Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 10:15, дипломная работа
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын нығайту негізіндегі интеграциялық үдерістер саласындағы экономикалық қатынастарын кешенді зерттеу арқылы теориялық, практикалық, әдістемелік және оны жетілдіру бағыттарына ұсыныстар жасауды көздейді.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу талабы қойылды:
– ғаламдану үдерісін экономиканың дамуының шынайы заңдылығы ретінде зерттеу;
– интеграциялық үдерістердің генезисіне, қағидалары мен формаларына талдау жасау және олардың алғы шарттары, кезеңдері мен формаларын саралау;
- интеграциялық үдерістер дамуының макро- және мезодеңгейдегі аспектілерін анықтау;
– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының дамуына сараптама жасау;
– интеграциялық үдерістерді басқару және алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының экономико-математикалық үлгісін әзірлеуге ұсыныстар жасау; \
– ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін және Қазақстан Республикасының ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен өзара сауда байланыстарын бағалау.
Ресей, Беларусь, Қазақстан және Украина президенттері Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті құру ниеттері туралы 2003 жылғы 23 ақпанда мәлімдеді. 2003 жылғы 19 қыркүйекте осы жайында келісімге қол қойылды.
Астанада 2004 жылғы 15 қыркүйекте өткен саммитте «төрттік» елдерінің президенттері бірінші кезектегі ретпен келісіп шешілуге және қол қойылуға тиісті 29 құжаттан тұратын тізімді бекітті.
Бірыңғай экономикалық кеңістіктің негізгі міндеттері:
тарифтік және тарифтік емес реттеу саласында бірыңғай саясат жүргізудің, бірыңғай бәсеке ережелерінің, субсидияларды және мемлекеттік қолдау көрсетудің өзге де түрлерін қолданудың базасында өзара саудада демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғаныс шараларын қолданбауды қарастыратын, иеліктен алусыз және шектеулерсіз еркін сауда аймағын құру;
техникалық регламенттер мен стандарттарды, санитарлық және фитосанитарлық нормаларды жасап шығару мен қолдану принциптерін бірыңғай ету;
макроэкономикалық саясатты үйлесімді ету; тауарлардың, қызмет көрсетулердің, каптал мен жұмысшы күшінің еркін қозғалуы үшін жағдайлар жасау; сауда және бәсеке саясатын қоса отырып, осы Бірыңғай Экономикалық Кеңістіктің қызмет етуі үшін қажетті болатын шамада Жақтардың заңдарын үйлесімді ету;
табиғи монополиялардың (теміржол көлігі, магистральдық телекоммуникациялар, электр қуатын, мұнайды, газды тасымалдау сласында және басқа да салаларда) іс-әрекетін реттеудің бірыңғай принциптерін, бірыңғай бәсеке саясатын қалыптастыру және табиғи монополия субъекттерінің қызмет көрсетулеріне дискриминациялық емес кіруді және олардың тарифтерінің бірдей, тең деңгейін қамтамасыз ету.
Барлық бірінші кезектегі 29 келісім ажырамастай пакет құруға тиіс және бір мезгілде қол қойылып, күшіне енуге тиіс деп шамаланған болатын.
Алайда, Украина алғашқы күндерден-ақ, біржақты саяси және экономикалық басымдықтар алуға ұмтыла отырып, Бірыңғай Экономикалық Кеңістік құру процесін тежей бастады. Ал енді билік басына жаңа прези- дент - Виктор Ющенко келген кезде – жаңа басшылық басты міндеті етіп Еуроинтеграция (Еуропалық Одаққа және НАТО-ға ену) идеясын қойды. Ресейге және Бірыңғай Экономикалық Кеңістік құру жоспарларына деген көзқарасына түсініктеме бере отырып, 2005 жылдың сәуірінде-ақ президент Ющенко былай деп атап көрсетті: «Украина осы ұйымның мүшелерімен еркін сауда аймағын құруға қолдау көрсетеді, бірақ өзінің фискальдық, кеден және бюджет егемендіктерінің девальвациялануына жол бермейді».
2005 жылғы 7 сәуірде, қатысушы
төрт елдің экономика
Сергей Терехин мәлімдегеніндей, Украина жақын уақыттың өзінде-ақ барлық төрт елдің «шектеулерсіз және иеліктен алусыз еркін сауда аймағын» құруын, яғни барлық квоталар мен баждардың күшін жоюын талап ететін болады. Егер тарифтік шектеулер 2005 жылдың соңына дейін күшін жоймаса, Украина мүлдем Бірыңғай Экономикалық Кеңістіктен шығады деп қорқытты. «Украина өзінің бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысуын тек еркін сауда аймағын және капиталдың, қызмет көрсетулер мен жұмысшы күшінің орын ауыстыруы үшін жағдайлар жасау форматында ғана қарастырады», - деп мәлімдеді Терехин.
2005 жылдың тамыз айының
соңында Бірыңғай Экономикалық
Кеңістік құру жөннідегі
Осыған қарамастан, 2007 жылғы 6 қазанда, Еуразия экономикалық қауымдастығының саммитінде Ресей, Буларусь және Қазақстан президенттері Бірыңғай Экономикалық Кеңістіктің Кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыруға: Кеден одағының комиссиясыц туралы шартқа, бірыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы шартқа қатысы бар құжаттар пакетіне, одақтың шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу мен оларға қосылудың тәртібі туралы хаттамаға қол қойды. Кеден одағын құру 2010 жылға қарай аяқталуға тиіс.
Бұл келісім іс жүзінде үш мемлекеттің өзара экономикалық интеграциясы жолындағы алғашқы елеулі қадамы болды.
Ресей және Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы
Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы – Тынық мұхиты бассейнінің елдері арасындағы интеграциялық байланыстарды дамыту үшін құрылған халықаралық экономикалық ұйым. Қазіргі таңда дамудың әртүрлі деңгейінде тұрған 21 елдің (Автсралия, Бруней, Вьетнам, Гонконг (ҚХР-ның арнайы әкімшілік ауданы), Канада, Қытай халық республикасы, Индонезия, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Перу, Ресей, Сингапур, Америка Құрама Штаттары, Таиланд, Тайвань, Чили, Филиппины, Оңтүстік Корея, Жапония) экономикаларын біріктіреді.
Австралияның премьер министрі Б.Хоуктың бастамасы бойынша 1989 жылы Канберрада (Австралия) негізі қаланған. Бастапқыда оған 12 ел – Тынық мұхиты бассейнінің 6 дамыған мемлекеті (Астралия, Канада, Жаңа Зеландия, Америка Құрама Штаттары, Оңтүстік Корея, Жапония) және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері Қауымдастығының 6 дамып келе жатқан мемлекеті (Бруней, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд және Филиппины) кірді. 1997 жылға қарай Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумына енді Тынық мұхиты аймағының барлық дерлік негізгі елдері кірді: жаңа мүшелер болып Гонконг 11993), ҚХР (1993), Мексика (1994), Папуа-Жаңа Гвинея (1994), Тайвань) (1993), Чили (1995) кірді. 1998 жылы, Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумына үш жаңа мүшені – Ресейді, Вьетнамды және Перуді қабылдаумен бір мезгілде, Форум мүшелерінің құрамын одан әрі кеңейтуге 10 жылдық мораторий енгізілді. Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумына кіруге өтініштерін Үндістан мен Моңғолия берді.
Ұйымның мақсаттары:
- аймақ елдерінің экономикалық өсуіне қолдау көрсету;
өзара сауданы нығайту;
елдер арасында ГАТТ/ВТО
нормаларына сәйкес
Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумының іс-әрекеті көбіне көп формальды емес механизмдердің негізінде өрістеп отырса да, ол ені мен тереңге қарай дамып келеді.
Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы өзара сауданы дамыту туралы келіссөздердің жұпыны бағдарламасынан басталды. Осака саммитінде Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумының елдері іс-әрекеттің оннан аса басым салаларын анықтады:
сауда тарифтері;
өзара сауданы реттеудің тарифтік емес шаралары;
хлықаралық қызмет көрсетулер;
халықаралық инвестициялар;
тауарлар мен қызмет көрсетулерді стандарттау;
кеден рәсімдері;
интеллектуалдық меншік құқықтары;
бәсеке саясаты;
мемлекеттік тапсырыстардың бөлінуі;
тауардың шығу тегіне қатысы бар ережелер;
даулардағы делдалдық;
бизнесмендердің мобильділігі;
Халықаралық сауда ұйым шеңберіндегі сауда бойынша келіссөздердің Уругвай раундының нәтижелерін енгізу;
ақпарат жинау және талдау.
Ең маңызды бағыт болып өзара сауданы және шетелдік инвестицияларды ынталандыруға бағытталған шаралар табылады.
Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы елдерінің бірінші онжылдықтың ішінде, олардың дифференциациясы сақталуын жалғастырып отырса да, кедендік салық салудың күшті төмендеуіне қол жеткізу қолдарынан келді. Осымен параллель өзге, тарифтік емес протекционисттік кедергілер де (экспорт пен импортқа мөлшерлік шектеулер, импорттық және экспорттық лицензиялаудағы қиындықтар, экспорттық субсидиялар және т.б.). Осының нәтижесінде, мысалға, Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы елдерінің экспортының жыл сайынғы өсім қарқындары 1995-2000 жылдары 4,7% ды құрады, дәл сол кезде әлемнің басқа елдерінде - 3,0% болды.
Ресей Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумымен қарым-қатынастарды дамытуға мүдделі өйткені бұл елдерге ресейлік сыртқы саудасының 20%-ға жуығы және Ресей Федерациясында жинақталған шетел инвестицияларының 25%-ға жуығы келеді. Сондықтан 1995 жылдың наурызының өзінде-ақ РФ президентінің жарлығымен Форумға кіруге өтініш берілді, 1998 жылғы Ванкувер саимттінде Ресей Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумына толыққанды мүше ретінде қабылданды.
1998 жылғы қараша айында
Ресей СІМ-нің бастамасы
Ресейдің Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумының шеңберіндегі бірінші маңызды шарасы 2001 жылы мамырда Мәскеуде өткен ДКС мәжілісі болды, оған Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы елдерінің іскерлік элитасының 100-ге жуық өкілі қатысты.
Өкінішке орай, тіпті қазірдің өзінде де Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумына қатысушы елдердің көпшілігінің Ресеймен байланыстары айтарлықтай әлсіз, оларға біздің еліміз және оның іскерлік топтары туралы ақпарат жетіспей отыр. Осы теріс жағдайдың негізгі себептерінің бірі деп сарапшылар Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумының ДКС-індегі ресейлік өкілдердің жеткіліксіз белсенділігін, олардың ресейлік мемлекеттік ведомстволармен және іскерлік топтармен әлсіз өзара байланысын есептейді.
Ресей Федерациясының Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумына қатысуын белсенді ететін қадам осыны Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумының Бангкокта 2003 жылғы қазанда өткен кезекті саммиті кезінде Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин баяндаған, Ресейдің Форумға қатысуының мемлекеттік концепциясын жасап шығуы болды. Өзінің сөйлеген сөзінде президент былай деп мәлімдеді: «Ресейдің Азия-Тынық мұхиты аймағының елдерімен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген бағыты – біздің ұғынылған таңдауымыз. Ол әлемнің арта түскен өзара байланыстылығына орай... және бұл аймақтың бүгінгі күні ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі болғандығына орай жасалып отыр». Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумының Пусондағы 2005 жылғы қарашадағы 13-ші саммитінде Ресейдің Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы елдерімен экономикалық ынтымақтастығының басым бағыты деп энергетика саласындағы бірлескен жұмысты, ал саяси салада – терроризммен күресті санау ұсынылған болатын.
Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумының 2007 жылғы саммитінде Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумының 2012 жылғы саммиті Владивостокта өтетіндігі туралы шешім қабылданды.
3.1 ТМД елдерінің әлемдік экономикаға интеграциялануының болашағы (Ресей мысалында)
Ресейдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі іс-әрекеті
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы - КСРО-ның бұрынғы одақтас республикаларының көпшілігінің мемлекетаралық бірлестігі.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін Белоруссия, Ресей және Украина қалады. 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минскіде қол қойылған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Келісімде бұл мемлекеттер КСРО-ның терең дағдарыс және ыдырау жағдайларында өзінің тіршілік етуін тоқтататындығын констатациялады және саяси, экономикалық, гуманитарлық, мәдени және өзге салаларда ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыстары туралы мәлімдеді.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Келісімге
белоруссиямен, Ресеймен және Украинамен
бірлесе отырып, Алматыда Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының
Осы мемлекеттердің Парламенттері Әзірбайжанның (1993 жылдың қыркүйегіне дейін) және Молдавияның (1994 жылғы сәуірге дейін) толық мүшелігін ратификациялағанға дейін, бұл мемлекеттер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ассоциацияланған мүшелері болды.
1993 жылғы қазанда Грузия
Тәуелсіз Мемлекеттер
2005 жылғы тамызда Түркменстан
Тәуелсіз Мемлекеттер
Түркмения секілді, Молдавия мен Украина Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысын ратификацияламады. Бұл ретте Украина Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы және оған қатысушы мемлекет болып қалғанымен де, бұл айтылған сөздер олардың формальды түрде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүшесі болып табылмайтындығын білдіреді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірқатар құрылымдарына (президент аппараттарының статистика, теміржолдар және т.б. жөніндегі үйлестіруші комитеттері) бақылаушы ретінде Моңғолия қатысуда.
Қазіргі таңда Грузияның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан шығу немесе ассоциацияланған мүшелер мәртебесіне көшу ықтималдығы жоғары болып отыр.
1663 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығының Жарғысы