Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 19:23, реферат
Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.
10-тарау. БЮДЖЕТТІК КОМИССИЯЛАР
57-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер
1. Бюджеттік
комиссия бюджет жобасын
2. Республикалық бюджеттік комиссия және
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
бюджеттік комиссиялары өз қызметін тұрақты
негізде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Президенті
Республикалық бюджет комиссиясын құрады,
ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын
айқындайды.
4. Облыстардың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) әкімдіктері тиісінше
облыстардың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларын
құрады, олар туралы ережені бекітеді,
олардың құрамын айқындайды.
58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті
Бюджеттік
комиссиялардың құзыретіне:
1) әлеуметтік-экономикалық даму және
бюджеттік параметрлердің болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін
айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің
шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін
қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық
актілердің жобалары бойынша ұсыныстар
әзірлеу;
4) бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар
әзірлеу;
5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін,
нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау
және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар
туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер
кіреді.
59-бап. Бюджеттік комиссиялардың
құрамы мен жұмыс
органдары
1. Бюджеттік
комиссиялардың құрамына: төраға, төрағаның
орынбасарлары, хатшы,
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
немесе жергілікті уәкілетті орган тиісінше
бюджеттік комиссиялардың жұмыс органдары
болып табылады.
3. Бюджеттік комиссияның төрағасы оның
қызметіне басшылық жасайды, бюджеттік
комиссияның отырыстарын өткізеді, оның
жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының
іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге
асырады және комиссия жүзеге асыратын
қызметке жауапты болады. Бюджеттік комиссияның
төрағасы болмаған кезде оның функцияларын
бюджеттік комиссия төрағасының өзі тағайындаған
орынбасары орындайды.
4. Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік
комиссияның қызметін қамтамасыз ету
жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік
комиссия отырыстарының хаттамаларын
дайындайды.
5. Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын
мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік
комиссияның отырыстарына материалдар
дайындайды.
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
3-бөлім.
БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ, ҚАРАУ,
11-тарау.
БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРІ
60-бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер
1. Мемлекеттік
жоспарлау жүйесін Қазақстан
Республикасының Президенті
2. Бюджет процесінде мынадай құжаттар
пайдаланылады:
1) республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық
дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы;
2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті
бюджет туралы мәслихат шешімі;
3) мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарлары;
4) операциялық жоспарлар.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау
бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге
асырады, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау
жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар
дайындайды.
61-бап. Әлеуметтік-экономикалық
дамудың және бюджеттік
параметрлердің болжамы
1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың
және бюджеттік параметрлердің болжамы
стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды
ескере отырып әзірленеді және:
1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде
- макроэкономикалық көрсеткіштердің
болжамын, әлеуметтік параметрлердің
болжамын, Қазақстан Республикасының
бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық
дамуының үрдістері мен басымдықтарын;
2) мемлекеттік басқарудың жергілікті
деңгейінде - өңірдің бес жылдық кезеңге
арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының
болжамын, үрдістері мен басымдықтарын;
3) үш жылға арналған бюджеттік параметрлердің
болжамын қамтитын құжат болып табылады.
2. Бюджеттік параметрлердің болжамы:
1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде:
Қазақстан Республикасының салық-бюджет
саясатының негізгі бағыттарын;
мемлекеттік және республикалық бюджеттердің,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының,
Қазақстан Республикасының шоғырландырылған
бюджетінің болжамдарын;
республикалық бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын
көлемін;
2) мемлекеттік басқарудың жергілікті
деңгейінде:
өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі
бағыттарын;
тиісті жергілікті бюджеттердің болжамын;
жергілікті бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын
көлемін қамтуға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі
(жергілікті атқарушы орган) әлеуметтік-экономикалық
дамудың және бюджеттік параметрлердің
қосымша көрсеткіштерін енгізуі мүмкін.
4. Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші
жылдарына арналған бюджеттік параметрлердің
болжамы индикативтік сипатта болады
және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының
езгерістері, бюджеттік мониторинг және
нәтижелерді бағалау, басқа да ішкі және
сыртқы факторлар ескеріле отырып, кезекті
жоспарлы кезеңге бюджеттік параметрлердің
болжамын әзірлеу кезінде нақтылауы мүмкін.
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
және жергілікті уәкілетті органдар жыл
сайын, жылжымалы негізде әлеуметтік-экономикалық
дамудың және бюджеттік параметрлердің
болжамын әзірлейді.
6. Әлеуметтік-экономикалық дамудың және
бюджеттік параметрлердің болжамын Қазақстан
Республикасының Үкіметі немесе жергілікті
атқарушы орган мақұлдайды және бұқаралық
ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
62-бап. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары
1. Мемлекеттік
органның жоспарлы кезеңге
2. Мемлекеттік органның стратегиялық
жоспары бюджеттік
бағдарламаларға кіретін мемлекеттік
орган қызметінің стратегиялық
бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін,
қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін
айқындайтын құжат болып табылады.
3. Бюджеттік бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық
дамудың және бюджеттік параметрлердің
болжамында бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне
көзделген бюджет қаражатының болжамды
көлемінің шегінде әзірленеді.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
құрылымына кіретін мемлекеттік органның
стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
органның стратегиялық жоспарын Қазақстан
Республикасының Президенті немесе ол
уәкілеттік берген лауазымды тұлға бекітеді.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
атқарушы органның стратегиялық жоспарын
жергілікті атқарушы орган бекітеді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының,
Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық
басқармасының, Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан
Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының
Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.
5. Аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетінен
қаржыландырылатын атқарушы органның
стратегиялық жоспары ол облыстық бюджеттен
қаржыландырылатын тиісті салалық атқарушы
органмен келісілгеннен кейін бекітіледі.
Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын
атқарушы органның стратегиялық жоспары
ол тиісті салалық орталық мемлекеттік
органмен келісілгеннен кейін бекітіледі.
6. Мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспары тиісті бюджет бекітілгеннен
кейін ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін
пысықталады, бекітіледі және Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік
құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып,
күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялауға жатады.
7. Мемлекеттік органның стратегиялық
жоспарына өзгерістер мен толықтырулар
енгізуге:
1) бюджет нақтыланған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілері өзгерген;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің
тапсырмаларын орындау үшін жаңа стратегиялық
және бағдарламалық құжаттар қабылданған,
не қолданыстағыларына өзгерістер енгізілген;
4) мемлекеттік органның функциялары,
құрылымы өзгерген жағдайларда жол беріледі.
8. Мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарлары бекітілген күннен бастап
екі апта мерзімде мемлекеттік органдардың
басшылары меморандумдар әзірлейді.
Меморандум мемлекеттік орган басшысының
кезекті қаржы жылына арналған республикалық
бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде
стратегиялық жоспарда көзделген мемлекеттік
орган қызметінің тікелей және түпкі нәтижелерге
қол жеткізуін қамтамасыз ету ниетін растайтын
құжатты білдіреді.
Меморандумдарды:
Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін орталық
мемлекеттік органдар бойынша - Қазақстан
Республикасының Президенті немесе ол
уәкілеттік берген лауазымды тұлға;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына
кіретін не оған бағынатын орталық атқарушы
органдар бойынша - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі бекітеді.
Мемлекеттік органның меморандумы кезекті
қаржы жылына бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты,
Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің
Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы және жергілікті
бюджеттер есебінен қаржыландырылатын
атқарушы органдар меморандумдарды бекітпейді.
63-бап. Операциялық жоспар
Стратегиялық
жоспарды іске асыру үшін
Операциялық жоспар ресурстары, стратегиялық
жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне
және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол
жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жауапты
орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері
бойынша байланыстырылған, мемлекеттік
органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты
іс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады.
Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді
және оны мемлекеттік органның жауапты
хатшысы (басшысы) ағымдағы қаржы жылының
10 қаңтарына дейін бекітеді.
12-тарау. БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ
64-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер
1. Республикалық
және жергілікті бюджеттерді
тиісінше мемлекеттік
2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті
атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының
Үкіметіне және мемлекеттік жоспарлау
жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті
органдарға бюджетті жоспарлау немесе
нақтылау процесінен тыс бюджет шығыстарын
ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым
салынады.
3. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу
тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті
айқындайды.
Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу
тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайды.
65-бап. Бюджет түсімдерін болжау
1. Бюджет түсімдерін
болжауды әлеуметтік-
2. Өтеусіз техникалық көмек түріндегі байланысты гранттар алынған
кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шартта
көзделген жағдайларда, тауарлардың (жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтің) құны түрінде
бюджет түсімдерін көрсетуге жол беріледі.
Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің)
құнына тең көлемде бюджеттік бағдарлама
көзделуге тиіс.
3. Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
66-бап. Бюджет шығыстарын
жоспарлау үшін бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері
ұсынатын құжаттар
1. Бюджет шығыстарын
жоспарлау үшін бюджеттік
1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын;
2) өткен қаржы жылындағы стратегиялық
жоспардың іске асырылуы туралы есептерді;
3) бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
2. Нәтижелерге бағалау жүргізілген жағдайда
осы бапта аталған құжаттарға бағалау
нәтижелері қоса беріледі.
3. Осы бапта аталған құжаттар ағымдағы
қаржы жылының 15 мамырына дейін беріледі.
67-бап. Бюджеттік өтінім
1. Бюджеттік
өтінім шығыстар көлемін
2. Бюджет шығыстары базалық шығыстар
және жаңа бастамалар шығыстары болып
бөлінеді.
3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі
шығыстар, сондай-ақ бюджеттен қоса қаржыландыру
жағдайында басталған (жалғасатын) бюджеттік
инвестициялық жобалардың және концессиялық
жобалардың шығыстары базалық шығыстар
болып табылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетулер тізіліміне
сәйкес мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер
және мемлекеттік қызметтер көрсетумен,
трансферттер төлеумен және мемлекеттің
басқа да міндеттемелерімен байланысты
шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар
болып табылады.
5. Жаңа бастамалар шығыстарына:
кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар
бойынша қаржыландырылатын стратегиялық
және бағдарламалық құжаттарға сәйкес
әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа
басым бағыттарын іске асыруға;
макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің
өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі
бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет
қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын
(атқарылатын мемлекеттік функциялардың,
өкілеттіктердің және көрсетілетін мемлекеттік
қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін
базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған
шығыстар жатады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
жаңа бастамалар шығыстарын жоспарлау
қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен
де, өткен жоспарлы кезеңде республикалық
бюджет туралы заңда немесе жергілікті
бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген
осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу
есебінен де жүзеге асырылады.
6. Бюджеттік өтінімге:
1) стратегиялық жоспар жобасының құрамына
енгізілген әрбір бюджеттік бағдарлама
бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар;
2) байланысты гранттар сомасын жұмсалу
бағыттары бойынша міндетті түрде бөле
отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы
жағдай бойынша алынған және пайдаланылған
байланысты гранттар туралы ақпарат;
3) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы
жағдай бойынша алынған және пайдаланылған
байланысты емес гранттар туралы ақпарат;
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша
өз билік етулерінде қалатын, мемлекеттік
мекемелердің тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін
ақша түсімдері мен шығыстарының болжамы;
5) түсіндірме жазба;
6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті
орган сұрататын басқа да қажетті ақпарат
кіреді.
7. Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі
стратегиялық жоспардың жобасында қосымша
шығыстарды немесе бюджет түсімдерін
қысқартуды қажет ететін нормативтік
құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға
өзгерістер мен толықтырулар енгізуді
ұсынса, онда бюджеттік өтініммен бір
мезгілде тиісті нормативтік құқықтық
актінің жобасы енгізіледі.
8. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар
бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші
және үшінші жылдарының шығыстар сомасы
республикалық бюджет туралы заңда немесе
жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде
бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін
болса, онда осы бағдарламалар бойынша
шығыстардың түрлері бойынша есеп-қисаптар
жасалмайды.
Осы бағдарламалар бойынша шығыстар түрлері
бойынша есеп-қисаптар тек қана үшінші
жылға жасалады.
9. Бюджеттік өтінімге түсіндірме жазба
жоспарлы кезеңге қаражат жұмсаудың негізгі
бағыттарын, мәлімделген бюджеттік бағдарламалардың
қысқаша сипаттамасы мен баяндалуын, базалық
шығыстарды ұлғайту негізділігін, нәтижелердің
қол жеткізілген көрсеткіштерінің талдамасын,
сондай-ақ өткен жылғы бюджеттік өтінімнің
құрамына енгізілген бюджеттік бағдарламалар
бойынша ауытқулардың себептерін қамтиды.
10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы
бойынша Қазақстан Республикасы бюджеттік
заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген
кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік
бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.
11. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
бюджеттік өтінімді әлеуметтік-экономикалық
дамудың және бюджеттік параметрлердің
болжамында көзделген бюджеттік қаражаттың
көлемі шегінде енгізеді.
12. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың
толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз
етеді.
13. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну
тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
орталық уәкілетті орган айқындайды.