Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 10:15, дипломная работа
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын нығайту негізіндегі интеграциялық үдерістер саласындағы экономикалық қатынастарын кешенді зерттеу арқылы теориялық, практикалық, әдістемелік және оны жетілдіру бағыттарына ұсыныстар жасауды көздейді.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу талабы қойылды:
– ғаламдану үдерісін экономиканың дамуының шынайы заңдылығы ретінде зерттеу;
– интеграциялық үдерістердің генезисіне, қағидалары мен формаларына талдау жасау және олардың алғы шарттары, кезеңдері мен формаларын саралау;
- интеграциялық үдерістер дамуының макро- және мезодеңгейдегі аспектілерін анықтау;
– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының дамуына сараптама жасау;
– интеграциялық үдерістерді басқару және алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының экономико-математикалық үлгісін әзірлеуге ұсыныстар жасау; \
– ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін және Қазақстан Республикасының ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен өзара сауда байланыстарын бағалау.
Күнделікті сабақ жоспары
Пән аты: География
Сынып: 10 а
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі және мамандану. Халықаралық экономикалық интеграция. Дүниежүзілік шаруашылықтың ғаламдануы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылырға Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі, халықаралық экономикалық интеграция. Дүниежүзілік шаруашылықтың ғаламдануы жайлы түсініе беріп дамыту.
Дамытушылық: Халықаралық экономикалық интеграция. Дүниежүзілік шаруашылықтың ғаламдануы географиясы жайлы түсіндіре отырып ой өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: ойын дамыту;
Оқушыларға экономикалық тәрбие беру;
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: карта, интерактивтікті тақтамен жұмыс жасау.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 15 мин
III. Жаңа сабақ 20 мин
IV. Жаңа сабақты бекіту 5 мин
V. Үй тапсырмасын тексеру 2 мин
VI. Білімді бағалау 2 мин
VII. Сабақты қорыту
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды белгілеу;
б) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;
в) аудиторияны сабаққа даярлау;
г) оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
II. Үй тапсырмасын тексеру
1.Көлік географиясы дегеніміз не?
2.Дамып келе жатқан
елдердегі көлік жүйесінің
III. Жаңа сабақ
«Экономикалық интеграция» термині ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында неміс және швед экономистерінің жұмыстарында пайда болды, алайда бүгінде де оның бірнеше ондаған анықтамалары бар.
Латын тілінен аударғанда интеграция (integratio) бөліктердің бірыңғай тұтасқа кірігуін, бірігуін білдіреді.
Халықаралық экономикалық интеграция – бұл елдердің терең де тұрақты өзара байланыстарды дамытудың және ұлттық шаруашылықтар арасында еңбек бөлісудің, олардың экономикаларының әртүрлі деңгейлерде және әртүрлі формаларда өзара әрекеттесуінің негізінде шаруашылық тұрғысынан және саяси жағынан бірігу процесі. Микродеңгейде бұл процесс жақын жатқан елдердің жекелеген фирмаларының, олардың арасында алуан түрлі экономикалық қатынастардың қалыптасуы, оның ішінде шетелде филиалдар құру негізінде өзара әрекеттесуі арқылы жүріп жатады. Мемлекетаралық деңгейдегі интеграция мемлекеттердің экономикалық бірлестіктерінің қалыптасуының және ұлттық саясаттарды келісіп шешудің негізінде жүреді.
Экономикалық интеграция
шаруашылық өмірдің жаҺандануы;
халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;
өзінің сипаты бойынша жалпыдүниежүзілік ғылыми-техникалық революция;
ұлттық экономикалардың ашықтығының артуы алып отыр.
Осы факторлардың барлығы өзара байланысты.
кесте 1. Дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі аймақтарындағы ең маңызды интеграциялық экономикалық ұйымдар
№ р/р |
Ұйымның атауы |
Мүшелер саны |
Құрыл-ған жылы |
1 |
Еуропалық Одақ (бастапқыда Еуропалық экономикалық қауымдастық) |
27 |
1992 (1957) |
2 |
Еркін сауданың еуропалық қауымдастығы |
4 |
1960 |
3 |
Орталық Еуропадағы еркін сауда аймағы |
7 |
1992 |
4 |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы |
12 |
1991 |
5 |
Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы |
11 |
1992 |
6 |
Еркін сауда туралы Солтүстік-Америка келісімі (НАФТА) |
3 |
1994 |
7 |
Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығының форумы |
21 |
1989 |
8 |
Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы (АСЕАН) |
9 |
1967 |
9 |
Оңтүстік Азия аймақтық ынтымақтастық қауымдастығы |
7 |
1985 |
10 |
Интеграцияның латынамерикандық қауымдастығы (ЛАИ, бұрынырақта еркін сауданың Латын Американдық қауымдастығы – ЛАСТ) |
11 |
1980 (1960) |
11 |
Анд тобы, немесе Анд пакеті |
5 |
1969 |
12 |
Кариб қауңымдастығы және Кариб ортақ нарығы |
14 |
1973 |
13 |
Оңтүстік конус елдерінің ортақ нарығы (МЕРКОСУР) |
4 |
1991 |
14 |
Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығы (ЭКОВАС) |
16 |
1976 |
15 |
Шығыс және Оңтүстік Африканың ортақ нарығы (КОМЕСА) |
20 |
1994 |
16 |
Дамудың оңтүстікафрикалық қауымдастығы (САДК) |
11 |
1992 |
17 |
Орталық Африканың кеден және экономика одағы (ЮДЕАК) |
6 |
1966 |
18 |
Араб экономикалық бірлігі кеңесі (САЭЕ) |
12 |
1964 |
19 |
Парсы шығанағының араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі (ССАГПЗ) |
6 |
1981 |
Дүниежүзілік шаруашылықтың жаһандануы және трансұлттық корпорациялар. Ұлттық-мемлекеттік шекаралардан өсіп кететін өндіргіш күштерді дамытуының негізінде өндіріс пен капиталды трансұлттандыру дүниежүзілік экономиканың дамуының аса маңызды элементі болып табылады. Трансұлттандырудың негізгі қозғаушы күші – трансұлттық корпорациялар.
1974 жылы Біріккен Ұлттар
Ұйымының Экономикалық және
Корпорациялар мыналарға бөлінеді:
өнімнің көпшілік бөлігін шығаратын кәсіпорындары бар горизонталь интеграцияланған корпорациялар. Мысал болып автомобиль шығару қызмет ете алады:
Ғаламдық компаниялар |
Трансұлттық компаниялар |
Көпұлтты компаниялар |
Интернационалдық компаниялар |
Трансұлттық корпорациялардың халықаралық өндірісінің дамуы олардың ұйымдық іс-әрекетінің әдістеріндегі елеулі өзгерістермен ілесіп отыруда. Егер 1980 жылдары трансұлттық корпорациялар жаңа шетелдік филиалдар құруға басымдық берген болса, 1990-шы жылдардың екінші жартысында шетелдік компаниялардың трансшекаралық бірігулері мен қосылуларының ролінің арту тенденциясы байқалды.
Трансұлттық корпорациялардың негізгі іс-әрекеті дамыған елдерде жүзеге асырылады. Бұл тарихи байланыстармен, қолайлы инвестициялық режимнің болуымен, нарықтардың көп сыйымдылығымен, дамыған инфрақұрылыммен, белсенді инновациялық іс-әрекетпен және т.с. түсіндіріледі. Алайда трансұлттық корпорациялардың жинақтаған активтерінің жалпы көлемінде дамып келе жатқан елдердің салыстырмалы үлесінің артуы байқалады, бұл үлес қазірдің өзінде 30%-ға жуық шаманы құрайды
Жаңа сабақ бекіту
1.Интеграция дегеніміз не?
2.Дүниежүзілік шаруашылықтың
ғаламдануының мәнісі неде? 3. Ғаламданудағы
кері зардаптарға мысал
V. Үйге тапсырма
Тақырыпты ашып, оқып келу.
Күнделікті сабақ жоспары
Пән аты: География
Сынып: 10 ә
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Ресейдің экономикалық- географиялық орны. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Ресейдің экономикалық- географиялық орны. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.
туралы білім беру. Дамытушылық:Рес
туралы түсінік қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушылардың ойын дамыту, оқушыларға экономикалық тәрбие беру
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзі шаруашылығының картасы, кестелер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 15 мин
III. Жаңа сабақ 20 мин
IV. Жаңа сабақты бекіту 5 мин
V. Үй тапсырмасын тексеру 2 мин
VI. Білімді бағалау 2 мин
VII. Сабақты қорыту
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды белгілеу;
б) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;
в) аудиторияны сабаққа даярлау;
г) оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. ТМД қашан құрылды?
2.ТМД-дағы жетекші елдер қатарына қай елдер жатады?
3. Шанхай келісім ұйымы қашан құрылды?
III. Жаңа сабақ
1. Экономикалық-географиялық жағдайы
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен , оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен , Монғолиямен, Қазақстанмен , Әзірбайжанмен , оңтүстік-батыста – Украинамен , батыста – Финляндиямен , Беларусьпен, Эстониямен , Латвиямен , Норвегиямен шектеседі.
Ресей Федерациясы, ТМД елдерінің аса ірі мемлекеті (ТМД елдері территориясының - 77% және халқының - 52%). Жер аумағы 17,1 млн км2 аумағы батыстан шығысқа 9 мың км, ал солтүстiктен оңтүстiкке 4 мың км-ге созылып жатыр. Ресей шекарасының ұзындығы 57,67 мың км, оның 20,02 мың км-i құрлықтық, ал 37,65 мың км-i теңiздiк шекара. Оның құрамына, Федерацияның 89 субъектілері: 21 республика; 10 автономиялық округтер; 1 автономиялық облыс; федеральдық маңызы бар 2 қала; 6 өлке және 49 облыс кіреді. РФ, 1992 жылы наурыз айында федеральдық келісім қабылданды. Ол бойынша республикалар өкілеттілігінің бір бөлігі Ресейдің федеральдық органдарының басқаруына берілген
Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады:
Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.
Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.
Қиыр Шығыс Ресейі.
Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды
Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.
Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ. Ресейдін, XX ғасырдағы жаңа тарихы 1917 жылы Қазан революциясынан бастау алды. Құлаған империя орнында пайда болған Кеңестер Одағы тарихи қалыптасқан геосаяси кеңістікті қалпына келтірумен бірге, оны көршілес аумақтар есебінен кеңейте түсті. Жаңа үлгідегі аса күшті алып мемлекет дүниежүзілік экономика мен саясатта өзіндік орын алды. Өзінің аумақтық тұтастығын сақтаумен қатар, көршілес мемлекеттердегі саяси жүйенің өзгеруін қамтамасыз еткен бұл мемлекет одақтастары есебінен Еуразиядағы ғана емес, әлемдегі саяси күштердің арасалмағын анықтаушы факторға айналды.