Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 10:15, дипломная работа
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын нығайту негізіндегі интеграциялық үдерістер саласындағы экономикалық қатынастарын кешенді зерттеу арқылы теориялық, практикалық, әдістемелік және оны жетілдіру бағыттарына ұсыныстар жасауды көздейді.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу талабы қойылды:
– ғаламдану үдерісін экономиканың дамуының шынайы заңдылығы ретінде зерттеу;
– интеграциялық үдерістердің генезисіне, қағидалары мен формаларына талдау жасау және олардың алғы шарттары, кезеңдері мен формаларын саралау;
- интеграциялық үдерістер дамуының макро- және мезодеңгейдегі аспектілерін анықтау;
– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының дамуына сараптама жасау;
– интеграциялық үдерістерді басқару және алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының экономико-математикалық үлгісін әзірлеуге ұсыныстар жасау; \
– ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін және Қазақстан Республикасының ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен өзара сауда байланыстарын бағалау.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ролінің одан әрі күшейе түсуіне келесі шаралар ықпал етуі мүмкін:
1. Үндістанның мүше болып
енуі. Осындай ірі және беделді
мемлекетті қосу Шанхай
2. Моңғолияны қабылдау, Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымындағы
3. Ауғанстанға бақылаушы
мәртебесін беріп және Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымының
4. Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымының шеңберінде көпжақты
жобаларды мемлекеттік
5. Ортақ мүдделерге көбірек
дәрежеде жауап беретін, экономикалық
ынтымақтастыққа кеңірек және
кешенді келудің
6. Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымының эксперттік Форумының
негізінде Шанхай
Жоғарыда көрсетілген шараларды жүзеге асыру Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының дамудың жаңа кезеңіне шығуына ықпал етер еді, оны ең беделді халықаралық институттар қатарына қояр еді және Азиядағы ресейлік мүдделердің алға жылжуына ықпалын тигізер еді.
Ресейдің Оңтүстік-Шығыс Азия Елдерінің Қауымдастығына интеграциялануы
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы, АСЕАН (Association of South East Nations, ASEAN) – Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің аймақтық ұйымы. 1967 жылы құрылған. 10 елді қосады (Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппины, Бруней (1984), Вьетнам (1995), Лаос (1997), Мьянма (1997), Камбоджа (1999)).
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығының негізгі мақсаттары:
Оңтүстік-Шығыс Азия
елдерінің экономикалық дамуын,
әлеуметтік және мәдени
бейбітшілік пен аймақтық тұрақтылықты нығайту;
экономика, мәдениет, ғылым,
техника және кадрлар даярлау
саласындағы белсенді
өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылық саласында
өзара сауданы кеңейту
және қатысушы елдер
басқа халықаралық
және аймақтық ұйымдармен
Қауымдастық елдерінде Ресей ұлы еуразиялық держава болып табылады және болып қалады да, аймақтық қауіпсіздік Ресейді Азия-Тынық мұхиты аймағында және Оңтүстік-Шығыс Азияда жүріп жатқан аса маңызды саяси және әлемдік шаруашылық процестеріне тартудан табысқа жетеді деп санайды.
Қауымдастықтың диалогтық серіктерінің бірі бола отырып, 1992 жылдан бастап Ресей тұрақты негізде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығының министрлерден кейінгі кеңестеріне, 1994 жылдан бері Азия Аймақтық Форумының қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жұмысына қатысып келеді.Ресей Федерациясының бастамасы бойынша Форумның құжаттарында сенім шараларын жөнге салудан бастап превентивтік дипломатия кезеңі арқылы Тынық мұхитындағы Азияны қамтитын аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруға қарай біртіндеп алға жылжу идеясы орнын тапты.
1997 жылдың ортасынан бастап
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің
қауымдастығы – Ресей
Ресейдің екіжақты экономикалық қатынастар жүйесінде көш бастап келе жатқан Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы елдерімен сауда байланыстары табысты дамып отыр.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығының Вьетнам, Индонезия, Малайзия секілді елдерімен қарым-қатынастарда елеулі орынды әскери-техникалық ынтымақтастық алып отыр. Ресейлік өндірістегі әскери техниканың есебінен стратегиялық зымыран әскерлерін модернизациялау толығымен жүзеге асырылуда, Малайзия Әскери-Әуе күштері ресейлік өндірістегі ұшақтармен жарақтандырылған.
Ресейдің Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы елдеріндегі қаржы мүдделері жағдайы әбден сәтті қалыптасып отыр. Индонезия 1960 жылдардан бастау алған өзінің ірі қарызы бойынша мерзімінен бұрын есеп айырысты. 2000 жылы Вьетнамның ірі қарыздарын ретке салу туралы келісімге қолқойылды. Осыған ұқсас уағдаластық Лаоспен жүзеге асырылуда. Жалғыз ғана мәселе – алайда, мөлшері шамалы ғана болып отырған, Камбоджаның қарыздары.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің соңғы уақытта Ресеймен сауда байланыстарын уақыт өткен сайын арттыра түсуін, оның үстіне ерекше назардың бірінші кезекте экономиканың шикізат жағына емес, әскери-өнеркәсіп кешеніне бөлініп отырғандығын ескере отырып, Ресей жуық болашақта Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығына кіреді деп болжауға болады. Мұндай шешім Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығына мүше мемлекеттер мен Ресей арасындағы одан да бетер тығыз қарым-қатынастарға ықпалын тигізер еді.
3.2 Қазақстан интеграциялық қатынастар аймағында және халықаралық ұйымдар
Ғаламдану әлемдік экономиканың барлық үдерістеріне, соның ішінде бәсекелестік саласына, онда да бәсекелестіктің тек тауарлар мен қызметтер нарығында ғана емес, қаражат ресурстарының таралу бағыттарына да қатысы бар. Ғаламдану үдерісіне бар әлемдегі өтіп жатқан меншікті ғаламдық қайта бөлісу де қосылады. Осының нәтижесінде алпауыт фирмалар мен корпорациялардың қуаты ең алдымен ұлттық шекаралардан тысқары орналасқан активтердің есебінен одан сайын молайып, меншіктің ғаламдануы деп аталатын құбылыс пайда болады. Осыған байланысты, біздің ойымызша, «меншіктің ғаламдануы» деген ұғымды кеңейту қажет.
Меншіктің ғаламдануы дегеніміз, біріккен кәсіпорындар (ірі фирмалар, корпорациялар) иелігіндегі меншік, әрі олардың қаржылық және өндірістік қуаттарының ары қарай өсімі ұлттық шекарадан тыс орналасқан активтері арқылы жүреді.
Алайда меншік қатынастарының дамуын зерттеу үдерісі тек макроэкономикалық талдаудан тұрмауға тиіс. Меншік қатынастарын ең алдымен адам жасайды.Демек, аталмыш талдау микроэкономикалық деңгейде де жүзеге асырылуы тиіс және де нақты адамның психологиялық-экономикалық ахуалын, оның жеке мүдделерін де қамтуы керек, қоғамдық немесе өңірлік шаруашылықтың жүйесін ғана емес, сонымен бірге жеке үй шаруашылықтарын, тіпті нақты азаматтың жеке уәждері мен оның мінез-құлқын ынталандыратын ортаны да қамтуы тиіс.
Ғаламдану жөніндегі теориялық зерттеулер мен ғылыми дереккөздерге шолулар жасай келе ғаламдануды әлемдік кеңістіктегі капиталдар, қызметтер кедергісіз қозғалатын, идеялар еркін таралатын және осы идеялардың иелері де таралатын, қазіргі кезеңдегі институттардың дамуына ықпал ететін, әрі олардың өзара ықпалдасуын нығайтатын біртұтас аймақ деп түсінуге болады. Ғаламдану – халықаралық құқықтық және мәдени-ақпараттық кеңістіктің, сонымен бірге өңіраралық және ақпараттық, айырбас жасалатын инфрақұрылымның пайда болуы.
Барлық интеграция тұжырымдамалары әр түрлі «интеграция эффектілерін» зерттейді және пайдалы нәтижеге жету үшін керекті экономикалық-саяси шаралардың кешенін негіздейді.
Бұл мағынада экономикалық интеграция теориясы аталып өткен үш интеграция стратегияларының әлеуетін анықтауға тырысады: ортақ нарықтағы бәсекелестік арқылы; ұлттық экономикалық саясаттарды үйлестіру негізінде және қатысушы мемлекеттердің жалпы саясаты арқылы.
Осыған орай «статикалық» және «динамикалық» интеграция теориясы айрықшаланады. Статикалық эффектілер белгіленген техникалық дамумен және тіркелген сұраныс кезінде тұрақты өндіріс ресурстарын бөлудегі өзгерістер нәтижесіндегі өндірістегі және табыстағы өзгерістерді анықтайды.
Динамикалық
эффекті дегеніміз нарықтың ұлғаю салдарынан
өсу әлуетіндегі өзгерістер, бұл нәтижеге
байланысты бастапқы алғы шарттар бойынша
техникалық дамудың және сұраныс серпінінің
болуынан өндірістік ресурстардың көбеюі.
Келтірілген эффектілердің артықшылығы
мен кемшілік жақтарын біздің көзқарасымызша,
толық емес деген тұжырыммен айқындауға
болады және эффектілердің ерекше жақтарын
келесідегідей толықтырулар жасаған жөн
деп санаймыз:
1 -Кесте Эффектілерге сипаттама
|
|
|
|
|
|
|
| |
|
| |
|
|
|
|
| |
|
|
Кестеде көрсетілгендей, барлық интеграция тұжырымдамалары әр түрлі «интеграция эффектілерін» зерттейді және пайдалы нәтижеге жету үшін керекті іс-шаралардың кешенін былай деп негіздеуге болады:
Жылдам өсу эффектісі бойынша - өнімдердің сапасын жақсарту қажеттігі; еңбек өнімділігін арттыру; жаңа әлемдік даму IT –технологиясына сүйенуді болжайды, осыған орай өндірістік техникаға қатысты иновацияны жетілдіруге жағдай жасау керек.
Сыртқы сауда шарттарының жақсаруы эффектісі бойынша кәзіргі Қазақстандағы бизнеске жол беру керек, әр кәсіпкер өз өнімінің сапасын көтеру керек.
Масштаб эффектісі бойынша - бұл нарық ауқымын кеңейту; бір өнімнің өндірістік шығынын тұрақты түрде азайту немесе инновацияны үдетумен, өндіріс ауқымын кеңейтумен шарттасылған масштаб экономиясын алу.
Бәсекелестік эффектісі бойынша - отандық өндірушілер қарым-қатынасындағы бәйгелестік бастаудың дамуын ынталандыру.
Инвестицияны ұлғайту эффектісі бойынша мультипликациялық эффектілік бере отырып өндірістің көлемін, таза ішкі өнім мөлшерін арттыру, бұдан барып тұрғындардың әл-ауқаттылығы артады.
Көпсипаттағы
ағынды ингеграциялық үдерістерді әртүрлі
деңгейде, мәселен, халықаралық, макро-
мезо және микродеңгейлерде қарастыруға
болады.
Экономикалық интеграцияның
мұндай деңгейлерге бөліну көрінісі шартты
болып саналады және бұл есепке әртүрлі
зерттеушілердің ұсынылған (мейлінше
тар немесе кең әдістемелер) өзіндік айтылулары
бар. Зерттеу нәтижесі бойынша оларға
келесідегідей түрде толықтырулар енгізе
отырып көрсетуге болады (1-сурет). Алайда
қанша деңгейге бөлінсе де олар белгілі
себептермен өзара тығыз байланыста, өзара
сіңісу сипатын иеленеді, және әрбір төменгі
сатыда тұратындар жоғарғы сатының құрамына
кіреді.
Интеграциялық үрдістердің халықаралық (мемлекетаралық) деңгейге тасқынды таралуы жаңа кезендегі әлемдік экономиканың дамуының ерекшелік сипаты болып табылады, сонымен бірге халықаралық экономикалық интеграция, аймақтық экономикалық интеграция, макроэкономикалық интеграция деген түсініктер қолданылады.
Соның ішінде біздің зерттеуіміздің нысаны болып отырған макроэкономикалық интеграцияда елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты, саны белгілі нысандағы мақсаттарын мемлекетаралық деңгейде келісу қарастырылады.
Осы орайда қойылған мақсаттардың неғұрлым толық іске асырылуын қамтамасыз ететін елісілген құрылымдық, ғылыми-техникалық, инвестициялық, әлеуметтік және сыртқы экономикалық саясат қалыптастырылуы тиіс.