Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 10:15, дипломная работа
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын нығайту негізіндегі интеграциялық үдерістер саласындағы экономикалық қатынастарын кешенді зерттеу арқылы теориялық, практикалық, әдістемелік және оны жетілдіру бағыттарына ұсыныстар жасауды көздейді.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу талабы қойылды:
– ғаламдану үдерісін экономиканың дамуының шынайы заңдылығы ретінде зерттеу;
– интеграциялық үдерістердің генезисіне, қағидалары мен формаларына талдау жасау және олардың алғы шарттары, кезеңдері мен формаларын саралау;
- интеграциялық үдерістер дамуының макро- және мезодеңгейдегі аспектілерін анықтау;
– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының дамуына сараптама жасау;
– интеграциялық үдерістерді басқару және алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының экономико-математикалық үлгісін әзірлеуге ұсыныстар жасау; \
– ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін және Қазақстан Республикасының ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен өзара сауда байланыстарын бағалау.
Макроэкономикалық деңгейде ғаламдану мемлекеттер мен интеграциялық бірігулердің өз шекараларынан тыс сауданы ырықтандыру, саудалық және инвестициялық тосқауылдарды алу, еркін сауда аймағын құру есебінен экономикалық белсенділікке ұмтылуларынан білінеді.
Мезодеңгейде интеграциялық үдерістер ішкі нарық деңгейінде болады, оған нәтижесі әлемдік нарыққа шығу болып табылатын еңбек, қаржы мен валюта нарығында болып жатқан үдерістер кіреді.
Микроэкономикалық деңгейде ғаламдану компаниялардың ішкі нарықтан тысқары іс-әрекеттерінің кеңеюінен байқалады.
Көптеген ірі трансұлттық корпорацияларға ғаламдану ауқымында әрекет жасауға тура келеді: жоғарғы деңгейдегі тұтынуы бар кез-келген аудан олардың нарығы болып келеді, олар шекара мен ұлтына байланыссыз, барлық жерде тұтынушылар сұранысын қанағаттандыруға қабілетті болулары керек.
Компаниялар сатып алушыларды, технологияларды, шығындарды, жеткізілімді, стратегиялық альянстар мен бәсекелестікті ғаламдану санатында ойлайды.
Интеграциялық үдерістің осы деңгейлері арасында қажетті бірлікті қамтамасыз ету керек.
Интеграцияны мемлекеттің ұлттық деңгейдегі және мемлекетаралық институттар деңгейіндегі реттеуші рөлін түбегейлі көтерген жағдайда ғана қамтамасыз етуге болады.
Сонымен бірге мемлекеттік және мемлекетаралық институттардың әзірленген макроэкономикалық интеграция бағыттарының негізінде микродеңгейдегі интеграциялық үдерістердің қарқындауын қамтамасыз ететін интеграциялық механизмдерді қалыптастыру қажет.
Барлық аталған деңгейлер ГАТТ/ДСҰ, ЕО және өзге одаққа кіруші және кіруге ұмтылатын мемлекеттер мүддесінің балансын сақтау үшін ғаламдану мақсаты есебінде әлемдік нарық жағдайын анықтауы керек.
Жаңа кезеңдегі ғаламданудағы автоматантандыру, бұл – Интернет мүмкіндіктерін пайдалана отырып интеграциялық үрдістердің жылдамдығын арттыру, яғни Интернет арқылы сауда жасау, кез-келген келісу құжаттармен алмасу және басқа шараларды іске асыру.
Халықаралық ынтымақтастық және интеграция елдің экономикалық прогресінде негізгі рөл атқарады, оның себебінде халыққа қажетті тауарлар мен қызметтерді өңдіруге тиімді жағдайлар қамтамасыз етіледі, соның арқасында ынтымақтастықтағы серіктестермен айырбас түрінде жетіспеген тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігі беріледі.
Қазақстан өзінің ішкі саясатын халықаралық ынтымақтастықтың дамуымен тығыз байланыстырылады. Осыған орай оған тек гуманитарлық көмек пен жетіспеген қаржылық құралдарды тарту желісімен қатар басқа да ынтымақтастықтарды бағдарлау керек. Қазақстан Республикасына барлық ресурстар мен технологиялардың келесі қозғалысын тудыратын толыққанды сыртқы байланыс кешені қажет. Дегенмен де, мұнда XXI ғасырда қандай елдермен ынтымақтстықта болуымыз керек деген туралы сұрақ туады. Бұл үшін интеграциялық үдерістер туралы әдебиеттердің дереккөздеріне сүйене отырып, әлемдік кеңістікті әрқайсысы бірнеше ел тобынан тұратын 5 ынтымақтас «шеңберге» бөлуге болады
Басқа Орта Азиялық республикалармен қатар Қазақстан транзиттік экономиканы білдіреді, осы орайда ол екі топты бір тұйықталған жүйеге біріктіретін алшақ жүйеге айналып отыр. Басқарушы ықпал жасау үшін тек кіріс ақпаратын (ауытқу) пайдаланылатын жүйені алшақ басқару жүйесі деп атайды. Алшақ жүйе бойынша басқаруда жүйенің осы жағдайдан (оның параметрлерінің) ауытқуына ықпал етуі мүмкін сыртқы ортаның белгілі мінез-құлқына байланысты басқарушының ықпалды таңдауы қарастырылады. Осы басқару реттелетін параметрге ортаның ауытқып ықпал етуін өтеу идеясына негізделеді, яғни басқаруда жүйеге ықпал ету жөніндегі мәлімет пайдаланылады.
Сонымен бірге осы ресурстардың жаңғыртылмайтынын, сол себептен экономикалық жүйе алшақ болатынын атап өту қажет және нәтижесінде экономиканың дамуы үшін ресурстардың таусылу дәрежесін төмендету үшін А және В салаларында қосымша көздер болуы тиіс. Мұндай жүйелер А және В әлемдік жүйелерімен жасайтын байланысына, әрі олардың арасындағы сауда мен транзитке тәуелді болатын байланысқа өте сезімтал келеді. Ал оның саяси жүйесі елдердің қоршаған көп қырлы саясатына бейімделіп, осындай жеке елде социалистік үлгіге ұқсас экономиканың дамуының нақты мүмкіндігін береді. Қазіргі кезеңде экономиканың интеграциясы барлық елдердің басты үрдісіне айналған транзиттік елдер мен мемлекеттерді, халықтар мен ұлттарды біріктіретін негізге айналып отыр және ол халықаралық сауданы, ғылыми және мәдени алмасуды дамытуда айтарлықтай рөл атқарады.
Ұлттық экономиканың негізгі құрамдастары – ұлттық шаруашылық, экономикалық саясат дамушы елдерді, соның ішінде Қазақстан Республикасын көтеретін маңызды фактор әрі жаңартатын тұтқаға айналды. Ұлттық экономикалық мүдде объективтік және басымды фактор ретінде әлі де қойылым сатысында және жеткілікті деңгейде ескерілмейді.\
Ұлттық экономикалық мүдденің маңызы еш жерде және ешқашан жеке адамның мүддесі ретінде қарастырылмайды деген пікір орынды айтылған. Ұлттық экономикалық мүдде жеке адамның және жеке кәсіпкерліктің мүддесінің экономиканың ілгері дамуы және оның белгіленген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жетуі жолындағы іс-қимылын біріктіріп, нығайтатын және бағыттайтын негіз болып табылады. ЕурАзЭҚ пен ОАҚ-ң басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстан мен Ресейде экономикалық өсудің біршама салыстырмалы серпіні, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың ойдағыдай іске асырылуы осы елдердің интеграцияға біршама даяр екенін көрсетеді. Егемендік алған жылдары әрбір ұлттық мемлекет дербес дамыды, орын алған өзгерістер заңдарда нақты даму жағдайына орай бекітілді.
Қоғамдық пікірді білдірушілер бұрынғы кеңес кеңістігіндегі интгерацияны бұртұтас үдеріс емес, айқын интеграциялық идеялармен біріктірілмеген және анық бағыты жоқ әр түрлі бағыттағы көп үдеріс ретінде түсінеді. Бұрынғы кеңес кеңістігіндегі мемлекеттердің ағымдағы кезеңдегі интеграциялық күш-жігері ұйымдастырылмаған «апатты» сипатта, яғни өндірістік емес, мәселенің шешімін табу жолын іздестіру сипатында болды деп қорытындылауға болады. Барлық мемлекеттер үшін интеграцияның стратегиялық маңызын мағлұмдаса да олар стратегиялықтан гөрі жағдаятты іс-әрекет жасайды. Интеграциялық үдеріс құрылымында мынадай құрамдастарды жеке бөлуге болады: саяси; әлеуметтік; өндірістік; экономикалық; қаржылық; қауіпсіздікті қамтамасыз ету; мәдени; ғылыми және білім беру.
Интеграциялық үдерістер жөніндегі деректеме көздерін және Беларустің, Қазақстанның, Ресей мен Украинаның қоғамдық пікір көшбасшылары сарапшыларының пікірін талдай келе әр түрлі параметрлерге мынадай: интеграциялық үдерісті бағалау; интеграциялық үдерістің тиімділігін бағалау; интеграциялық үдерістің айқындылығы мен жариялылығын бағалау; бұрынғы кеңес мемлекеттерінің интеграциялық үдеріске қатысуын бағалау; интеграциялық үдерісті ұйымдастыру нысандарын бағалау: көп тараптық немесе екі тараптық тұрғыда баға беруге болады.
Сарапшылардың кейбірі көп тараптық қатынастардың орнына енді екі тараптық қатынастар жасалады деп санайды, ал басқалары көп тараптық келісімдер белгіленген кезеңде өзінің міндеттерін орындаса да, олар әлі қолданылатын болады деп пайымдайды. Екі тараптық келісімдердің саны көбейген сайын оларды ерте немесе кеш пе оңтайландырып, сәйкестендіру қажет, осының нәтижесі көп тараптық келісімдерге дем берді және қолданыстағы көп тараптық келісімдердің одан әрі дами беретін болады.
Қазақстанның ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен 2003 жылғы және 2009 жылдың 1-тоқсан аралығындағы кезеңдегі ынтымақтастық жасасуы мен сыртқы саудасын талдаудан өңірдің экономикалық дамуының сапасы жақсарғаны байқалады. Сапаның жақсаруы ең алдымен ҒТР дәуірінде әлемдік өндірістегі құрылымдық өзгерістермен байланысты.
Орын алған өзгерістерді жан-жақты сипаттау үшін ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінің, сонымен бірге Қазақстан мен әрбір жұп ел арасында берілген деңгейде осындай өзгерістер болғандықтан, олардың арасындағы өзара тауар ағындарының қарқындылығын зерттеу қажет. Осы көрсеткіштерге қызығушылық, сондай-ақ сауда қатынастарын аймақтың біртұтастығын қалыптастыратын фактор ретінде қарастырылатын болғандықтан қажет болады. Сапа өзгерістерін көрнекі түрде көрсету үшін осыған керекті деректер Қазақстанның ТМД елдерімен және де басқа елдермен жасайтын экспорттық-импорттық операцияларын төмендегі кестеде көрсетуге болады.
2-Кесте. Қазақстанның
ТМД елдерімен және басқа
|
|
|
|
|
| ||||
|
|
|
|
|
| ||||
|
|
|
|
|
| ||||
|
|
|
|
|
| ||||
|
|
|
|
| |||||
|
|
|
|
| |||||
|
|
|
|
|
| ||||
|
|
|
|
| |||||
|
|
|
|
| |||||
|
|
|
|
|
| ||||
|
|
|
|
| |||||
|
|
|
|
| |||||
|
|
|
|
|
| ||||
|
|
|
|
| |||||
|
|
|
|
| |||||
|
|
|
|
|
| ||||
|
|
|
|
| |||||
|
|
|
|
| |||||
|
|
|
|
|
| ||||
|
|
|
|
| |||||
|
|
|
|
| |||||
|
|
|
|
|
| ||||
|
|
|
|
| |||||
|
|
|
|
|
Қазақстан мен басқа қатысушы-елдің 2000 жыл ішіндегі екі жақты тауар ағыны қарқынының коэффициентін талдау осы коэффициенттің 3-тен асатын мәні ТМД, СО елдері мен Латын Америкасы, Азия елдері мен Қытайдың арасындағы тауарлар алмасуға сәйкес екенін, ал 2005 жылы қарқындылық коэффициентінің мәні осындай жоғары болғанын Қазақстанның Азия, Африка, Германия, Италия, Франция мен Қытай, Канада мен Ресей сияқты әріптес елдермен жасаған саудасынан көруге болады. Осы орайда ең көп тауар айналымы ТМД елдерімен, Азяимен және Қытаймен жүзеге асырылады. 1-3 аралығындағы қарқындылық коэффициенті ТМД, ЕО, Латын Америкасы мен Азия елдері және Ресей, Белоруссия, сондай-ақ АҚШ-пен жасалған саудаға сәйкес келіп, Қазақстанның осы елдермен экономикалық жақсы байланыс жасайтынын айғақтайды. Қазақстанның Белоруссиямен, АҚШ-пен, Канадамен, Түркиямен және Латын Америкасы мен Африка елдерімен жасалатын сауданың қарқындылық коэффициенті 1-ден төмен, яғни олардың арасындағы сауда байланысы әжептәуір төмен деңгейде қалып отыр. Дағдарыс кезеңінде қатысушы-елдердің арасындағы сауданың қарқындылығы ең төмен коэффициентпен сипатталады.
Қазақстанның ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінің арасындағы өзара сауда байланысы қарқындылығының коэффициентінің серпіні 4-суретте келтірілген.
4-кесте. Қазақстанның интеграциялық
қатынастарының сипатын бағалау
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
| ||||||
|
Кестеге қарап
Қазақстанның келтірілген параметрлердің
төртеуін қоспағанда интеграциядан пайда
алатынын көруге болады. Ал төрт параметрлер
нарықтың ұлғаюы, бәсекелестіктің өршуі,
стратегиялық мүдделерді келісу мен еңбек
көші-қоны сияқты қатынастардан екі жақты
нәтиже байқалады. Осы жайғасымдарды әр
түрлі түсіндіруге болады, мысалы, еліміз
өз аумағында импорттық тауарларды әкелуді
ұлғайтқан жағдайда өзіміздің тауарлар
ығыстырылады, осыдан қазақстандық тауарларды
қорғамаған жағдайда олардың бәсекеге
қабілеттілігі төмендеуі ықтимал. Стратегиялық
мүдделерді сәйкестендіру кезінде нарық
субъектілердің мүдделер жүйесінде ұлттық
экономикалық мүдделерді ескеру керек.
Ал көші-қонының салдарынан елімізге,
әсіресе Өзбекстан мен Тәжікстаннан арзан
жұмыс күшінің ағылуына әкеліп, онсыз
да жұмыссыздық мәселесіндегі күрделі
жағдайды шиеленістіреді. Еліміздегі
әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында
жұмыссыздықтың деңгейін төмендету үшін
ұлттық мүддені ойластырып, еліміздің
ауыл шаруашылық бағыттағы өндірістік
үдерісін көтерген абзал.
Сыртқы сауда ұлттық кірістің, кеден төлемдерінің, экспортқа бағытталған және шетелдік капиталы бар бірлескен кәсіпорындардың салық төлемдерінің, шетел инвестициялары мен отандық өндірушілердің инвестицияларының келуі мен кетуі сияқты құрамдастарға байланысты жалпы ішкі өнімнің құрамындағы қосылған құнды өзгерту арқылы экономикалық дамудың сипатына (қауіпсіз немесе «дамуға» қауіп төндіретіндей) ықпал етеді.
Осыған орай Қазақстан үшін тиімдісі ДСҰ-ға кіру, әрі Ресей Федерациясымен, Белорусиямен КО құрылуына орай олармен еркін сауда жөніндегі келісімге отыру,интеграциялық үрдістің өзара бағыныштылығын сезіну бұл елдерге аймақтық мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондықтан аталған елдер мен Қазақстан арасындағы тура байланыстарды қайта жаңарту жолдарын айқындау маңызды мәселелердің бірі болуда. Осыған орай олар біріккен түрде КО-на мүшелікке қабылдаудың жаңа шартының біріне сауданы ырықтандыру тәртібі болуы керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық экономикада ғаламданумен байланысты интеграциялық үдерістердің қарқынды үдеуі кезеңінде ұлттық экономиканың бәсекелестікке сай дамуы нарық заңдылығы болып табылады, осыған орай нарық субъектілері қалыптасқан экономикалық жағдайда әр ел экономикалық үдерістерді мемлекетаралық реттеуге неғұрлым қолайлы шешімдер қабылдауға ұмтылады.
Дипломдық жұмыста осы заманғы ғаламдану үдерісі туралы түсінік тереңдетіледі және өз мәні бойынша ғаламдануды әлемдік кеңістіктегі капиталдар, қызметтер кедергісіз қозғалатын, идеялар еркін таралатын және осы идеялардың иелері де танылатын, қазіргі кезеңдегі институттардың дамуына ықпал ететін, әрі олардың өзара ықпалдасуын нығайтатын біртұтас аймақ ретінде түсінуге болады деген тұжырым жасалған. Кез-келген мемлекет әлеуметтік, экономикалық және саяси даму нәтижесінде ұлттық өзіндік беделге ие болу үшін барлық күш-жігерін салады. Экономикалық, ақпараттық және мәдени салаларындағы ғаламдану жағдайында осы ұмтылыс әлемдегі жарысу үдерісі ақпараттық жағынан ашық және әртараптандырылып жүзеге асырылатын ұлттық сәйкестендіру үдерісімен тығыз байланысты. Сонымен бірге ғаламданумен байланысты келеңсіз күштерге қарсы тұра алатын ұлттық сана-сезімді жаңғырту қажет. Ғаламдану қазіргі кезеңде алдыңғы қатарлы корпорацияларды, нарықтарды, әлемдік ауқымдағы жарнаманы, бүкіл әлемдік өнім өткізу жүйесін зерттейтін бүкіл әлемдік желінің құрылымын мүлдем өзгертті. Жұмыста ғаламданудың әлемдік және ұлттық экономикаларға жасайтын келеңсіз әсері анықталды және дәйектелді.