қаржы және несие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 18:41, курс лекций

Краткое описание

Ақша – жалпыға бірдей балама (эквивалент) немесе басқа барлық тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар, оның көмегімен өндірушілер арасында тауар айырбасы жүреді. Ақша болу үшін өндірісі мен тауар айналымы болу керек, олар тауар мен ақшаны тығу байланыстырады.
Бұл процесті тереңірек ұғыну үшін құнның 4 формасын қарастырайық:
1.Құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы. Бір тауар басқа бір тауарда өз құнын айқындайды. Бұнда біріншісі активті роль ойнайды және салыстырмалы формада болады, ал екіншісі – пассивті роль ойнап, құнның балама формасында болады.
2.Құнның толық немесе кеңейтілген формасы. Бір тауардың құны шексіз көптеген басқа тауарларда көрініс ашады. Ондағы тауарлар бірінші тауардың құнын айқындайды.
3.Құнның ортақ (жалпыға бірдей) формасы. Онда көптеген шексіз тауар құны бір тауар құнында айқындалады, яғни жалпы эквиваленттік форма кез келген тауарда көрінеді.
4.Құнның ақшалай формасы. Бұл кезде алтынға тауар әлемінің құнының айқындауының монополиясы бекітіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лек ДКБ.doc

— 349.50 Кб (Скачать документ)

Сондықтан, Халықаралық валюта қоры елдер-мүшелерінің төлем теңгерулерінің жай-жүйелерін бақылау және оларды теңдестірілу үшін жағдай жасауын жүзеге асырады, сонымен қоса, қажетті несиелерді береді.

Қайта құру және даму халықаралық  банкі (ҚҚДХБ) – мемлекетаралық инвестициялық институт, ХБҚ-мен бір мезгілде құрылған. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі.

ҚҚДХБ-ның қызметінің ресми мақсаты  болып меншік инвестициялардың кепілденуі, ұзақ мерзім қарыздары мен несиелерді беру олардың экономикалық делдалымен өсуде ел-мүшелеріне көмектесу болып саналады.

ХВҚ-дан ерекшелігі ҚҚДХБ-ның көп  несиелер ұзақ 15-20 жыл мерзіміне  созылған.

ХВҚ мен ҚҚДХБ-ның қызметі өзара байланысты, олар бір-бірлерін толықтырып отырады. Оның үстіне ҚҚДХБ мүшесі болып, тек қана ХВҚ мүшелері бола алады.

Халықаралық даму қауымдастығы (ХДҚ 1960 жылы құрылған) әкімшілік шығындарды жабуға 34% көлемінде комиссияны ғана алады, ҚҚДХБ неғұрлым дамыған елдер-мүшелеріне 30-35 жыл мерзіміне жеңілдетілген пайызсыз несиелер береді. Бұл несиелердің мақсаты – кедейленген елдерге дамыған елдерден экспорт тауарларды демеу. ХДҚ қызметінің ерекшелігі ҚҚДХБ қызметінің үйлестіруімен және жобалардың бірлескен несие берулерімен тұжырымдалады.

Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚХ 1956 жылы құрылған) меншік секторлардың өсуі үшін дамып келе жатқан елдер өнер кәсібінде меншік инвестициялардың бағытын ынталандырады. Несиелер неғұрлым өсім беруші кәсіпорындарға 15 жылға дейін мерзім береді.

Кепілдік беру инвестициясы бойынша көп жақты агенттік (КИКЖА 1988 жылы құрылған) шетел инвестициялар сұрақтары бойынша үкімет органдары кеңес береді, коммерциялық емес тәуекелдерден тікелей инвестицияларды (15-тен 20 жылға дейін мерзіммен) сақтандыру жүзеге асырады. КИКЖА мүшелері болып тек қана ҚҚДХБ мүшелері ғана саналады.

Қайта құру және даму халықаралық  банк оның үш филиалымен ресми емес аталған бүкіл жемдік немесе әлемдік банктермен бірлескен. Бұл мемлекеттік қаржы институттары халықаралық несие қатынасын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, олардың онша көп емес ссудалары ссудалық капиталдардың әлемдік нарығында меншік банктердегі өзара қатынастарына тек елдерде мүмкіндік ашады. Олар басқалардың қатарында дамып келе жатқан елдердің сыртқы қарыздарын реттеуде басқа халықаралық ұйымдармен белсенді қатысады. Сондай-ақ, Қазақстан Әлемдік банктің мүшесі болып саналды және оның несиесін пайдаланады. Оның несиелеріне байланысты мемлекеттік жобалары үшін ондағы өмірін маңызды қаржыландырады.

Қайта құру және даму еуропалық банкі (ҚҚДЕБ 1990 жылы құрылған) – тұрған жері Лондон. ҚҚДЕБ басты мақсаты – бұрынғы КСРО мемлекеттерінде, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде нарықтық экономикаға көшуге ықпал етеді. ҚҚОЕБ 15-150млн. долларлар шегіндегі ғана жобаларға несие береді.

Дамудың аймақтық банктері өзіне тән мәселерін  шешу және осы аймақтардағы дамып келе жатқан елдермен ынтымақтасуын кеңейту үшін 60-ншы жылдарда Азияда, Африкада, Латын Америкасында құрылған.

Азия даму банкі (АзДБ) 1965 жылы құрылған. Оның мүшелері болып тек қана Азияның дамып келе жатқан елдері ғана емес, сонымен бірге, Жапония және Австралия елдері  сияқтылар қатысады.

Оның  штаб-пәтері Филиппинің астанасы –  Манильде орналасқан.

Ислам даму банкі (ИДБ) халықаралық дамуды қаржыландыратын, аймақтық қаржы ұйымы болып саналады. Ислам даму банкі 1975 жылдың 20 қазанында қызметке кірісті.

Ислам даму банкісінің мақсаты болып, шәриғат  принциптері сәйкестігінде мұсылман қауымдастығы және ИДБ мемлекет-мүшелерінің әлеуметтік прогрессі және экономикалық дамуға көмек көрсету болып есептеледі.

Ислам даму банкі мүшелерінің құрамына 53 мемлекет кіреді. ТМД елдерінен  ИДБ мүшелері болып: Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан саналады.

Ислам даму банкінің штаб-пәтері Жидд қаласында, Сауд Аравия Патшалығында орналасқан.

Банк  құрылтайшылары Ислам конференциясын ұйымдастырудағы мүше-мемлекеттері болып саналады. Қазіргі кезде олар 52.

Банктің ресми тілі болып-араб тілі, ал қарым-қатынас тілі болып-ағылшын және француз тілдері есептеледі.

Ислам даму банкі үш аймақтық өкілге ие:

-          Куала Лумпур қаласында (Малайзия) – ИДБ мемлекет-мүшелері және мұсылман қауымдастығы үшін Оңтүстік Шығыс Азияда орналасқан;

-          Рабат қаласында (Марокко) – Оңтүстік сахара мүше мемлекеттері мен Араб Магреб одағы үшін орналасқан. Екі офисте 1999 жылы жұмысқа кірісті.

-          Алматы қаласында (Қазақстан) – ИДБ мемлекет – мүшелері және мұсылман қауымдастығы үшін ТМД, Монғолияда, ҚХР-да, Шығыс Еуропа аймақтарында орналасқан.

 

 


Информация о работе қаржы және несие