Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2015 в 09:01, дипломная работа
Нарықтық экономика кәсіпорындарды нарықтығы сұраныстарды қанағаттандыруға, нақты тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға және де кәсіпорынның дамуына табыс әкелетін және сұранысқа ие өнімдерді шығаруға бағдарлайды. Табыс көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық және қаржылық қызметін бағалауға маңызды болып табылады. Олар іскерлік беделінін және қаржылық тиімділігінің денгейін сипаттайды. Табысқа байланысты кәсіпорынға салынған активтердің пайдалылығының деңгейі анықталады.
КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық тиімділіктің мәні, түрлері және факторлары 5
1.2 Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі 11
2 «ФЛАМИНГО 19» ЖШС-НІҢ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІНЕБАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының даму тенденцияларын талдау 22
2.2 «Фламинго-19» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін талдау 30
3 ҚР ҚҰРЫЛЫС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Құрылыс кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың шет елдік тәжиребесі 38
3.2 Құрылыс кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыру 47
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
1-ші тұрғынның тұрғын
үймен қамтамасыз етілуінің
әлеуметтік нормасы кезінде 18 шаршы метр мөлшерінде, 2005 жылдың аяғында елімізде орта есеппен алғанда 1 тұрғынға 17,0 шаршы метр, соның ішінде қалаларда – 18,0 шаршы метр, ауылдық жерлерде – 5,8 шаршы метрден келді.
Мемлекет тұрғын үй құрылысының негізгі қатысушысы болудан қалды. Оның тұрғын үй құрылысының жалпы көлеміндегі үлесі 2005 жылы 5,6%-ке дейін азайды, 2006 жылы бұл көрсеткіш Жамбыл облысындағы жер сілкіну салдарын жою кезінде тұрғын үйлердің құрылысы есебінен 13,1%-ке дейін ұлғайды. Тұрғындардың қаражаты есебінен тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы алаңынан 69,4% тұрғын үй берілген.
Құрылыс нарығын ары қарай жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласына 2008−2010 жылдарға арналған екінші мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты халықтың қалың жігіне тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу болып табылады.
Мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
Бюджеттен шығын қажеттілігі мынаны құрайды:
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
Мемлекеттік бағдарлама аралығындағы жалпы құрылыс жұмыстарының даму қарқыны оң тенденцияны көрсетеді. Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 2008 жылы 1784954 млн.тг құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 101,9% болды. Ал, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 98,1% құрап, құрылыстың жалпы көлемі 1876558 млн.тг болды.
Рынок құрылымы әлсіз болды және сыртқы конъюнктурадан тәуелді болды. Құрылыс ұйымдарды көпшілігі (85%) 50 адам қызметкерлерінің аз санымен субъекттердің түрде өмір сүрді. Қызметкерлердің саны 250 адамнан астамы бар серіктестіктер 3,5% ғана саналды. Бұл серіктестіктерге “Базис−А”, “Қуат”, “ВІ Group”, “Век”. Корпорациясы секілді ірі компаниялар кірді. Жұмыс істейтін құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлердің жалпы сан 250 мың адамды құрады. Ал, қазіргі уақытта құрылыс компанияларының саны арта түсті. Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2010 жылы құрылыс ұйымдарының саны – 7527 бірлікті құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылы – 7383 болса, одан алдыңғы жылы, яғни 2008 жылы жалпы құрылыс ұйымдарының көлемі 7087 бірлікті құрады.[8]
12-кесте – Қазақстан
Республикасындағы құрылыс
2007 |
2008 |
2009 |
2010 | |
Қазақстан Республикасы |
6278 |
7087 |
7383 |
7527 |
Ақмола |
187 |
199 |
206 |
241 |
Ақтөбе |
183 |
235 |
204 |
243 |
Алматы |
292 |
283 |
371 |
405 |
Атырау |
368 |
377 |
348 |
376 |
Батыс Қазақстан |
226 |
252 |
243 |
280 |
Жамбыл |
212 |
217 |
249 |
281 |
Қарағанды |
566 |
627 |
670 |
740 |
Қостанай |
213 |
255 |
272 |
294 |
Қызылорда |
112 |
156 |
161 |
225 |
Маңғыстау |
140 |
155 |
170 |
226 |
Оңтүстік Қазақстан |
338 |
413 |
466 |
475 |
Павлодар |
254 |
277 |
297 |
329 |
Солтүстік Қазақстан |
163 |
176 |
176 |
206 |
Шығыс Қазақстан |
548 |
582 |
582 |
624 |
Астана қаласы |
950 |
1186 |
1278 |
1345 |
Алматы қаласы |
1526 |
1697 |
1690 |
1237 |
ЕСКЕРТУ: Статистика Агенттігі мәліметтері негізінде жасалған |
Сыртқы (макроэкономикалық) жалпы экономикалық және саяси (инфляция, бәсекелестік, экономикалық және саяси дағдарыс) өзгерулерден туындайды. Бұл факторлар акционерлік қоғамның қызметімен тікелей байланысты емес.
Ішкі факторлар компанияның өндірістік экономикалық қызметімен, менеджмент деңгейімен, іскерлік белсенділік деңгейімен және тағы да басқалалармен байланысты. Сонымен қатар, құрылыс компанияларының экономикалық тиімділігін көрсететін факторлар қүрамына кіретін тағы бір маңызды факторды атап өтуге болады− тапсырыс берушілерді тарту. Дәл осы тапсырыс беруші−инвесторлар кәсіпорынның қаржылық−экономикалық жағдайын қалыптастырады.
Серіктестіктің тиімділігін анықтайтын факторлар берілген шаруашылық жүргізу формасын көрсететің, қалыптастыратын ерекшеліктермен толықтырылған. Көптеген талдаулар, компанияның соңғы нәтижелілігіне факторлардың енуі басқа да қосымшаларға байланысты екенін көрсетеді. Мысалға, шығындар өндіріс факторларының құнының әсерінен, өндіріс көлемінен және өнім ассортиментінен қалыптасады[6].
Қазақстандағы жетекші құрылыс ұйымдары ретінде «Базис-А», «Қуат», BI Group, «Век» корпорацияларын айтуға болады.
Дипломдық жұмыстың келесі бөлімінде қарастырылатын құрылыс кәсіпорынының орналасқан жері Батыс Қазақстан облысы. Осы облыстың құрылыс нарығына талдау жасайық.
Биылғы алты айдың өзінде облыс құрылысшылары 10375,7 млн. теңгенің құрылыс жұмыстарын игерді. Осы мерзімде 76,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 136,1 пайызды құрады. Орал қаласында «Тұрғын үй – жастарға» бағдарламасы бойынша екінші 90 пәтерлік, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арналған екінші 240 пәтерлік үй бой көтерді. Сонымен қатар жеке үй құрылыс жұмыстары да қарқын алып отыр. Әсіресе, жеке үй құрылысын салу өткен жылмен салыстырғанда Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандарында және Орал қаласында едәуір өскен.
Облыстық құрылыс басқармасының мәліметтері бойынша өңірде коммуналдық тұрғын үй құрылысына республикалық трансферттерден биылға 586 млн. теңге бөлінген. Бөлінген қаржыға 10,3 мың шаршы метр коммуналдық ( жалға берілетін) тұрғын үй салу көзделген. Соның ішінде Орал қаласында 75 пәтерлік және 12 ауданда бір-екі пәтерлік тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарланған. Ағымдағы жылдың алты ай ішінде жоспарлы бөлінген 282,8 млн. теңге 100 пайыз игеріліп отыр. Қазіргі уақытта жалға берілетін үй құрылысы қарқынды жүруде.
Сондай-ақ, биыл инженерлік−коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына 1425,0 млн. теңге республикалық бюджеттен бөлінген. Оның 1232,0 млн. теңгесі Орал қаласына және 193,0 млн. теңгесі облыстағы 12 аудандағы құрылысқа жұмсалады. Биылғы алты ай ішінде жоспарланған 842,4 млн. теңге толығымен игерілген. Бүгінде тендерлер өтіп, анықталған мердігер компаниялар құрылыс жұмыстарын бастап кетті.
Қаратөбе және Тасқала аудандарында республикалық бюджет қаржысы есебінен екі мектеп пен оның жанындағы интернат үйі құрылысы қоса жүруде.Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен бөлінген 186,7 млн. теңгенің 185,8 млн. теңгесі бірінші жартыжылдықта (99,4 пайыз) игерілген. Соның ішінде Теректі ауданындағы Жайық ауылында 96 орындық мектеп пайдалануға берілді.Шыңғырлаудың Қуағаш селосындағы 108 орындық мектеп құрылысы да аяқталып қалды. Қазіргі уақытта Зеленов ауданында Январцев балалар үйінің моншасы, Желаев ауылында 140орындық және Оралда Самал көшесінде 320 орындық, Қазталов ауданының орталығында 280 орындық балалар бақшасының құрылысы басталды. ОРалда бой көтеретін 320 орындық балалар бақшасы мен 1200 бала оқитын мектептің жобалау жұмыстары жасалуда.
Биыл денсаулық сақтау нысандары құрылысына 8425,4 млн. теңге қарастырылған болса, алты айда жоспарлы қаржының 96,4 пайызы, яғни 5530,7 млн. теңгенің 5332,9 млн. теңгесі игерілді. Орал қаласында ауысымына 500 адамдв қабылдайтын емхана мен Теректі ауданындағы Ақжайық ауылында 100кереуеттік аудандық аурухана құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. Переметный ауылындағы 120 кереуеттік аудандық орталық аурухана шілде айында мерзімінен бұрын іске қосылды. Сонымен қатар Круглоозерный кентінде ауысымына 75 адамды қабылдайтын амбулатория құрылысы жергілікті бюджет есебінен жүріп жатыр. Желаев ауылында жаңа амбулатория іске қосылды.
Желтоқсан айында Оралда 75 пәтерлік
жалға берілетін тұрғын үй құрылысы
( мердігері « Отделстрой» ӨК ) аяқталады.
2.2. «Фламинго 19» ЖШС экономикалық тиімділігін талдау
«Строительная Инициатива» ЖШС(ары қарай «Серіктестік) 2001-жылы Қазақстан Республикасы обьектілері бойынша құрылыстық монтаждаужұмыстарын жүзеге асыратын ұйым ретінде құрылды.
Осы күнге дейін компания төмендегідей обьектілеріне құрылыс жұмыстарын жүргізді:
Информация о работе Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру