Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі халықаралық ұйымдар: қалыптасуы және даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 10:15, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын нығайту негізіндегі интеграциялық үдерістер саласындағы экономикалық қатынастарын кешенді зерттеу арқылы теориялық, практикалық, әдістемелік және оны жетілдіру бағыттарына ұсыныстар жасауды көздейді.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу талабы қойылды:
– ғаламдану үдерісін экономиканың дамуының шынайы заңдылығы ретінде зерттеу;
– интеграциялық үдерістердің генезисіне, қағидалары мен формаларына талдау жасау және олардың алғы шарттары, кезеңдері мен формаларын саралау;
- интеграциялық үдерістер дамуының макро- және мезодеңгейдегі аспектілерін анықтау;
– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының дамуына сараптама жасау;
– интеграциялық үдерістерді басқару және алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының экономико-математикалық үлгісін әзірлеуге ұсыныстар жасау; \
– ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін және Қазақстан Республикасының ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен өзара сауда байланыстарын бағалау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТМД елдеріндегі халықаралық ұйымдар.docx

— 223.89 Кб (Скачать документ)

1991 жылы ішкі қайшылықтар мен сыртқы жағдайлардың ықпалымен ыдыраған Кеңес Одағының басты мұрагері ретінде Ресей Федерациясы жаңа геосаяси күйзелісті басынан кешірді. Ресей — сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу  айналасында бірігуі XIV—XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар -моңғол  езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды.

 

IV. Жаңа сабақ  бекіту

1.Ресейдің орналасқан  орнының тиімділігі неде?   

2. Ресейдің экономикалық  жағдайының басты ерекшеліктері  қандай? 

3. Елдің экономикалық географиялық жағдайы оның экономикасына қалай әсер етеді?          

V. Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып келу.

Ресей Федерациясындағы мектеп экономикалық-географиясының оқытылу жағдайы

        ТМД елдеріндегі, оның ішінде  РФ-да географиялық білім беру мен оқу-ағарту осы тақырыбымызға орай оны тарихи зерттеу кезеңі ішінде, жалпы сауатсыздық және қарапайым географиялық ұғымдармен заңдылықтарды білмеу жағдайынан қазіргі заманғы география ғылымының жоғары  деңгейіне дейінгі өзіндік күрделі жолдан өтті. Географияны мектепте оқыту барысында оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерін ары қарай жетілдіру мәселелері жаратылыстану-математикалық (табиғаттану және физикалық география) пән қоғамдық-гуманитарлық (әлеуметтік-экономикалық және саяси география) цикылы бағытындағы пәндер жүйесінің тоғысуына зерделеніп және олар өз ара бірлікте қарастырылады. Әсіресе олардың ана тілімізде оқытылу ісі республикамыздың жалпы білім беретін мектеп тарихымен және оның дамуымен тікелей байланысты. Географияняң жаратылыстану және қоғамдық бағыттарын оқыту мәселелері оның экологиялық білімі мен тәрбие беру жақтарын қамта отырып, кәсіптік бағдар берудегі қолданбалық сипаты өлкетанушылық тұрғысынан танылады. Қазіргі таңдағы білім деңгейі мәдениеті дамуының маңызды көрсеткішіне айналады. Ол өз кезегінде оқыту ағарту ісінің жолға қойылуына, педагогика және психология ғылымдарының даму дәрежесіне және осыған орай басқа ғылымдардың, оның ішінде географияның дамуымен де өз ара тығыз байланысты.

Біздің зерттеуміздің жүзеге асыруылының проблемалық маңыздылығы, еліміз мектептеріндегі бұрынғы кезеңдері географияны оқытудың үлгі тұтарлық жақсы тұстарын көрсете әрі оның құнды жақтарын ескере отырып, олардың қазіргі өмірге ұтымды тұрғыда бағытталу арқылы қайта жаңғырту және қолданбалық іс-тәжірибеде тиімді түрде пайдалану.

Жалпы бұл тақырыбымыз – ТМД елдерінің ішіндегі экономикалық әлеуеті қуатты, әрі саяси сахнада да беделі салмақты  Ресей Федерациясын мысалға ала отырып, ондағы және біздің республикамыз масштабында географияның оқытудың қалыптасу тарихын ғылыми бағытта жүйелі зерттеуді өз еңбегімізде  көтеріп отырмыз. Мұнда РФ географиялық білім және оқытудың тарихи қалыптасуы мен даму мәселелері тарихи педагогикалық тұрғыда қарастырылды.

Аталмыш тақырыптық зерттеу жұмысымыздың мақсаттары мен мәселелеріне келсек, географияны оқытудың қалыптасу және даму процесін басқада мектеп пәндерімен өз ара бірлікте тарихи педагогикалық бағыттарда ғылыми тұрғыда зерттеу және талдау.

География пәнінің оқулықтарымен оқу құралдарының, әдістемелік нұсқауларын, оқу бағдарламаларының жай күйімен проблемаларын олардың қазақ мектептеріндегі жетілдіру жолдарын анықтау. Жалпы білім беретін мектеп өміріндегі өзекті мәселелерді шешу жолында ғылыми практикалық мәнібар маңызды тәжірибелердің негізгі заңдылықтарын айшықтау.

Мектептегі географияның және оқумен шектес кейбір пәндердің оқытылу сапасын одан әрі жақсарту мақсатында белгілі бір ұсыныстар жасау.

Жоғары және орта мектеп жағдайында географияны оқыту мәселелерінде бір ізділікпен өз ара байланыста сақтау мәселелерін көрсету. Жоғарыда қойылған мақсаттардың жүзеге асыру жолында келесідегідей міндеттер туындайды: республика мектептерінде басқада пәндермен өз ара байланыста географияны оқытудың даму тарихының кезеңдері және қалыптасу процесінің ерекшеліктерін айқындау. Әлеуметтік экономикалық факторлардың географияны оқыту және мектеп желісінің дамуына тигізетін әсер көрсету. Басқада пәндермен қарым-қатынас жағдайында географиялық біліммен оның мазмұны кеңінен таралуының мүмкіндігі, мұғалім мамандарының жай күйі және материалдық техникалық базасына байланыстылығын ашу. Қазақстан мектептеріндегі географиялық білім дамуына отандық және кеңістік әдістемелік және педагогикалық оң пікірлердің ықпалын көрсету [29].

Біздің егеменді республикамыздың географиясының басқа да курстармен бірге өз республикамыздың физикалық, экономикалық және әлеуметтік географиясы да оқытылады. ТМД республикаларының географиясының құрылымы мен мазмұны басқа пәндер арасындағы орны, оны оқытудағы мақсаты мен міндеті жайлы арнайы зерттеу жұмысы жүргізілгенімен, әзірше методикалық тұрғыда жете анықтала қойған жоқ. Сол кезде, РФ-ның экономикалық және элеуметтік географиясын оқытуға арналған методикалық нұсқау болмаса, республика географиясы жайлы арнайы методикалық құрал жоқ. РФ экономикалық  және элеуметтік географиясы өз республикасының табиғат ресурсы, халқы мен еңбек ресурстары, халық шаруашылық салаларының дамуы мен орналасуы, сонымен бірге, республика ішіндегі экономикалық аудандарының даму ерекшеліктері жайлы білім жүйесін береді. Ол өз республикасы туралы ғана білім беріп қоймай, сонымен бірге, оған дейін географияның басқа курстарынан алған білімдерін бекітеді. Республика география курсының білімдік, әрі саяси-тәрбиелік маңызы зор.

Өндіріс және халықтық еңбек дағдысын қарай отырып, республика географиясының оқушылардың табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және оған ұқыпты қарау проблемаларын дұрыс ұғынту жастардың политехникалық ой-өрісінің кеңеюі, дұрыс мамандық таңдау, географиялық туған жерін, елін сүю, яғни патриотизм рухында тәрбиелеу, оқуды жергілікті жер материалымен байланыстыру мәселелеріне қосатын үлесі елеулі.

Міне, осылай өз республикасы географиясының география ғылымы және мектеп өмірінде елеулі орын алатындығын ескере отырып, оны оқытудың ерекшеліктерін зерттеу мәселелеріне зор көңіл бөлінуде.

Соңғы жылдары еліміздің саяси, экономикалық және мәдени өмірінде зор өзгерістер болды: бұрынғы Кеңестер Одағы ыдырап, оның құрамындағы республикалар тәуелсіздік алды. КСРО-ның орнына тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) құрылды. ТМД елдерінде экономикалық реформа өте қиын жағдайда іске асуда, оған кіретін республикалардың арасындағы тарихи қалыптасқан экономикалық байланыстар мен өзара қатынастар бұзылуда.

Бұл жағдай халық шаруашылығының барлық салаларының орналасуы мен дамуына әсер етуде.

Біздің республика - Қазақстан республикасы деп аталып, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып, көптеген елдермен дипломатиялық қатынас орнатып, тікелей халықаралық аренаға шыға бастады. Бұрынғы басқа республикаларды шикізатпен қамтамасыз етуші, өндіруші орнына, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту саясатына баса назар аударыла бастады.

Міне, осындай өзгерістер республиканың халық ағарту саласы, оның ішінде мектеп географиясы оқытуға, әсіресе ТМД-ның және республикалардынң физикалық және әлеуметтік, экономикалық география курстарын оқытуға зор әсер етті, алға үлкен міндеттер жүктеп отыр.

Еліміз өміріндегі соңғы кездердегі болған өзгерістер, әсірес республикалардың физикалық, экономикалық жэне элеуметтік география пәндері ішіндегі негізгі оқу пәні болуына байланысты, бұл курс жайлы зертте және оны оқыту мәселелеріне бәлінетін көңіл алған сайын арта түсетін болады. Ал, осы жоғарыда аталған проблеммаларды одан әрі зерттеп, дамыту проце дікелей осы мђселелердіћ бњған дейінғі қазақ мектептері даму тарихы мен онң қалыптасуына тікелей байланысты.                                                                     Жалпы, Қазақстанда географияны оқыту жөнінде алғашқы жылдары көптеген еңбектер орыс тілінде басылып шықты.

Сонымен қатар, Ресей мектептерінде сыныптан тыс жұмыстар, оның ішінде өлкетану тарихы жөнінде көптеген еңбектер бар. Мысалы: «Өлкетану және қоғамдық пайдалы еңбек». Бұл еңбек сыныптан тыс жұмыстардың негізі бір түрі болып қамтылған. Сондықтан да кітапта өлкетану сыныптан тыс уақытта жүзеге асырылатын жұмыс ретінде қарастырылған.


Информация о работе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі халықаралық ұйымдар: қалыптасуы және даму болашағы