Шпаргалка по дисциплине "Экономика предприятия"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 19:57, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Экономика предприятия".

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ekonomika_predpriatii (1).docx

— 243.24 Кб (Скачать документ)

Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өз дербестiгiн сақтап қалады. Қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қауымдастық (одақ) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша жәрдем жөнiнен жауапты болады.

Коммерциялық  ұйымдардың құрамына мыналар жатады:

Шаруашылық  серiктестiк. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады. 

Шаруашылық  серiктестiктер мынадай формада болады: толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша  жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн. 

1. Толық серiктестiк. Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады. 

2. Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi.Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады. 

Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық серiктердiң құқықтық ережесi және олардың серiктестiк  мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi. 

3. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк.Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.

4. Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк.  Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен, оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады. 

Акционерлiк  қоғам. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акция шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда, оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акция құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. 

Акционерлiк  қоғамның жарғылық капиталы. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады. 

Акционерлік қоғам екі түрге бөлінеді: еншiлес және тәуелдi акционерлiк қоғам

Еншiлес  ұйым.Жарғылық капиталының басым бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған, не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады.

Тәуелдi акционерлiк қоғам.Егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады. 

Өндiрiстiк  кооператив. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. 

Кооператив  мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша  Өндiрiстiк кооператив туралы заңда  көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша  қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. 

Өндiрiстiк  кооперативтiң және оның мүшелерiнiң  құқықтық жағдайы заң құжаттарына  сәйкес белгiленедi. 

Шаруа қожалығының мүлкi, егер оның мүшелерiнiң арасындағы шартта өзгеше белгiленбесе, оларға бiрлескен меншiк құқығында тиесiлi болады. Бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкi оның мүшелерiне ортақ үлестiк меншiк құқығында тиесiлi болады. Өзiндiк кәсiпкерлiкке негiзделген фермер қожалығының мүлкi оған жеке меншiк құқығында тиесiлi болады.

Шаруа немесе фермер қожалығының қызметi нәтижесiнде  алынған жемiстер, өнiм мен кiрiстер шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң  ортақ мүлкi болып табылады және олардың арасында келiсiм бойынша  пайдаланылады.

Консорциум - бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде заңды тұлғалар нақты шаруашылық мiндеттерiн шешу үшiн белгiлi бiр ресурстарды бiрiктiрiп, күш-жiгердi үйлестiретiн ерiктi түрде тең құқықты уақытша одақ (бiрлестiк).

Консорциумға  қатысушылар өздерiнiң шаруашылық дербестiгiн сақтап қалады және басқа  консорциумдардың, қауымдастықтардың  қызметiне қатыса алады. Консорциумға қатысушылардың арасындағы қатынастар шарт негiзiнде құрылады. Консорциумды басқару консорциумға қатысушылардың консорциалдық келiсiмiне сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады. 

  1. Меншік формасына байланысты:

- Жеке меншiк;

- Мемлекеттік  меншік

Жеке меншiк  азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң  меншiгi ретiнде көрiнедi.

Заң құжаттарына  сәйкес азаматтарға немесе заңды  тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген  мүлiк түрлерiнен басқа кез- келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн. Жеке меншiкте болатын мүлiктiң  саны мен құны шектелмейдi.

Мемлекеттiк  меншiктегi мүлiк мемлекеттiк заңды  тұлғаларға шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп  берiлуi мүмкiн. Жекелеген мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мемлекеттік мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді.

 

 

5. Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі

7. Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері

 

Кәсіпкерлік бұл - табысты алу мақсатымен өндірстің барлық факторларын қозғалысқа келтірілген және толық экономикалық жауапкершілкке негізделген, кауіптің және белгіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізүші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процесі. Ал кәсіпкер-бұл табысты алу мақсатымен кауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс icтeйтін, ендірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейінеиеадам.Өз көзегінде кәсіпкерлік табыс-бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табысы) және үстеме пайдасы». Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады. 

 

 

Меншік нысандары, ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша кәсіпорын  түрлері

Кәсіпорындар  экономикада бірнеше белгілері  бойынша жіктеледі:

  1. Меншік формасына байланысты:

- Жеке меншiк;

- Мемлекеттік  меншік

Жеке меншiк  азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң  меншiгi ретiнде көрiнедi.

Заң құжаттарына  сәйкес азаматтарға немесе заңды  тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген  мүлiк түрлерiнен басқа кез- келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн. Жеке меншiкте болатын мүлiктiң  саны мен құны шектелмейдi.

Мемлекеттiк  меншiктегi мүлiк мемлекеттiк заңды  тұлғаларға шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп  берiлуi мүмкiн. Жекелеген мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мемлекеттік мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді.

  1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсатына байланысты кәсіпорындар
  • коммерциялық ұйым (табысын келтiрудi көздейтiн)
  • коммерциялық емес ұйым (пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн ұйым заңды тұлға бола алады).

Коммерциялық  ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. 

  Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. 

Коммерциялық  емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен  өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай  келуiне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. 

3. Салалық қызметіне байланысты кәсіпорындар:

Материалдық өндіріс - өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, транспорт;

Материальдық  емес өндіріс (қызмет көрсету) – денсаулық  сақтау, білім беру, сауда, ғылым, мәдениет аясы болып жіктеледі.

4. Кәсіпорыннан  жалақы алатын жұмысшылардың  саны мен жарғылық капиталының  мөлшеріне байланысты кәсіпорындар: шағын, орта және ірі кәсіпорындар  болып жіктеледі.

5.Ұйымдық-құқықтық  формасына байланысты кәсіпорындар: шаруашылық серіктестік, акционерлік  қоғам, кооперативтер, шаруа қожалықтары  болып бөлінеді. Бұларды ұйымдастыру  ерекшеліктерімен және жіктелуімен  келесі параграфта танысасыздар. 

 

 

 

 

13. Кәсіпорынның негізгі қорының экономикалық мәні, олардың құрамы мен құрылымы

16. Кәсіпорынның қызмет етуіндегі негізгі капиталдың орны

Негізгі қор (құндық бағада негізгі  капитал) – бұл еңбек құралы ретінде  қолданылатын, өзінің табиғи қалпын сақтай отырып ұзақ мерзім бойы әрекет ететін, өзінің құнын өндірген өнімге біртіндеп  аударатын материалдық-заттық құндылық.

Есептеу және статистика тәжірибесінде  негізгі қорға еңбек құралын  пайдалану мерзімі бір жылдан кем емес мүліктер жатады.

Негізгі қордың кеңейтілген ұдайы  өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты оларды өндірістік және өндірістік емес деп бөледі.

Негізгі өндірістік қор - материалдық  өндіріс саласында тікелей қызмет етеді, өндіріс процесіне бірнеше  рет қатысады, біртіндеп тозады, ал оның құны өндірілетін өнімге қолдану  мөлшеріне байланысты біртіндеп  ауысады. Олар қаржы салымы есебінен толықтырылады.

Негізгі өндірістік емес қор - кәсіпорын  балансындағы тұрғын үйлер, бала-бақшалар және спорт мекемелері, мәдени-тұрмыстық  бағыттағы басқа да объектілер жатады. Негізгі өндірістік қорға қарағанда, олар өндіріс процесіне тікелей  қатыспайды, олардың құны пайдаланғанда  жоғалады. Олар ұлттық табыс есебінен қайта өндіріледі.

Өндірістік емес қор өндіріс  көлеміне және еңбек өнімділігіне тікелей  әсер етпейді, бірақ олардың қызмет етуі кәсіпорын жұмысшыларының әл-ауқатын  жақсартумен, материалдық және мәдени өмір деңгейін көтерумен байланысты, түбінде ол кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер етеді.

Негізгі өндірістік қор жүйелі түрде  жаңартылуы тиіс. Негізгі қордың, әсіресе  еңбек құралының дамуы, олардың  сапасын жаңа техникалық және ғылыми жетістіктер негізінде жақсарту, еңбектің техникалық қарулануын жоғарылатады, аз еңбек шығынын жұмсай отырып, жоғары сапалы өнім өндірудің маңызды шарты болып табылады, сонымен қатар еңбек өнімділігін арттырып, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.

 

 Негізгі  қордың  құрамы, құрылымы және бағасы

Негізгі қордың жеке бөлшектері өндірістік процесте пайдалану мақсатына және есептеу тәртібіне байланысты натуралдық көрсеткіште келесі топтарға жіктеледі: 

1) кәсіпорын меншігіндегі жер телімдері және табиғатты пайдалану объектілері;

2) ғимараттар;

3) құрылғылар;

4) таратушы құрылғылар;

5) машиналар мен жабдықтар;

6) өлшеуіш және реттеуіш құралдар, қосалқы және лабораториялық жабдықтар;

7) есептеуіш техникалар;

8) транспорттық құралдар;

9) пайдалану мерзімі 12 айдан асатын құрал-саймандар;

10) өндірістік - шаруашылық инвентарь;

11)  ішкі шаруашылық жолдар;

12)  негізгі қорға қатысты жабдықтарды, кеңселерді, жалға берілетін ғимараттарды, жер телімдерін және басқа да объектілерді жақсартуға салынған қаржы.

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Экономика предприятия"