қаржы және несие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 18:41, курс лекций

Краткое описание

Ақша – жалпыға бірдей балама (эквивалент) немесе басқа барлық тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар, оның көмегімен өндірушілер арасында тауар айырбасы жүреді. Ақша болу үшін өндірісі мен тауар айналымы болу керек, олар тауар мен ақшаны тығу байланыстырады.
Бұл процесті тереңірек ұғыну үшін құнның 4 формасын қарастырайық:
1.Құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы. Бір тауар басқа бір тауарда өз құнын айқындайды. Бұнда біріншісі активті роль ойнайды және салыстырмалы формада болады, ал екіншісі – пассивті роль ойнап, құнның балама формасында болады.
2.Құнның толық немесе кеңейтілген формасы. Бір тауардың құны шексіз көптеген басқа тауарларда көрініс ашады. Ондағы тауарлар бірінші тауардың құнын айқындайды.
3.Құнның ортақ (жалпыға бірдей) формасы. Онда көптеген шексіз тауар құны бір тауар құнында айқындалады, яғни жалпы эквиваленттік форма кез келген тауарда көрінеді.
4.Құнның ақшалай формасы. Бұл кезде алтынға тауар әлемінің құнының айқындауының монополиясы бекітіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лек ДКБ.doc

— 349.50 Кб (Скачать документ)

   1 Бөлім. Ақша.

1 тақырып. Ақшаның  мәні және қызметтері.

1. Ақша экономикалық категория  ретінде, пайда болуы және ақшаның  тауарлы жаратылысы

2. Ақшаның қызметтері және олардың  экономикадағы маңызы

1. Ақша экономикалық  категория ретінде, пайда болуы  және ақшаның тауарлы жаратылысы

Ақша – жалпыға бірдей балама (эквивалент) немесе басқа барлық тауарлардың  құнын көрсететін ерекше тауар, оның көмегімен өндірушілер арасында тауар айырбасы жүреді. Ақша болу үшін өндірісі мен тауар айналымы болу керек, олар тауар мен ақшаны тығу байланыстырады.

Бұл процесті тереңірек ұғыну үшін құнның 4 формасын қарастырайық:

1.Құнның қарапайым, жеке немесе  кездейсоқ формасы. Бір тауар  басқа бір тауарда өз құнын  айқындайды. Бұнда біріншісі активті  роль ойнайды және салыстырмалы  формада болады, ал екіншісі – пассивті роль ойнап, құнның балама формасында болады.

2.Құнның толық немесе кеңейтілген  формасы. Бір тауардың құны  шексіз көптеген басқа тауарларда  көрініс ашады. Ондағы тауарлар  бірінші тауардың құнын айқындайды.

3.Құнның ортақ (жалпыға бірдей) формасы. Онда көптеген шексіз тауар құны бір тауар құнында айқындалады, яғни жалпы эквиваленттік форма кез келген тауарда көрінеді.

4.Құнның ақшалай формасы. Бұл  кезде алтынға тауар әлемінің  құнының айқындауының монополиясы  бекітіледі.

Ақша – тарихи қалыптасқан экономикалық категория, ол өндіріс пен болу процесінде адамдар арасында айқындаған нақты экономикалық қатынастарды көрсетеді. Экономикалық категория ретіндегі ақша мәні 3 қасиеттерінде көрініс табады, олар: жалпыға бірдей делдалдық форма, дербес төменгі құн форма, сыртқы заттай еңбек формасы.

1.                       Халықтың ақша табысының бір бөлігі әр түрлі тауарлар мен қызметтерге айналған кезде, яғни тауар айналымы мен тауар өткізу кезінде ақшаның жалпыға бірдей делдалдық қасиеті көрінеді.

2.                       Өндіріс процесі кезіндегі тауар құрамындағы еңбекті теңестіру тауар бағасын ақшамен салыстырғанда өтеді. Осында ақшаның дербе төменгі құн қасиеті көрінеді. Тауарлар төменг құн ретінде бағалар арқылы айқындалса, ақшалар жалпыға бірдей балама ретінде көрсетіледі.

3.                       Сыртқы заттай еңбек қасиеті. Тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек, ақшаның көмегімен өлшеніп, олардың құнын құрайды.

Жалпыға бірдей баламаның материалды-заттық жақтарының әр түрлігіне байланысты ақшалардың 2 түрі болады: толық және толық емес.Толық ақша – номиналды құны өзінің құрамындағы металл құнына сәйкес болатын ақша. Оған барлық тауар ақша түрлері, алтын және күміс тиындар жатады. Толық емес ақшаларға тауар құнынан сатып алу мүмкіндігі жоғары ақшалар жатады. Ол қағаз және несиелік болып бөлінеді.

Ақшаның әлеуметтік-экономикалық мазмұны  олардың функциялары арқылы көрініс  табады және қоғамның даму деңгейі  мен оның өндірістік қатынастарына  тәуелді болады.

2. Ақшаның қызметтері  және олардың экономикадағы маңызы

Ақшаның рөлін айқын түсінуден  басқа нарықтың экономика қызметінің тетіктерін түсіну үшін одан маңызды ештеңе жоқ. Өйткені, ақшаны «нарықтың тілі» деп жәйдан-жәй аталмаған.  

Ақша  – жалпыға бірдей эквиваленттің  рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көшті.

Карл  Маркс нақты материалды зерттеу негізінде, «ақша – тауарлы өндіріске тән тарихи категория» - деп дәлелденеді.

Ақшаның пайда болуының тікелей алғы шарттары болып саналатындар:

-          натуралды шаруашылықтан тауар өндіруге және тауарларды айырбастауға өту;

-          тауар өндірушілерінің – жасалынатын өнімдерін меншік иелерінің мүліктік айрықшалануы.

Ақша пайда болғанға дейін натуралды (заттай) айырбас орын алды. Ол кездейсоқтық сипатқа ие болды. Тауар айырбасының дамуы ірі еңбек бөлінісі негізінде бірте-бірте еңбек бөлінісі мен байланысты болды.

Қолөнер кәсібінің егіншіліктен бөліну нәтижесінде тауарлы өндіріс  және жеке меншік иелері арасында тұрақты айырбас қалыптасты. Тауар айырбасы дамуының нәтижесінде барлық тауарлардың ішінен айрықша тауар – ақша бөлініп көрсетілді.

Тауардан дамыған ақша тауар  күйінде қалуын жалғастыруды көздеді, бірақ, ол айрықша тауар, жалпыға бірдей тауар болып саналады.

Ақша – жалпыға бірдей балама (эквивалент), ерекше тауар, басқа да тауарлардың құнын білдіреді және тауар өндірушілер өнім еңбегінің арасында делдалдық айырбас үздіксіз жүреді.

Жалпыға бердей балама рөлі тарихи түрде  алтынмен бекітілген.

Экономикалық санат ақша маңызы ретінде тұтастық үш ақша қасиетін көрсетеді:

-          жалпыға бірдей делдалдық айырбас;

-          төменгі құнның (меновая) дербес формалары;

-          сыртқы заттың еңбек өлшемі.

Жалпыға бірдей делдалдық  формада ақшаны қолдану, әрбір заттың құндылықтың ақшаға айырбас мүмкіндігін білдіреді. Мысалы: тауарға, қозғалмайтын мүлік, өнер өндіру және т.б. Ақшаның бұл ерекшелігі тауарды тікелей айырбастау мен салыстыру кезінде айрықша көрінеді. Дегенмен, белгілідей, мұндай айырбастау мүмкіндіктерін өзара қажеттілік шеңберлерімен және мұндай операциялардың баламалық талаптарының сақталуы мен шектелген. Жалпыға бірдей тікелей айырбастаушылық тек қана ақшаға тән.

Дербес төменгі  құн (меновая) формасындағы ақшаны пайдалану тауарларды өткізумен тікелей байланысты емес. Бұл формадағы ақшаны қолдануға неғұрлым тән сипаттар – несиелер беру, саудалық қарыздарды өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, орталық банктің несиелік ресурстарын басқа банктерге сату.

Сыртқы заттай еңбек  өлшемі тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек, ақшаның көмегімен өлшенуі мүмкін, олардың құнын құрайды.

Сонымен, тауардың қарама-қайшылығын шешуден туындаған ақша тек қана айналымның техникалық құралы ғана болып саналмайды, терең қоғамдық қатынастарды көрсетеді.

Ақша 5 қызметті орындайды: құн өлшемі; айналым құралы; төлем құралы; жинақтау құралы және қазынаны құру; әлемдік ақшалар.

Ақша - құн өлшемі ретінде. Қызмет өлшемі құндылығына тауар өндірудің бастапқы жағдайы болып табылады. Бұл қызмет барлық тауарлардың құндылығын өлшеу қабілетін білдіреді, яғни, қанша тауар еңбегі, шикізат, уақытша және т.басқаларына шығындалғаны. Сондықтан, тауар формасы ақшаға ауысу үшін, тауар бағасын міндетті түрде анықтау қажет. Тауар құны ақшалай түрде көрсетілген, оны-баға деп санайды. Ақшада құн болмайды, олар сатып алушының қабілетін иеленеді, олар сатып алуға болатын тауар санын білдіреді. 

Айналым ретінде ақшаның  қызметі. Алынған тауарларды төлеу үшін, ақша қызмет көрсетеді. Тауар сатып алушы және оны төлеу бірге жұмыс жасалынады, бұл ақша қызметінің ерекшелігін көрсетеді. Ақша тауар иеленушілердің қысқа мерзімдік төлем құралы болып қолданылады. Сол ақша белгілері әр түрлі келісімдерде көп қайтара қолдануы және бір келісімге қатысушыдан екінші бір қатысушыларға орын ауыстыру ретінде қолданылады. Бұл қызметте қолма-қол ақша белгілері қолданылады.

Ақшаның төлем қаражатындағы  қызметі. Кеңінен қолданылады, мысалы, ақшалай түрде сауданың берілуі, қаржы мүшелерімен ақшалай өзара қарым-қатынасынан (салық төлемі, қаржы мүшелерінен әдіс алуы), сондай-ақ, еңбек ақы бойынша борыштарды және басқа қарыздарды өтеу кезінде өтем құралы қызметіндегі ақшалар кең түрде пайдаланылады. Мұндай қызметте ақша қолма-қол, сондай-ақ аударым арқылы қолданылады.

Айналу әдісінің орнына екі қызмет – айналым әдісі және төлем  әдісі шетел авторларының жұмысында  ақша бір қызметте ғана сирек кездеспейтінін мойындайды.

Ақша – делдалдық айналымға  қатысуды, оның ішінде айналу әдісінің қызметі және төлем ақша жинақтарын құрайды және жинақтау әдісінің қызметін атқарады. Ақшалай жинақтардың құрамына жекелеген азаматтардың салымдарындағы қол ақшалардың, банктердің есеп шоттарындағы ақшалардың қалдықтары кіреді. Ақшаның қаржы қызметін орындауы, соның көмегімен уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мүмкін болатын, оларды басқа шаруашылық жүргізуші субъектілері мен халыққа қарызға беру үшін экономиканың әр-түрлі буындары мен халықта құралатын несие қатынастарын дамытудың маңызды алғы шарты болып саналады. 

Әлемдік ақша қызметі. Тауарлы өндірістің ұлғаюы, шаруашылық байланыстарын интернационалдандыру, әлемдік нарықтың пайда болуы, әлемдік ақша қызметінің пайда болуының алғы шарты болып саналады. Ақшаның бұл қызметі елдер арасындағы өзара қатынастарда немесе әртүрлі елдердегі заңды және жеке тұлғалар арасындағы өзара қатынастардан көрінеді.

 

 

2 Лекция жоспары

 

1. Ақша айналымы ұғымы және  оның құрылымы

2. Аударым арқылы ақша айналымы: есеп айырысу формалары мен ұйымдастыру қағидалары

1. Ақша айналымы ұғымы  және оның құрылымы

Ақша айналымы ақша белгілерінің қолдай және аударым түрлерінің үздіксіз айналым процесін көрсетеді.

Ақша айналым құрылымын әртүрлі  нысандар арқылы бөлуге болады. Ақшаның тәуелді қызмет ету түрлері, ақша айналымының жіктелуі неғұрлым кең таралған деп саналады. Сондықтан, осы нысан бойынша ақша айналымы қолма-қол және аударым ақша болып бөлінеді.

Аударымдар арқылы жасалатын айналым – бұл жинақтық төлем қол ақшалай жүзеге асырылады.

Ақша айналымының екі бөлігі де бір-бірімен тығыз байланыста және біреуі екіншісіне ауыса береді.

Дегенмен, мұндай маңызды жіктелуге  қарамастан, ол, ақша айналымында экономикалық мазмұнның жеке бөліктерін көрсетпейді. Ақша айналымының сондай немесе басқалай бөліктер қызмет көрсететін қатынас сипаты – сондықтан, ақша айналымының жіктелуінің белгілері осы берілген белгілерді қолдануға көзделеді. 

Ақша айналымының осы тәуелділік белгілері екі бөлікке бөлінеді:

-          өнімдерді сатып өткізу мен өндіру процесі ақша айналымында көрсетіледі, яғни, тауардың есеп айырысу сипатымен байланысты;

-          ақша айналымы тауар емес төлемдер сипатымен байланысты (жалақы, сақтандыру төлемдері, салықтар және т.б.).

2. Аударым арқылы ақша айналымы: есеп айырысу  формалары мен ұйымдастыру қағидалары

Аударымдар арқылы жасалатын ақшаларды  пайдалану мен ақшалай есеп айырысуларды ұйымдастыру қол ақша төлемдеріне қарағанда неғұрлым артықшылықты болып саналады, өйткені, алғашқы жағдайда ақша белгілерін жасау, жеткізу, сақтау және есебін жүргізу үшін жұмсалатын еңбек шығындарымен байланыстары маңызды түрде үнемдеуге қол жеткізіледі. Есеп айырысушылардың (аударымдар жасау арқылы) тиімді формаларын енгізу, есеп айырысулар кезіндегі ақша қаражаттарының тез айналым жасауына және төлемдерді жылдамдатуға ықпалын тигізеді және соңғы қорытындысында ақшаның банктегі айналымының жеделдеуіне әкеледі. 

Аударым жасау арқылы есеп айырулардың  маңызы, бәрінен бұрын, шаруашылық органдар қорларының айналым жасауына, шаруашылық келісімдерін жасауына ықпал етуінен тұрады.

Аударымдар жасау  арқылы есеп айырысулар бұл банк айналымындағы ақшаның қозғалысы, яғни, олардың төлемдер бойынша міндеттемелерін орындау тәртібіндегі есеп шоттар бойынша жазулар түріндегі ақшалай сомаларды аударуы.

Аударымдар арқылы жасалатын төлем  айналымы ақша айналымының (80-90%) негізгі  бөлігі болып саналады. Ол: өнімдерді, қызметтерді, жұмыстарды жүзеге асыру; ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу; банк несиелерін алу және қайтару; халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалану сияқты шаруашылық қатынастарының аяларын орталандырады.

Шаруашылық субъектілері, банктік  және қаржылық органдар, тұрғын халық  осы есеп айырысулардың қатысушылары болып саналады. Қатысушыларға байланысты есеп айырысу операциялары екі топқа бөлінеді:

·         қатысушылар клиенттер мен банктер болып саналатын клиенттік емес айырысу операциялары;

·         тек қана банктер қатысатын, банк аралық есеп айырысулар.

Экономикадағы нарықтық қатынастардың  дамуы аударымдар арқылы жасалатын есеп айрысу жүйелерінің, оның ішінде оларды ұйымдастыру қағидаларының негізін өзгертуді талап етті.

Аударымдар жасау арқылы есеп айырысудың  бірінші қағидасы қаражаттарды сақтау мен аудару үшін клиенттерге ашылатын, оларды банктің есеп шоттары бойынша жүзеге асырудан тұрады.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында  банк арқылы есеп айырысуларды жүргізу  экономикалық жағынан дұрыс болушылық  жағдайларымен келісілуі, нарық субъектілерінің экономикалық дербестігімен және өзінің іс-қимылдары үшін олардың материалдық жауапкершілігімен үйлескен болуы тиіс.

Аударымдар жасау арқылы есеп айырысулардың  осы қағидасы нарық жағдайында заңды  тұлғаларға, сол сияқты жеке тұлғаларға қатынасы бар екендігін атап көрсету  маңызды болып саналады.

Аударымдар жасау арқылы есеп айырысудың екінші қағидасы келесілерден тұрады: есеп шоттардағы төлемдер банктер арқылы олардың иелерінің басқаруы бойынша олар үшін белгіленген төлемдер жасау тәртібін сәйкес және есеп шоттағы ақша қалдықтары шегінде жүзеге асырылуы тиіс.

Үшінші қағида – аударымдар жасау арқылы есеп айырысу формаларын нарық субъектілерінің еркін түрде таңдау қағидасы. Бұл қағида, сондай-ақ, шарттық және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы нарық субъектілерінің экономикалық дербестігін бекітуге және осы қатынастардың нәтижелілігіне олардың материалдық жауапкершілігін арттыруға мақсатталған. Банктерге төлемдер жасау кезінде делдалдық рөл бөлінеді.   

Біздің пікіріміз бойынша, тағы екі қағида қосу көзделеді: төлемдердің  жеделдігі, төлемдердің қамтамасыз етуі.

Информация о работе қаржы және несие