қаржы және несие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 18:41, курс лекций

Краткое описание

Ақша – жалпыға бірдей балама (эквивалент) немесе басқа барлық тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар, оның көмегімен өндірушілер арасында тауар айырбасы жүреді. Ақша болу үшін өндірісі мен тауар айналымы болу керек, олар тауар мен ақшаны тығу байланыстырады.
Бұл процесті тереңірек ұғыну үшін құнның 4 формасын қарастырайық:
1.Құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы. Бір тауар басқа бір тауарда өз құнын айқындайды. Бұнда біріншісі активті роль ойнайды және салыстырмалы формада болады, ал екіншісі – пассивті роль ойнап, құнның балама формасында болады.
2.Құнның толық немесе кеңейтілген формасы. Бір тауардың құны шексіз көптеген басқа тауарларда көрініс ашады. Ондағы тауарлар бірінші тауардың құнын айқындайды.
3.Құнның ортақ (жалпыға бірдей) формасы. Онда көптеген шексіз тауар құны бір тауар құнында айқындалады, яғни жалпы эквиваленттік форма кез келген тауарда көрінеді.
4.Құнның ақшалай формасы. Бұл кезде алтынға тауар әлемінің құнының айқындауының монополиясы бекітіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лек ДКБ.doc

— 349.50 Кб (Скачать документ)

Реформа мемлекет ақша жүйесін тұрақтандырды және ақшаның барлық функцияларының мәнін көтерді. Ол кезекті рет уақыт жыл ағымында тепе-теңдік арасындағы төлем қабілетті сұраныс пен тұтыну аумағындағы ұсынуын сақтауға мүмкіндік берді. Бірақ 50-ші жылдар басында ойланбаған бөлшек баға саясатының төмендеуінен бұзылды.

Он жыл өткелі рубль курсының алтын базасына ауысуы мемлекеттің  ақша айналымы, мемлекеттің бюджет өлшемі, сонымен бірге өндіріс  көлемі, ұлттық табысы күрт өсті. Көптеген экономика саласындағы көрсеткіштер жүз мың миллиардтың және триллиондық рубльдерде көрсетілді. Мұндай үлкен соммалық есептер қаржы-банктерде және шаруашылық органдарда практикалық жұмысты қиындатты. Масштаб құны өте кішкентай болды. Сондықтан өкімет масштаб құнын 10 есе үлкейтуге шешім қабылдады, алтын рубльдің құрамын көтеріп және сол жердегі ақшаны жаңа аударымға ауыстырды.

1961 жылдың қаңтарында аударымға  жаңа ақша билеттері мынадай  үлгіде болып шығарылды: қазыналық  мемлекеттік билеттер 1,3,5 рубль белгілерімен  және мемлекеттік банк билеттері (банкноттар) 10,25,50 және 10 рубль белгілерімен, сонымен бірге айырбас ақшасы 1,2,3,5,10,15,20 және 50 тиын. Ақша билеттері және ескі айырбас ақша үлгілер 1:10 қатынасымен жаңа ақшаға айырбасталды. 1,2,3,5 тиын ақша бағасы айырбасқа жатпады және номинал бойынша аударымда қалды.

1961 жылдың 1 қаңтарынан 1-ші сәуірге   дейін ешбір шектеусіз 3 ай  бойы айырбас жүргізілді. Сондықтан  1 тоқсан кезеңінде 1961 жылы ескі  және жаңа ақшалары аударымда  болды. Бүкіл ақша операциялары  қойылған 1:10 қатынасында өндірілді. Сол уақытта бұл қатынаста тауарға және көрсетілген жұмысқа, төлем ақы тарифіне, зейнетақы көлеміне, стипендияға, барлық төлем міндеттеріне, шарттарға және т.б. қайта есептеу өткізілді.

Сол уақытта масштаб құнының  өсуіне байланысты алтын рубльдің құрамы және оның курсы шетел валютасының қатынасымен өсуі болды. 1961 жылдың 1 ақпанында рубльдің алтын құрамы 0,987412 г. бұрыңғы алтынның орнына 0,222168 г. орнатылды, яғни 4,4 есе өсті. Жаңа алтын рубльдің құрамы әлемдік алтынның құнын орнатылғанына әсер етті, тауарға бағасы рубльде көрсетілді және мемлкеттік бюджетпен сыртқы аудандағы күрделі қайта есептеудің қажеттілігін қойды.

1964 жылы Халықаралық банктің  құрылуымен ауыспалы рубль экономикалық  қатынастар – келісілген ақша  бірлігі енгізілді, 1991 жылға дейін СЭВ мемлекеттер арасындағыи көп жақты клирингтік есептер қолданылды.

1991 жылғы желтоқсандағы Кеңес  Советінің ыдырауы мен Қазақстан  ТМД мемлекеттерімен қатар “рубрьдік  аймақта” қала берді. 1992 жылы  аударымға 200,500,1000 рубль ірі баға  купюралары шығарылды. Құнды қағаз шығарып, оларға өмір сүрмейтін СССР Мемлекеттік банк көрсетілді. 1992 жылғы маусымында аударымға бірінші ресейлік купюра – 5000 рубль, кейінірек 10000 және 50000 рубль шықты.

1992 жылдың бірінші жартысында  Қазақстан Республикасының басқарушыларымен өзінің валютасының шығарылуына шара қолданылды.

1993 жылы 1,3,5,10,20,50,100 теңге баға купюрасы  Қазақстанға әкелінді. 1993 жылы 12 қарашада  Қазақстан Республикасы “Мемлекеттік  валюта енгізу” жайлы жарыққа  қол қойылды. Бұл жарлықпен  15 қарашада мемлекеттік валюта-теңге енгізілді. Қолма-қол рубль айырбасы, сонымен бірге рубльдік есептер, салым және міндеттемелер теңгеге 500 рубль 1 теңге, курсына айырбасталды.

Қазақстан Республикасының барлық азаматтары 16 жастан асқан 100 мың рубль  шамасындағы сомманы айырбастай ала алды. Айырбас тек бір рет қана өндірілетін, ол жайлы паспортта белгі істеледі. Алты ай мерзіміне дейін пайдалану құқысыз банктерге арнайы есептермен 100 мың рубль соммасы теңгеге салынды. Заңдылығы арнайы комиссиямен жоғарғы лимиттілігі қарастырылды. Комиссияның шешімі бойынша бұл құжаттар мерзімі бұрын блокировкадан алынуы мүмкін.

Қарашаның 15-18 дейін халық теңге  мен де рубль мен де төлем жүргізе  алды. Сондықтан мекеменің сауда  түсімі, сонымен бірге тұлғалар, бөлшек сауда және халыққа төлем көрсетуі, банктер мен күнделікті алынды: теңгеде – шектеусіз, 1961-93 ж. банкноттар үлесінде 1,3,5,10,20,50,100,200,500 рубль белгілері – көлемінде, күнделікті орта пайдаланған көбейтпейтін 1993 жыл мамыр айына 1,3 коэффициент ұқсастырылған.

Кәсіпорын балансында 3 тәулік ішінде рубльдік актив пен пассив теңгеде қайта саналды.

Активтер мен пассивтерді қайта  есептеу және қолма-қол ақшаны айырбас  кезеңінде банктер операцияларды  клиенттерсіз жүргізді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық бағамен 1 доллар – 4,7 теңге деп орнатты. Кезекті жылдары ол күрт өсті. Осыған тиісті баға және төлемақы өсе бастады. Инфляцияның өсуіне байланысты қажеттілік өте үлкен ақша купюрасында шығарылды. 1994 жылдан бастап 200,500,1000 және 2000 теңге купюралары шығарыла бастады. Айырбас бағасы кішкентай белгілерімен бірте-бірте айналымнан “шықты” және 1,3,5,10,20, теңге беогілері мыс-никельді құймаданжасалынды.

Сонымен Қазақстандық теңге төлем  құралы болып айналды, шектеусіз  еркін конверттеулік валюта айырбасталды және тұрақты валютаның санына кірді.

3. Инфляция: себебі, салдары  және қүресу әдістері

Инфляция өзін күрделі әлеуметтік-экономикалық процесс түрінде көрсетеді және оның пайда болып, дамуына көптеген факторлар әсер етеді.

Ақшалай түрдегі факторларға мыналарды жатқызады:

- Экономика несиесімен шектен  тыс толуы; 

- Ақша айналымы жылдамдығының  артуы;

- Ұлттық валюта бағытын ұстап  тұру бойынша өкімет әдістері  және оның іс-әрекеттерін шектеу;

Ақшалай емес түрдегі инфляция факторларына мыналармен байланысты факторларды жатқызады:

- Қоғамдық өндірістегі құрылымдық  сәйкессіздік;

- Шаруашылықтың шығынды механизмі;

- Мемлекеттік экономикалық саясат, оның ішінде салық саясаты,  баға саясаты, сыртқы экономикалық  әрекеттер және т.с.с.

Инфляция бағаның өсу қарқынына байланысты классификацияланады. Осы белгілерге қарай отырып инфляцияның келесідей түрлерін көрсетуге болады.

5-10%-дан жоғары емес бағаның  орта жылдық өсу қарқыны негізінде  – жылжушы инфляция. Ол ақшаның  шамалы құнсыздануы жылдан-жылға  болатын дамыған елдерге тән. Бұл құбылыс нарықтық экономиканың дамуы үшін қажетті болып саналады және өз кезегінде экономикалық өсудің факторы түрінде қарастырылады.

Секіріс жасаушы (галопирующая) инфляция (бағаның орта жылдық өсу қарқыны 10-15%-ға дейін) және гиперинфляция (жылына 100%-дан астам) дамушы елдерге тән. Бұл қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерге әкелетін кері әрекет етуші құбылыс түрінде қарастырылады.

Гиперинфляция елдің ақшалай шаруашылығында терең дағдарысы, шаруашылық процесстердің  бағынбаушылық жөнінде мәлімет береді.

Инфляцияға өндірістің ұзақ мерзім бойы төмендеуі тән болса, онда

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін мыналармен көруге болады:

- табысты тұрғындар тобы, өндіріс  аумағы, аймақ, шаруашылық құрылыстар,      

  мемлекет, фирма, дебиторлар мен кредиторлар арасына бөлу.

  - тұрғын халықтың ақшалай  салымдардың, шаруашылық субъекттердің  және мемлекеттік бюджет құралдарының  құнсыздануы.

  - тұрақты ақшалай табыс алушылармен  әрдайым төленетін инфляциялық  салық.

  - әр түрлі салаларда табыс мөлшерінің тепе- теңділігін арттыратын және қайта өндіру сәйкессіздігін қиындататын баға өсуінің біркелкі болмауы.

  - құны төмендеген ақшаны  тауарға немесе валютаға айналдыру  үшін     тұтынушылар сұранысының  құрамын өзгерту, осының арқасында ақша     айналымы және оның құнсыздану процестері ұлғаяды.

  - дағдарыстың тұрақтануы, экономикалық  өсудің құлдырауы, жұмыссыздықтың  артуы өмір деңгейінің құлауына  әкеліп соғады.

  - экономикада инвестицияның  азаюы.

  - амортизациялық қордың құнсыздануы, оның көмегімен өндіріс процесі     қиындайды.

  - спекулятивтік ойыншық бағаға, валютаға, пайыз мөлшеріне әсері.

  - көлеңкелі экономиканың ілгері  дамуы, оның салық салудан «кетуі»

  - ұлттық валютаның сатып  алу әрекетінің, оның басқа валюталарға  қарағанда нақты бағытының өзгеруі.

  - қоғамның әлеуметтік жіктелуі және нәтижесінде әлеуметтік қарсылықтардың күрделенуі.

Инфляциямен күресу әдістерінің негізгі  түрлері, бұл антиинфляциялық саясат және ақша реформалары.

Антиинфляциялық бағдарлама нарықтық қатынастардың дамуын, нарық механизімінің  дағдарыс кезінде мемлекеттік реттелу жағдайын қарастыруы тиіс.Антиинфляциялық саясатты талқылау өз бастауын инфляцияның көп факторлы әлеуметтік-экономикалық процесс түріндегі теориясынан алады, ал оның тамыры өндіріс механизімінде жатыр. Яғни, ұзақ мерзімді антиинфляциялық стратегия және инфляция факторларын шектейтін тәсілдер талқылануы керек.

Мемлекеттің антиинфляциялық саясатының мақсаты – инфляцияға бақылау  жүргізу және экономика үшін оның өсу қарқынын қамтамасыз ету.

Инфляцияның өсу қарқыны жөніндегі  негізгі әрекеттер: экономиканың, сауданың жақсартылуы, әскери өндірістің конверсиясы, дефляциялық саясат, қаржылық жүйенің жақсартылуы, банк әрекеттерінің реттелуі, ақша айналымының әрекет етуі, капитал салымдарындағы реттеулер, нарықтық айналымға  дәстүрлі емес  тауарлардың енгізілуі, қызмет нарығының дамуы, табыс саясаты, мемлекеттің жыл сайынғы жоғарғы еңбекақы лимиті мен бағаның өсу қарқынын белгілеуі, ұлттық ақша бірлігі орнығуының сыртқы факторлары.

Инфляциямен күресуінің басты факторы, бұл инвестициялық араласудың экономикалық төмендеуінің алдын-алу, тұрақты нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы.

Антиинфляциялық саясатта ерекше көңіл  салық жүйесінің жақсартылуына, валюталық және қаржылық нарықтың дамуы  мен мемлекеттік реттелуіне, сонымен  қатар валюталық бағаның құрылу механизіміне аударылуы керек.

 

4 Лекция жоспары

1. Несие. Оның мәні және қызметтері

  2. Несие түрлері және формалары  (нышаны)

  3. Ссудалық пайызының экономикалық  мәні

        

1.                    Несие. Оның мәні және қызметтері

Несие – қайтарып беру шарты негізінде ссудаға берілетін капиталдың, яғни ссудылық капиталдың қозғалысы.

Несиенің маңыздылығын несиенің құрылысы (несиелік қатынастардың субъектілері мен объектілері), капитал қозғалысының сатылары мен несненің негізі арқылы қарастыру қажет.

Несие келісімдерінің субъектілер қатынасына несие алушы мен қарыз алушы қатысады.

 Несие алушы – ссуданы  ұсынатын, несие қатынасының бөлігі. Ссуданы беруші, яғни ресурстарды  уақытша қолдануға бере алатын  субъектілер несие алушы бола  алады. 

Қарыз алушы – алынған ссуданы қайтарып беруге міндетті, несиелік қатынастың бөлігі. Қарыз алушы ссудаға берілген заттың уақытша қолданушысы болады;  ол осы мүлікті (затты) айналым аумағында да, өндіріс аумағында да қолдана алады; қарыз алушы өз шаруашылығындағы  айналымды бітірген ссудалық затты(ссужаемые средства) қайтарады;  ол, тек, уақытша қолдануға алынған заттың құнын емес, сонымен қатар ссудалық пайызды да төлейді.

 Сонымен бірге, несие құрылымы  қатынасының элементі -  құнның  ерекше бөлігі болып табылатын,  тапсыру объектісінің өзі саналады.  Несие қатынасының субъектілерінің біреуінде орналасқан -  босатылған құн, оның қозғалысының баяулануын, дәл қазіргі уақытта жаңа шаруашылық айналымға енуіне мүмкіндігі болмауын анықтайды. Өз қозғалысында уақытша тоқталған құн, несие арқылы өз жолын жалғастырады:   ол өндіріс және айналым қажеттіліктеріне қолдануға мұқтажы бар жаңа иелік етушіге көшу арқылы іске асады. 

Несие алушыдан қарыз алушыға «берілетін»  құн өз қозғалысында сақталады. Құнның сақталынуы, оның қарыз алушының шаруашылығында  қолдануы процессінде анықталынады. Қарыз алушы несие алушыға дәл сол бағаға ие, теңдестік құнды(эквивалент) беруі қажет. Несиенің негізгі көрсеткіші – бұл құнның сақталынуы.

Несие жылжуының сатыларын келесі түрде көрсетуге болады:

Но – Қана – Нп ... Рб ... Уқаққ ...- Қнақ

§   Но– несиені орналастыру;

§   Қана – қарыз алушының несиені алуы;

§   Нп – несиені пайдалану;

§   Рб – ресурстарды босату;

§   Уқаққ – уақытша қарызға  алған құндарды қайтару;

§   Қнақ–несие түрінде орналастырылған, қаржыларды несие алушылардың қайтаруы.

Несие қозғалысының барлық сатылары өзара байланысты және дәйекті  несие  қозғалысының тұтастығын бекітеді. 

Несиені орналастыру – несие  алушы несиелерді қайтарып беру шарты  болған жағдайда және оны қолдану  тиімділігі бар кезінде береді.

Қарыз алушының несиені алуы –  белгілі бір уақытқа түсірілген құнды өткізуді білдіреді.

Несиені пайдалану процесінде өткізу объектісі ретінде оның тұтыну құны іске асырылады.

 Ресурстарды босату – қарызға  алушының шаруашылық процесінде  құнның айналуының аяқталуын сипаттайды. Осы берілген саты несиенің  келесі жаңа айналым фазасына енудің материалдық негізі болып саналады.

Информация о работе қаржы және несие