Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2015 в 09:01, дипломная работа
Нарықтық экономика кәсіпорындарды нарықтығы сұраныстарды қанағаттандыруға, нақты тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға және де кәсіпорынның дамуына табыс әкелетін және сұранысқа ие өнімдерді шығаруға бағдарлайды. Табыс көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық және қаржылық қызметін бағалауға маңызды болып табылады. Олар іскерлік беделінін және қаржылық тиімділігінің денгейін сипаттайды. Табысқа байланысты кәсіпорынға салынған активтердің пайдалылығының деңгейі анықталады.
КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық тиімділіктің мәні, түрлері және факторлары 5
1.2 Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі 11
2 «ФЛАМИНГО 19» ЖШС-НІҢ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІНЕБАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының даму тенденцияларын талдау 22
2.2 «Фламинго-19» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін талдау 30
3 ҚР ҚҰРЫЛЫС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Құрылыс кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың шет елдік тәжиребесі 38
3.2 Құрылыс кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыру 47
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
Экономикалық тиімділіктің құраушылары техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы факторлардың әсерімен қалыптасады. Экономикалық тиімділікке әсер ететін факторларды өндіріc дамуының негізгі бағыттары мен өндірістi жетілдіру бойынша, сонымен катар, өндірістi басқару деңгейі бойынша бөлуге болады.
Өндіріс дамуының негізгі бағыттары бойынша факторлар келесідей болуы мүмкін:өндіріс дамуын мемлекеттік реттеу жүйесі, ғылыми -техникалық прогресстің қарқыны, ғылыми−техникалық жетістіктердің өндіріске енгізілу дәрежесі,өндірістің салалык құрылымының оптималдығы, шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау мен комбинирлеуді дамыту негізінде өндірістің салалык және территориалдық құрылымын жақсарту, өндірістік кадрлардың мәдени, техникалық және біліктілік дәрежесі т.с.с.
Қорытындылай келе, экономикалық тиімділік кәсіпорынның орнықты дамуының маңызды критерийі болып табылады, яғни кәсіпорын қызметінің экономикалық; тиімділігі неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын қызметінің табыстылығы да соғұрлым жоғары болады. Ал экономикалык тиімділікті бағалау шығындарды азайтудың резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.
Ғылыми әдістеме ретінде кең мағынада белгілі бip объектіні (ғылыми пән) зерттеудің түрін түсінеміз. Ғылыми әдістердің көпшілігі зерттеудің диалектикалык әдісіне негізделеді.
Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін талдауда диалектикалык әдісті қолдану кәсіпорын қызметінің көрсеткіштері арасындағы байланыстардың барлығын есепке алуды талап етеді.Ешбip экономикалық құбылыс немесе көрсеткіш мағынасы басқа көрсеткіштермен жекелей, еш байланыссыз алынған күйі дұрыс түсінілyi мүмкін емес. Мысалы; өндіріске жаңа техниканы енгізудің өнімнің өзіндік құнына әсерін зерттеу барысында тек тікелей ғана емес, жанама байланыстарды да есепке алу керек: жаңа техниканы енгізгенде өндіріc шығындары өседі, ал бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнының өсуіне әкеледі, сонымен қатар, жаңа техника еңбек өнімділігін өcipeді, ал бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетеді. Бұдан шығатыны, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны жаңа техниканы енгізу мен ұстау шығындарының өсу қарқынынан жоғары болса, өнімнің өзіндік құны төмендейді, ал керісінше болса өседі. Демек, кез келген экономикалық құбылыс мәнін түсініп, дұрыс бағалау үшін оның басқа құбылыстармен барлық өзара байланыстары мен тәуелділіктерін зерттеу кажет. Бұл талаптарға факторлық талдау әдісіжауап береді.
Кәсіпорынның шаруашылық кызметінің барлық құбылыстары мен үрдістері өзара байланыста және тәуелділікте болады. Олардың кейбірі өзара тікелей байланыста болса. басқалары жанама байланыста. Мысалы; жалпы өнім көлеміне жұмысшылар саны мен еңбек өнімділігі сияқты факторлар тікелей әсер етеді, ал барлық басқа факторлар жанама әсер етеді.
1.2 Кәсіпорынныңэкономикалык тиімділігін сипаттайтын
көрсеткіштер
Экономикалық тиімділіктің көрсеткіші ретінде басымдықпен өндірістің өсу қарқынын қарастырсақ, өндіріс интенсификациясы сияқты аса маңызды факторға көңіл бөлінбей қалуы мүмкін, мәселен, өндірістің өсу қарыны кономикалық тиімділігін бағалаудың біркелкі көрсеткіші жоқ. Экономист ғалымдар әртүрлі көрсеткіштерді ұсынды, бірақ олардың ешқайсысы экономикалық тиімділікті объективті түрде бағалауға мүмкіндік бермеді. Әрбір көрсеткіштің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Экономикалық тиімділікті бағалаудың ешқай көрсеткіші әмбебап болмағандықтан, көрсеткіштер жүйесі енгізілді. Бұл көрсеткіштер жүйесінде экономикалық тиімділікті бағалау көрсеткіштері бес үлкен топқа біріктірілді: −рентабельділік көрсеткіштері;
−кәсіпорынның қаржылық жағдайының көрсеткіштері;
−еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері;
−кәсіпорынныңмүліктік жағдайы және негізгі құралдарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері;
− материалды ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің
экономикалық тиімділігі табыс табумен аныкталады. Экономика ғылымдарының профессоры қазақстандық ғалым Дүйсенбаев К.Ш. өзінің «Кәсіпорынның каржылыкжағдайын талдау» атты еңбегінде табыстылықнемесе рентабельділік көрсеткіштерін табыстылықтың абсолютті жәнесалыстырмалы көрсеткіштері деп екі топка бөледі.
Өнімді өткізуден алынатын табыс кәсіпорынның табыстары мен шығындары туралы есебінің бірінші бабында көрсетіледі. Бұл көрсеткіш табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты алады. Оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және баска да бірқатар факторлармен аныкталады.
Жалпы табыс өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік кұны арасындағы айырма ретінде аныкталады. Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор −өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі жалпы табыс көлеміне көп әсерін тигізеді.
Рентабельділіктің келесі абсолютті көрсеткіші −негізгі қызметтен түскен табыс. Ол жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырма ретінде анықталады. Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұракты шығындарды білдіретін кезең шығыстары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады.
Салық салынғанғадейінгі табыс негізгі қызметтен түскен табыс пен негізгі емес қызметтен түскен табыс қосындысы болып табылады. Егер кәсіпорын негізгі емес қызмет түрімен айналыспаса, бұл көрсеткіш сомасы негізгі қызметтен түскен табыс сомасына тең болады.
Салық салынғаннан кейінгі табыс салык салынғанға дейінгі табыстан қажетті корректировкаларды шегерген немесе қосқаннан соң корпоративті табыс салығы бойынша аударым сомасын шегергеннен кейін шығады.
Табыстылық көрсеткіштерінің ең маңыздысы − таза табыс. Кәсіпорын қызметінің экономикалык тиімділігін таза табысты тиісті шығындар сомасына бөлу арқылы сипаттайды. Таза табыс шамасы неғұрлым көп болса, кәсіпорынның өндірісін кеңейтуге мүмкіндіктері соғұрлым жақсы болады.
Кәсіпорын активтерінің рентабельділігі −кәсіпорын мүліктерінің немесе активтерінің пайдаланылу тиімділігін сипаттайды. Активтердің тиімділік деңгейі кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бакылау мен бағалауда маңызды рөль атқарады.
Капитал рентабельділігі шаруашылык жүргізуші субъект қызметінің тиімділігін сипаттайтын аса маңызды көрсеткіштердің бірі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынды басқару сапасы мен тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Капиталды қолдану интенсивтілігін оның айналымдык коэффициенті сипаттайды.
Меншікті капитал рентабельділігі экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады. Өйткені бұл көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызлы рөль атқарады
1-кесте −Кәсіпорынның рентабельділік көрсеткіштері
Көрсеткіштер Формуласы |
Түсіндірмесі | ||
1 |
Активтер рентабельділігі |
Ра= ТТ / A (БВ) |
активтер рентабельділігі; ТТ - таза табыс; А(БВ) - кәсіпорын активтерінің орташа құны немесе баланс валютасы. |
2 |
Ұзак мерзімді активтер рентабельділігі: |
Рұма = ГТ / Аұм |
Р ұма- ұзақ мерзімді активтер рентабельділіі:: ТТ - таза табыс; Aұм - ұзақ мерзімді активтер. |
3 |
Қысқа мерзімді активтер рентабельділігі |
Ркма = ТТ / Акм |
Ркна- кыска мерзімді активтер рентабельділігі; ТТ - таза табыс; Акм- қысқа мерзімді активтер |
4 |
Капитал рентабельділігі |
Рк = ТТ / Кожқ |
Рк - капитал рентабельділігі; ТТ - таза табыс; Кожқ - капиталдың орташа жылдық құны |
5 |
Меншікті капитал рентабельділігі |
РмК = ТТ/Мк |
Рмк- меншікті капитал рентабельділігі; ТТ - таза табыс: Мк - меншікті капитал |
Б |
Негізгі құралдар рентабельділігі |
Рнк=ТТ / НКожк |
Рик- негізгі кұралдар рентабельділігі; ТТ - таза табыс; НКожк ~ негізгі құралдардың орташа жылдыққұны |
7 |
Қаржылық салымдар рентабельділігі; |
Рқс= Тққ+ Тбк/ Ксұм+км |
Ркс - қаржылық салымдар рентабельділігі; Ткк- кұнды қағаздар бойынша табыстар; Тбк - бірлескен кәсіпорында үлестік қатысушылардан алынған табыстар; Қсүм+қм- ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық салымдардың жылдық орташа көлемі |
8 |
Өткізілген өнім мен қызмет рентабельділігі |
Рөөк= ТТ / ӨӨТТ |
Рөөк- өткізілген өнім мен кызмет; ТТ - таза табыс; ӨӨТТ - өнімді өткізуден түскен табыс |
9 |
Сату рентабельділігі (агылш.Profitmargin) |
Рс = ЖТ / ӨӨТТ |
Рс - сату рентабельділігі; ЖТ - жалпы табыс; ӨӨТТ - өнімді өткізуден түскен табыс |
10 |
Өндіріс рентабельділігі |
Рөнд = ЖТ/( Нқк + Акк) |
Рөнд- өндіріс рентабельділігі; ЖТ - жалпы табыс көлемі, теңге; Нққ - негізгі қорлардың орташа құны; Аққ - айналым корларының орташа кұны, теңге |
11 |
Өнім рентабельділігі |
Рө= ТТ / Өтөқ |
Рө - өнім рентабельділігі; ТТ - таза табыс, теңге; Өтөқ - өнімнің толык өзіндік қүны, тең |
Ескерту: [4,5,6] әдебиеттер негізінде автордың кұрастыруымен |
Негізгі құралдар рентабельділігі таза табыстың негізгі құралдардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады, негізгі құралдарға салынған әрбір теңге қандай шамада пайда әкелетінін көрсетеді.
Қаржылық салымдардың табыстылығы бірлескен кәсіпорындарда үлестік қатысудан және құнды қағаздар бойынша алынатын табыстардың, қаржылық салымдардың орташа кұнына қатынасы ретінде анықталады. Бұл көрсеткіш кәсіпорынныңинвестициялык қызметті қаншалықты тиімді жүргізетінің көрсетеді.
Сату рентабельділігі (ағылш. Profit margin) −өнім мен қызметті өткізуден түскен табыстың әрбір теңгесіндегі жалпы табыстың үлесін керсетеді.Сату рентабельділігі кәсіпорынның бағалық саясатының және оның шығьндарды бақылау мүмкіндігінің индикаторы болып табылады. Сату рентабельділігінің шамасы кәсіпорынның бәсекелік стратегиясы мен өнім түрлеріне байланысты. Кәсіпорындардың операциялық қызметінің тиімділігін бағалау үшін колданылады.
Өндіріс рентабельділігі − экономикалық тиімділіктің жалпылама сапалық көрсеткіші. Өндіріс рентабельділігі кол жеткізілген табыс көлемі мен сол өнім көлемін өндіруге жұмсалған шығын көлемін салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл өндіріске жұмсалған шығын қол жеткізілген табыстың бағасы деуге болады. Табыстың осы бағасы, яғни белгілі өнім көлемін өндіруге кеткен шығын көлемі неғұрлым төмен болса, өндіріс соғұрлым тиімді болады, ал кәсіпорынның экономикалық тиімділігі жоғары болады. Өндіріс рентабельділігін жүзеге асырылған өндірістік операциялардың тиімділігін анықтау үшін уақыттың кез келген диапазонында есептеуге болады. Әдетте кәсіпорын орнықты түрде қызмет етсе, өндіріс рентабельділігі тоқсан сайын және жыл сайын есептелініп отырады.
Кәсіпорынның
каржылық жағдайы кәсіпорынның
нарықтағы орнын, бәсекеге қабілеттілігін,
төлемқабілеттілігін, жалпылай айтқанда,
кәсіпорынның өз қызметін
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы оның өмір сүруі мен қызмет етуінің және қалыпты қаржы жағдайының негізі болып табылады. Сонымен катар, қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалауда маңызды орын алады. Бүгінгі күні экономикалық әдебиеттерде «қаржылық тұрақтылық» түсінігінің накты анықтамасы жок. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мынадай көрсеткіштері бар: тәуелсіздік коэффициенті, тәуелділік коэффициенті, қаржыландыру коэффициенті, қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынас коэффициенті, инвестицияларды жабу коэффициенті. инвестициялау коэффициенті, қарыз қаражаттарын ұзак
мерзімді тарту коэффициенті, меншікті айналым капиталы
2-кесте −Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Формуласы |
Түсіндірмесі | |
1 |
Тәуелсіздік коэффициенті |
Кт = К / БВ |
Кт- гәуелсіздік коэффициенті; К – капитал; БВ - баланс валютасы |
2 |
Тәуелділік коэффициенті |
Ктәуелділік= Тк/БВ |
К тәуелділік -тәуелділік коэффициенті; Тк -тартылған капитал (баланс валютасы- меншікті капитал); БВ - баланс валютасы |
3 |
Қаржыландыру коэффициенті |
Қк= К / Тк |
Кк- каржыландыру коэффициенті; К - капитал; Тк - тартылғaн капитал |
4 |
Тартылған капиталдың меншікті капиталға қатынасы коэффициенті |
Кткмк= Тк / Мк |
Кткмк–тартылған капиталдың меншікті капиталға қатынасы; Мк - меншікті капитал; Тк - тартылған капитал |
5 |
Инвестицияларды жабу коэффициенті |
Қиж=(Мк + Ұмм) / БВ |
Кт - тәуелсіздік коэффициенті; Мк - меншікті капитал; Ұмм – ұзақ мерзімді міндеттемелер БВ - баланс валютасы |
Б |
Инвестициялау коэффициенті |
Ки = Мк/Нк |
Ки - инвестициялау коэффициенті; Мк - меншікті капитал; Нк - негізгі капитал |
7 |
Қарыз қаражаттарынұзак мерзімге тарту коэффициенті |
Кқұмт= Ұмм / (К+ Ұмм) |
Кқұмт- карыз каражаттарынұзақмерзімгетарту коэффициенті; К - капитал; Ұмм - ұзақ мерзімді міндеттемелер |
8 |
Меншікті айналым капиталы |
Мак = К - Ұмм |
Мак - меншікті айналым капиталы; К - капитал; Ұмм - ұзақ мерзімді міндеттемелер |
9 |
Қорлардың калыптасуының меншікті көздерімен камтамасыз етілуі коэффициенті |
Кккмкк= Мак / Қорлар |
Кккмкк- Қорлардың калыптасуының меншікті көздерімен камтамасыз етілуі коэффициенті; Мак - меншікті айналым капитал |
10 |
Қысқа мерзімді қарыз коэффициенті |
Кқмк= Қмм / Жм |
Кқмк-кыска мерзімді қарыз коэффициенті; Қмм- кысқа мерзімді міндеттемелер; Жм - жалпы міндеттемелер |
11 |
Кредиторлық берешек коэффициенті |
Ккб=(Кб + Өм)/ Жм |
Ккб- кредиторлық берешек коэффициенті; Кб - кредиторлық берешек; Өм - өзге де міндеттемелер; Жм - жалпы міндеттемелер |
Ескерту: [4,5,6] әдебиеттер негізінде автордын құрастыруымен |
Информация о работе Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру