Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 18:41, курс лекций
Ақша – жалпыға бірдей балама (эквивалент) немесе басқа барлық тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар, оның көмегімен өндірушілер арасында тауар айырбасы жүреді. Ақша болу үшін өндірісі мен тауар айналымы болу керек, олар тауар мен ақшаны тығу байланыстырады.
Бұл процесті тереңірек ұғыну үшін құнның 4 формасын қарастырайық:
1.Құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы. Бір тауар басқа бір тауарда өз құнын айқындайды. Бұнда біріншісі активті роль ойнайды және салыстырмалы формада болады, ал екіншісі – пассивті роль ойнап, құнның балама формасында болады.
2.Құнның толық немесе кеңейтілген формасы. Бір тауардың құны шексіз көптеген басқа тауарларда көрініс ашады. Ондағы тауарлар бірінші тауардың құнын айқындайды.
3.Құнның ортақ (жалпыға бірдей) формасы. Онда көптеген шексіз тауар құны бір тауар құнында айқындалады, яғни жалпы эквиваленттік форма кез келген тауарда көрінеді.
4.Құнның ақшалай формасы. Бұл кезде алтынға тауар әлемінің құнының айқындауының монополиясы бекітіледі.
Облигациялардың басқа турі ретінде салым қағаздары табылады (закладные листы) Бүлар ипотекалық банктерде жер учаскелерін және үйлердің қаупсіздігін сақтау ушін салынады.
Акционерлік қоғамдар
Курделі капиталдың өндірістік деңгейі жеке капиталдың шектелуі мен қатысты. Осыдан көптеген жекешендірілген капиталдың бір акционерлік капиталға бірігу қажеттілігі туындайды.
Акционерлік қоғамдардың арқасында жекешендірілген капиталистердің шанасы жетпейтін ұйымдардың, кәсіпорындардың және ауқымды орталықтандырылған капиталдың даму, қалыптасу мумкіндіктері туады.
Акционерлік қоғамдардың өзіндік капиталы мыналардан ққуралады:
- Төленген капиталдан, акциаларды салу жолымен қалыптасады.
- Резервтіқ капитал, пайданың алынып тасталган бөлігінен қуралған.
Акция – бүл акциенерлік кәсіпорындардың дивидент алу құқығын білдіретін капиталға томышал пайда салуын куәламдыруы.
Алғашында акцияларда әр бір меншік иесіне байланысты аталған,
Акциялардың белгіленген ақшалай сомасы номиналдық акция қуин деп аталады.
Ал, акциялардың нарықта сатылу бағасы – акциялардың курсы деп аталады.
Акциялардың курсы алардан алынатын дивиденттермен тікелей байланысты. Акциялар табысты алу үшін сатып алынатындыңтан сатып алушылар оларға дивидент түрінде келетін табыстан анағұрлым жоғары көлемде ақша төлейді.
Басқа жағынан акциардың курсы, пайыз мөлшерлерімен кері әсерде болады. Неғұрлым пайыздық мөлшері төмен, соғұрлым жоғары болады.
Акциялардың бақылау пакеті деп курделі капиталистердіңк қолдарымен дайындалатын және оларға ісжузінде акциянерлік қоғамды бақылауға мум кіндіқ беретін акциялардың сомалары.
Акционерлік қоғамдардағы монополиялық капиталды кушейтудің бір әдісі ретінде акциялардың ерекше турлерін шыгаруы саналады. Олар:
1. көпдауысты, яғни әрбіреуне бірнеше дауыс беру құқығы беріледі.
2. дауыссыз яғни дауыс беру құқығы берілмеген.
12 лекция жоспары
1. Қор биржалардың басқару және ұйымдастыру ерекшеліктерілер
2. Бағалы қағаз нарығының кәсіби қатысушылары
1. Қор биржалардың басқару және ұйымдастыру ерекшеліктерілер
Бағалы қағаздардың қайталама нарығының қызметі бағалы қағаздар нарығында жетекші орын алатын қор биржаларының көмегімен жүзеге асырылады.
Қор биржасы негізгі ұйымдасқан қаржы нарығы, яғни бағалы қағаздармен операциялар жүзеге асырылатын орын болып саналады, ал баға белгілеу процесі сұраныс пен ұсыныс заңы бойынша немесе стихиялы түрде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес биржа жабық үлгідегі акционерлік қоғам түрінде құрылады.
Қор биржасының қызметін қаржыландыру:
· оның мүшелегіне кіруге құқық беретін өз (меншікті) акцияларын сату;
· тұрақты (негізінен, қор биржаларының жылсайынғы мүшелік жарналары);
· биржада жүзеге асырылатын мәмілелерден биржалық алымдар;
· өзге кірістер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Сөйтіп, оның жұмысы өзін-өзі ақтау қағидаларына негізделген.
1) сатып алушыны сатушымен
2) сұраныс пен ұсынысты теңестіре отырып, бағаның тұрақтануына ықпал етеді.
Іс жүзінде облигациялардың бүкілі «көше нарығында» сатылады немесе компанияларды биржалардың қызметінен бас тартуға итермелейтін әрқашанда себептер өмір сүреді.
Егер клиент биржадан тыс айналымнан бағалы қағаз сатып алғысы келсе, онда «көше нарығы» механизмі іске қосылады.
Аталмыш нарықта акциялар облигациялармен қалай сауда жасалса, ол да сондай тәсілмен, яғни жеке брокерлер арасындағы келіссөздер жолымен сатылады. Брокер бағалы қағаздар сатып алуға тапсырыс ала отырып, телефон арқылы кім сата алатындығын біліп, өзінің әріптесін іздейді.
«Сөреден» акциялар сату биржа сессияларына қарағанда ұзаққа созылады, ал кейбір кездері тұтастай бір күнді алады. Дегенмен ол көлемі бойынша биржа саудасына көпшілік жағдайда орын береді. Ал «көше» нарығында көптеген жас компаниялардың акциялары сатылады. Сонымен бірге бұл жерден ескі консервативтік фирмалардың акцияларын табуға болады, мұндай биржалардың басшылығы қандайда бір себептермен биржаларға жақындамауға тырысады.
Неғұрлым кең тұрғыдан алғанда биржа бағалы қағаздар нарығында «наводчик» рөлін атқарады. Соның арқасында әрбір инвестор өздерінің іздегендерін таба алады, ал салымшылар кімнің акциялары жоғары бағаларға ие болса, сол компанияларға ұмтылады. Биржалардың әсерімен «көше нарығындағы» бағалар қалыптасады. Сонымен бірге – бұл айсбергтің көрінетін бөлігі болып саналады.
Өзінің айналымы бойынша биржа саудасы, облигациялардың, негізінен, биржа арқылы өтпейтіндігінен «сөре» арқылы жасалатын саудадан он еседен аса төмен болады.
Бағалы қағаздардың қалыпты айналымына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, олар туралы ақпараттар таратуға жататын олардың нарықтық бағасын анықтау биржа қызметінің айрықша жағдайы болып саналады.
Сонымен, бағалы қағаздар қайталама
нарығының биржа-институты
2. Бағалы қағаз нарығының кәсіби қатысушылары
Кез келген тауардың нарықтық бағасы туралы айтқанда сөз сатушы саны емес, сатып алушының саны туралы болып отыр деп түсіну керек. Тауардың сапасы толық қанағаттандырарлық жағдайда болғанның өзінде, сатып алушының сатушының бағасы бойынша сатып алғысы келмейтін жағдайлары жиі кездеседі, сол арқылы неғұрлым төмен бағамен сатып алуды ұсынады. Сондықтанда бағалы қағаздардың нарықтық бағасы әлеуетті сатып алушының оған қандай әсерде болатындығына қатысты болады.
Бизнестегі ақшалар
Мұндай жағдайда сатып алушылардың нақтылы сұранысы қалыптасады.
Жоғарыда айтылғандардан шығара отырып айтқанда, бағалы қағаз – ол да тауар болып саналады және олар делдал арқылы сатып алынады, яғни біршама ақша сомасын сатып алу жүзеге асырылады. Бұл қандай сома дейтін болсақ, олардың барлығы сіздің бағалы қағаздардың қандай партиясын сатып алғыңыз келетініне және сатқыңыз келетініне немесе мәміле бойынша сіз брокермен қандай сатып алу бағасына келістіңіз (дилермен немесе басқа делдалмен), соған қатысты болады.
Биржалардың мүшелері:
·акционерлер;
·бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары;
Қор биржаларының мүшелері болып әдетте заңды тұлғалар қатысады.
Қазақстан Республикасында заңдарға сәйкес биржа мүшелерінің саны шектелген және ол жарғымен анықталады. Сондай-ақ биржаларға жаңа мүшелер қабылдау жарғыда қосымша ескертіледі.
Қор биржаларында оның барлық мүшелері тең болып саналады, яғни мысал үшін, тауар биржаларында орын алатындай, мүшелерінің әртүрлі санаттарда болуына жол берілмейді. Бұл уақытша мүшеліктің болмаушылығына, биржа мүшелерінің орынды жалға немесе залдарды аталған биржаның немесе қор бөлімінің мүшесі болып саналмайтын тұлғаларға бере алмайтындығына әкеледі.
Шетелдік тәжірибеде қор биржасы мүшелерінің әртүрлі санаттары (категориялары) бөліп көрсетіледі. Мысалы, халықаралық Лондон қор биржасының мүше-фирмалары әртүрлі үш санатқа (категорияға) бөлінеді. Егер биржа мүшелері брокерлік қызметпен айналысатын болса, онда ол нарықты құрушы – «маркет-мейкер» ретінде нарықта тіркеле алады. Негізінен, ірі фирмалар ғана мұндай қызметтерді өздеріне ала алады. Олардың қызметі – міндетті баға белгілеу кезеңі деп аталатын белгіленген уақыт ішінде бағалы қағаздарды белсенді түрде сатып алу (сату) болып табылады. Олар баға белгілеу кезінде екі бағамды: сұраныс (сатып алушы) бағасы мен ұсыныс (сатушы) бағасын көрсетуге міндетті.
Екінші санат (категория) – дилераралық брокерлер. Бұл – бір-біріненен өз аттарын жасыру арқылы өзара әрекет етуді қалайтын, нарықты құрушыға делдалдық қызмет көрсететін фирмалар. Дилераралық брокерлерді пайдалану нарық құрушыларына бағалы қағаздар бойынша өздерінің ағымдағы позицияларын бәсекелестерден жасыруға мүмкіндік береді.
Үшінші санат (категория) – ақша брокерлері. Олардың негізгі қызметтері – нарықтың құрушысы үшін бағалы қағаздарды өзара қарызға ала тұру болып табылады.
Биржа мүшелеріне қойылатын талаптар заңдармен, сол сияқты биржалардың өздерімен белгіленеді.
Осыған орай заңдарда әдетте биржаға
мүшелікке өтуге қойылатын
Қор биржасы өз мүшелеріне келесідей мүмкіндіктер беруі мүмкін:
· биржалардың жалпы жиналыстарын және оның ісін басқаруға қатысуға;
· басқару және бақылау органдарына сайлауға және сайлануға;
· биржа мүлкін, қолда бар ақпараттарды және ол көрсететін кез келген қызмет түрін пайдалануға;
· таратқаннан кейін биржаның иелігінде қалған мүлікті алуға қатысуға.
Сонымен бірге биржа мынадай міндеттерді айқындайды:
· биржаның жарғысын және өзге де биржа ішілік нормативтік құжаттарды сақтау;
· жарғыда және нормативтік құжаттарда қаралған тәртіпте, мөлшерде және тәсілдерде салымдар мен қосымша жарналар салу;
· биржа қызметін жүзеге асыруға көмек көрсету.
Алғашқы бетте қор биржалары сауданы, оның қатысушыларының мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ететін бағалы қағаздармен көтермелеу және қолдау көрсету үшін құрған болатын. Сондықтанда биржа сауда үшін ұйымдасқан орын ретінде қаралады.
13Лекция жоспары
1. Валюта жүйесі және валюта катынастары
2. Төлем балансы және оның құрылымы
1. Валюта жүйесі және валюта катынастары
Елдердегі шаруашылық байланыстарын интернационалдандыру шегі бойынша тауарлардың, қызметтер мен капиталдардың және несиенің халықаралық ағымы өсе түсуде. Әлемдік шаруашылықта ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасатын ақша капиталының тәулік бойы «құйылуы» жүзеге асырылады. Оның үстіне әрбір егеменді мемлекетте оның ұлттық ақшасы заңды төлем құралы болып саналады. Дегенмен, халықаралық айналымда негізінен шетелдік валюталар қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта әзірше, барлық елдер үшін міндетті жалпыға танылған әлемдік несие ақшалары болмауы мен алдын-ала келісілген.
Елдердің, оның ішінде Қазақстанның әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ұлттық ақшаның ақша капиталының бір бөлігінің шетел валютасына айналуын және оған керісінше жағдайларды тұғызуда. Бұл халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржылық операциялар кезінде болады.
Осыған орай, халықаралық валюта қатынасы – қоғамдық қатынастар жиынтығының тарихи түрінде қалыптасты. Олар валюталардың ұлттық шаруашылықтардың қызметінің нәтижелерін өзара айырбастауға қызмет көрсетуші әлемдік шаруашылықтағы қызмет жүргізуі кезінде пайда болды.
Валюталық қатынастар–халықаралық есеп айырысулар, несие және валюталық операцияларын жүзеге асыру мақсатымен валюта және ақша нарықтарында жеке тұлғалардың, фирмалар мен банктердің қатысатын күнделікті байланыстарын кіргізеді.
Вексельдік және айырбас жұмыстары ретінде валюта элементтерінің қатынасы ежелгі дүниеде (Ежелгі Грецияда және Ежелгі Римде) пайда болды.
Халықаралық валюталық қатынастар мен олардың қалыптары келесі факторлармен анықталады: әлемдік және ұлттық экономиканың даму шегі, саяси жағдай, елдер арасындағы байланыс күші.
Сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыру шарасы бойынша валюталық жүйе құрылған.
Шаруашылық байланыс негізінде ұштасуы тарихи қалыптасқан валюталық қатынастардың жиынтығын валюта жүйесі көрсетеді.
Ұйымдық-құқықтың көзқарас тұрғысынан алғандағы валюталық жүйе ұлттық заңдылықтармен немесе халықаралық келісімдермен, реттеуші валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекетімен құқықтық формасын білдіреді.
Валюта жүйесінің тарихи келесі түрлері қалыптасқан: ұлттық, әлемдік, аймақтық.
Ұлттық валюта жүйелері – оның көмегімен халықаралық төлем айналымдары жүзеге асырылады, қоғамдық ұдай өндіріс процесі үшін қажетті валюта ресурстары қалыптасатын және пайдаланылатын экономика қатынастарының жиынтығын білдіреді.
Халықаралық еңбек бөлінісі, тауар өндіру, сыртқы сауда, әлемдік базалық және аймақтық валюталық жүйе болып табылады.
Әлемдік валюта жүйесі – валюта құралдарының қызмет етуін қамтамасыз етуші халықаралық несие-қаржылық институттарын және халықаралық-шарттық және мемлекеттік-құқықтық нормаларының кешенін кіргізеді.
Әлемдік валюта жүйесінің шеңберінде, өнеркәсібі дамыған елде (Еуропалық валюта жүйесі - ЕВЖ) аймақтық валюта жүйесі құрылады.
Валюта саласындағы Еуропалық қауымдастықтың бірқатар елдерінің ұйымдық-экономикалық қатынастарының формасы ретінде ЕВЖ 1979 жылдың наурызында құрылған.