Шпаргалка по дисциплине "Экономика предприятия"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 19:57, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Экономика предприятия".

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ekonomika_predpriatii (1).docx

— 243.24 Кб (Скачать документ)

Өнімнің сапасын басқаруды  жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:

• өнімнің сапалылығын  басқару  жүйесіне  маркетинг  қызметі механизмін қосу;

•  тұтынушыға   және   барлық   өндірістік   қызметтерде  сапаны басқару жүйесін қалай  бағыттау;

•  өнімнің   өмірлік   кезеңінің   барлық   белестеріндегі сапаны  басқару   жүйесіндегі  механизм  әсерлерді күшейту.

Сапаны басқару жүйесін  енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді  шешуге мүмкіндік береді:

•  жоғары сапалы өнімнің  тұрақтылығын қамтамасыз ету;

• өнім көлемін ұлғайту  және оны сататын нарықты                                                                                                     (рынокты) табу;

•  жоғары   бағада   сататын   өнімді   көбейту   мүмкінділігін қарастыру;

• өнімнің бәсекеге  жарамдылығы  және  қаржы  жағдайының   тұрақтылығы   жөніндегі   проблемаларды шешу.

Сонымен,  өнімнің  сапасын   басқару   әрбір  кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.

 

• Кәсіпорындарда шығарылатын  өнімдердің сапасы — нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып  табылады, себебі, нарықтық саралымды  кеңейтуді,   кәсіпорынды   жаңдандыруды,   пайданың   артуын қамтамасыз етеді.

• Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі  жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін  қамтиды —  жобалаудан бастап жұмысшыларға  және кәдеге жараттуға дейін.

• Өнімнің сапасын басқару  стандарттауға негізделеді Ол ұлттық   шаруашылықтың,   халықтық,   қорғаныстың,   экспорттың   қажеттілігі   үшін   дайындалатын  өнімдерге   үдемелі  талаптарды  анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.

•  Дайындалған   өнімнің   сапасының   түпкілікті   бағалылығы   сертификат  көмегімен   жүзеге  асырылады, өнімді  сапауды,  тиісті  сертификат беруді,  бағалау сынағының   көмегіен   кейінгі   өндірістің   жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.

•  Өнімнің   сапасын   басқаруда   нормативтік   актілерді  іске  асыру  сапаны  және  өнім  қауіпсіздігі  заңдылығын  қамтамасыз  етуде  тиімділік  жүйені  ұйымдастыруды   талап   етеді.  Шетелдік   және   отандық практиканы   еске  ала   отырып,  құрылған  өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының  аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың   құқықтарының   бұзылуында   құқықтарын   және   мүдделерін   қорғаудан тұрады.

84. Өнімді стандарттау

Стандарт — бұл қағида бойынша  көптеген мүдделі жақтардың елеулі моселелерге қарсылық білдіруді  сипаттайтын, келісуішлік негізінде  әзірленетін және танылған органдардың  бөкітетін норматитік құжаты. Бұл  жалпыға бірдей және қайта пайдалану  ережесі үшін стандарттаудың белгілі  бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі  салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы  деңгейге жетуге бағытталады.Республикада қолдапылып жүрген стандарттың жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді:

Біріншіден,  заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтық денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді.

 

Үшіншіден, стандарттың жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.Мемлекеттік  стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды  қамтамысыз етеді.Стандарттау —  бұл ең ұтымды нормаларды табатын  қызмет, ал содан соқ стандарттың  үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі  талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің  базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.

Қазақстан  Республикасында  стандарттау  жөнінде  мынадай нормативтік  құжаттар бар:

•  Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост);

•  салалық стандарттар (ССТ);

•  техникалық жағдайлар (ТЖ);

• кәсіпорындар,   бірлестіктер,   қауымдастықтар,  концерндер стандарттары;

•   ғылыми-техникалық   қоғамдар,   инженерлік   одақтар және басқа  да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның  өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын  қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының  мүддесін қорғау.Республикамызда өндірілетін  және шет елдерден әкелінетін азық-түлік  пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың  адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін  өнімнің және көрсетілетін қызметтің  сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.ҚР –  ның мемлекеттік сертификаттау  жүйесінде сертификаттау мына принципте  жүргізіледі:

  • өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
  • өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
  • сынақтың кәсіби түрде өтуі;
  • шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
  • өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;
  • сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сертификат уақытының біткендігі, жойылғандығы  жөніндегі ақпарат;
  • сертификаттау объектілерінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;
  • сертификаттау жұмысында ИСО/ХЭК аймақтық ұйымдардың, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
  • ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдік сертификаттау органдарының аккредитацияланған сынақ зертханаларының сертификатталатын және сәйкестік белгісін ҚР-да тану.

85. Өнімді сертификациялау

Қазіргі кезде өнеркәсіп өнімдерін  сертификаттауға көп көңіл бөлінеді. Өнімдерді сертификаттау арқылы олардың сапасын арттырады, ішкі және сыртқы саудадағы бәсекелестігін өсіреді.Европалық экономикалық комиссияның (ЕЭК) анықтамасы бойынша, сертификаттау  деп "өнім немесе қызмет түрлерінің белгілі стандарттарға және техникалық шарттарға сай екендігін сәйкестік  сертификат немесе сәйкестік белгі  арқылы растауды" айтады, басқаша  айтқанда, сертификаттау - өнімнің стандартқа немесе басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сай екендігінің кепілдігі.

Халықаралық тәжірибеде сертификаттаудың екі түрі қабылданған:

1) сертификаттау (немесе "өндірушінің  мәлімдемесі"),

2) "үшінші жақ тарапынан"  сертификаттау.

Сертификаттаудың бірінші түрі көбінесе АҚШ пен Канадада көп  тараған; мұнда өндіруші өнімін өзі  сынап, өңімнің стандартқа сай екендігі туралы сертификаттар толтырып немесе сертификат белгісін қойып мәлімдейді. Бұл жағдайда өнім қандай сынақтардан  өткізілгені туралы аппараттар тұтынушыларға  беріледі.

"Үшінші жақ тарапынан"  сертификаттау сертификаттаудың  көбірек тараған түрі. Мұнда өнімді  сынақтан өткізуді және сертификаттауды  өндірушілер мен тұтынушыларға  тәуелсіз әділетті органдар жүргізеді;  әдетте мұндай органдар сынақтың  ресми орталықтары (лаборатория,  институт) немесе стандарттау ұйымдары  болады.

86. Өнімге, жұмысқа және қызметке белгіленетін баға түрлері

БАҒА  — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Өнімнің бағасы.Баға ─ өнімнің құндық ақшалай сипаттамасы болып табылатын экономикалық категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар:

  1. өндіріс жалпы шығыны;
  2. қоғамдық еңбек шығыны;
  3. өнім саны;
  4. өнім қызметі мен қасиеті;
  5. персоналдың квалификациясы;
  6. өндірістің технологиялық деңгейі;
  7. Мемлекеттің салық туралы заңы;
  8. Өнімді тасымалдау жәнесақтаумен байланысты шығындар;
  9. Өнімді өткізу үшін ғимараттар арендасымен байланысты шығындар;
  10. Өнімнің орамы;
  11. Фирманың танымалдылығы;
  12. Сервистік және кепілдік қызмет көрсетуінің деңгейі;
  13. Фирманың маркетингтік қызметі;
  14. Өнімге сұраныс пен ұсыныс;
  15. Фирманың садалық баға стратегиясы.

 

Бағаның түрлері:

  1. Көтерме баға – кәсіпорын үлкен мөлшерде басқа кәсіпорындарға, сауда ұйымдарына өткізеді;
  2. Контракты баға сатушылар мен сатып алушылар арасында келіссөздер барысында тағайындалатын баға;
  3. Дайындау бағасы – ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу;
  4. бөлшек сауда ьағасы – тұрғындарға сату бағасы;
  5. Өзгермелі   баға   дайындалатын  бұымдарға  сауда     мәмілесінде ұзақ уақыт белгіленетін баға, осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті  уақыт  ішінде  өндіріс  шығынының өзгеруін есепке           алуға  мүмкіндік  беретін  өзгермелі  принципке  негізделген.

87. Нарықтық экономика жағдайындағы бағаны мемлекеттік реттеу

Нарық   жағдайында  бағаны  мемлекеттік  реттеу  белгілі  бір  жүйемен  жүргізіледі:

  1. Үкімет  органдары  тарапынан  бағаларды  бақылап  отыру.  Оның мақсаты – еңбек  ақы  мен  зейнетақының  жылма-жылғы  номинальды көтерілуінің  индексін  белгілеу  үшін өмір  сүру  құнының өсуін, сонымен  қатар,  бағаның  көтерілуі  өндіріс  шығындарына  және  ұлттық бәсекелестік  қабілетіне  қалай  әсер  ететінін  анықтау. Бақылаумен орталық  статистика  басқармасы  айналысады.
  2. Бағаға  жанама  әсер  ету.  Оның  мәні  сыртқы  саудада  белгілі  бір сандық  және  кедендік  шектеулерді  немесе  алып  тастауда,  есеп нарқын  өзгертуде,  салықтардың  түрін  өзгертуде,  ақша  эмиссиясының мөлшерін  көбейтуде  немесе  азайтуда   тұр.
  3. Бағаны  белгілеу  мен   тұрақтандыру  процестерінде  мемлекеттік араласу.  Бұл  арада  әңгіме  мемлекеттік  органдар  рұқсат  беретін өндіріс  шығындарын    тым  арттыру,  яғни  өзіндік  құнға  тым арттырылған  амортизациялы  шығындарды  кіргізу  және  басқа қорларға  аудару  туралы  болып   отыр.
  4. Бағадағы  жетекшілік.  Бұндай  құбылыс  тауарлар  немесе  қызметтерді өндіретін   мемлекеттің  үлесі  едәуір  салаларда  байқалады.  Бұндай жағдайларда  мемлекеттік  органдар  тауарлар  мен  қызметтерді өндіруші  фирмалармен  келісім  бойынша  шартты  баға  белгілейді, кейін   ол  баға  бүкіл  өндіріс   саласы  үшін  негізгі  баға  болып табылады. 
  5. Бағаға  тікелей  мемлекеттік  әсер  ету.  Оны  жеке  өндірушілердің шығындарын   азайту  үшін  жұмсалатын  мемлекеттік жәрдемақы құрайды.

   Қазақстан Республикасының  халықаралық экономикалық қатынастарын  дамытуда орталықтандырылған валюта  қорларын қалыптастыру және пайдалану  арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды  қаржылық реттеу маңызды рөл  атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің  ырықтануы жағдайында валюта  түсімдерінің негізгі көлемі  кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға  мемлекеттің қатысуы және ұлттық  валюта - теңгені нығайту үшін  бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы құрамындағы  әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде  де орталықтандырылған валюта  қорлары құрылады. Ұлттық валюталық  жүйенің шегінде ХВҚ арқылы  мемлекет аралық реттеу объектісі   болып саналатын валютамен жасалатын  операцияларға шек қою, яғни  валюталық шектеу енгізілуде.

 

88. Кәсіпорын қаржысы түсінігі мен функциялары

Кәсіпорындарменұйымдардыңқаржысы–біртұтасқаржыжүйесініңқұрамдасбөлігі. Елдегі ақшақатынастарыныңмаңыздысаласын, атапайтқанда, материалдықөндірістің ақшақатынастарын қамтитындықтан, олар қаржыныңнегізгі, бастапқыбөлігіболыптабылады. Өйткенінақсондажиынтық қоғамдық  өнім, ұлттықтабысжәнеұлттықбайлықжасалады. Бұлар–халықтыңқажеттері, өндірістікемессалалардыңматериалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайыөндіріспроцесі қамтамасызетілетінбірден біркөздер.

Кәсіпорындардың қаржысы ақшатүрінде ұлғаймалы ұдайыөндірістіңнегізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына  сәйкесіскеасырылуынасептігінтигізеді. Олардымемлекетхалықшаруашылығындамытуүшінқажеттіақшалай  табыстарменқорлардыбөліп, пайдалануға қолданады. Кәсіпорындар, ұйымдардың дұрысжолға қойылған қаржысынсыз  экономикалық  дамуы мүмкін  емес. Кәсіпорындардың қаржысы халықшаруашылығын басқару жүйесінің, экономиканы өзгертудің аса маңыздықұралы. Өндірістік қатынастардың бірбөлігіретінде олар басқаөндірістік қатынастармен бірге халық шаруашылығын басқаруға төменгі  буындардың шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелейәсеретеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардыңқаржысы мыналар: кәсіпорындар, ұйымдар, бірлестіктер, концерндер, ассоциациялардыңсалалықминистрліктерменбасқа шаруашылық  органдардың, өнеркәсіп,  ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалаутұргынүй–коммуналдық қызметін жүзегеасырушы шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың ( оныңішінде ұжымдықшаруашылықтардың халыққақызмет көрсетудің, байланыстың, қоғамдық тамақтандырудың) қаржыларынқамтиды.

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Экономика предприятия"