Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 18:41, курс лекций
Ақша – жалпыға бірдей балама (эквивалент) немесе басқа барлық тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар, оның көмегімен өндірушілер арасында тауар айырбасы жүреді. Ақша болу үшін өндірісі мен тауар айналымы болу керек, олар тауар мен ақшаны тығу байланыстырады.
Бұл процесті тереңірек ұғыну үшін құнның 4 формасын қарастырайық:
1.Құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы. Бір тауар басқа бір тауарда өз құнын айқындайды. Бұнда біріншісі активті роль ойнайды және салыстырмалы формада болады, ал екіншісі – пассивті роль ойнап, құнның балама формасында болады.
2.Құнның толық немесе кеңейтілген формасы. Бір тауардың құны шексіз көптеген басқа тауарларда көрініс ашады. Ондағы тауарлар бірінші тауардың құнын айқындайды.
3.Құнның ортақ (жалпыға бірдей) формасы. Онда көптеген шексіз тауар құны бір тауар құнында айқындалады, яғни жалпы эквиваленттік форма кез келген тауарда көрінеді.
4.Құнның ақшалай формасы. Бұл кезде алтынға тауар әлемінің құнының айқындауының монополиясы бекітіледі.
· баламалықты жүзеге асырудың ықтималдылығын бағалау мүмкіндігі.
Көрсетілген элементтер белгілі бір тәуекел ету жағдайында шешім қабылдайтын нақты тұлғаның қызметімен тәуекелдің байланысты екендігін анықтайды. Соған сәйкес, тәуекел шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру сатысында өмір сүреді.
Тәуекел қарамақайшылық, баламалылық, белгісіздік сияқты белгілермен сипатталады.
Қарамақайшылық мынадай жағдайларда көрінеді. Біріншіден, тәуекел оң нәтиже алуға бағытталған. Екіншіден, ол субъективизмге және объективті заттарды елемеушілікке әкеледі.
Баламалылық екі немесе одан да көп
мүмкіндіктерден іс-қимыл
Белгісіздік – бұл ең алдымен сенімнің, бір жақтылықтың болмауы.
Тәуекелдің – субъективті және объективті екі тұжырымдамасының аражігі ажыратылады. Объективті тұжырымдама салыстырмалы түрде алып қарағанда оның болуы немесе болмауы белгісіз тәуекелден туындайды. Субъективті тұжырымдама, тәуекел-қатердің қауіптілігі мен болуы мүмкін зардаптарын ескере отырып, мінез-құлық нұсқаларын таңдауына негізделетін тұжырымда болып саналады.
Сонымен, шығындардың (тәуекелдердің) болу мүмкіндігі күні бұрын қаралғанда (ара салмағы есептелгенде) және сақтандырылғанда ғана пайда алуға болады. Сондықтан да коммерциялық банктердің қызметіндегі экономикалық тәуекел проблемаларына маңызды түрде назар аударылуы тиіс. Солардың ішіндегі негізгілеріне банк тәуекелдерінің жіктеуі, банктердің, жекелеген қарыз алушылардың, кәсіпорындар топтарының, салалардың экономикалық, саяси және өзге де тәуекелдерді есептеу әдістері мен негізгі баға берулері жатады.
Банк тәуекелдері өзінің алуантүрде көрінуіне, пайда болу аясына, банк үлгілері (типтері) мен олардың операцияларына, клиенттердің құрамына қатысты белгілері бойынша ажыратылады және оларды әртүрлі көзқарастар (келістер) тұрғысынан зерттеу маңызды болып саналады.
Банктің өз бетімен жүргізген операциялары бойынша тәуекелдерге несие, пайыздық, валюталық, қоржындық (портфельдік) тәуекелдер мен уыстан шығарып алған қаржы пайдаларының тәуекелдері жатады.
Несие тәуекелі – несие берушіге есептелетін негізгі берешек пен пайыздарды қарыз алушының оған уақытында қайтара алмау қауіпі.
Пайыздық тәуекел –
Валюталық тәуекел шетел валюталарының бірінің өзге валютаға, оның ішінде сыртқыэкономикалық, несие және басқа да валюталық операцияларды жүргізу негізінде ұлттық валютаға қатынасы бойынша бағамының өзгеруімен байланысты валюталық шығындардың болу қауіпін білдіреді.
Қоржындық (портфельдік) тәуекел – бағалы қағаздар нарығындағы шығындардың болу мүмкіндігі.
Уыстан шығарып алған пайдалар тәуекелі – бұл қандай да бір шаралардың жүзеге асырылмауы немесе шаруашылық қызметінің тоқтауы нәтижесінде пайда болатын жанама (қосымша) қаржы залалдарының (алынбаған пайда) тәуекелі.
Бұдан тысқары, банктің әкімшілік-шаруашылық шығындарын өтеуге қабілетсіздігімен байланысты тәуекел туралы да жиі айтылады.
Атап өткен тәуекелдердің
Банк тәуекелдері өтімдік (ликвидті) тәуекеліне және табыс тәуекеліне бөлінеді. Оларға мыналар жатады:
- депозиттік тәуекел;
- күшін ұзарту (проглонгация) (салымдарды ұзақ мерзімге созу) тәуекелі;
- несие тәуекелі (ссудалар мен олар бойынша пайыздарды қайтарып алмау);
- жаңадан жоспарланбайтын несиелер тәуекелі;
- жаңа қызмет түрлері бойынша тәуекелдер.
Табыс тәуекелі жұмысшылардың кәсіби сапаларына қатысты. Мұндай тәуекелдердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- несие тәуекелі;
- валюталы тәуекел;
- ел (елдер) тәуекелі;
- салалық тәуекел.
Несие тәуекелі - қарыз алушының негізгі борышты уақытылы төлей алмау тәуекелі. Банктер кірістердің негізгі бөлігін несие қызметінен алады. Сондықтан да олардың міндеті клиенттің ссуданы қайтармау ықтималдылығына қатынасы бойынша әлеуетті пайданы бағалауынан тұрады. Сондай-ақ мынаны атап өту көзделеді: несие беру кезіндегі әлеуетті шығындар тәуекелі берілген міндеттемелер мен кепілдіктерге, сыртқы сауданы, бағалы қағаздармен операциялар жасауды акцептеу мен қаржыландыруға, валюталар айырбасына, фъючерлік контрактыларға, СВОП, опциондарға қатысты болады.
Әлеуетті несие тәуекелдері операцияларға және операциялардың сатыларына байланысты бөлінеді (мысалы, мәміле жасау сәтіндегі «Форвард»).
Банк тәуекелдері негізгі
Экономикалық (коммерциялық) тәуекелдер – бұл банктің өзіне немесе ел экономикасындағы қолайсыз өзгерістермен байланысты туындаған тәуекелдер. Тепе-теңдік сақталмаған (несбалансированной) өтімдік тәуекелі (төлем міндеттемелерін уақытылы орындаудың мүмкін еместігі) жеке тәуекелдер шоғырландырылған экономикалық тәуекелдің неғұрлым кең таралған түрі болып саналады. Экономикалық тәуекелдер сондай-ақ нарық конъюнктурасы мен басқару деңгейінің өзгеруімен берілген.
Тәуекелдің бұл негізгі түрлері өзара байланысты болып табылады, сондықтан да оларды іс жүзінде бөлу өте қиынға соғады. Саяси және экономикалық тәуекелдер өз кезегінде сыртқы және ішкі әсер ету аясына тәуелділікте болуы мүмкін.
Қандай да тәуекелдің қолдануға болатын дәрежесін анықтау және тәуекел ахуалын пайдалануға бағытталған іс жүзінде тез арада шешім қабылдау немесе қандай да бір операцияларды жүргізуден пайда болуы мүмкін шығындарды төмендететін шаралар жүйесін (құралдар мен әдістерді таңдау) жасау банктің тәуекел операцияларын ғылыми басқарудың басты міндеті болып саналады.
Тәуекелдерді басқарудың негізгі құралдарына (әдістеріне) келесілерді жатқызуға болады:
· тәуекелдерді салмақтай білу қағидасын пайдалану;
· сыртқы тәуекелдерді есепке алу (салалық, аймақтық, сақтандыру);
· банк клиентінің қаржылық жағдайын, оның төлемқабілеттілігін, рейтингін және т.б. жүйелі талдауды жүзеге асыру; тәуекелдердің бөліну қағидасын қолдану, несиелерді қайта қаржыландыру;
· несиелерді көбейту саясатын жүргізу банк операцияларының жалпы көлемін сақтау жағдайында клиенттердің үлкен санына берілген несиелерді шағын сомалармен кеңірек қайта бөлу;
· ірі несиелерді тек консорциалды негізде ғана беру (банкаралық келісімдер бойынша тәуекелдерді бөлу);
· өзгермелі пайыздық ставканы пайдалану;
· депозиттік сертификатты енгізу;
· банктің қайта есептеу операцияларын кеңейту;
· несиелер мен депозиттерді сақтандыру;
· кепіл құқығын енгізу;
· нақты жеке кепілдерді қолдану.
2. Банк тәуекелдерді хеджирлеу әдістері
Сақтандыру - тәуекелдерді басқару құралы ретінде. Сақтандырудың көмегімен тәуекелдердің экономикалық және саяси екі негізгі санатын жабуға болады.
Несиелерді сақтандыру өзінің негізі бойынша несие тәуекелін азайтуға немесе жоюға мүмкіндік береді. Жабдықтаушыларға немесе сатып алушыларға берілетін коммерциялық несиелер, банк ссудалары, несие бойынша міндеттемелер мен кепілдіктер, ұзақ мерзімдік инвестициялар және т.б. негізінен, несиелерді сақтандыру объектілері болып қызмет етеді. Сатушыны немесе несие беруші-банкті қорғау мүдделері келесілерден тұрады: борышкердің төлеуге қабілеті болмағанда немесе берілген несиелер бойынша қарызын борышкер өзге де себептермен төлемеген жағдайда несие қарызын өтеу жауапкершілігін сақтандыру компаниясы өзіне алады.
9 Лекция жоспары
1. Орталық банктің жалпы
2. Ұлттық Банк – ҚР орталык банкі
3. ҚР Ұлттық банкінің негізгі мақсатты және қызметтер
1. Орталық банктің жалпы сипаттамасы
Қандай да болмасын мемлекеттің
банктік жүйесінің негізгі
Банкноттарды эмиссиялауға құқығы бар коммерциялық банктердің негізінде орталық банктер құрылды. Эмиссияны іске асырған бірінші банк Стокгольм Банкі болғанына қарамастан (1650 ж. ол көрсетушіге жазылатын және бүкіл Швеция корольдігінің территориясында басқа ақшаның түрлерімен тең айналатын алтын монеталарға депозиттік сертификат шығарып), бірінші эмиссиондық банк болып банкноталарды шығара бастағандықтан және коммерциялық вексельдерді ескергендіктен 1694 ж. құрылған Англия Банкі есептеледі.
Орталық банктер банкноттар эмиссиясынан басқа мемлекет казначейінің, мемлекет және коммерциялық банктердің арасындағы делдалдық, мемлекеттік ақша-несиелік саясатының жалғастырушысының ролін атқарады. Коммерциялық банктердің негізінде құрылған орталық банктер, кейін националдандырылды (ұлттандырылды). Қазіргі уақытта олардың капиталы толығымен немесе бөлшегімен мемлекеттің қолында.
Бүкіл дамыған елдерде орталық банктің мақсаттары мен қызметтері бекітілген және де оларды іске асыратын құралдар мен әдістер анықталған заңдар әрекет етеді. Кейбір мемлекеттерде орталық банктің негізгі мақсаты заңды түрде конституцияда бекітілген. Орталық банктің ісін реттейтін негізгі құқытық акт болып елдің орталық банк туралы заңы табылады.
2. Ұлттық Банк – Қазақстан Республикасыеың орталык банкі
Қазақстан Ұлттық банкі республиканың орталық банкі болып саналады және Қазақстан Республиксының қазіргі банк жүйесінің жоғарғы деңгейін білдіреді. Ол орталық банктермен және басқа елдердің банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен қатынаста, Қазақстан Республикасының атынан оның мүдделерін қорғайды. Жоғарғы және екінші деңгейдегі банктер қызметі сипатының өзгеруі құқықтық реттеулерді талап етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы республиканың Ұлттық банкі соған сәйкес өзінің қызметін құратын және жүзеге асыратын құқықтық негіз болып саналады. Мыналар Қазақстандағы банк қызметін реттейтін негізгі нормативтік актілер болып саналады: 1995 жылғы 30 наурыздағы заң күші бар «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы», 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Президент жарлықтары, басшылыққа алу үшін Республикада қазіргі уақытта қолданылатын республиканың бірқатар басқа заңдары, халықаралық шарттар мен келісімдер.
Ұлттық Банк туралы заң актісінің 1-бабына сәйкес бұл мекеме Қазақстанның бас банкі болып саналады және соның меншігінде болады. Банктің құқықтық мәртебесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол заңды тұлға болып саналады және коммерциялық банктермен, мемлекетпен белгілі бір азаматтық-құқықтық келісімдер жасай алады, екіншіден – ол Қазақстанның ақша-несие жүйесін басқару бойынша кең түрде билік өкілеттіктерімен бөлінген. Сонымен, Қазақстан банкінің қарама-қайшылықты (двойственный) құқықтық табиғаты бар.
3. ҚР Ұлттық банкінің
негізгі мақсатты және
Ұлттық Банкі бір мезгілде шаруашылық қызметін жүргізетін заңды тұлғаның арнайы құзырлылығын мемлекеттік тұрғыдан басқаруды жүзеге асыратын орган болып саналады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің шаруашылық қызметін жүргізуі мен оның бір мезгілде әкімшілік-бақылау өкілеттіктерін орындауы бір-бірінен тәуелсіз түрде жүзеге асырылмайды.
Өзінің шаруашылық мүдделерін жүзеге асыру және пайда алу мақсатында коммерциялық банктермен азаматтық-құқықтық келісімдер жасай отырып, сонымен бірге ол ең алдымен несие беру мекемелері жүйесінің дамуына тиісінше мақсатты бағытталған әсерін тигізеді және мемлекеттің несие саясатын айқындайды. Мұндай келісімдер жасаудың шарттарын жалпы мемлекеттік ақша-несие саясатының шеңберінде Ұлттық Банк әзірлеп-жасайды.
Орталық банктер банктік жүйені реттейтін негізгі звено болып табылады, сондықтан олрадың қызметінң негізгі мақсаты – ақша айналымының нығайтылуы, шетел валютасының қатынасынан ұлттық ақша бірлігінің және оның курсының беріктілігін қамтамасыз ету және қорғау, елдің ьанктік жүйесінің дамуы мен нығайтылуы, есеп айырысудың тиімді және үздіксіз іске асырылуы.