Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 10:15, дипломная работа
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын нығайту негізіндегі интеграциялық үдерістер саласындағы экономикалық қатынастарын кешенді зерттеу арқылы теориялық, практикалық, әдістемелік және оны жетілдіру бағыттарына ұсыныстар жасауды көздейді.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу талабы қойылды:
– ғаламдану үдерісін экономиканың дамуының шынайы заңдылығы ретінде зерттеу;
– интеграциялық үдерістердің генезисіне, қағидалары мен формаларына талдау жасау және олардың алғы шарттары, кезеңдері мен формаларын саралау;
- интеграциялық үдерістер дамуының макро- және мезодеңгейдегі аспектілерін анықтау;
– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының дамуына сараптама жасау;
– интеграциялық үдерістерді басқару және алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының экономико-математикалық үлгісін әзірлеуге ұсыныстар жасау; \
– ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін және Қазақстан Республикасының ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен өзара сауда байланыстарын бағалау.
ОЭК. Энергетикалық базасы жеткіліксіз: Армян АЭС жұртшылықтың талабы бойынша жабылған (жер сілкініс аймағы); ЖЭС істемейді, себебі Әзірбайжаннан алынатын газ және мазут қазір берілмейді; Раздан өзеніндегі СЭС-тар каскадтары салдарынан Севан көлі өз деңгейін 19 м-ге төмендеген.
АӨК - Грузия мен Әзірбайжанға қарағанда қуаттылығы аз; ел өнімінің 1/3 береді. Ауыл шаруашылығы- жүзім шаруашылығы, бау шаруашылығы, астық шаруашылығы (арпа, бидай) және қой шаруашылығынан тұрады. Ауыл шаруашылығы жерінің аздығымен байланысты жүзім, жеміс, темекі шаруашылықтары ғана жетекші орын алады. Жыртылған жердің үлесі осындай аз жерінің 40%-ын алады. ЖІӨ өндіру көлемінің ауыл шаруашылығына 43%-ы тиесілі. Негізгі егістік жері суармалы. Арарат аңғарында аздаған егіншілік (арпа, бидай) пен тауда қой шаруашылығы дамыған. Сыртқы байланыстың басымы Иран, Ресей, Түрікменстанға келеді.
Тамақ өнеркәсібі: шарап жасау, жеміс-консерві өндірісі (Арарат аңғары).
ӘЗІРБАЙЖАН (астанасы - Баку)
ЭГЖ. Закавказьенің оңтүстік-шығысында орналасқан,жер көлемі және халық саны (7,4 млн. адам) жөнінен ең үлкен мемлекеті.Аумағының 50% -ы таулы жерде, олардың арасында Кура-Аракс, ал оңтүстік-шығысында Талыш тауы мен Каспий теңізі арасындағы Ленкоран ойпаты жатыр. Закавказьеде, Оның территориясының 2/3 бөлігін таулар алып жатыр.Құрамында - Нахичевань және Таулы Карабах республикалары бар.
Табиғат ресурстары. Закавказье аумағы басқа республикалардың ішіндегі пайдалы қазбаға ең мол аудан. Мұнда мұнай, емдік мұнай, нафталин, газ, темір кені, алунит, кобальт, мыс колчеданы т.б. қазбалар кездеседі.Мұнай өнеркәсібінің болашағы — оны Каспий қайраңынан өндіру болып табылады. Темір рудасының (Дашкесан), алунит (Заглик) қорларының орасан зор маңызы бар.
Халқы тез өсіп келеді, өйткені табиғи өсімі өте жоғары. Халқының негізгі бөлігі - әзірбайжандар (78%), орыстар, армяндар, т.б. Қала халқы (54%), шамалы ғана село халқынан артық.
Экономикасы. Шаруашылығының мамандануы - ОЭК, химия өнеркәсібі және АӨК. Әзірбайжан — жоғары дамыған өнеркәсібі және көп салалы ауылшаруашылығы бар индустриялды-аграрлы ел. Әзірбайжан шаруашылығында мұнай және газ өндіру, мұнай өңдеу, химия (минералдық тыңайтқыш, синтетикалық каучук, автомобиль шинасы т.б.), машина жасау, кен-руда өнеркәсібі (темір рудасын және алуша өндіру) және түсті металлургия, алуан түрлі тамақ (консерві, шай, темекі, шарап жасау) және жеңіл (мақта тазалау, мақта мата, жібек, жүн, кілем тоқу) өнеркәсіп салалары маңызды орынды алады. Әзірбайжан экономикасы дүние жүзінде экономикалық өсудің ең жоғары қарқының бірін көрсетуде: ЖІӨ (2008) қорытындысына сай 74,856 $, жан басына шаққанда 9500$.
Жалпы, шаруашылық салалары беретін өнімнің 48%-ы өнеркәсіпке,52%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі. Отын-энергетикалық байлығының болуына байланысты экономикалық қуатына сай Закавказьенің басқа республикаларына қарағанда экономикасының дағдарысы төмендеу болып отыр.
Әзірбайжан шаруашылығының аумақтық құрылымында негізгі орынды Баку-Апшерон ауданы алса, мұнда бүкіл өнеркәсіп өнімінің 4/5-і шығарылады. Оның ішінде орталық орынды отын-энергетика кешені алады. Оған өнеркәсіп құрылымының 68,3%-ы тиесілі. Әзірбайжан ежелгі мұнайлы-газды аудан. Мұнайдың қорынан ТМД-да тек Ресейге жол береді, қоры 4 млрд т (оның 80%-ы теңіздік). Электр энергиясының 10%-ын ЖЭС береді. Мингечаур, Шамхор СЭС-тары бар.
Әзірбайжанның сыртқы экономикалық байланысы, ең алдымен, мұнай өнеркәсібі саласы бойынша белсенді дамуда. Соған сай мұнай және мұнай өнімдері экспорты артуда. Әзірбайжанның сыртқы байланыстағы маңызды серіктестеріне Ресей, Түркия, кейбір Батыс Еуропа елдері, АҚШ және Қазақстан жатады. Оның тауарларын импорттауда Франция, Түркия, Ресей, Грузия елеулі орын алады.
Химия өнеркәсібі. Дамуы - мұнайды өндіру және өңдеумен байланысты. Мұнай өңдейтін кәсіпорындар- химиялық өнімдер шығару үшін шикізат береді: синтетикалық каучук, смолалар, резина дөңгелектері және басқалар. Орталықтары - Баку, Сумгаит.
Қара металлургия - мұнайшыларға құбыр трубалар береді (Сумгаит). Түсті металлургия- жергілікті (Алунитдаг) және тасылатын шикізаттан алюминий қорытады (Сумгаит).
Мәшине жасау кешені. Салалардың мамандануы - ОЭК қажеттіліктерімен анықталады. Мұнай және газ құрал- жабдықтары: бұрғылау мұнаралары, жүзетін бұрғылау қондырғылары мен насостар, т.б. бұрғы құралдары шығарылады. Ғылымды қажет ететін өндірістер: прибор жасау, электр және радиотехника дамып келеді (Баку, Гянжа).
АӨК-тің дамуы - суландырумен байланысты (егістік жердің 60% суландырылады). Бидай, күріш, мал азықтық және техникалық дақылдар өсіріледі. Кура ойпатында өсірілетін мақта егістігінің зор маңызы бар. Үлкен және Кіші Кавказ тауларының етегінде жүзімдіктердің 60% орналасқан. Бау, жібек, қой шаруашылықтары дамыған. Ауыл шаруашылығының дамуы жерді суғарумен байланысты. Ірі су қоймаларынан (Мингечаур суландыру жүйесі) тартылған каналдар егістің 60%-ын суғарады. Әзірбайжанда бидай, күріш, мал азықтық дақылдан жүгері, техникалық дақылдан мақта, ал Ленкоран ойпатында цитрусты жемістер өсіріледі. Мал шаруашылығында қой шаруашылығы едәуір орынды алады. Шаруашылығының территориялық құрылымының негізгісі – Баку- Апшерон ауданы (өнеркәсіп өнімдерінің 4/5 береді).
1.2 ТМД-ның Еуропалық бөлігінің елдері
ТМД-ның Еуропалық батысында орналасқан тәуелсіз елдер – Беларусь, Молдавия және Украина мемлекеттері, ТМД-ның осы макрорегионын құрайды.
Еуропалық Батыстың жалпы белгілері: 1) ЭГЖ ерекшеліктері (ТМД мен Ресейдің батыс шекараларындағы жайы) – ТМД мен Ресейді, Орталық және Батыс Европа елдерімен байланыстыратын көлік магистральдарының өтуіне септігін тигізеді; 2) ЭГЖ-ның біршама қолайлылығы, оның территориясының оңтүстік бөлігі - Қара теңіз бен Азов теңізі бассейніне шығады; 2) Теңіз көлігі - тарамдалған темір жол желілері және труба құбырларымен толықтырылған; 3) Кеме жүзетін ірі өзендерінің болуы, олардың көпшілігінің халықаралық маңызы бар. 4) Олардың табиғат жағдайларының ұқсастығы; 5) Табиғат ресурстары қорларының кейбір түрлерінен басқаларының аз болуы; 4) Халқының ерекшелігі: табиғи өсімі – төмен; байырғы ұлттар басым; территория бойынша орналасуы біркелкі, ал оңтүстігінде халық тығыз қоныстанған (1 шаршы км-ге 100 адамға жуық) регион; жоғары маманды еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілген; қала халқы басым; халық шаруашылығының еңбекпен қамтылуы және еңбек ресурстарының мамандығы жоғары; 5) Шаруашылығының жалпы типі - өнеркәсібі басым, оның негізі тасылатын шикізат. Өнеркәсібі бүкіл өнімінің 70% береді, қуатты өнеркәсібі бар, мұнда дүние жүзіндегі ең ірі индустриялық аудандардың бірі - Донецк-Приднепровье ауданы орналасқан, іс жүзінде ОЭК барлық салалары, мәшине жасау кешені және конструкциялық материалдар шығаратын кешен дамыған; 6) Ауыл шаруашылығының мамандануы – сүтті, сүтті – етті ірі қара мал және құс шаруашылығы, шошқа шаруашылығы және жемшөптік өсімдік шаруашылығы. Кешенді АӨК қалыптасқан. Жер көлемінің негізгі бөлігін ауыл шаруашылық дақылдары алып жатыр
Жалпы белгілерінің ұқсастықтарымен қатар өзара айырмашылықтары да бар, оны әрбір республикаға жеке тоқталғанда байқаймыз. Сонымен бірге кейбір түйткілді, әлі шешімін таппаған мәселелер де баршылық. Мәселен, Белорусьта батпақты жерлерді құрғату іс-шаралары күн тәртібінде тұрса, ал Украина мен Молдованың экономикасының одан әрі дамуының негізгі проблемасы - су проблемасын шешуге байланысты. Әсіресе оңтүстік региондары суға өте мұқтаж болып отыр. Осыған байланысты су ресурстарын жинау және қайта бөлу үшін су шаруашылық құрылыстарын салу кең өріс алуы тиіс.
ЭГЖ. Беларусь - Ресейдің батыс шекараларында Днепр, Батыс Двина және Неман өзендерiнiң алабында орналасқан. Белорусь арқылы, Ресейді – Батыс және Орталық Европа елдерімен байланыстыратын көлік магистральдары өтеді.Жер бедерi жазық. Аумағының 30%-ын орман алғанымен, ол соғыс жылдарында зор зиян шеккендiктен, оны пайдалану дәрежесi төмен. Орман көлемiнiң басымы топырақ, су қорғау және қорық ретiнде маңызды.
Табиғат ресурс түрлері көп емес: шымтезек, калий және ас тұздарының шаруашылық маңызы бар.
Халқы біршама біркелкі орналасқан: оның ең тығыз орналасқаны - Минск ауданында, ең азы – елдің батыс бөлігі.
Ұлттық құрамы: белорустар – 75%, орыстар – 12%, поляктар – 4%, украиндықтар – 2%. Қала халқы басым, еңбек ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген.
Экономикасы. Шаруашылығының территориялық құрылымының негізін, аса ірі қалалары - Минск, Витебск, Могилев құрайды. Отын-энергетика, машина жасау, металл өңдеу, химия, мұнай химиясы, ағаш өңдеу, сонымен бiрге жеңiл және тамақ өнеркәсiптерi Беларусь Республикасы шаруашылығының маманданған салалары болып табылады.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Беларусь Республикасы жалпы экономикалық дағдарысқа ұшырады. ТМД елдерiмен байланыс үзiлiп, Беларусь тауарларына сұраныс төмендеп, энергия көздерiнiң бағасы өстi, республика экономикасына керi әсер еттi.Соған қарамастан Беларусь Республикасы ТМД елдерiнiң iшiнде едәуiр көлемде экономикалық қуатын және халықтың өмiр сүру дәрежесiн сақтап қалған ел.
ТМД-ның басқа елдерiмен салыстырғанда Беларусь Республикасы экономикалық көрсеткiшi жөнiнен кей салалардан жетекшi орынды алады. Трактор және химиялық талшық шығарудан 1-орында, станок, смола және пластмасса шығарудан 2-орында. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн шығаруда да ерекшеленедi. Ет, мал майы, ұн, жарма және макарон өнiмдерiнен 1-орында. Халықтың қажетiн қамтамасыз ететiн, мысалы мата, трикотаж, аяқкиiм, тоңазытқыш және теледидар сияқты негiзгi өнеркәсiп тауарларын шығарудан алда болып келедi.
Өтпелi кезеңде мемлекеттiң рөлiн сақтауға көңiл бөлiнiп, елдiң шаруашылығын анықтайтын, едәуiр iрi өнеркәсiп кәсiпорындары, мемлекет қолында қалды. Мемлекеттiк кәсiпорындардың үлесi 60%-ды құрайды. Мемлекеттiң саясаты отандық өнеркәсiптi дамыту және оған көмек көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ iрi ауыл шаруашылығы кәсiпорындары колхоз, совхоздар, соның iшiнде асыл тұқымды мал шаруашылықтары да сақталған.
Беларусь Республикасының сыртқы экономикалық байланысының 1/3-i Батыс елдерiнiң үлесiне келедi, мұнда жеңiл өнеркәсiп бұйымдары мен қатар трактор, автомобиль жетекшi орын алады. Беларусь Республикасының экспорты дүние жүзiнiң сегiз елiне, атап айтқанда Германия (15,8%), Польша (10,6%), АҚШ (5,6%), Бразилия, Венгрия, Швеция, Қытай және Литваға тиесiлi. Ал оның iшiнде жасанды каучуктың, қанттың үлесi жоғары. Экспортында өңдеушi өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмдерi, ал импортында отын (30%), машина жасау бұйымдары (20%), ауыл шаруашылығы өнiмдерi, тамақ өнiмдерi (13%), металл (12%) басым болып келедi.
Өнеркәсібінің басты саласы – машина жасау (станок жасау, электронды-есептеуіш техникасы, автомобиль, трактор жасау, ауылшаруашылық мәшинелерін жасау), орталықтары – Минск, Гомель. Машина жасау металдың жоқтығына қарамастан, жоғары маман жұмысшы және инженер-техник кадрлардың молдығына байланысты экономиканың жетекшi саласы болуда. Жлобинде электрометаллургиялық, Глубокийде алюминий, ал Молодечнода кiр жууға арналған ұнтақ шығаратын кәсiпорындар салынды.
Машина жасаудың жетекшi саласы автомобиль жасау болып, оның 11 кәсiпорны “Белавтомаз” бiрлестiгiне кiрдi. Минскiнiң МАЗ, Жодиноның БелАЗ жүк көтергiш машиналары ТМД елдерiне әйгiлi. Ауыл шаруашылығы машиналарының Минск трактор, Гомель, Лида ауыл шаруашылығы техникасын шығару кәсiпорындарының маңызы жоғары. Оларды Францияға, Канадаға шығарады.
Химия кешенiнде кен-химиясы, ағаш және мұнай-газ циклдерiн бiрiктiретiн химия және мұнай-химиясы елеулi орынды алады. Старобиннің калий тұзы негiзiнде Солигорскiнiң төрт комбинаты ТМД-ға калий тұзының 40%-ын шығарады. Гроднода Ресейдiң газы негiзiнде азот тыңайтқышын, Гомельде Хибин апатитiн өңдеумен байланысты фосфор тыңайтқышын шығаратын зауыттар бар.
“Сургут-Полоцк”, “Достық” құбырларымен келетiн мұнайды өңдейтiн Мозырь, Новополоцк мұнай өңдеу зауыттары бұл саланың iрi кәсiпорындары.
ОЭК. Аса ірі ЖЭС (8)-газ бен мазутта (мұнай) жұмыс істейді.
Жеңiл өнеркәсiп жергiлiктi және тасымалды (мысалы, Орталық Азия мақтасы) шикiзатта жұмыс iстейдi. Оның салаларына мақта мата (Барановичи комбинаты), жүн (Минск), жiбек, зығыр маталары, трикотаж, былғары аяқкиiм жатады. Орша зығыр талшығы комбинаты Ресейдiң Кострома комбинатына ғана жол бередi.
АӨК- халық шаруашылығында ең ірісі. Беларусь жоғары дамыған ауыл шаруашылықты республика бола отырып, ол зығыр, картоп өсiруге, сүттi, iрi қара және шошқа шаруашылығына маманданған.Сонымен бiрге құс және астық шаруашылықтары да елеулi орын алады; егіншілікте - дәнді дақылдар (егіншілік өнімінің 1/3 малазықтық дақылдар алады) дамыған.
Тамақ өнеркәсібі. Негізгі мамандануы- ет, сүт, жеміс-көкөніс консерві салалары. Қант зауыттары Брест, Гродно облыстарындағы қант қызылшасы егiсiне таяу орналасқан.
Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы тауарлары өнiмiнiң 70%-ын құрайды. Қазiргi кезде оның малазықтық базасын жасауға көңiл бөлiнуде. Ауа райының қолайлылығы, шөп жамылғысының құнарлылығы сүттi iрi қара мал шаруашылығының оңтайлы дамуына әсер етедi.
Республиканың солтүстiгiнде басты техникалық дақыл зығыр, ал басқа аумақтарда қант қызылшасы мен картоп өсiрiледi. ТМД елдерiнiң iшiнде картоптан әр гектардан шығымдылығы жөнiнен алдыңғы орынды алады. Дәндi дақылдардың iшiнде қара бидай, арпа, сұлы және күздiк бидайдың егiс көлемi едәуiр. Бiрақ республика халықты өз астығымен қамтамасыз ете алмай, жыл сайын 3 млн т астықты (негiзiнде мал-азықтық) басқа елдерден тасымалдайды.
Көлік кешені: басымы темір жол көлігі.
МОЛДОВА (астанасы-Кишинев)
Молдова ТМД-ның оңтүстiк-батысында Прут және Днестр өзендерi аралығында орналасқан, аумағы шағын мемлекет. Соған қарамастан шаруашылық тұрғыда жақсы игерiлген аумақты алып жатыр.Кодра табиғат жағдайы жөнiнен дүние жүзiнiң ешқандай жүзiмдi аудандарына жол бермейдi. Аумағының 80%-ы ауыл шаруашылығын дамытуға жарамды жер және ол толық жыртылған. Днестр және Прут өзендерi Молдова шаруашылығын сумен жабдықтап, электр энергиясын беретiн негiзгi көз болып табылады.