Еңбек нәтижесі негізінде төленетін
сыйақылар жүйесі, кәсіподақтың араласуымен
өзінің бастапқы маңызын жойды. Қазіргі
кезде сыйақының жылдық сомасы тек
төрт жалақы мөлшеріне тең.
Зейнеткерлікке ерте шыққан жағдайда
төленетін төлемақы 5 жылдық жалақының
орнын толтыруы тиіс (55 пен 60 жастың
аралығында зейнеткер жасына жеткенше).
Сонымен, жалақы деңгейін анықтайтын
басты критерий болып, біріншіден –
жұмыс сапасы, ал әр жұмысқа күрделілігіне
және оны орындауға қажетті біліктілікке
қарай белгілі ранг беріледі. Екіншіден
– адамның іскерлік қабілетін
дамытатын, қызмет лауазымының өсуін
ынталандыратын жалақыны жүйелі түрде
өсіру; Бұл жағдаймен таныс әрбір
жұмысшы белгілі мақсатқа жету үшін
барынша тырысады. Үшіншіден - әрбір
жұмысшыны «нақты табыс» негізінде
жеке бағалау жүйесі пайдаланылады.
Бұл жүйе әрбір жұмысшы еңбегін
объективті бағалауға мүмкіндік
береді. Төртіншіден - қолданылатын сыйақы
жүйелерінде сыйақы алатын жұмысшының
жұмыстағы нақты табысы есепке алынады.
Жапонияның жалақы құрылымы – негізгі
және қосымша жалақыдан, лауазымдық
төлемақыдан (4 рангтен бастап), түнгі
және артық істелген жұмыстар үшін
төленетін ерекше төлемақылар, отбасына,
тұрғын үйге, жұмысқа барып-келу жолақысынан
құралады. (37. 40 бет). Оны құру механизмі
қарапайым емес, ол үшін үш коэффициент
пайдаланылады:
Кб х Кжт х Кз = Ре (8)
мұнда: Ре - жұмысшы рейтингі;
Кб - білімділік деңгейі, ол жұмысшы
білімінің өсуімен пропор-ционалды
байланыста, жұмысшының жаңалық енгізу
мен өнертапқыштықтағы үлесі;
Кжт - жұмыс өтілін сипаттайды, бірінші
жылдары кадрлар тұрақ-сыздығын
болдырмау, жыл сайын жалақының
белгілі бір пайызға көтерілуін
қамтамасыз ету;
Кз - маңыздылық коэффициенті. Жұмысшының
кәсіпорын құры-лымындағы орнын
көрсетеді. Бірыңғай тариф сеткаларына
өткен кәсіпорындар үшін, бұл коэффициент
олардың разрядына тең.
Бұл жағдай жұмысшылар арасында рейтинг
үшін бәсекелестікті күшейтеді. Әрбір
жұмысшы өз еңбегінің нәтижесін
көреді.
Өндіріс процессі динамикасын жақсы
бақылау үшін тағы 3 өзгермелі коэффициент
ендіру қажет:
З = Збаз х Ре х Кп х Кжс х
Ксқт ; (9)
мұнда Збаз - жалақының базалық
ставкасы;
Кп - жұмысшы еңбегінің сандық және
сапалық бағасын сипаттайды. Ол жұмыс
жасаған уақытпен пропорционалды;
Кжс - қәсіпорындағы қолданыстағы
стандарттар негізіндегі жұмыс
сапасы;
Ксқт - сақтандыру, жұмысқа жаңадан
қабылданғандарға еңбек ақы төлеу
үшін және білім коэффициенті көтеру
үшін жасалған қор.
Еңбек ақы төлеудің бұл жүйесінің
артықшылықтары - еңбектің соңғы нәтижесі
мен жұмысшының жеке үлесінің арасындағы
байланыс автоматты түрде шешімін
табады, жалақының ешқандай кедергісіз
өсу болашағы көрініп тұрады, ол
жұмысшыларды өндіріске жаңалықтар
мен прогрессивті әдістерді ендіруге
ынталандырады. Қазіргі кезде жалақыны
жекелеу (индивидуализация) формасы
болп табылатын бонустар жүйесі кеңінен
тарай бастады.
Оның ерекшелігі жұмысшының ерекше
нәтижелеріне берілетін сый ақы
негізгі жалақыға қосылмайды. Бонустың
бірнеше артықшылықтары бар, олар:
- мотивацияның жоғары деңгейі,
артта қалған жұмысшылардың өздерін
жоғары еңбек өнімділігіне ұмтылдырады,
себебі нақты нәтижелер ғана
есепке алынады ;
- икемділік, инфляция индексіне
тәуелді емес, бонустар көлемінің
өзгеруі, олар таратылатын жұмысшылар
санына байланысты ;
- қолданыстағы басқа сыйақы
формаларымен бірге қолданыла
береді.
- топтың, бригадалардың, ұжымдардың
жұмыс нәтижелерін бағаулауда
бонустарды қолдану мүмкіндігі
бар, ол ұжымның ұйымдасуына
ықпал етеді.
Шет елдердің еңбек ақы төлеу
іс-тәжірибесін зерттеу нәтижелері
көрсеткеніндей, көп елдер икемді
жалақы (гибкая зарплата) жүйесіне көшуде.
Бұл жүйені неоклассикалық бағытты
жақтайтындар жарнамалауда (олардың
концепциясы бойынша жалақы деңгейі
мен еңбек нарығы бір-біріне тікелей
тәуелді). Икемді жалақы жұмыспен қамтамасыз
ету мен экономикалық тиімділікті
арттырады. Макродеңгейде, мемлекеттің
экономикалық көрсеткіштері дмнамикасы
негізінде (ішкі жалпы өнім, еңбек өнімділігі,
инфляция, сыртқы сауда балансы) жалақы
деңгейінін көтерілуін көрсетеді; ал,
микродеңгейде - жалақыны кәсіпорынның
және жеке жұмысшының еңбек нәтижесімен
байланыстырады.
Икемді тариф концепциясы негізінде
тариф мөлшерін еңбек нәтижесіне
тәуелді ететін модель жасалған. Мысалы,
әрбір біліктілік разряд шеңберінде
жұмысшының жұмысына байланысты 3 тариф
ставкасы бекітілген:
«төмен» - норманы 95 % - дан төмен
орындағанда;
«қалыпты» - еңбек интенсивтілігінің
орташа деңгейін көрсетеді;
«жоғары» - норманы 105 % - дан жоғары
орындағанда.
Норманы 95 – 105 % аралығында орындаған
жұмысшы тариф ставкасы диапазонының
ортасындағы көрсеткішпен жалақы алады
(30. 148 бет). Тариф ставкасы 3 – 6 ай мерзімге
бекітіледі. Осы мерзім өткеннен кейін
қайта қаралады, ол жұмысшының өткен
тоқсанда, жарты жылда жеткен еңбек
өнімділігі негізінде өзгертіледі.
Бұл жүйе - компромисстік жүйе деп
аталады.
Шет елдердің іс-тәжірибесінде қаржылық
қатысу (финансовое участие) жүйелері
кең таралған:
-көлемі кіші кәсіпорындарда
жиі қолданылатын - табыстарды бөлу
-жүйесі, ол кәсіпорында еңбек
өнімділігінің өсу нәтижесінде
жұмысшыларға қосымша табыс табуына
мүмкіндік береді;
Нарық экономикасы жақсы дамыған
елдерде жалақыны реттеудің екі
жүйесі қолданылады: орталықтанған
мемлекеттік және орталықтандырылмаған.
Жалақыны реттеудің мемлекеттік
жұйесі – жалақы қорларының құрылуына,
жоспарлануына және реттелуіне жанама
тәсілдермен әсер етеді:
Мемлекет жалақының ең төменгі
мөлшерін белгілейді, ол «тұтыну корзинасы»
есептерінің негізінде жасалады,
әр мемлекеттің жұмысшысының және оның
отбасының өмір сүруінің физиологиялық
минимумының, яғни өмір сүруге қажетті
азық – түлік, өнеркәсіп тауарларының,
көрсетілетін қызметтерінің тізімін
анықтайды. Бірде – бір кәсіпкер
мемлекет белгілеген жалақының ең төменгі
мөлшерінен төмен жалақы төлеуге
құқығы жоқ. Көптеген елдерде нашар
қамтамасыз етілген тұрғындарға
әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Мемлекет әлеуметтік төлем ақылардың
мөлшерін, оны беру тәртібін
белгілейді; орташа жалақыны есептеудің
бірыңғай тәртібін ендіреді; еңбекті
қорғау және қаіпсіздендіру саласында
нормативтік – құқықтық актілер
қабылдайды.
Мемлекет шет елден жұмысшы
күшін елге тарту тәртібін белгілейді;
көтерілетін салалық коэффициенттерді
бекітеді .
53. Қазақстан Республикасының шегiнде
резидент емес жеке тұлғалар қазақстандық
көзден кiрiс алған жағдайда, көрсетiлген
тұлғаларға еңбекақы төлеу қоры осы Нұсқаулыққа
N 6 қосымшаға сәйкес Әлеуметтiк салықты
төлеушiлер беретiн болжанған кiрiс туралы
анықтамада көрсетiлген олар мәлiмделген
кiрiс сомасы негiзiнде айқындалады. Аталған
жеке тұлғалар Болжанған кiрiс туралы анықтамамен
мәлiмделген кiрiс сомасын растайтын шетел
заңды тұлғалары мен резидент емес жеке
тұлғалар арасында жасалған мердiгерлiк
жалдау жеке еңбек шарттары (келiсiм-шарт),
шарт немесе өзгелей азаматтық құқықтық
сипаттағы шарттың көшiрмесiн бiрге бередi.
а-1) еңбекақы төлеу қорынан 25,5 процент
ставкасы бойынша мемлекеттiк мекемелермен;
б) Ақыл-ой және
дене дамуы бұзылған балалар
мен жасөспірімдерді әлеуметтік
бейімдеу мен еңбекке оңалту
орталығы, еңбекке ақы төлеу қорынан
20,5 процент ставка бойынша;
в) "Ардагер"
Республикалық зейнеткерлер кәсіпорындары
бірлестігі, сондай-ақ сол бірлестіктің
меншігі болып табылатын және
соның қаржылары есебінен құрылған,
тек зейнеткерлер жұмыс істейтін
өндірістік, оқу-өндірістік ұйымдар,
"SOS - Қазақстанның балалар ауылы"
Балалар қайырымдылық қоры, Қызыр
Жарты Ай және Қызыл Крест
қоғамы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлері
Қазақ республикалық ұйымының Республикалық
кәсіпорындар бірлестігі (өндірістік
ұйымдардан басқа), Ауғанстандағы соғыс
мүгедектерінің Ерікті қоғамы (өндірістік
ұйымдардан басқа), еңбекке ақы төлеу қорынан
7,5 процент ставка бойынша. Олар сауда-делдалдық
қызметтен, акциздеуге жататын тауарлар
өндіруден және сатудан кіріс тапқан жағдайда
салық 8 процент ставка бойынша төленеді;
г) Қазақстан Республикасы
Мүгедектерінің ерікті қоғамы, қазақ
саңыраулар қоғамы, Қазақ соқырлар
қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың
меншігі болып табылатын және
солардың қаржылары есебінен
құрылған, мүгедектер жұмыс істейтіндердің
жалпы санының кемінде 50 процентін
құрайтын өндірістік, оқу-өндірістік
ұйымдар, Асырауында балалары
бар Республикалық "Бибі-Ана"
мүгедек әйелдер қоғамы, психофизикалық
дамуы бұзылған мүгедектер мен
балаларға қамқорлық жасау жөніндегі
"Ақ бота" Лигасы қоғамдық
бірлестігі, еңбекке ақы төлеу
қорынан 6,5 процент ставка бойынша.
Олар сауда-делдалдық қызметтен,
акциздеуге жататын тауарлар
өндіруден және сатудан кіріс
тапқан жағдайда салық 7 процент
ставка бойынша төленеді;
д) шаруа (фермерлiк)
қожалықтарынан басқа заңды тұлға
құрмай кәсіпкерлiк қызметпен
айналысатын жеке тұлғалар, сондай-ақ
патент негiзiнде заңды тұлға
құрмай кәсiпкерлiк қызметпен
айналысатын жеке тұлғалар әрбiр
қызметкер үшiн айлық есептiк
көрсеткiштен 60 процент мөлшерiнде,
сондай-ақ салық салынатын кiрiстi
айқындау кезiнде ұстап қалуға
жатқызылмайтын шығыстардан басқа
оны алумен байланысты шығыстар
минусы үшiн есептiк кiрiстен
қосымша 10 процент;
д-1) патент негiзiнде
заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк
қызметпен айналысатын жеке тұлғалар
әрбiр қызметкер үшiн айлық
есептiк көрсеткiштен 49 процент мөлшерiнде,
сондай-ақ патент құнын айқындау
кезiнде көрсетiлген салық салынатын
айлық кiрiстен қосымша 5 процент;
е) айлық есептік
көрсеткіштен 20 процент мөлшерінде
шаруа (фермерлік) қожалықтары
әрбір қызметкер, шаруа (фермерлік)
қожалық басшысы және шаруа
(фермерлік) қожалығының әрбір
басшысы үшін;
6а. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру
қорынан төленiп, уақытша еңбекке
жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы,
бала тууы кезiнде, жерлеу жөнiндегi
жұмыс берушiлер есептеген сомалардың
асырылуы нәтижесiнде 1998 жылғы
31 желтоқсандағы жағдай бойынша
құралған терiс сальдо ай сайын
еңбекақы қорының 1,5 процентi шегiнде
әлеуметтiк салық төлеу есебiне
есептеледi.
Ескерту. 6а-тармақпен
толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
министрлігінің 1999.05.19. N 519 V990803_ бұйрығымен.
6б. Мемлекеттiк
мекемелердің есептi кезеңдегi әлеуметтiк
салыққа есептелген сомасы еңбекақы
қорының 1,5 процентi шегiнде уақытша
еңбекке жарамсыздығы, жүктегi мен
босануы жөнiндегi Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес белгiленген
сомаға азайтылады.
Есептi кезеңдегi еңбекақы қорынан 1,5
проценттен асатын жүктiлiгi мен босануы
бойынша, уақытша еңбекке қабiлетсiздiгi
бойынша жәрдемақылар Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес
белгiленген сома келесi есептi кезеңге
көшiрiледi және осы тармақпен белгiленген
тәртiпте мемлекеттiк органдармен
есептелген соманы азайтады.
7. Әлеуметтiк салық
бойынша декларация аумақтық
салық органдарына ұсынылады:
- осы Нұсқауға 3-қосымшада
көрсетiлген нысан бойынша кәсіпкерлiк
қызметпен айналысатын жеке тұлғалар
(патент негiзiнде өз қызметiн
жүзеге асыратындардан басқа), осы
Нұсқауға 2-қосымшада көрсетiлген нысан
бойынша заңды тұлғалар есептi тоқсаннан
кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей тоқсан
сайын;
- осы Нұсқауға 3А
қосымшасында көрсетiлген нысан
бойынша шаруа (фермер) қожалықтары
бiртұтас жер салығы бойынша
декларацияны тапсыру үшiн көзделген
мерзiмдерде.
Осы тармақта көрсетiлген
талап құны әлеуметтiк салықты
енгiзетiн патент негiзiнде өз
қызметiн жүзеге асыратын тұлғаларға
таралмайды.
Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның
филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған
құрылымдық бөлiмшелерi өзiнiң орналасқан
жерi бойынша аумақтық салық органына
декларацияны ұсына және салықты
дербес төлеудi жүргiзе алады.
8. Әлеуметтік салық
әрбір есепті кезең үшін, айдың
екінші жартысындағы жалақыны
төлеуге белгіленген мерзімде, бірақ
жалақыны төлеуге қарамастан
келесі айдың 15-і күнінен кешіктірмей
бюджетке төлеуге жатады.
Әлеуметтiк салық
бойынша бюджетпен нақты есеп
айырысу бойынша есептi кезең
күнтiзбелiк ай болып табылады.
Бiртұтас жер салығын төлеушiлер
бiртұтас жер салығын төлеу
үшiн белгiленген мерзiмдегi есептi
кезеңнің әрбiр айы үшiн әлеуметтiк
салықты төлеудi жүргiзедi. Ескерту.
8-тармақ толықтырылды- ҚР Мемлекеттік
кіріс министрлігінің 21.03.2000 ж. N 210 V001103_
бұйрығымен. Ескерту. 8-тармақ толықтырылды
- ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
24.05.2001 ж. N 660 V011583_ бұйрығымен. 9. Салық
салынатын кірісті анықтаған
кезде төленген әлеуметтік салық
сомасы есептелген сома шегінде
шығысқа жатқызылады. 10. Зейнетақыларды
төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталыққа 1998 жыл үшін еңбекке
ақы төлеу жөнінде төленбеген
сомалар бөлігінде міндетті зейнеткерлік
жарналар бойынша берешегі бар
салық төлеушілер ай сайын
берешекті өтеуіне қарай салық
органдарына әлеуметтік салық
бойынша декларациямен бірге
осы Нұсқауға 4а-қосымшада келтірілген
нысанда анықтама тапсырады. Ескерту.
10-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік
кіріс министрлігінің 1999.05.19. N 519 V990803_
бұйрығымен. 11. Ескерту. 11-тармақтың
алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік
кіріс министрлігінің 4.08.1999 ж. N 929 V990886_
бұйрығымен. IV. Әлеуметтік салық
төлеушілердің жауапкершілігі және
оны төлеуге бақылау Ескерту.
IV-бөлімде 13-16 тармақтар жаңа редакцияда
жазылды, 16-1 және 16-2 тармақтарымен толықтырылды-
ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
21.03.2000 ж. N 210 V001103_ бұйрығымен.
12. Әлеуметтік салықты
есептеудің дұрыстығы мен оны
бюджетке уақтылы төлеу үшін
жауапкершілік салық төлеушілерге
жүктеледі.
Әлеуметтік салықты есептеудің
тәртібін және оны төлеудің уақтылығын
бұзғаны үшін салық төлеушілерге
Қазақстан Республикасының салық
заңдарында белгіленген санкциялар
мен Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген айыппұлдар
қолданылады. 13. Өз уақытында төленбеген
әлеуметтiк салық сомасы мерзiмi өткен
берешектің (төлем күнiн қоса) әрбiр
күнi үшiн осы сомаларды төлеу
күнiнде Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың
ресми ставкасы 1,5 есе мөлшерiнде
өсiмдi қоса есептеумен бюджетке өндiрiп
алынады. Ескерту. 13-тармақ толықтырылды
- ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
24.05.2001 ж. N 660 V011583_ бұйрығымен. 14. 15. 16. 16-1.
16-2. Ескерту. 14, 15, 16, 16-1, 16-2-тармақтар
алынып тасталынды - ҚР Мемлекеттік
кіріс министрінің 24.05.2001 ж. N 660 V011583_
бұйрығымен.