Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі халықаралық ұйымдар: қалыптасуы және даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 10:15, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын нығайту негізіндегі интеграциялық үдерістер саласындағы экономикалық қатынастарын кешенді зерттеу арқылы теориялық, практикалық, әдістемелік және оны жетілдіру бағыттарына ұсыныстар жасауды көздейді.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу талабы қойылды:
– ғаламдану үдерісін экономиканың дамуының шынайы заңдылығы ретінде зерттеу;
– интеграциялық үдерістердің генезисіне, қағидалары мен формаларына талдау жасау және олардың алғы шарттары, кезеңдері мен формаларын саралау;
- интеграциялық үдерістер дамуының макро- және мезодеңгейдегі аспектілерін анықтау;
– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының дамуына сараптама жасау;
– интеграциялық үдерістерді басқару және алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының экономико-математикалық үлгісін әзірлеуге ұсыныстар жасау; \
– ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін және Қазақстан Республикасының ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен өзара сауда байланыстарын бағалау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТМД елдеріндегі халықаралық ұйымдар.docx

— 223.89 Кб (Скачать документ)

Жеңiл өнеркәсiптiң жүн, зығыр, аяқкиiм, трикотаж өндiрiстерi Киев, Черновцы, Житомир, т.б. қалаларында орналасқан. Ал құрылыс материалдар өнеркәсiбiнен цемент (Кривой Рог, Днепродзержинск), керамикалық плита (Славянск, Крамоторск), т.б. өндiрiстерiн атауға болады.

    Көлік. Украина аумағының қолайлы географиялық жағдайы көлiк жолдарының, яғни автомобиль жолы, темiр жол және құбыр жолдарының жоғары даму деңгейiн қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк тәуелсiздiктi алғаннан кейiн Украина алдында көлiк жолдарын өзiн-өзi қамтамасыз ете алатын, тұрақты дамитын, дүниежүзiлiк көлiк жүйесi жолымен интеграцияланатын салаға айналдырудың қиын мiндетi тұрды. Осы тұрғыда 1992 жылдан бастап, 100-ден астам көлiк саласында халықаралық келiсiмдер жасалынды. Қазiр елдiң көлiк кешенiнде 2000 кәсiпорын жұмыс iстеп, онда халқының 7,4%-ы еңбек етедi, мұнай өнiмдерiнiң 16%-ы пайдаланылады және елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 15%-ы шығарылады. Негiзгi өндiрiстiк қордың 11%-ы  шоғырланған.                

Республиканың жолаушы және жүк тасымалында осы заманғы көлiк   түрлерiнің барлығы дамыған. Жетекшi орынды темiр жол, ал халықаралық байланыста теңiз көлiгi алады. Теңіз порттары:Одесса, Херсон, Керчь.  Магистральды  труба  құбырлар:  "Достық"  мұнай  құбыры, "Одақ" және "Бауырлас" газ құбырлары, Тольятти-Горловка-Одесса аммиак құбыры.

 

 

  1. ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСКЕ ҚАТЫСУЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР

2.1 Интеграция түсінігі және интеграциялық процестерді анықтаушы факторлар

      Қазіргі таңда әлемнің бір де бір елі басқа мемлекеттерден оқшауланып тіршілік ете алмайды. Халықаралық сауда және қандай да болсын топтарға интеграциялану әр мемлекеттің аса маңызды сыртқы экономикалық және сыртқы саяси міндеті бола бастауда. Осы бір процесте Ресей жетекші орындардың бірін алып отыр. КСРО ыдырағаннан және капиталистік жүйеге қарама-қарсы тұру мен Кеңестер Одағының дау тудырмайтын көшбасшылығына негізделген интеграциялық топтар тас-талқан болғаннан кейін, Ресейдің алдында өзін өзі анықтау және қандай да бір халықаралық ұйымдарға ену мәселесі туындады. Қазіргі таңда Ресей Федерациясы негізгі аймақтық және әлемдік интеграциялық топтардың толыққанды мүшесі болып табылады және олардың қызметіне белсенді түрде қатысуда. Ресей Еуропаның және жалпы алғанда әлемнің қуат қауіпсіздігі осылардың жеткізілуіне байланысты болып келетін орасан зор табиғи ресурстарға ие болып отырған, ауданы бойынша ең үлкен мемлекет болып табылады. Онымен қоса, соңғы уақытта Ресей өзінің дербес сыртқы саясаты туралы, қосарланған стандарттар саясатымен және бір полюсті әлем құру әрекеттерімен келіспейтіндігі туралы белсенді мәлімдеп келеді. Осыны ескере отырып, Ресейдің интеграциялық процестердегі ролін зерттеу міндеті өзекті бола бастауда.

Халықаралық экономикалық интеграция – бұл елдердің терең де тұрақты өзара байланыстарды дамытудың және ұлттық шаруашылықтар арасында еңбек бөлісудің, олардың экономикаларының әртүрлі деңгейлерде және әртүрлі формаларда өзара әрекеттесуінің негізінде шаруашылық тұрғысынан және саяси жағынан бірігу процесі. Микродеңгейде бұл процесс жақын жатқан елдердің жекелеген фирмаларының, олардың арасында алуан түрлі экономикалық қатынастардың қалыптасуы, оның ішінде шетелде филиалдар құру негізінде өзара әрекеттесуі арқылы жүріп жатады. Мемлекетаралық деңгейдегі интеграция мемлекеттердің экономикалық бірлестіктерінің қалыптасуының және ұлттық саясаттарды келісіп шешудің негізінде жүреді.

Фирмааралық байланыстардың қызу дамуы аталған аймақтың шеңберінде елдер арасындағы тауарлардың, қызмет көрсетулердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге, бірлескен экономикалық, валюта-қаржылық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, сыртқы және қорғаныс саясаттарын келісіп шешу мен жүргізуге бағытталған, мемлекетаралық (ал кей жағдайларда мемлекеттен тысқары) реттеу қажеттігін өмірге әкеледі.  Осының нәтижесінде бірыңғай валютасы, инфрақұрылымы, ортақ экономикалық міндеттері, қаржы қорлары, ортақ ұлттан тыс немесе мемлекетаралық басқару органдары бар тұтас аймақтық шаруашылық кешендері құрылады.

Экономикалық интеграцияның ең қарапайым және ең кең таралған      түрі – осының шеңберінде қатысушы елдер арасындағы саудадағы шектеулер және, ең алдымен, кеден баждары алынып тасталатын еркін сауда аймағы.

Еркін сауда аймақтарының құрылуы ішкі нарықтағы тауарлардың ұлттық және шетелдік өндірушілері арасындағы бәсекелестіктің көрігін қыздыра түседі, бұл, бір жағынан, банкроттыққа ұшырау қаупін арттырады, ал екінші жағынан – өндірісті жетілдіру және жаңашылдықтар енгізу үшін стимул болып табылады. Кеден баждарын және тарифтік емес шектеулерді алып тастау, әдетте, өнеркәсіп тауарларына қатысты болып келеді, ауыл шаруашылық тауарларына қатысты импортты либералдандыру шектелген. Бұл Еуропалық Одаққа тән болған және қазіргі күні Солтүстік Америка аймағында және Латын Америкасында байқалуда.

Өзге бір түр – кеден одағы – еркін сауда аймағының қызмет етуімен қатар, үшінші елдерге қатысты бірыңғай сыртқы сауда тарифін орнатуды және бірыңғай сыртқы сауда саясатын жүргізуді ойластырады.

Екі жағдайда да мемлекетаралық қатынастар, қатысушы елдер үшін өзара сауданы және қаржы есептеулерін дамытуда бірдей үмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін, тек алмасу, айырбастау саласына ғана қатысты бк.

Кеден одағы көп жағдайда валюталардың өзара конвертациялануын және бірыңғай есептік ақша бірлігінің функция атқаруын қамтамасыз ететін төлем одағымен толықтырылып отырады.

Күрделірек түр болып, оның қатысушыларына өзара еркін саудамен және бірыңғай сыртқы сауда тарифімен қатар, капитал мен жұмыс күшінің қозғалу еркіндігін, сонымен қатар экономикалық саясаттың келісіп шешілуін қамтамасыз етуге тиісті ортақ нарық табылады.

Бірыңғай нарық функция атқарған кезде әлеуметтік және аймақтық дамуға жәрдем көрсетудің ортақ қорлары қалыптастырылады, басқару мен бақылаудың ұлттан тыс органдары құрылады, құқықтық жүйе жетілдіріледі, яғни бірыңғай экономикалық, құқықтық, ақпараттық кеңістік өмірге келеді.

Мемлекетаралық экономикалық интеграцияның ең жоғарғы түрі, ортақ экономикалық және валюта-қаржы саясатын жүргізе отырып, интеграцияның барлық көрсетілген түрлерін сыйыстырған экономикалық және валюталық одақ болып табылады. Бұл одақ тек Батыс Еуропада орын алып отыр. Тек осында ғана экономикалық интеграция процесі барлық көрсетілген кезеңдерден өтті.

Интеграциялық процестерді анықтайтын факторлар

Экономикалық интеграция өзінің негізінде бірқатар объективтік факторларға ие, олардың арасында аса маңызды орынды:

шаруашылық өмірдің жаҺандануы;

халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;

өзінің сипаты бойынша жалпыәлемдік ғылыми-техникалық революция;

ұлттық экономикалардың ашықтығының артуы алып отыр.

Осы факторлардың барлығы өзара байланысты.

Қазіргі жағдайларда елдер арасында және, әсіресе, олардың фирмалары арасында халықаралық еңбек бөлінісі негізінде тұрақты экономикалық байланыстардың дамуы жаҺандық сипат қабылдап отыр. Ұлттық экономикалардың күн өткен сайын ашықтығы, трансұлттық корпорациялардың іс-әрекеті, өрістеп жайылған ғылыми-техникалық революция, халықаралық сауда, капиталдың миграциясы, көліктің, байланыстың және ақпараттың қазіргі жүйелері шаруашылық өмірдің интернационалдану процесінің осында әлемнің көптеген елдерінің фирмаларының негізгі бөлігінің белсенді қатысуымен, тұтас әлемдік шаруашылықта өзара байланыстардың жаҺандық желісі құрылған деңгейге көшуіне ықпал етті.

Фирмалардың көпшілік бөлігі көршілес жатқан елдер фирмаларымен қатынастарға ие болғандықтан, шаруашылық өмірдің жаҺандануы аймақтық деңгейде ең қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан әлемдік шаруашылықтың жаҺандануының негізгі үрдістерінің бірі – қандай да болсын елдің немесе ең дамыған елдер тобының маңайында интеграциялық аймақтардың, экономикалық мегаблоктардың құрылуы (Америка құрлығында – Америка Құрама Штаттары, Тынық мұхит аймағында – Жапония мен Америка Құрама Штаттары, Батыс Еуропада – жетекші Батыс Еуропа елдері). Өз кезегінде, аймақтық интеграциялық блоктардың шеңберінде, интеграцияның субаймақтық ошақтары қалыптасады, бұл әсіресе Тынық мұхиты аймағына тән. Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі жалғасуда. Ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен еңбектің фирмаішілік және еларалық деңгейлерде заттық, бөлшектік, технологиялық бөлінуі күшейе түсуде. Жекелеген елдердің өнім өндірушілерінің тек еңбек нәтижелерімен алмасу негізінде ғана емес, өндірістік-технологиялық процестерді кооперациялау, комбинациялау, олардың өзара толықтырылуы негізінде бірлескен өндірісті ұйымдастыру негізінде де өзара байланысы (өзара тәуелділігі) арта түсуде. Әртүрлі елдердің фирмалары арасындағы кооперацияланудың қарқынды дамуы осыларды құрудың бастамашылары болып көбіне көп трансұлттық корпорациялар табылатын ірі халықаралық өндірістік-инвестициялық кешендердің пайда болуына алып келді.

Интеграциялық процестерді ынталандыратын фактор – ұлттық экономикалардың ашықтығының артуы. Ашық экономикаға тән белгілер болып:

ел экономикасының әлемдік шаруашылық қатынастар жүйесіне терең тартылғандығы (мұны әлем елдерінің көпшілігінің жалпы ішкі өніміндегі тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша үлкен және өсуін жалғастырудағы экспорттық квота жанама түрде куәландырып отыр);

тауарлардың, капиталдың, жұмысшы күшінің еларалық орын ауыстыруларына шектеу қоюлардың әлсіреуі немесе толықтай жойылуы;

ұлттық валюталардың конвертацияланғыштығы табылады.

Мемлекетаралық экономикалық интеграцияның дамуына алғышарттардың тұтастай қатарының бар болуы ықпал етеді. Мәселен, интеграциялық процестер экономикалық дамудың шамамен бірдей деңгейінде тұрған және біртекті шаруашылық жүйелеріне ие болып отырған елдер арасында ең өнімді жүріп жатады.

Өзге, маңызы одан кем түспейтін алғышарт – бір аймақта орналасқан және ортақ шекаралары бар интеграцияланушы елдердің географиялық жақындығы.

Интеграцияланудың мүмкіндігі және мақсатқа лайықтылығы, ақылға сыйымдылығы, көкейге қонымдылығы көбіне көп елдер арасында қалыптасқан және айтарлықтай берік экономикалық байланыстардың бар болуымен анықталады. Осыларды бірлескен күш-жігермен шешу, жеке-жеке шешкенге қарағанда анағұрлым тиімдірек болуы мүмкін, экономикалық мүдделер мен мәселелердің ортақтығы зор маңызға ие. мысал болып Еуропалық Одақта қалыптасқан, интеграцияның ең дамыған түрі қызмет атқара алады.

Еуропалық Одақ мысалында интеграциялық процестердің механизмдері

Еуропалық Одақтың ұзаққа созылған тәжірибесін талдау мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: егер де оның дамуы саяси, құқықтық, сот, әкімшілік және қаржы механизмдерінің тұтастай жүйесімен қамтамасыз етілмегенде, қауымдастық, сірә, жарты жолға да алға қарай жылжымас еді. Оларды құруға және жетілдіруге міндетті түрде бірінші кезекте көңіл бөлініп отырады.

Еуропалық Одақтың дамуы барысында қалыптасқан бұл жүйе жалпы алғанда батыстың саяси жүйесіне тән кейбір ортақ принциптерге негізделген, бірақ өзінің нақтылы түлерінде ұлттық жүйелерден айтарлықтай ерекшеленеді. Саяси, құқықтық, сот, әкімшілік және қаржы механизмдеріне тән болып келетін белгілер:

 екі типтегі: мемлекетаралық  және ұлттан тыс институттардың  үйлесімі. Бірінші типтегі органдарға  кіретін тұлғалар мүше елдердің  ресми өкілдері ретінде әрекет  жасайды. Екінші типтегі органдардың  мүшелерін де әр мемлекет ұсынады, бірақ олар өз үкіметтерінен  алынған ешқандай нұсқаулармен  байланысты емес, тәуелсіз тұлғалар  ретінде әрекет жасайды. Құрастырудың  осындай қосарланған принципі  жекелеген мүше елдердің мүдделері  мен жалпы алғандағы Еуропалық  Одақ мүдделері арасындағы баланстың  ұсталынып тұруына ықпалын тигізеді;

 Еуропалық Одақ институттары  мен ұлттық үкіметтер арасында  құзыреттіліктерді икемді бөлу. Құзыреттіліктерді бөлудің үш  негізгі вариантын бөліп көрсетуге  болады:

 Еуропалық Одақ деңгейінде  жалпы саясат жүзеге асырылатын  салалар (аграрлық, сауда және т.с.);

 жекелеген бағыттар  немесе мәселелердің топтары  үшін Еуропалық Одақ органдары  жауап беретін, ал қалғандары  бұрынғысынша ұлттық үкіметтердің  қарауында қалатын, аралас құзыреттілік  салалары (аймақтық, әлеуметтік және  т.с.);

 осыларда Еуропалық  Одақтың функциялары мүше мемлекеттердің  әрекеттерін үйлестірумен және  ұсыныстар жасап шығарумен шектеліп  отыратын салалар (қоршаған орта  саласындағы саясат, макроэкономикалық  және т.с.);

 қабылданатын шешімдер  типтерінің алуан түрлілігі –  ұлттық үкіметтер мен интеграцияның  барлық қатысушылары орындау  үшін міндетті регламенттер мен  директивалардан бастап, ұсыныс  сипатына ие қорытындыларға, тұжырымдамаларға  дейін;

 Еуропалық Одақ құқығының  негіз қалаушы шарттардың мазмұнымен  анықталатын шектердегі мүше  мемлекеттердің ұлттық құқығынан  басымдылығы.

Еуропалық Одақ құқығының қайнар көзі болып ең алдымен Еуропалық қауымдастықтарды біріктірген үш шарт, ЕЕА және Еуропалық Одақ туралы Шарт, сондай-ақ Еуропалық Одаққа жаңа мүше елдердің бірігуі туралы шарт табылады.

Еуропалық Одақтың ұйымдық құрылымында, тағы да өте өзіндік келбеті бар түрлерде болғанымен, батыстың саяси жүйесіне тән, заңдық, атқарушылық және сот функцияларын бөлу принципі өз көрінісін тапты. Одантың негізгі институттарының қатарына: Еуропалық парламент; Кеңес; Комиссия; Еуропалық сот; Еуропалық кеңес кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

3.1 ТМД елдерінің әлемдік экономикаға интеграциялануының болашағы (Ресей мысалында)

Бірыңғай Экономикалық Кеңістік: РФ, Беларусь, Қазақстан Бірыңғай Экономикалық Кеңістік деп мемлекеттердің осында тауарлардың, қызмет көрсетулердің, капитал мен жұмысшы күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін бірыңғай принциптерге негізделген, экономикаларды реттеудің механизмдері функция атқаратын және бірыңғай сыртқы сауда саясаты және тең құқылы бәсекені қамтамасыз ету және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шамада және көлемде салық, ақша-несие және валюта-қаржы саясаты жүгізілетін кеден аумақтарын біріктіретін экономикалық кеңістік түсініледі.

Информация о работе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі халықаралық ұйымдар: қалыптасуы және даму болашағы