Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 18:41, курс лекций
Ақша – жалпыға бірдей балама (эквивалент) немесе басқа барлық тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар, оның көмегімен өндірушілер арасында тауар айырбасы жүреді. Ақша болу үшін өндірісі мен тауар айналымы болу керек, олар тауар мен ақшаны тығу байланыстырады.
Бұл процесті тереңірек ұғыну үшін құнның 4 формасын қарастырайық:
1.Құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы. Бір тауар басқа бір тауарда өз құнын айқындайды. Бұнда біріншісі активті роль ойнайды және салыстырмалы формада болады, ал екіншісі – пассивті роль ойнап, құнның балама формасында болады.
2.Құнның толық немесе кеңейтілген формасы. Бір тауардың құны шексіз көптеген басқа тауарларда көрініс ашады. Ондағы тауарлар бірінші тауардың құнын айқындайды.
3.Құнның ортақ (жалпыға бірдей) формасы. Онда көптеген шексіз тауар құны бір тауар құнында айқындалады, яғни жалпы эквиваленттік форма кез келген тауарда көрінеді.
4.Құнның ақшалай формасы. Бұл кезде алтынға тауар әлемінің құнының айқындауының монополиясы бекітіледі.