөлшек саудаға арнап өлшеп оралмаған мақта иірім жібі

тонна

2452

3743

 

153


Ескертпе:

-  ҚР статистикалық  Агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген:

 

Статистика агенттігінің ақпараттары бойынша азық-түлік емес тұтыну тауарларына шығындар жалпы тұтыну шығындарының ішінде келесідей үлес салмақтарын иемденеді екен: киім, мата және аяқ киім алуға 43-49%, үй үшін әртүрлі тауарлар-11-12%, көлік құралдарына бензин, қосалқы бөлшектер-8-11%, дәрі және медикаменттерге-6-8% .

2003 жылғы саладағы дамуды біз экономикалық қауіпті деп 
бағалаймыз.    2004    жылғы   жедел   деректерге    сүйенсек,    салада 
экономикалық өсу нышандары болғанымен, аяғына тік тұрды деп 
айтуға әлі ертерек болар еді.

Келесі тауар топтары бойынша арту қарқыны анықталған: кардо немесе тарақпен түтілген майсызданған жуылған жүн, маталар, арнайы маталардан басқа, мақта маталары, киіз, ерлер мен ер балаларға арналған сырт киімдер, бөлшек саудаға арнап өлшеп оралмаған жүн иірім жібі. Қарастырылған тауарлық топтар бойынша өнім шығаратын тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дамуына кедергі болып, ішкі нарықта арзан импорттық тауарлардың басым болуы табылады.

Осы мәселенің оң шешімі отандық нарықтан азықтық емес тауарлардың импорттық арзан баламаларын ығыстыратын бәсекеқабілетті өнімді шығаруды ұйымдастыру деп ойлаймыз.

Отандық тауар өндірушілерге бәсекеқабілетті өнім шығаруда нақты қолдау көрсету үшін 2003 жылы «2003 - 2004 жылдарға арналған жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларындағы импортты алмастыру бағдарламасы» қабылданған болатын. Бұл бағдарламаның кұжатта жеңіл және тамақ өнеркәсібінің дамуының басым бағыттары аныкталып, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін ірі тауарлар топтары бекітілген болатын. Оларға мақта-мата және жүн тоқыма жіптері жатқызылды .

Берілген шаралардың бір бөлігі тәжірибелік маңызға ие болып, нақты сипат алды. Оларға келесі шараларды жатқызуға болады:

-франчайзингтік қызмет  көрсету нарығын, оның аспекгілерін, сыйымдылығын, қозғалу механизмдерін зерттеу;

-импорт алмастыру бағдарламасының  басымды бағыттарына кіретін  кәсіпорындар басшыларына, өндірісті  қайта жандандыру мен дамуы  үшін, лизингті пайдалануды ұсыну.

Сонымен қоса, бұл бағдарламалық құжатта, басымдылықтарға сәйкес, жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын жеңілдікті несиелеу механизімі қарастырылды. Несиелеу мемлекеттік бюджет қорларынан, тек екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Банктер толық жауапкершілікті жобалық тәуекелді өздеріне алып және бюджет қаражаттарының қайтарылуына кепілдік беруі керек еді.

Мұнда таң қаларлық жағдай қалыптасты. Ақшаның қайтарылуына жауапкершілік банк мойнында болғанымен, несие алу үшін рұқсатты кәсіпкер ҚР экономика және сауда Министірлігінен алуы қажет және де Министрлік және басқа ынталы органдар кәсіпкерге жоба бойынша оңтайлы тұжырым берсе де, бұл банк несие беретіндігінің кепілі болып табылмады.

Сөйтіп нәтижесінде жеңілдікті несиенің құны, қосымша рұқсаттарды есепке алғанда, бірнеше рет артады, сондықтан кәсіпкерге қарапайым коммерциялық несиені банктен алғаны тиімді болып қалды .

Қазір осы - бағдарламаның қорытындыларын талдай отырып, кейбір кемшіліктеріне қарамай - ақ бағдарламаның негізгі бағыттарының орындалуы тоқыма және тігін өнеркәсібі саласында белгілі йымдастырушылық - экономикалық ұмтылыстарға қол жеткізді деп айтуға болады.

Тоқыма және кілем өнеркәсібінде ең үлкен өндіріс көлемінің өсуі келесі өнім түрлерінде байқалады:

  • сыртқы тоқыма киімдер;
  • бөбектерге арналған тоқыма киімдер;
  • трикотаж іш киімдер;
  • жүн тоқыма жіптері;
  • былғары шикізаты;
  • спорт және қорғаныс киімдері.

Жүргізілген зерттеулер сала кәсіпорындары өндіре алатын бәсеке қабілетті, тұтынушылар сұранысына ие тауарлар тобына төсек жаймасын тігу жататынын көрсетті.

Ішкі нарық арзан және ортаң қолды тауарларға толы десек қателеспейміз. Қалалық және ауылдық елді мекендерге Қытай, Түркия және басқа елдерден алып келінетін арзан тауарлық бұйымдар Қазақстанның табиғат жағдайында тез тозып, жарамсызданады.

Ақырғы және аралық өнім өндіруші салаларының жағдайы қиын болып отыр. Тоқыма және кілем өнеркәсібінде технологиялық артта қалу мәселесі шешуін күтуде. Негізгі құралдарды жаңартпай, өндірістің техникалық деңгейін ары қарай дамыту мүмкін еместігін білсек те, көп кәсіпорындардың қазіргі қаржылық жағдайы техникалық қайта жарақтандыруды көтере алмайтынын айта кетуіміз керек. Қазіргі кезде отандық тоқыма және кілем өнеркәсібі салаларының негізгі капиталының тозу деңгейі 50 % - ға жетті. Саусақпен санарлықтай кәсіпорындар ғана заман талаптарына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған, кәсіпорындардың 1/3 - інде жаңа құралдардың толық тізбегі болмаса да, жаңа элементтері бар. Қалған кәсіпорындарда 20-30 жылғы құрал - жабдықтар пайдаланады.

Осы ретте Қазақстан аймағында тоқыма және кілем өнеркәсібі үшін құрал-жабдықтардың шығарылмайтынын, шығарылатын кейбір станоктардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің төмен екенін, ал бағасының шарықтап тұрғанын айта кету өте орынды деп есептейміз. Импорттық, еңбек өнімділігі жоғары және үнемді құрал - жабдықты сатып алуға, қайталап айтамыз, кәсіпорындардың төмен қаржылық жағдайы қолды байлайды.

Саладағы экономикалық қауіпті жағдайдың қалыптасуына бұрынғы, көбіне рационалды емес, шарушылық байланыстардың үзілуін жатқызуға болады. ТМД елдерінен келетін мата импорты қысқарды. Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстандағы күштеп мақта өсіруге негізделген, нәтижесінде үлкен аудандар улы химикаттармен уланған, Аралдың тартылуынан себеп болған мономәдениеттің жойылуы нәтижесінде мақта өсірудің қысқаруы және әлемдік бағаға көшу тоқымамен айналысушыларды қапыда қалдырды. Ескірген кұрал-жабдық максималды көлемде, сұраныс жоқ, енсіз және сирек стандартты маталардың максималды погон метрлерін өндіру жағдайы қалыптасқан кез болды (дәл осы көрсеткіш жоғарыдан жоспарланатын). Бартер арқылы шикізат алу шаралары нәтижесіз аяқталды. Жеңілдікті бағамен алған мақта, әлемдік нарықта қайта сатылып тоқымашыларға түспеді. Мақта - мата және аяқ-киім өндірушілерін біріктіретін трансұлттық компания (ТҮК) құру туралы келісім әлі іске асқан жоқ.

Екінші мәселе бақыланбайтын, реттелмейтін импортпен байланысты. Киім, тиркотаж, аяқ-киімнің 3/4 бөлігі ұйымдастырылмаған нарықта (негізінде Қытай, Түркиядан келеді) сатып алынады. Біздің кәсіпорындар баға тұрғысынан импорттық тоқыма, киім өнімдерімен бәсекеге түсе алмайды. Қазір бәсекенің негізгі бөлігі импорттық өнімдерге, негізінен Қытай өнімдеріне тиеді .

Алыс және жақын шетелдерден келетін импорттық тоқыма өнімдерінің сапасы көбінесе төмен болып, тігістері ажырап жатады. 2003-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем өнеркәсібінің экспорт және импорт көлемі 5 - кестеде көрсетілген.

5 кесте - Қазақстан Республикасының  тоқыма және кілем өнеркәсібі  бойынша экспорт және импорт

(млн. доллар)

Көрсеткіштер

Экспорт

Импорт

 

 

   

2003

2004

   

2003 жыл

2004

1

Тоқыма және тоқыма өнімдер, барлығы

   

115

120

   

72,8

76

2

ТМД елдері

   

50

53

   

32,6

35

3

ТМД-дан тыс елдер

   

65

67

   

39,7

41


Ескертпе:

-  ҚР статистикалық  Агенттігінің мәліметтері бойынша  есептелген.

5 кестеден қарастырылып отырған жылдары, тоқыма және тоқыма өнімдері экспорты жоғарылағанын, ал импорттың арту деңгейі экспортқа қарағанда аз болғанын көреміз.   Жоғары сапалы отандық тауарлар импорттық балама тауарларға қарағанда 30-40%-ға қымбат. Сонымен қоса, қазір маталар, тоқыма жіптер және тоқыма полотнолар аса шектеклеген көлем мен ассортиментте шығарылып, отандық тауар өндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Оларды алып кіргізуге кедендік баж 5-20%-ға дейін болады, нәтижесінде тоқыма және кілем кәсіпорындарының өнімінің қымбаттауына әкеледі. 2003 жылы сыртқы сауда айналымында тоқыма және кілем өнеркәсібі тауарларының үлесі бар болғаны 2,1%-ды құрады. Басқаша сөзбен айтқанда, еліміздің тоқыма және кілем өнеркәсібі халық шаруашылық маңызы жоқ салаға жатады. Қарастырылып отырған саланың тауарлар экспорты 6 кестеде көрсетіледі.

Кедендік декларациялар ақпараттары бойынша есептелген бұл кестеде 2004 жылғы тоқыма және кілем өнеркәсібіндегі тауарлар экспорты 136879,6 мың долларды, ал импорт (7 кестеде көрсеттік) 81082,4 мың долларды құрады, яғни тауарлардың осы тобы бойынша оң баланс бар .

6-кесте - Қазақстан Республикасының  тоқыма және кілем өнеркәсібінің  тауарлар экспорты

(мың доллар)

Көрсеткіштер

2003

жыл

2004

жыл

2004 ж. 2003 ж - ға  % - бен

1.

Мақта талшығы

84716,3

101328

119,6

2

Мақта-мата иірілген жібі

15,3

111,6

729,4

3.

Жүннен иірілген жіп

-

21,8

-

4.

Қаптар, брезент

146,6

441,2

301,0

5.

Басқа  да  тоқыма материалдары

588,5

64,6

11,0

6.

Өндірістік - техникалық бағыттағы өнім, барлығы

113023,4

129587

114,7

7.

Маталар, мата  емес материалдар

1357,2

2249,8

165,8

8.

Тоқыма бұйымдары

456,8

502

109,9

9.

Шұлық бұйымдары

49,4

135

273,3

10.

Тоқыма, тігін бұйымдары

1002

629,4

62,8

11.

Көрпелер, ас   үй орамалдары

487

-

-

12.

Кілем және кілем бұйымдары

92,6

10,4

11,2

13.

Басқа да бұйымдар

48,4

1

2,1

14.

Ақырғы тұтыну тауарлары

6091,4

7292,6

119,7

15.

Барлық өнім

119114,8

136879,6

114,9

16.

Ақырғы өнім үлесі

5,1%

5,3%

103,9

Информация о работе Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару