қаржы және несие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 18:41, курс лекций

Краткое описание

Ақша – жалпыға бірдей балама (эквивалент) немесе басқа барлық тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар, оның көмегімен өндірушілер арасында тауар айырбасы жүреді. Ақша болу үшін өндірісі мен тауар айналымы болу керек, олар тауар мен ақшаны тығу байланыстырады.
Бұл процесті тереңірек ұғыну үшін құнның 4 формасын қарастырайық:
1.Құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы. Бір тауар басқа бір тауарда өз құнын айқындайды. Бұнда біріншісі активті роль ойнайды және салыстырмалы формада болады, ал екіншісі – пассивті роль ойнап, құнның балама формасында болады.
2.Құнның толық немесе кеңейтілген формасы. Бір тауардың құны шексіз көптеген басқа тауарларда көрініс ашады. Ондағы тауарлар бірінші тауардың құнын айқындайды.
3.Құнның ортақ (жалпыға бірдей) формасы. Онда көптеген шексіз тауар құны бір тауар құнында айқындалады, яғни жалпы эквиваленттік форма кез келген тауарда көрінеді.
4.Құнның ақшалай формасы. Бұл кезде алтынға тауар әлемінің құнының айқындауының монополиясы бекітіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лек ДКБ.doc

— 349.50 Кб (Скачать документ)

Егер ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделсе онда әлемдік валюта жүйесі – бір немесе резервттік валюталарға немесе халықаралық есеп бірліктеріне негізделеді.

Әрбір валюта жүйесінің өз элементтері  бар, оны төменде қарастырамыз.

Ұлттық валюта жүйелерінің элементтері:

·   ұлттық валюталар, олардың атаулары;

·   ұлттық валюталардың айналу жағдайлары, яғни, шетел валюталарымен айырбас.

Ерекшеленеді:

а) еркін айналыстағы валюталар (ЕАВ), шетел валюталарына шектеусіз айырбасталатындар «Еркін қолданылатын валюта» түсінігі 1978 жылдан бастап Халықаралық валюталық фонд жарғысында енгізілді. Оған жатқызылғандар: Америкалық доллар, Неміс маркасы, Жапониялық иона, Француз фарнкі, Ағылшын фунт стерлингі; 

б) мысалы, Ресей рублі, жартылай-еркін  айналыстағы валюта; валюталық шектеуге ие елдер;

в) еркін емес айналыстағы (тұйықталған) валюталар, валюта айырбасына тыйым салынған елдер.

·   Валюта өлшемдестігінің тәртібі – бұл екі валютаның арасындағы байланыс. 70-ші жылдар ортасынан бастап өлшемдестік валюта себептері базасында қолданылады. Бұл әдіс белгілі бір басқа валюталар жиынтығымен бір ақша бірлік курсы орта есептен шамалас өлшем. Мысалы, СДР валюта себеті жоғарыда көрсетілген бес еркін қолданылатын валюталардан құрылған, оның үстіне қазір Америка долларының үлесі шамамен 40%-ті, Неміс маркасы-21%, Жапондық иені-17% құрайды.

·   Ұлттық валюта курсының тәртібі (белгілі бір шекте жүзген, белгіленген). Сонымен, Еуропалық валюта жүйесінде он екі валюта курсының өзара шектелуі – 15% орталық курста белгіленген.

·   Валюталық шектеулердің болуы және болмауы. Мысалы, Ресейде елдер экономикасының тұрақсыздандырылмағанына байланысты валюта құндылығына байланысты шек қоюлар, кесімді шектеулер, белгілі бір операцияларға тыйым салулары белгіленген.

·   Елдерде халықаралық валюталардың тез өтуін реттеу. Барлық елдер немесе жеке елдердің мемлекетпен халықаралық ақша талаптары мен міндеттерінің реттелуімен, төлем қасиеттерін сипаттау, халықаралық тез өтеу қатынасын көрсетеді. Халықаралық валюта тез өтуінің құрылымына шетел валютасы, алтын, МВФ дағы қор орындары, СДД дағы есепшот және ЭКЮ енгізілген.

·   Халықаралық есеп айыру түрлерімен халықаралық  несие айналым құралдарын қолда рыногы  мен алтын рыногының тәртібі.

·   Валюта қатынасын реттейтін ұлттық органдар мәртебесі.

Орталық банк, Қаржы Министрлігі, арнайы органдар. Жиынтықта жалпы осы элементтер халықаралық валюталық-несиелік және есеп айырысу қатынасын жүзеге асыру үшін мемлекет арқылы анықталған валюта механизімін көрсетеді.

Әлемдік валюта жүйесі – бұл халықаралық валюталық қатынастардың ұйымдастыру формасы, әлемдік рынок (шаруашылық) негізінде жүзеге асыру мен мемлекет аралық келісімдермен бекітіліп, қалыптасқан. Әлемдік валюталық жүйенің негізі болып қалыптасқан, ұлттық валюта жүйесінің мемлекеттік-құқықтық формасын ұйымдасуы, сонымен қатар, осы жүйеге кіретін әр елдердің валюталық механизімі болып табылады.

Әлемдік валюта жүйесі ұлттық валюта жүйелерінің элементтерімен тығыз байланыстағы белгілі бір элементтерді енгізеді.

Оларға қатыстылар:

·  халықаралық есеп айыру бірліктерінің атаулары (СДР, ЭКЮ, аударымда жасалатын рубль);

·  халықаралық шоттық ақша бірлігі – өлшемдестік пен курсты белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттерде ретінде қолданылатын валюта бірлігі. Қазіргі кезде халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет көрсету үшін қажетті әлемдік несие ақшаларының түп тұлғасы ретінде СДР (қарыз алудың арнайы құқығы) және ЭКЮ (Еуропалық валюта бірлігі) қатысады. Бұл халықаралық активтер арнайы елдер шотында жазылу есеп айырысулар үшін қолданылады: СДР-Халықаралық валюта қорында, ЭКЮ-Еуропалық бірлестіктегі валюталық ынтымақтастағы Еуропалық қорда. Олардың шарты құны валюталық «себетке» кіретін валюта курсын салыстыру және орта есептік құн базасында есептеледі;

·         валюта өлшемдестігінің және валюта курстарының жүйеге келтірілген тәртібі;

·         белгілі бір кезеңде валюта құндылықтарымен мүше елдерге операциялар бойынша шектеуді алып тастауды және валюталық шектеуді (талапты) ХВР мемлекетаралық реттеу;

·         мемлекетаралық несиенің айналым құралдары (векселдер, чектер және басқалар) мен халықаралық есеп айырысу формаларын жүзеге келтіру ережелерін қолдану;

·         әлемдік валюта рыноктары мен алтын рыноктарының тәртіптері;

·         1944 жылдан бергі мемлекетаралық реттеу институтының, халықаралық валюта қорының мәртебесі.

Әлемдік қаржы жүйесінің ерекшеліктерімен тұрақтылығы, оның құрылымдарын жасау қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымдарын жасаудың қағидаларына, әлемдік аренадағы күштердің қойылуына және жетекші елдері мүдделерінің сәйкес келушілік дәрежесіне қатысты болады. Бұл қағидалардың сәйкес болмауы жағдайында, оның құлауы мен және жаңа валюта жүйесінің жасалуымен аяқталатын әлемдік валюта жүйесінің дағдарысы туындайды.

2. Төлем балансы және  оның құрылымы 

Валюталық қатынастар халықаралық есеп айырысулардың балансында көрсетілетін халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастарға қызмет көрсетеді.

Халықаралық есеп айырысу баланстары макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесінде маңызды орын алады, сондай-ақ, елдер арасындағы ұлттық табыстың қайта бөлінуін көрсетеді.

Ішкі жалпы өніммен (ІЖӨ) ұлттық кірістің анықтау кезіндегі халықаралық талаптардың таза сальдосы мен міндеттері ескеріледі.

Халықаралық есеп айырысу  баланстары – бұл бір елдің екінші елге қатыс бойынша ақша төлемдері мен түсімдерінің және талаптары мен міндеттерінің байланысы.

Мұндай баланстардың негізгі түрлері  болып саналатындар: есеп айырысу және төлем баланстары.

Төлем баланстарын  қарастырамыз. Ол халықаралық есеп айырысу баланстарында орталық орынды алады. Ол сандық және сапалық түрде ауқымдарын, құрылымдары мен мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыс сипатын көрсетеді.

Төлем балансы – аталған елге шетелдерден белгілі бір уақыт аралығы шетелдерде өндірген өнімдер үшін алынған төлемдердің нақты түсуінің ара-қатынасы. К. Маркстің баға беруі бойынша бұл «мезгілі келген және тез арада өтелуі тиісті баланс төлемдері», яғни, белгілі бір күнге орындауға жататын төлемдер болып саналады.

Төлем балансының құрылымы

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

Төлем балансының құрылымына екі негізгі бөлім енгізіледі:

 

 

1.      Ағымдағы операция балансы, оған енгізілетіндер:

·   сыртқы сауда операциялары бойынша түсімдер түсуі мен төлемдері, немесе сауда балансы;

·   баланс қызметі (халықаралық тасымалдау, сақтандыру және сол сияқтылар);

·   саудасыз операциялар  бойынша балансы (өкілдердің құрамы, іс сапарға жіберген мамандар, халықаралық туризм).

2. Капиталдардың қозғалыс баланстары: инвестициялар және несиелер.

Сауда балансы – экспорт және импорт тауарларының балансы. Сыртқы сауданың ол түрі, қазіргі жылда төленбейді, экспорт пен импорттың талаптары мен міндеттерінің байланыстарын көрсететін, дербес сауда балансына кіреді.

Егер тауарларды сыртқа шығару тауарларды әкелуден асып кететін болса, сауда  балансы активті болады, егер импорт тауарлар экспорт тауарлардан асып кететін болса (мысалы; бірқатар дамушы елдер мен мемлекеттер нарықтық экономикаға көшуді жүзеге асырады), онда сауда балансының пассивті балансы туындайды.

Баланс қызметі  мен коммерциялық емес төлемдер – «көрінбейтін» баланс операциялары төлемдер мен түсімдерді әртүрлі форма бойынша және экономикалық мазмұнға қызмет ету мен коммерциялық емес операциялар енгізеді. Оған енгізілгендер: көлікпен тасымалдау, байланысы (пошта-телеграфтық және телефондық), сақтандыру, коммиссиондық операциялар, халықаралық туризм, іс сапарлар, мәдени айырбас, дипломатиялық және сауда өкілдерінің мазмұны, лизингтік операциялар, қалам ақылар, ойлап табулар, шет елдердегі әскери шығындар және басқалары халықаралық әдіс бойынша қызмет етуге және несие бойынша пайыздар және шетел қаржы салымы бойынша дивиденттер енгізіледі, бірақ, экономикалық мазмұн бойынша олар несиелер мен мол ақша қозғалысына жатады.

Капитал және несиелер қозғалысының балансы – алынған және ұсынылған халықаралық несиелер бойынша мемлекеттік және меншік капиталды әкелуі және жөнелтуі бойынша түсім мен төлемнің өзара қатынасы. Кәсіпкердің мол ақша қозғалысы шетелдің тікелей қаржы салымы түрінде (кәсіп орындарда) және қоржындық ақша қаражатын бөлу (құнды қағаздарға) түрінде жүзеге асырылады. Халықаралық ссудалық капитал қозғалысы ұзақ мерзім, орта мерзім және қысқа мерзім несиелерінің түрлерінде жүргізіледі.

Экономика мен саясатта болатын, төлем  балансында тереңдеу пайызы бейнеленеді. Төлем балансының жағдайында мына факторлар әсерін тигізеді:

·  ұлттық экономиканың әлемдікке қатысу дәрежесі;

·  мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметіне араласу дәрежесі;

·  саяси күштерді қою;

·  қаржы салушыға салық заңдылығын қабылдауы;

·  капиталды шоғырландыру деңгейі.

Басқа баланстар сияқты төлем балансы  да активті және пассивті болуы мүмкін. Егер валютаның түсуі кеңейсе, онда төлем балансы активті, егер төлемдер түсуден көп болса, онда пассивті, яғни тапшы (дефицитный).

Төлем балансы мемлекеттік реттеудің  объектілерінің бірі болып саналады. Төлем балансының мемлекеттік реттелуі – бұл төлем балансының негізгі салаларын құруға бағытталған экономикалық, соның ішінде, валюталық, қаржылық, ақша-несие өлшемдігінің жиынтығы.

Елдердің халықаралық есеп айырысу  жағдайына және валюталық-экономикалық жағдайына байланысты сыртқы экономикалық операцияларды шектеуге немесе ынталандыруға бағытталған төлем балансын реттеудің бірнеше әдістері өмір сүреді.

1. Тапшы төлем балансын өтеу үшін дәстүрлі (егер төлемдер валюта түсімін көбейтсе) шетел несиелері және капиталдарды әкелу қолданылады. Бұл төлем балансының тең ұстауының уақытша әдісі, өйткені, қарыз елдер дивиденттер (үлес) мен негізгі қарыз алу сомасын, пайызын төлеу міндеті.

2. Шетел валютасына шетелге,  шетел және ұлттық құнды қағаздарды сату төлем балансының пассивті сальдосын жабудың көмекші құралы болып саналады. Мысалы, қазыналық облигацияларды басқа елдердің орталық банктеріне орналастырып, АҚШ-та төлем балансының пассивті сальдосын жартылай өтейді.

3. Төлем балансының соңғы бір  қалыптағы әдісі болып ресми алтын валюталық резервтерін қолдану жұмысы көрсетіледі. Халықаралық міндеттерде көрсетілгендей, шетел валюталарына қазіргі жағдайда сары металл әлемдік рынокта алдын-ала жүзеге асырылады.  

1970 жылдан бастап дефицит төлем  балансын жабу үшін осы аударым  арқылы халықаралық активтерді (СДР)  аудару жолдарымен бір елдің  есепшотынан екінші бір ХВҚ  есепшотына шетелдік валюталарды  айырбастау арқылы қолданылуда.

1979 жылдан бастап елдер дефицитті төлем балансың жабу мақсатында қажетті шетел валюталарын алуға ЕВЖ мүшелері – ЭКЮ-ді пайдаланады.

Сөйтіп, төлем байланысын реттеу маңызды  түрде қиындай түсіп, оның құралдары кеңейді. Басқа да экономикалық саясат түрлеріне қарағанда, ол жүйелік сипат алады.

Есеп айырысу балансы – төлемдердің уақыты келгеніне қарамастан шетел мемлекеттеріне берілген елдер міндеттері мен талаптарының өзара байланысы. Мұндай талаптар мен міндеттер тауар мен қызметтің экспорт және импорт нәтижесінде, несиелер мен қарыздарды алу және беру кезінде пайда болады. Борыштық міндеттемелер сол елдің немесе оған қарыз болғандардың алған несиелерінің және шетел инвестицияларының сомасын көрсетеді.

Төлем және есеп айырысу баланстары бірдей құрылымдарға ие. Олардың арасындағы айырмашылықтар, есеп айырысу балансына елдердің талаптары мен міндеттері, оның ішінде өтелмеген қарыздардың кіруімен, ал төлем балансына нақты түсімдер мен төлемдер кіретіндігі арқылы анықталады.

Сөйтіп, төлем және есеп айырысу баланыстары арасындағы айырмашылық талап пен түсімдер арасындағы уақыт кезінде айырмашылықты анықтайтын халықаралық несие қатынастарының даму дәрежесін көрсетеді.

 

 

14 Лекция жоспары

 

1. Халықаралық қаржы  және несие институттарының қызметінің  қысқаша сипаттамасы

Халықаралық және аймақтық валюта-несие және қаржы ұйымдары – бұл ынтымақтастықты жүзеге асыру мен тұрақты әлемдік шаруашылықты қамтамасыз ету үшін халықаралық экономикалық қатынастарын реттеу мақсатында мемлекетаралық келесім негізінде құрылған институттар.

Мұндай ұйымдарға жататындар:

Халықаралық валюталық  қор (ХВҚ) 1944 жылы Бреттон-Вудста (АҚШ) халықаралық валюта-қаржылық конференцияда жарыққа шығарылған. МВФ және ҚҚДХБ штаб-пәтері ел астанасы Вашингтонда орналасқан. Ол олардың капиталдарының көптеген квоталарына ие.

ХВҚ-ның негізгі міндеттері:

·                  халықаралық саудада теңдестіріле өсуіне көмектесу;

·         төлем балансының дефицитіне байланысты валюта қиындықтарын жеңу үшін елдер-мүшелеріне (3 тен 5 жыл мерзімімен) – несиелерді ұсыну;

·         валюталарға шек қоюды алып тастау;

·         жарғы қорында бекіткен, әлемдік валюта жүйесінің құрылым принциптерін сақтауға бақылау жолымен мемлекетаралық валюталық реттеу.

Алғашқы беттегі мүшелердің санын 35 мемлекет құрады, 1993 жылы олардың саны 174-ке дейін өсті. Қазақстан Мемлекеті, сондай-ақ, ХВҚ мүшесі болып саналады.

Информация о работе қаржы және несие