Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі халықаралық ұйымдар: қалыптасуы және даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 10:15, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын нығайту негізіндегі интеграциялық үдерістер саласындағы экономикалық қатынастарын кешенді зерттеу арқылы теориялық, практикалық, әдістемелік және оны жетілдіру бағыттарына ұсыныстар жасауды көздейді.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу талабы қойылды:
– ғаламдану үдерісін экономиканың дамуының шынайы заңдылығы ретінде зерттеу;
– интеграциялық үдерістердің генезисіне, қағидалары мен формаларына талдау жасау және олардың алғы шарттары, кезеңдері мен формаларын саралау;
- интеграциялық үдерістер дамуының макро- және мезодеңгейдегі аспектілерін анықтау;
– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының дамуына сараптама жасау;
– интеграциялық үдерістерді басқару және алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының экономико-математикалық үлгісін әзірлеуге ұсыныстар жасау; \
– ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін және Қазақстан Республикасының ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен өзара сауда байланыстарын бағалау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТМД елдеріндегі халықаралық ұйымдар.docx

— 223.89 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

         Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздегі кең ауқымды саяси-экономикалық реформалардың жүргізілуі әлемдік экономиканың ғаламдану үдерісімен тоқайласты. Жалпы алғанда, ғаламдану үдерісінің шынайылығын мойындай отырып, оның әлем елдерінің сыртқы саясатының нысандары мен әдістеріне айтарлықтай әсер ететінін ескермеске болмайды. Жаңа жағдайдағы ұлттық экономика бұрынғыдан ашық бола бастады, сондықтан мемлекет өзінің саясатында еліміздің ішінде де, сонымен бірге сыртқы салада да болып жатқан үдерістердің тығыз байланысты екенін ескеруге тиіс.          Мәселенің өзектілігі, ең алдымен Қазақстанның әр түрлі халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу қажеттілігіне байланысты болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Қазақстан ТМД-дағы интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы екенін атап көрсетеді. Оның бір айғағына 2010 жылғы 1-қаңтардан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының құрылуын атауға болады. Ал үш ел интеграциясының келесі кезеңі 2012 жылғы 1-қаңтардан бастап Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптастырылуы. Бұл капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етілетін интеграцияның әлдеқайда жоғары деңгейі. Қазақстан, ТМД-дағы өңірлік экономикалық бірлестіктерге қолдау білдіре отырып, Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үдерісін де жандандыруда.

         Интеграция жағдайында әрбір  мемлекет ғаламданудың теориялық  және әдіснамалық аспектілерін, яғни интеграциялық үдерістердің  қағидалары мен нысандары және  алғышарттарын экономикалық интеграцияның  кезеңдерін, қойылатын талаптары  мен факторларын жан-жақты ойластыруы  тиіс.

       Қазақстанның интеграциялық қатынастар саласындағы мәселесін қарастырудың объективті қажеттілігі мен айрықшылықты өзектілігі төмендегілермен шарттасылған:

– туындаған қаржы дағдарысына байланысты мемлекетаралық байланыстардың күрделенуі; 

– ел ішіндегі халық шаруашылығының ұтымды үйлесімділігін қолдаудың қажет болуы; 

– нарықтық экономиканың, әсіресе, ұдайы өндірістік циклдардың дағдарысы кезеңдеріндегі өзін-өзі реттеуге қабілетсіздігі;

– интеграциялық үдерістердің дамуының макро- және мезодеңгейдегі аспектілерінің аз зерттелуі себеп болып отыр. 

        Осы жоғарыда аталған жедел қарастыруды қажет ететін проблемалар дипломның зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтады. 

        Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Елдер мен өркениеттердің арасындағы экономикалық және технологиялық алшақтықты жою, «алтын миллиард» деп аталатын аз санымен ерекшелінетін бай елдер мен өзінің халқын лайықты өмір сүру деңгейімен қамтамасыз ететін қажетті ресурсы жоқ көп кедей елдер арасындағы орасан зор айырмашылықты жою

проблемалары және шешу жолдары экономикалық басылымдарда жеткілікті көрсетілмеген. Кереғарлықты әлемдік құрылымды өзара тиімді әріптестікке негіздеп орналастыру; орын алған жүйелік дағдарыс пен болуы ықтимал экономикалық қиындықтарды еңсеретін құрал ретіндегі түбегейлі экономикалық жаңарту - осының барлығы көптеген отандық және шетелдік ғалымдар мен әр түрлі мектептер және бағыттармен зерттелді.

        Сөйтсе  де, сыртқы экономикалық қатынастарды  макроэкономикалық қатынастар жүйесіндегі  мемлекеттердің интеграциялық үдерісінде  алатын орнын анықтаумен байланысты  бірқатар мәселелер әлі де  болса тиісінше зерттелмеген. Ең  алдымен, бұл интеграцияны іске  асырудың механизмдерін нақтылау, Қазақстан жағдайында сыртқы  экономикалық байланысының іс  жүзінде қалыптасқан тәжірибесі  мен оның ғаламдану үдерісімен  байланысты сыртқы саудасының  келешегін жинақтап қорытындылау, теориялық жағынан тұжырымдау  мәселелеріне қатысты айтылып  отыр. Осы проблемаға қатысты  көп дау тудыратын, осы күнге  дейін шешімін таппаған мәселелер  бар, оларды объективті ғылыми  тұрғыдан қарастыру дипломлық  зерттеудің тақырыбын, мақсаты мен  одан туындайтын міндеттерін  анықтады. 

        Зерттеу  жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын нығайту негізіндегі интеграциялық үдерістер саласындағы экономикалық қатынастарын кешенді зерттеу арқылы теориялық, практикалық, әдістемелік және оны жетілдіру бағыттарына ұсыныстар жасауды көздейді.

       Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу талабы қойылды: 

– ғаламдану үдерісін экономиканың дамуының шынайы заңдылығы ретінде зерттеу;  
– интеграциялық үдерістердің генезисіне, қағидалары мен формаларына талдау жасау және олардың алғы шарттары, кезеңдері мен формаларын саралау;

- интеграциялық үдерістер дамуының макро- және мезодеңгейдегі аспектілерін анықтау; 

– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының дамуына сараптама жасау;

– интеграциялық үдерістерді басқару және алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының экономико-математикалық үлгісін әзірлеуге ұсыныстар жасау; \

– ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін және Қазақстан Республикасының ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен өзара сауда байланыстарын бағалау. 

       Зерттеу объектісі  ретінде Қазақстанның ғаламдану жағдайындағы интеграциялық үдерістері зерттеледі. 

     Зерттеу пәні  ретінде  мемлекеттердің арасында, сондай-ақ ғаламдану жағдайында сыртқы сауданы реттеудің ықпалымен қалыптасатын әр түрлі нысандағы экономикалық қатынастар болып табылады. 

      Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі ретінде классиктердің экономикалық теория мен сыртқы экономикалық қатынастар жөніндегі еңбектері, отандық және батыс экономистерінің, ғалымдарының ғылыми және практикалық еңбектері, сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнама актілері мен нормативтік құқықтық құжаттары болып табылады. Әдістемелік зерттеу негізі жүйелі және кешенді дамудың жалпы ғылыми қағидалары, абстрактілік-теориялық талдаудың тарихи-генетикалық талдаумен үйлесуі, талдау мен синтез, қадағалау, зерттеу және ұқсастыру әдістері, салыстырып талдау мен логикалық көзқарас әдісі жан-жағынан қарастыру болып табылады. Пайдаланылатын әдістемелік қағидалар зерттелетін объектіні әр түрлі жағынан қарап, ұсынылатын тұжырымдар мен ұсыныстарды жеткілікті деңгейде дәлелдеу мақсатында негізгі тұжырымдарды қарастыруға мүмкіндік берді.

        Зерттеудің ақпараттық базасы Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің материалдары мен статистикалық жинақтары, ДСҰ, ЮНКТАД, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің анықтама материалдары, шетел шолулары мен анықтамалық ақпараттық дереккөздер, кезеңді баспасөз материалдарынан алынған. 

       Зерттеудің ғылыми жаңалығы  ретінде  халықаралық интеграция қатынастары, Қазақстанның интеграциялық үдерісте алатын орны мен рөлін ескере отырып, кешенді тәсілдеме әзірлеу болып табылады. Зерттеу барысында тұжырымдар мен ұсыныстар қалыптастырылды, олардың ғылыми жаңалығы төмендегідей болып табылады: 

– ғаламданудың теориялық аспектілері ғылыми-териялық, әдіснамалық негізі жан-жақты зерттеліп қаралды, атап айтқанда, меншікті ғаламдандыру ғаламдану үдерісінің маңызды құрылымдық құрамдасы екені дәлелденіп, экономикалық интеграцияға авторлық сипаттама берілді;

– интеграциялық үдерістердің теориялық генезисі айқындалды, оның мазмұны соңғы шетелдік және отандық ғылыми жаңалықтар негізінде толықтырылды, ерекше мән беретін қағидаларға талдау жасалынды және интеграциялық стратегияның нұсқаларын талдаудың негізінде интеграцияның әр түрлі нәтижелері анықталып, пайдалы нәтижеге жету үшін қажетті іс-шаралар кешені ұсынылды; 

– интеграциялық үдерістер дамуының макро- және мезодеңгейдегі аспектілерінің динамикасын бағалаудың көрсеткіштері анықталып олардың өзара байланыстарының авторлық әзірлемесі берілді; 

– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдерістерінің даму кезеңдеріне, даму серпініне, сыртқы сауданың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне, терең экономикалық дағдарыс кезеңінде қалай жүзеге асыру жағдайына сараптама жасалынды;

– алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының экономико-математикалық үлгісі жасалынды; 

– ұлттық экономикалық мүдделер ескеріліп, интеграциялық үдерістердің нәтижелері мен ерекшеліктері сипатталынды және Қазақстан Республикасының ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен өзара сауда байланыстары бағаланып, ғылыми жүйеленді.

       Қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдар: 

– меншіктің ғаламдануының теориялық аспектілері; 

– интеграцияның нәтижелері мен интеграциялық стратегиялардың нұсқаларын талдау негізінде пайдалы нәтижеге жету үшін қажетті іс-шаралар кешені; 

– интеграциялық үдерістер және олардың макро-, мезо-, микродеңгейлік өлшемдеріндегі өзара байланыстары; 

– макроэкономикалық жүйе мен алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының математикалық модельдері; 

– интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып бағалау. 

       Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңызын интеграциялық үдерісті дамыту жөнінде нақты ұсыныстар құрайды. 

Дипломдық зерттеудің ғылыми тұжырымдамалары мен ұсыныстары Қазақстандағы интеграциялық үдерістерді одан әрі жетілдірудің жаңа жолдарын іздестіруді өрістетуі мүмкін. Зерттеудің нәтижелерін мемлекеттік сыртқы сауда саясатын әзірлеуде, сондай-ақ еліміздің ДСҰ-ға кіру стратегиясын әзірлеу кезінде пайдалануға болады. 

Жұмыста қалыптастырылған ережелердің практикалық маңызы бар және оларды ҚР сыртқы саудасының қызметінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін одан әрі зерттеу, сонымен бірге оны жетілдірудің жолдарын іздестіру базасы ретінде пайдалануға болады. 

        Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады, онда дипломның тақырыбын ашуға арналған     кесте,     сурет бар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫ (ТМД) ЕЛДЕРІНЕ ЖАЛПЫ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ

Бұрыңғы КСРО аумағындағы жаңа саяси-мемлекеттік құрылымдар

1991 жылдың соңында Кеңестер  Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) ыдырап, бұрыңғы одақтас республикалар  дербес, жаңа тәуелсіз мемлекеттерге  айналды. Одан кейін олардың  көпшілігі  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды. ТМД елдеріне, бүгінгі  күні Грузия мен Балтық бойы  мемлекеттері кірмеді.

ТМД елдерінің құрылу мақсаты - КСРО ыдыраған кездегі шайқалып бұзылған экономикалық, мәдени-тарихи байланыстарды және жалпы қорғаныс саясатын жаңа жағдайда  қалпына келтіру еді. ТМД елдерінің шекарасы әлі де шартты түрде, толықтай келісім-шарттармен (делимитация, демаркация) бекітілмеген, бірақ оны ешкім де өз бетімен  біржақты түрде шеше де және өзгерте де алмайды. Соңғы жылдары бұл іс-шаралар қарқынды жүргізілуде.

Аталмыш мемлекеттер, Еуразия материгінің солтүстік, солтүстік-шығыс және орта бөліктерінде орналасқан. Ғаламшарымыздағы құрғақ жерлердің 1/6 алып жатқан осы ұлан-байтақ  территория, дүние жүзінің картасынан бірден көзге түседі. Ол екі дүние бөлігінде: 1/3 бөлігіне жуығы Еуропа; 2/3 астамы Азия құрылығында  жатыр. Олардың жалпы жер аумағы - 22,4 млн. км2 -ге тең: оның 5,4 млн. км2 Еуропалық, ал 17 млн. км2  Азиялық бөлікте орналасқан.

    1. ТМД-ның Азиялық бөлігінің елдері

 

ТМД елдерінің оңтүстік бөлігінде орналасқан, оның ішінде Ресей  оңтүстік-шығысында Қазақстанмен және ол арқылы Орта Азия мемлекеттерімен (Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан) шектеседі.

     ЭГЖ. Евразияның  орталығында,  мұхиттардан аса  қашықта орналасқан. Пайдалы қазбалары: көмір (Қарағанды және Екібастұз  бассейндері), мұнай (Теңіз, Ембі, Мыңбұлақ),  газ (Шатлық,  Газлы, Дарбаза),  полиметалл рудалары (Таулы Алтай).

    Халқы біркелкі орналаспаған.  Аса тығыз орналасқан жерлер (1 шаршы км-ге 100  адамнан)  өзендер аңғарларындағы оазистерде,  тау етектерінде және тауаралық қазан шұңқырларында, ал шөлдердің ұлан-байтақ кеңістіктерінде халық мүлдем жоқ.Халықтың жоғарғы өсімі тән. Село халқы басым (55%). Миллионер қалалар: Ташкент, Алматы.

     Экономикасы. Шаруашылығының  негізі - АӨК,  онда  ауыл  шаруашылығының басты маңызы бар.  Мамандануы: а) егіншілік - мақта, күріш, жемістер, көкөністер;  ә)  мал шаруашылығы- қой шаруашылығы. Егіншілік, суармалы және тәлімі  жүргізіледі.  Барлық  егіс  көлемінің  3/4  алып жатқан суармалы жерлерде - мақта, күріш, бақша дақылдары, қант қызылшасы, кендір-кенеп, бидай өсіреді. Тәлімі жерлерде - бидай, арпа. Мал шаруашылығы егінге едәуір орын береді. Жазық шөлдерде - қаракөл қойлары және түйелер бағылады, ал таулы жайылымдарда -  ірі қара мал, биязы жүнді және ет - май беретін қойлар өсіріледі.

 Өнеркәсібі тез қарқынмен дамыған өндіруші өнеркәсіп салалары, ал өңдеуші өнеркәсіп қалыптасу сатысында болып отыр. Негізгі кешендер -мәшине жасау және конструкциялық  материалдар  шығару.

 Көлік  кешені-көліктің барлық түрлерін қамтиды, бірақ негізгісі - теміржол көлігі. Темір жол линиясы Орталық Азия елдерін Рессеймен байланыстырады. Каспий теңізінде, сондай-ақ Амудария және Сырдария (Қазақстанда Ертіс және Орал өзендері бойынша) өзендерінде кеме қатынасы елеулі маңызға ие. Орталық Азияны оңтүстік және шығысынан таулар қоршап, сондықтан Иран, Ауғанстан және Қытаймен қатынас шектелінген. Пакистан және Үндістанмен қолайлы байланыс болмай, Үнді мұхитына  шығыстан жол жоқ.

1991 жылы Қытаймен Қазақстанның (Дружба) Алашанькоу, Үрімжі арқылы  темір жол байланысы жүзеге асты. Болашақта Қытайды  Қырғызстанмен (Қашқар арқылы)  байланыстыру қарастырылған. 1996 жылы Түркіменияны темір жол арқылы Иранмен байланыстыру жүзеге асты (Теджен—Серахс—Мешхед линиясы). Тікелей темір жол қатынасына  колеялардың айырмашылығы зор қиындық проблемасын тудыруда (ТМД елдері аумағында 1524 мм Қытай мен Иранда 1435 мм, Үндістан мен Пәкістанда  колеяның ені 1676 мм).

Информация о работе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі халықаралық ұйымдар: қалыптасуы және даму болашағы