Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 19:57, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Экономика предприятия".
Өндірістік негізгі қордың құрылымы қордың әрбір тобының өнеркәсіптегі жалпы құнымен сипатталады.
Негізгі қорды өндіріс процесіне қатысуына байланысты екі топқа жіктейміз: активті және пассивті.
Меншік иесі үшін негізгі қордың
топтарына қаржы салу маңызды
болып келеді. Ол негізгі қордың
активті бөлігі болып саналатын
машиналар мен жабдықтардың үлес
салмағының оңтайлы ұлғаюына көп
көңіл бөледі. Транспторттық құралдар,
есептеуіш машиналар мен құрал-
Негізгі өндірістік қордың активті бөлігінің үлес салмағы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өнім көлемі мен қорқайтарымдылық көрсеткіші артады. Сондықтан негізгі қордың құрылымының жақсаруы өндірістің маңызды мәселесі, яғни өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, фирманың қаржы салымдарының өсуі болып табылады.
Негізгі өндірістік қордың құрылымын жақсарту мыналарға мүмкіндік береді:
- жабдықты жаңарту және жаңғырту;
- жабдықтың құрылымын машина мен станоктың, әсіресе соңғы операцияларды атқаратын станоктардың, автоматты және жартылай автоматты станоктардың, әмбебап агрегатты станоктардың, автоматты желілердің, сандық бағдарламалық басқару станоктарының прогрессивті түрлерінің үлесін арттыру арқылы жетілдіру;
- ғимараттар мен құрылғыларды тиімді пайдалану, бос алаңдарға қосымша жабдықтар орнату;
- құрылыс жобасын дұрыс өңдеу және кәсіпорын құрылысының жоспарын жоғары сапада орындау;
- артық және аз қолданылатын құралдарды жою және оның басқа бөлек топтармен дұрыс пропорциялық қарым-қатын
Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Экономика предприятия"