Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2015 в 09:01, дипломная работа
Нарықтық экономика кәсіпорындарды нарықтығы сұраныстарды қанағаттандыруға, нақты тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға және де кәсіпорынның дамуына табыс әкелетін және сұранысқа ие өнімдерді шығаруға бағдарлайды. Табыс көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық және қаржылық қызметін бағалауға маңызды болып табылады. Олар іскерлік беделінін және қаржылық тиімділігінің денгейін сипаттайды. Табысқа байланысты кәсіпорынға салынған активтердің пайдалылығының деңгейі анықталады.
КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық тиімділіктің мәні, түрлері және факторлары 5
1.2 Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі 11
2 «ФЛАМИНГО 19» ЖШС-НІҢ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІНЕБАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының даму тенденцияларын талдау 22
2.2 «Фламинго-19» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін талдау 30
3 ҚР ҚҰРЫЛЫС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Құрылыс кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың шет елдік тәжиребесі 38
3.2 Құрылыс кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыру 47
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
Өткен жүз жылдықтан бері Ұлыбританияда құрылыс қоғамдарының (buidlding society) жүйесі жұмыс істейді.
Қызметіне байланысты олардың жұмысы аздап неміс жүйесіне ұқсас болып келеді, бірақ тұрғын – үй несиесін алуы үшін міндетті түрде құрылыс қоғамының салымшы болу қажет емес. Соңғы жылдары құрылыс жинақ кассаларының қызметі коммерциялық банкердің қызметімен бірдей болып келе жатыр. Бұл құрылымдардың бір бірлері арасындағы бәсекелестік несиелік мөлшерлеменің төмендеуіне алып келеді. Сонымен қатар екі ұйымның да қызметі сақтандыру компанияларымен тығыз байланысты. Сақтандыру қызметі ипотекалық несие жүйесіне кірістіріледі [22].
АҚШ – тағы ипотекалық несие беруінің жүйесін алса, онда «Қызыл линии ережесі» сақталады, осы шектеулерге байланысты қарыздар беріледі, сонымен бірге қарыздарды беру үшін тәуекелдердің аймақтары есептелінді. Егер азамат қызыл сызық ережелерінің шектерінен асып кетсе немесе тәуекелдің қол жетпес аймағына түссе, онда оған несие берілмейді. АҚШ – та несие қарыз алушы жұмыс атқара алатын мерзімге беріледі, яғни зейнет уақытына дейін. АҚШ – та несие беруінің келесі ерекшелігі бар. Барлық тұрғын үйлер 3 топтарда бөлінеді: өте арзан, орташа бағада және өте қымбат. Бірінші топқа несиені мемлекет береді, екі келесі топтарға ипотекалық институттар несие береді. Қарыздың мерзімі осы жағдайда 12 жылды құрайды, жәрдемақының өлшемі – тұрғын үй құнының 75% құрайды.
Ф.Рузвельттің заманынан бастап АҚШ – та тұрғын – үй құрылысының ипотекалық несие беруі және тұрғын – үйдің алуы тармақты жүйесі қалыптаса бастады. Ипотекалық несенін көптеген түрлері кездеседі. Несиелер қаражат беруші ұйымдарға және сақтандыру компанияларына байланысты классификацияланады. Қазіргі уақытта құрылысты қаржыландыруға байланысты несиелік қаржылық жүйесіне көптеген бірінші және екінші деңгейдегі ипотекалық несие институттары және басқа да ұйымдар тартылған. Олардың ішінде бағалы қағаздар нарығы да бар – бұлар ипотекалық банктер, жинақтаушы және несиелік ассоциациялар, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық институттар, жеке несие берушілер, риэлторлық, брокерлік ұйымдар және т.б.[23].
16 – кесте – Дамыған елдердегі
құрылыс жинақ кассаларының
Ел |
Реформа атауы |
Ерекшеліктері |
АҚШ |
Рузвельттің жаңа курсі |
Несиелер қаражат беруші ұйымдарға және сақтандыру компанияларына байланысты классификацияланады. Қазіргі уақытта құрылысты қаржыландыруға байланысты несиелік қаржылық жүйесіне көптеген бірінші және екінші деңгейдегі ипотекалық несие институттары және басқа ұйымдар тартылған. |
Германия |
Эрхардтың соғыстан кейін реформалары |
Құрылыс жинақ кассаларындағы құрылысқа қарыз ақшаларының негізгі көздері болып тұрғындардың салымдары, құрылыс қарыздарын пайдаланғаны үшін қарыз алушылардың төлемдері және табылады. Пайыздық ставкалар шарттың барлық орындау уақытына бірдей болып келеді. |
Аргентина |
Ковальо жоспары |
Үкімет банк шығарылатын облигациялары (міндеттмелер) үшін Кепілдік қорын құрады. Бүкіләлемдік банк 500 миллион АҚШ доллары сомасын (төлеуді 7-жылға кейінгі қалдыруды қоса) 15-жылға қарыз береді. Қор ипотекалық нарықтың субъект шығарылатын бағалы қағаздар бойынша кепілдікті береді. |
Ұлыбритания |
Құрылыс қоғамдары |
Қызметіне байланысты олардың жұмысы аздап неміс жүйесіне ұқсас болып келеді, бірақ тұрғын – үй несиесін алуы үшін міндетті түрде құрылыс қоғамының салымшы болу қажет емес. Бұл құрылымдардың бір бірлері арасындағы бәсекелестік несиелік мөлшерлеменің төмендеуіне алып келеді. Сақтандыру қызметі ипотекалық несие жүйесіне кірістіріледі. |
ЕСКЕРТУ: кесте автордың құрастыруымен жаслаған |
Ипотекалық несие берудің тиімді схемасы бүкәл әлемдік банк көмегімен Аргентинада іске асырылған. Схеманың қорытылған түрі төмендегіше көрінеді. Үкімет банк шығарылатын облигациялары (міндеттемелері) үшін кепілдік қорын құрады. Бүкіл әлемдік банк 500 миллион АҚШ доллары сомасын (төлеуді 7-жылғы кейінгі қалдыруды қоса) 15-жылға қарыз береді. Қор ипотекалық нарықтың субъект шығарылатын бағалы қағаздар бойынша кепілдік береді.
Құрылыс компаниялардың экономикалық тиімділігін арттыруға байланысты ұйымдарға инвестиция тартуының шет елдік тәжірибесін қорытындылай келе, жоғарыда аталған елдердің экономикалық дамуына құрылыс саласының көпп ықпал еткенін байқаймыз. Соңғы 30-жылда АҚШ-тағы ипотекалық несие беру жүйесі жыл сайын құрылыс нарығына 40 миллиардтан астам доллар бағыттап отырды, сонымен қатар рассрочка минимумы 10 жыл болды, негізіне жиірек 20-25 жылға дейін рассрочка алу мүмкін болды.
Құрылыс коммпанияларына инвестиция тартудың келесі қағидасы- тұрғындарға несие беру. Халыққа ипотекалық несие беру әрбір елде әртүрлі болып келеді. Финляндияда келесі шаралар жүзеге асырылады: заңды және жеке тұлғаларға салық салу 32% дейін шектелген; жас жанұяларға парламетпен 20-25 жылдарға 3% пайыздық мөлшерлемеде несие алу бекітілген; жас жанұяларға төлем 25-50% дейін жеңілдіктер қарастырылған. Банктер беретін ипотекалық несиенің жалпы талаптары да оңайлатылған: пайыздық мөлшерлеме жылына 3, 5% құрайды, ал басқа мақсаттарға банктердің пайыздық мөлшерлемесі жылына 9-17% болып келеді[22].
17-кесте –Дамыған ипотекалық несиенің ерекшеліктері
Ел |
Ерекшеліктері |
Финляндия |
Заңды және тұлғаларға салық салу 32% дейін шектелген; жас жанұяларға парламентпен 20-25 жылдарға 3% пайыздық мөлшерлемеде несие алу бекітілгеня; жас жанұяларға төлем 25-50% дейін жеңілдіктер қарастырылған. Банктер беретін ипотекалық несиенің жалпы талаптары да оңайлатылған: пайыздық мөршерлеме жылына 3,5% құрайды, ал басқа мақсаттарға банктердің пайыздық мөлшерлемесі жылына 9-17% болып келеді. |
Германия |
Құрылыс жинақ кассалары жұмыс жасайтын тұрғындармен құрылысты қаржыландыруға келісім шартқа отырады, осылайша меншік иесі құрылыс жинақ кассасындағы өз есебіне ай сайын құрылыстың қаржыландыруына келісілген сомманы салып турады. Жұмыс беруші "936 марка туралы заңға" негізінде еңбек ақыға 78 марка қосып отырады (жылына 936 марка) және мемлекетке ай сайын 93,6 марка немесе 936 марканың 10% қосып отырады. Осылайша "Құрылыс капиталы" жинақталады. Осы сома қажет қаражатқа (тұрғын-үйдің 1/3 шақты құны) дейін жиналғанда, мемлекет тұрғын-үйдің 10% құнын салымшыға береді, ал қалған құнына құрылыс жинақ кассасы төмен пайыздық мөлшерлемемен несие береді. |
ЕСКЕРТУ: кесте автордың құрастыруымен жасалған |
Германияда азаматтардың қолдау жүйесі төмендегідей болады. Құрылыс жинақ кассалары жұмыс жасайтын тұрғындармен құрылысты қаржыландыруға келісім шартқа отырады, осылайша меншік иесі құрылыс жинақ кассасындағы өз есебіне ай сайын құрылыстың қаржыландыруына келісілген сомманы салып тұрады. Жұмыс беруші "936 марка туралы заңға" негізінде еңбек ақыға 78 марка қосып отырады (жылына 936 марка) және мемлекетке ай сайын 93,6 марка немесе 936 марканың 10% қосып отырады. Осылайша "Құрылыс капиталы" жинақталады. Осы сома қажет қаражатқа (тұрғын-үйдің 1/3 шақты құнын) дейін жиналғанда, мемлекет тұрғын-үйдің 10% құнын салымшыға береді, ал қалған құнына құрылыс жинақ кассасы төмен пайыздық мөлшерлемемен несие береді [21]
Инвестициялық процесстегі мемлекеті қатысудың жөніндегі Л.В.Донцованың айтуы бойынша дамыған нарықтық экономикасы бар елдерге мемлекеттің қолдауы бірнеше функцияларға байланысты болады.
Бірінші функция − бұл кәсіпкерліктің капитал салымдарының ортақ көлемін (ынталандыру немесе шектеу) реттеу.
Екінші функция − бұл инвестициялық несие көмегімен нақтылы кәсіпорындарда, сала және жұмыс саласының капитал жұмсауларын ішінара ынталандыру несие және салық жеңілдіктерін беру.
Үшінші функция − бұл инвестициялық процесске төте әкімшілік кіріс
8-сурет
8−Құрылыс саласына инвестиция тартуды мемлекеттік қолдау функциялары.
Мемлекеттік қоолдау жүйесінде Швецияда баға белгілеу сұрақтарына ерекше зер салады. Бағаларды бақылауды, мемлекеттік басқаруды және бесекелесті азаматтық әкімшіліктің қол астындағы министрлік жүзеге асырады. Әрбір губернияда тауарлар мен қызметтердің бағаларын бақылайтын мамандар болады және олардың реттеуі бойынша ұсыныстар енгізіп отырады. Үкімет түбегейлі баға көтеру, инфляциялар және қатты дисбаланстар кезінде бағаны реттеу туралы заңға сәйкес, бағаны қатырып тастауына құқығы болады. Егер олар біреуі жоғарлыатқысы келсе, мемлекет шекті баға деңгей орната алады, бұл туралы ол алдын ала ескертіліп дәлелдеуі керек. Мысалы,егер тұрғын үйге бағалаларды жоғары көтерілсе,онда мемлекет тұрғын үй жәрдем ақылары және жеңілдіктерді беріп отырады.[24].
АҚШ, Германия, Финляндия, Жапония және Канада секілді басқа дамыған елдерде,құрылыс объеектінің бағасын мемлекет қалай реттейтінін қарастырайық. Құрылыс − монтаждау жұмыстарының бағасы табыстың орташа нормасынан және өндіріс шыңындарынан асып кетсе мемлекет араласу арқылы баңаны реттей алады. Орташа пайда нормасы өндіріс шығындарынан 10−12% құроайды. Егер пайда нормасы жоғары кқтерілсе, бұл жағдай зерттеледі және мемлекет бұл норманы реттейді. И.А.Рахман айтуынша шет ел тәжірибесін талдауында бағаның құрастыруы жаңа өнімді өңдеуге және алға жылжытуда маңызды стратегиялық бағыт болып табылады.
Барлық жобаны сенімді құнның анықтауы шетел құрылыс фирмаларының қызметінің негізін қалайтын қағидасы болып табылады. Бұл үшін инвестиция салуларының барлық кезеңдерде құрылыс бағасын анықтау үшін құрылыс құнның ірілендірілген көрсеткіштері қолданылады. АҚШ-та «R.S.MEANS» компаниясы жыл сайын үлкен тиражбен американдық көрсеткіштері бар бағалардың жинақтарын шығарды.Англияда "Technikal Indexes Ltd" фирмасы жұмыстарының құнының ірілендірілген көрсеткіштерімен "WESSEX" жинаұтарын жариялайды.
Осы бөлімде қарастырылған құрылыс компаниялырының экономикалық тиімділігін арттырудың шет елдік тәжірибесін қорытындылайтын болсақ ,қазақстандық нарыққа құрылысқа инвестиция тартуға бірнеше кедергілердің бар екенін байқаймыз:
Құрылыс компанияларының экономикалық тиімділігін арттырудың басым бағыттары
Еліміздің инвестициялық –құрылыс кешенін қалаптастыруда аймақтық қаржылық –құрылыс компаниялары жетекші роль атқаруы керек. Экономикалық тәуелсіз құрылымдар өз қаржыларын аймақтағы ірі инвестициялық – құрылыс жобаларын орындауға жұмылдыра отырып , мемлекеттік экономикалық ,әлеуметтік саясатын іске асыруға әсер етеді. Ірі қаржылық – құрылыс топтарымен қоса , шағын кәсіпкерлік секторы да құрылыс саласында нығыз орын тепті. Өндірістік және азаматтық құрылыстың әр түрде маманданған құрылыс ұйымдары аймақтағы инвестициялық – құрылыс кешендерінің құрылымдық негізін құрауы керек. Инвестициялық – құрылыс кешендерінің құрамына енетін инвестициялық компания үшін ең бастысы тиімді жобаларды іздеп, оларды қаржыландыру болып табылады. Құрылыс кәсіпорындары өз қызметтерін ұйымдастыруда белгілі принциптерге сүйенеді: жоспарлаудың үздіксіздігі, бағдарламалық – мақсаттық ұстаным принциптері олардың қызметін нақтылай түседі.
Аймақтық нарықтағы ұсыныс құрылымы да өзгерістерге ұшырады. Нарықта жаңа, кешендік өнімдер пайда болды. Ұсыныстардың жекелеген қажеттіліктерді қанағаттандыруы – нарық нәтижелілігінің жоғарылағанының маңызды куәлігі. Бұған қоса құрылыс саласына түбегейлі енудің де кедергілері бар екенін айта кету керек. Оған әсер ететін екі фактор:капитал тапшылығы және өнімнің міндетті сертификатталуы.
Құрылыс кәсіпорындарының техникалық қайта жарақтануының проблемасын шешуінің бір жолы құрылыс техникасы меен құрылғыларын өндіретін және тасымалдайтын отандық және шет елдік жабдықтаушылар ұсыныстарын қарап ,оларға жоғары талаптар қою болып табылады. Қазіргі тәжірибе елімізде қолданылып жүрген құрылғылардың сапасының төмен екендігін,олардың өндіріс үрдісін кешендік механизациялау мен автомациялауды толық жургізбейтіндігін көрсетеді. Сапалы құрылыс материалдарын шығару үшін әрине жоғары технологиялық деңгейден құрылғылар мен жабдықтар керек.
Отандық құрылыс компаниялар нарығының даму перспективалары туралы айтқанда еліміздің ғылыми және жобалық-конструкторлық ұйымдардың потенциалын пайдалана отырып, кешенді технологиялық желілерден туратын құрылыс машиналарын жасап шығару қажеттігіне тоқталған дұрыс.
Құрылыс саласының өндірістік базасын дамытуға инвестициялар салу оның техникалық қуаттылығын арттыра түсетін анық. Құрылыстың материалдық−техникалық базасы әрекет етуші кәсіпорындардың қуатын толық пайдалану мен оларды техникалық қайта жарақтандыруға байланысты. Жаңадан құрылысс материалдары өндірісімен айналысатын кәсіпорындарды салумен дамыған технологиялық желілерді іске қосу қазіргі уақытта инвестицияларды тарту арқылы іске асатыны бергілі.
Құрылыс материалдары өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың өндірістік бағдарламасы, өндірістік қуаттылығы, экономикалық тиімділік көрсеткіштері техникалық даму бағыттары салынатын құрылыс нысандарының көлеміне байланысты. Қазіргі уақытта салынып жатқан және салынуға жоспарланған нысандар өте көп екені белгілі. Мемлекеттік деңгейде ірі инвестициялық-құрылыс компаниялары, сонымен қоса шағын және орта бизнес өкілдері жүзеге асырып жатқан құрылыс жобаларын уақытында құрылыс материалдарымен жабдықтауда үздіксіз өндірісті қамтамасыз етуді маңызы зор. Құрылыстағы халықаралық стандарттар құрылыс материалдарының сапасына қойылатын талаптарлы күшейтіп, жаңа құрылыс қоспаларының өндірілуіне мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта құрылыс саласы қарыштап дамуы үшін мынадай басым бағыттарды іске асырған дұрыс:
Информация о работе Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру