Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2015 в 09:01, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық экономика кәсіпорындарды нарықтығы сұраныстарды қанағаттандыруға, нақты тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға және де кәсіпорынның дамуына табыс әкелетін және сұранысқа ие өнімдерді шығаруға бағдарлайды. Табыс көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық және қаржылық қызметін бағалауға маңызды болып табылады. Олар іскерлік беделінін және қаржылық тиімділігінің денгейін сипаттайды. Табысқа байланысты кәсіпорынға салынған активтердің пайдалылығының деңгейі анықталады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық тиімділіктің мәні, түрлері және факторлары 5
1.2 Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі 11

2 «ФЛАМИНГО 19» ЖШС-НІҢ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІНЕБАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының даму тенденцияларын талдау 22
2.2 «Фламинго-19» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін талдау 30

3 ҚР ҚҰРЫЛЫС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Құрылыс кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың шет елдік тәжиребесі 38
3.2 Құрылыс кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыру 47

ҚОРЫТЫНДЫ 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДЖ Құр кәсіпорын экон-қ тиімділ арттыру.doc

— 1.53 Мб (Скачать документ)

Құрылыстық монтаждау жұмыстарынан басқа кәсіпорын метталопластикалық бұйымдарды ( есік, терезе, витраждар) шығаруға байланысты жеке өндірістік базасын қалыптастырды. Сонымен қатар көпқабатты бетондық тастар өндіретін цехтар бар.

Кәсіпорын құрылыстық монтаждау жұмыстарын жүргізуге құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Компанияның әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын құру, мемлекеттік бюджетке уақытылы салық төлеу, қайырымдылық және демеушілік шаралар  өткізумен байланысты жүзеге асады. Компания құрылғалы бері қайырымдылық және демеушілік шараларға 1 миллион доллардан астам қаржы бөлінген.

Сонымен  қатар, «Фламинго 19» соғыс ардагерлеріне, балалар үйлеріне,  аз қамтылған отбасыларына, спортттық шараларға, қоғамдық бірлестіктерге тұрақты көмек көрсетіп тұрады [13].

Компанияның стратегиялық мақсаты- Қазақстанда және басқа елдерде жылжымайтын мүлік құрылысының көлемін арттыру; тұрғындардың әр түрлі талап−тілектерін қанағаттандыру; құрылыс саласында және баспаналарды сатуда жаңа технологиялар енгізу болып табылады.

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болып табылады.

Серіктестік қызметінің пәні:

    • Сату және сатып алу;
    • Коммерциялық және делдалдық қызмет;
    • Құрылыс, құрылыс жөндеу, монтаждау жұмыстары;
    • Тұрғын үйлерді және өнеркәсіп обьектілерін,  ішкі және сыртқы жүйелерді құру, жаңарту, түбірлі түрде жөндеу;
    • Орман материалдарын өндіру мен сату;
    • Азаматтық құрылыс обьектілерін жобалау;
    • Құрылыс жасалған өңдеу материалдарын бөлшектеп және көтермелеп сату;
    • Дүкендерді және әртүрлі нысандағы сауда орындарын ашу мен сауда саттық қызмет;
    • Көтерме, бөлшек және комиссиялық сауда;
    • Жабдықтау сатып өткізу жұмыстары;
  • Жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, экспедициялық қамсыздандыру, жүкті тиеу және түсіру, такелаж жұмыстары бойынша автокөлік саласындағы қызмет, жүктерді сақтау бойынша қызмет көрсету;
  • Халық тұтынытын  тауарларды өндіру және сату;
  • Кафельдерді , асханаларды, барларды, ресторандарды, және т.б ашу құқығымен  қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;
  • Автокөлікті сатып алу және сату;
  • Қонақ үй қызметі;
  • Жолдың жұмыстары;
  • Жарнамалық, ақпараттық, кеңес беру, маркетинг, инжиниринг, факторинг қызметі;
  • Импортық және экспорттық қызмет;

Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңдарымен тиым салынбаған өзге қызметтер.

Кәсіпорынның  Қазақстан республикасының заңдарымен тиым салынбаған қызметтердің кез келген түрін атқара алады.

Серіктестік тізімі заң актілерімен белгіленген кейбір қызмет түрлерімен лицензия негізінде шұғылдана алады.

Компанияның табысы бір жыл ішінде өз қызметінің нәтижелері бойынша қаржы есебі негізінде анықталады.

Серіктестіктің табысы еңбек ақы төлеуге шыққын шығынның орнын толтыру және шаруашылық іс әрекеттің нәтижесінде түскен заттың түсімінен тұрады. Серіктестіктің негізгі бағытының нәтижесі табыс түсіру болып тыбылады.

Серіктестіктің салық төленгеннен кейін, еңбек ақы және бюджетке басқа да төлем төленгеннен кейін қалған пайда, серіктестіктің меншігі болып саналады және оларға одан соңғы жұмыстары мен нығайтылуына бөлінеді.

Серіктестік өндірісін дамыту және жалпы мүдделері үшін бөлінгеннен кейін қалған таза табыс бөлігі серіктестіктің  қатысушылардың  жалпы  жиналысының шешімі бойынша қатысушылар арасында бөлінеді.Таза табысты бөлу шешімі серіктестіктің тиісті жылдық қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған серіктестікке қатысушылардың кезекті жалпы жиналысымен қабылданады. Серіктестіктің салық төленгеннен кейін, еңбек ақы және бюджетке басқа да төлем төленгеннен кейін қалған пайда, серіктестіктің меншігі болып саналады және оларға одан соңғы жұмыстары мен нығайтылуына бөлінген.

Серіктестіктің жалпы жиналысы табысты қатысушылар арасында бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда әрбір қатысушы бөлінетін табыстың серіктестік жарғылық  капиталындағы өз үлесіне сәйкес бөлігін алуға құқылы. Төлемді серіктестік жалпы жиналыс таза табысты бөлу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде ақшалай нысанда жасауға тиіс[14].Төмендегі кестеде 2009−2010 жылдардағы «Фламинго 19» ЖШСтехникалық экономикалық көрсеткіштері келтірілген.            

 

 

 

 

13-кесте−2009−2010 жылдардағы «Фламинго 19» ЖШС техникалық экономикалық көрсеткіштері

 

Негізгі көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2009ж

2010ж

Ауытқуы

         

+/-

%

1

Өнімді сатудан түскен табыс

Мың.тг

7072624

9151992

2079368

129,40

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

Мың.тг

5179472

6965869

1786397

134,49

3

Жалпы пайда

Мың.тг

1893152

2186123

292971

115,48

4

Кезең шығындары

Мың.тг

921904

837383

-84521

90,83

5

Операциялық қызметтен түскен табыс

Мың.тг

971248,00

1348740,00

377492

138,87

6

Операциялық емес қызметтен түскен табыс

Мың.тг

101274

113321

12047

111,90

7

Салық салынғанға дейінгі табыс

Мың.тг

1072522

1462061

389539

136,32

8

Таза пайда

Мың.тг

858017,6

1242751,9

384734,25

144,84

9

Өнімнің 1тг кеткен шығындар

Мың.тг

0,86

0,85

-0,010046

98,84

10

Өнімнің рентабельділігі

%

14,0

15,92

1,863386

 

11

Сатудың рентабельділігі

%

12,1

13,57

1,4474998

 

12

Өндірістің рентабельділігі

%

9,95

10,15

0,1960883

 

13

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны

Мың.тг

1684978

1536273

-148705

91,17

14

Айналым құралдарының орташа жыдық құны

Мың.тг

6933590

10705727

3772137

154,40

15

Еңбек өнімділігі

Мың.тг

72503,02

76358,32

3855,3

105,3

16

Еңбек ақы қоры

Мың.тг

2967793,2

2755511,64

-212281,5

92,85

17

Персоналдар саны

адам

410

357

-53

87,07

18

1жұмыскердің орташа айлық  жалақысы

Мың.тг

60321

64321

4000

106,63

19

Қор қайтарымдылығы

Мың.тг

4,19

5,95

1,7598115

141,93

20

Қор сыйымдылығы

Мың.тг

0,23

0,16

-0,070377

70,46

21

Қормен қорлану

Мың.тг

4109,70

4303,2857

193,58328

104,71

ЕСКЕРТПЕ-« Строительная Инициатива» ЖШС-і мәліметтері негізінде жасалған[15]


 

«Фламинго 19» ЖШС-нің технико−экономикалық көрсеткіштерін талдасақ, өнімді сатудан түскен табыс оң өсу тенденциясын көрсетеді, ол 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда  29,4% немесе 2 079 368 мың теңгеге өсімді құрады.

Талданып отырған кезеңдегі табыстың өсуіне әсер ететін факторлар:   

    • қоғам  филиалдарына жаңа құрал жабдықтарды   (2009-2010жж. Инвестициялық бюджет аясында.);  
    • тұтынушылар базасын кеңейту « заңды және жеке тұлғалар үшін);
    • көрсетілген қызметтердің көлемінің өсу эффектісі есебінен өзіндік құнды төмендету және т.б.

Көрсетілген кестеде өзіндік құнының өсімі де өскенін көріп отырмыз. 2010жылы 2009 жылмен салыстырғанда 34,49 %   құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Өткізілген өнімнің өзіндік құнының жоғарылауы нарықта шикізаттардың қымбаттауының салдары болып табылады. Серіктестіктің  көрсетілетін қызметтерінің өзіндік құнының өсуіне құрал−жабдықтар мен материалдарға бағаның өсуі әсер етеді, және ккерісінше қызметтерге бағалар төмендейді, яғни табыстын өсуі тұтынушылар базасының және монтаждау қызметтерінің өсуі, есебінен болады.

Серіктестіктің жоғарыда көрсетілеген қаржылық-шаруашылық қызметінің өсуі  2− суретте бейнеленген.

 

 

2-сурет-2009-2010 жылдар аралығындағы  табыстың, өзіндік құнның және кезең шығындарының өсуі

 

Технико−экономикалық көрсеткіштерден жалпы табыс та өскенін байқаймыз.2010 жылы жалпы пайданың өсімінің 2009 салыстырғанда  292971 теңгеге өскенін көруге болады ол сәйкесінше 2009 жылдан 115,48 %-ға артық.

Кезең шығындарының талданып отырған кезеңде төмендегенін кестеден көруге болады. 2009 жылы 921904 теңге болған шығындар 2010 жылы 837383 теңгеге дейін төмендеді. Алғашында кәсіпорындар КСБУ бойынша кезең шығындарын өнімнің өзіндік құнына қосып, соның салдарынан тауардың өзіндік құны тұтынушы жеткенге дейін жоғарылыа келетін.Ал қазір, МСФО бойынша бухгалтерлік баланс жасау кезінде                                                                                          кәсіпорындар  кезең шығындарына жұмсалатын коммерциялық шығындарды азайтуға тырысуда, себебі жаңа есеп беру стандарты бойынша кезең шығындары өнімнің өзіндік құнына кірмейді.

Пайда−бұл көрсеткіш кәсіпорынның жалпы қызметінің тиімділігінің көрсеткіші болып табылады және де менеджерлерінің, басқарушылардың және барлық персоналдың жұмыстарының нәтижесінің бағасы болып келеді.Талдау кезеңінде бұл көрсеткіштің тенденциясы біршама жақсы екені анықталды, яғни 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 1242751,9 теңгені немесе 44,84% құрады, кәсіпорындарға берілген салық салу жеңілдіктер арқасында қазір көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайы жақсарып, тұрақталды деп айтуға болады.

Серіктестік қардылық есеп жүргізудің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) байланысты негізгі құралдардың есебін жүргізеді. Сәйкесінше актив ретінде танылған кез келген обьект сатып алынғанға кеткен нақты шығындар бойынша бағаланады, яғни сатып алынған негізгі құралдардың құны сатып алғанға төленген баға және де осы активті жеткізуге кеткен және басқа да шығындар арқылы есептелінеді.

Серіктестікте негізгі құралдардың амортизациясын есептеу пайдалы мерзім кезінде тікелей аударым ретінде есептелінеді. 2010 жылы негізгі құралдар құны 1536273 мың теңге болды, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда −148705 мың теңгеге төмен. Қоғам қазіргі таңдағы  инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы және де құрал жабдықтарды жаңарту және жаңартуы арқылы амортизация есебінен негізгі құралдарының құнын арттыруды  көздеп отыр.

Еңбекақы қоры.  3−суреттен орташа айлық жалақының өзгеруі келтірілген.

 

 

3-сурет−2009-2010 жж. Бір жұмысшының орташа айлық жалақысының өзгеруі динамикасы

 

2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда  еңбек ақы қорының 2122815 теңгеге  төмендегенін көруге болады. Бұл  өсім жұмысшылар санының аз  ғана өзгерісіне байлынысты болып  тұр. Осы кезеңде жұмысшылар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 53 адамға кіміді және сәйкесінше бір адамға орташа айлық жалақы 64 321 теңгеге өсті. Талдау кезеңінде орташа айлық жалақының артуы нарықтың дағдарыстан кейін жандана бастауы мен  сұраныстың пайда болуына байланысты яғни, жалпы табыстың өсуімен түсіндіріледі.

Өнімнің, біздің жағдайымызда көрсетілген қызметтің, 1 теңгесіне кеткен шығындарды қарастырайық. 2010 жылы Серіктестікте 2009 жылмен салыстырғанда өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығын 0,85 тиынға немесе 0,01 %-ға төмендеген. Есептеу мәліметтері 4 суретте көрсетілген.

 

 

 

4-сурет−Өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар динамикасы

 

2009-2010 жылдар аралығында  сату рентабельділігі тұрақты  өсуді көрсетеді, мысалға 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштің мәні 1,44 тиын немесе 11,9 % құрады. Бұл көрсеткіштің өсуіне жоғарыда көрсетілген барлық шығындардың құрамасы әсер етеді, яғни кезең шығындарын рационалды қарым қатынас, Серіктестіктің көрсететін қызметтерінің көлемінің есебінен өзіндік құнды төмендету.

«Фламинго 19» ЖШС қаржылық жағдайына талдау жасау кәсіпорынның қаншалықты тұрақты екенін, кәсіпорынның қарыздық қаржыларға қаншалықты тәуелді екенін, төленбей қалған кредиторлық қарызға артық айыппұл төлемей өзінің капиталымен қаншалықты еркін маневр жасай алатындығынан көруге болады.Серіктестіктің қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы көбінесе капитал көздерінің құрылымының оптималдылығына және активтер құрылымының оптималдылығына байланысты, ең бірінші айналым және негізгі құралдар қатынасына байланысты, және де компанияның активтері мен пасивттерінің салмақтарына да байланысты.

Қаржылық тұрақтылықтың анализі (капитал құрылымы). Қаржылық тұрақтылық коэффициенттері компанияға активтағы құралдардың қанша үлесі тиесілі, яғни тартылған ресурстармен кәсіпорын қызметінің қаржылық көлемінің қаншалықты екенін көрсетеді. 14 -  кестеде Қоғамның қаржылық тұрақтылығын көрсететін есептемелер келтірілген.

 

14- кесте – 2009 – 2010жж. «Фламинго 19» ЖШС қаржылық тұрақтылығының коэффициенттерін есептеу

 

 

Көрсеткіш атауы

 

2009 жыл

 

2010 жыл

 

Өзгеру

Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті

0,46

0,26

-0,21

Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті

0,54

0,74

0,21

Қарыз капиталды шоғырландыру

0,20

0,30

0,09

Тұрақты қаржыландыру коэффициенті

0,80

0,70

-0,09

Қарызды меншіктік капиталмен жабу

0,87

0,34

-0,52

Қаржылық леверидж

1,15

2,91

1,76

ЕСКЕРТПЕ - «Строительная Инициатива» ЖШС-і мәліметтері негізінде жасалған [16]


 

Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті баланстың жалпы табысының қанша үлесін меншікті құралдар алатынын көрсетеді. Егер осы көрсеткіштің мәні қаншалықты көп болса кәсіпорынның тұрақтылығы соншалықты жоғары екенін көрсетеді, бірақ берілген мән болмайды, әрбір салада әртүрлі болып келеді, көбінесе егер осы көрсеткіштің мәні жоғары болса  инвестор өзін сабырлы ұстайды, басқа жағынан қарағанда бұл көрсеткіштің  мәні төмен болған сайын меншікті құралдар тиімді  жұмыс атқарады. (меншікті капитал рентабельді болады). Біздің жағдайымызда өзгермелі сипатта болады. 2010 жылы бұл көрсеткіштің мәні 0,26 құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 0,21 коэффициентке төмен. Серіктестік талдау кезеңінде өзінің барлық міндеттемелерін жабады деп айтуға болады, сәйкесінше меншікті капиталдың жоғары рентабельдігі көрсінеді. Шет елдерде  мұндай  қаржылық саясат белгілі болып есептеледі, егер тартылған қарыздық қаржылардан қайтарымдылық жоғары болса (яғни пайдалануға кеткен пайыздардан жоғары), онда сәйкесінше осындай қабылданған қаржылық саясат меншікті капиталдың рентабельдігін өсіруге мүмкіндік жасайды.

Информация о работе Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру