Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 19:23, реферат
Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.
9-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті
1. Осы Кодекспен
айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын
және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
жергілікті мемлекеттік органдарының,
оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік
мекемелердің міндеттері мен функцияларын
қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті
ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттік
саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған
ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала)
бюджеті болып табылады.
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті
аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының
шешімімен бекітіледі.
10-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет
1. Төтенше мемлекеттік
бюджет республикалық және
2. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Қазақстан
Республикасының Парламенті дереу хабардар
етіледі.
3. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу
уақытында республикалық бюджет туралы
заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті
бюджеттің бюджеттері туралы мәслихаттар
шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
4. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше
немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім
ішінде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы
тоқтатылысымен республикалық және жергілікті
бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.
3-тарау. БЮДЖЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ
11-бап. Бюджет түсімдері
1. Кірістер, бюджет
кредиттерін өтеу сомалары, мемлекеттің
қаржы активтерін сатудан
2. Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды
сатудан түскен түсімдер, трансферттік
түсімдер бюджет кірістері болып табылады.
3. Нысаналы трансферттерді қоспағанда,
кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды.
Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып
жүргендерінің күшін жою немесе оларды
өзгерту осы Кодекске міндетті түрде өзгерістер
немесе толықтырулар енгізіле отырып
жүзеге асырылады.
4. Салықтық түсімдер Қазақстан Республикасының
Салық кодексінде белгіленген салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер болып табылады.
5. Салықтық емес түсімдер негізгі капиталды
сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын,
Қазақстан Республикасының Салық және
Кеден кодекстерінде көзделгеннен басқа,
осы Кодексте және Қазақстан Республикасының
басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген,
бюджетке міндетті, қайтарымсыз төлемдер,
байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден
басқа, бюджетке тегін негізде берілетін
ақша болып табылады.
6. Бюджетке:
1) мемлекеттік мекемелерге бекітілген
мемлекеттік мүлікті сатудан;
2) мемлекеттік материалдық резервтен
тауарлар сатудан;
3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін
жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты
немесе уақытша жер пайдалануға беруден
не Қазақстан Республикасының заңдарында
немесе халықаралық шарттарда көзделген
тәртіппен өзге де тәсілмен өткізуден;
4) мемлекетке тиесілі материалдық емес
активтерді сатудан түсетін ақша негізгі
капиталды сатудан түсетін түсімдер болып
табылады.
7. Трансферттер түсімдері бюджеттің бір
деңгейінен басқасына, Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорынан республикалық бюджетке
түсетін трансферттер түсімдері болып
табылады.
8. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары
бюджеттен алынған кредиттер бойынша
негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ
заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік
кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына
байланысты бюджетке түсетін түсімдер
болып табылады.
9. Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан
түсетін түсімдер заңды тұлғалардың, оның
ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық
ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі
мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік
кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы
қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың
жедел басқаруындағы немесе шаруашылық
жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті
сатудан бюджетке түсетін түсімдер.
10. Қарыздар мемлекеттік эмиссиялық бағалы
қағаздарды шығаруға және (немесе) қарыз
шарттарын жасасуға байланысты бюджетке
ақша түсімдері болып табылады.
12-бап. Бюджет шығыстары
1. Шығындар, бюджет
кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздарды өтеу
бюджеттің шығыстары болып табылады.
2. Шығындар қайтарымсыз негізде бөлінетін
бюджет қаражаты болып табылады.
3. Бюджеттік кредиттер бюджеттен қайтарымды,
жедел және ақылы негізде бөлінетін ақша
болып табылады.
4. Қаржы активтерін сатып алу заңды тұлғалардың,
оның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу
үлестерін және бағалы қағаздарын мемлекеттік
меншікке сатып алуға бағытталған бюджет
қаражаты болып табылады.
5. Қарыздарды өтеу Қазақстан Республикасы
ратификациялаған мемлекеттік сыртқы
қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар
бойынша халықаралық шарттарға сәйкес
негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджет
қаражаты болып табылады.
13-бап. Бюджет құрылымы
1. Бюджет құрылымы
мынадай бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
трансферттер түсімі;
2) шығындар;
3) таза бюджеттік кредиттеу:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша
сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан
түсетін түсімдер;
5) бюджет тапшылығы (профициті);
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін
пайдалану):
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.
14-бап. Республикалық
бюджеттің мұнайға қатысты емес
тапшылығы (профициті)
1. Қарыздарды
өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығыстарын шегергендегі
республикалық бюджеттің мұнайға қатысты
емес тапшылығы (профициті), қарыздар түсімдері
мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры
трансферттерінің түсімдерін есептемегенде,
республикалық бюджет түсімдерінің сомасына
тең.
2. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді
және талдамалық мақсатта пайдаланылады.
Бюджет шығыстарының мұнайға қатысты
емес түсімдерден тәуелділігін төмендету
үшін экономиканың мұнайға қатысты емес
секторын нысаналы дамыту есебінен ұзақ
мерзімді кезеңде мұнайға қатысты емес
тапшылық мөлшері кемітілуге тиіс.
15-бап. Таза бюджеттік кредиттеу
Таза бюджеттік
кредиттеу бюджеттік
16-бап. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо
1. Қаржы активтерімен
операцияларға:
1) қаржы активтерін сатып алу;
2) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан
түсетін түсімдер кіреді.
2. Қаржы активтерімен операциялар бойынша
сальдо қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы
активтерін сатудан түсетін түсімдер
арасындағы айырма ретінде айқындалады.
3. Қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер
Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
17-бап. Бюджет тапшылығы (профициті)
Бюджет тапшылығы
(профициті) кірістер мен
Теріс белгісімен алынған шама - бюджет тапшылығы,
оң белгімен алынғаны - бюджет профициті
болып табылады.
18-бап. Бюджет тапшылығын
қаржыландыру (профицитін
пайдалану)
1. Бюджет тапшылығын
қаржыландыру қарыз алу және
бюджет қаражатының
Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі
алынған қарыздар, бюджет қаражатының
пайдаланылатын қалдықтары сомасының
қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу
сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні
оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының
шамасына сәйкес келеді.
2. Бюджет профицитін пайдалану қарыздар
бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет
профицитін, қарыздар қаражатын, бюджеттің
пайдаланылатын қаражаты қалдықтарын
жұмсау жолымен жүзеге асырылады.
Бюджет профицитін пайдалану көлемі қарыздар
бойынша негізгі борышты өтеу сомасының
алынған қарыздар және бюджет қаражатының
пайдаланылатын қалдықтары сомасынан
асып түсуі ретінде айқындалады.
Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс
белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің
шамасына сәйкес келеді.
4-тарау.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ
ОРГАНДАРДЫҢ РЕЗЕРВТЕРІ
19-бап. Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен жергілікті
атқарушы органдардың резервтері
туралы жалпы
ережелер
1. Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен
жергілікті атқарушы
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
резервіне:
1) төтенше резерв;
2) шұғыл шығындарға арналған резерв;
3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді
орындауға арналған резерв;
4) облыстық бюджеттердің, республикалық
маңызы бар қала, астана бюджеттерінің
қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған
резерв кіреді.
3. Облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың
резервіне:
1) төтенше резерв;
2) шұғыл шығындарға арналған резерв;
3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді
орындауға арналған резерв;
4) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар)
бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын
жабуға арналған резервті қамтиды.
4. Аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың
резервіне:
1) төтенше резерв;
2) шұғыл шығындарға арналған резерв;
3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді
орындауға арналған резерв кіреді.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің
жалпы көлемі республикалық бюджет туралы
заңмен белгіленеді.
Жергілікті атқарушы орган резервінің
жалпы көлемі трансферттер мен қарыздарды
есептемегенде, тиісті жергілікті бюджет
түсімдері көлемінің екі процентінен
аспауға тиіс.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
және жергілікті атқарушы органдардың
резервтерінен ақша бөлу қаржы жылы аяқталғаннан
кейін күшін жоятын, тиісінше Қазақстан
Республикасы Үкіметінің және жергілікті
атқарушы органдардың қаулыларымен ағымдағы
қаржы жылына республикалық немесе жергілікті
бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде
жүзеге асырылады.
Бір қаржы жылынан астам іске асыру мерзімімен
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың, сондай-ақ адам өмірінің
саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына
және олардың денсаулығына қауіп төндіретін
жағдайлардың зардаптарын жоюға байланысты
авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын
және өзге де іс-шараларды жүргізу үшін
шығындардың жалпы сомасы айқындала отырып
және ағымдағы қаржы жылының сомалары
және Қазақстан Республикасының Үкіметі
кейінгі қаржы жылдарында қосымша шешім
қабылдайтын сомалар көрсетіле отырып,
Үкіметтің резервінен қаражат бөлінеді.
Төтенше резервтер мен соттардың шешімдері
бойынша міндеттемелерді орындауға арналған
резервтерге көзделген қаражат жетіспеген
жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің
немесе жергілікті атқарушы орган аталған
резервтердің жоспарлы тағайындауларын
Қазақстан Республикасының Үкіметінен
немесе жергілікті атқарушы органның
резервінен белгіленген тәртіппен шұғыл
шығындарға арналған қаражатты қайта
бөлу арқылы ұлғайтуға құқылы.
7. Ағымдағы қаржы жылының желтоқсан айында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және
жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен
шұғыл шығындарға және соттардың шешімдері
бойынша міндеттемелерді орындауға ақша
бөлуге жол берілмейді.
20-бап. Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен жергілікті
атқарушы органдардың
резервтерін пайдалану
1. Төтенше резерв
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше
резерві Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық
көмек көрсетуіне де пайдаланылуы мүмкін.
2. Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан
Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық
бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік
тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі
мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды
жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарына
арналған резерві сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Үкіметінің шешімдерімен
айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға
пайдаланылуы мүмкін.
3. Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді
орындау резерві соттардың шешімдері
бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің,
орталық мемлекеттік органдардың, олардың
ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің,
жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін
орындауға пайдаланылады.
4. Кезекті қаржы жылында облыстық бюджетте,
республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеттерінде қолма-қол ақша тапшылығы
болжанған жағдайда, кезекті қаржы жылына
республикалық бюджетте олардың бюджеттерін
кредиттеу үшін резерв көзделеді.
Келесі қаржы жылында бюджеттерінде қолма-қол
ақша тапшылығы болжанған жағдайда, аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін
кредиттеу үшін кезекті қаржы жылына облыстық
бюджетте резерв көзделеді.
Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша
тапшылығы болжанған жағдайда, қаржы жылы
шегінде алты айға дейінгі мерзімге қарыз
беру жүзеге асырылуы мүмкін және республикалық
немесе жергілікті бюджетті нақтылау
қажет етілмейді.
5. Резерв құрамында көзделген ақша толық
көлемінде пайдаланылған жағдайда, Қазақстан
Республикасының Үкіметі немесе жергілікті
атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан
Республикасының Парламентіне немесе
тиісті мәслихатқа республикалық бюджет
туралы заңға немесе жергілікті бюджет
туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу арқылы Қазақстан
Республикасының Үкіметі немесе жергілікті
атқарушы орган резервтерінің мөлшерін
ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
немесе жергілікті атқарушы органның
резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде
пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған
жағдайда, бюджет бағдарламасының әкімшісі
бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін
ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті
бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
және жергілікті атқарушы органдардың
резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
5-тарау.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚОРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ,
ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
21-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
1. Материалдық
емес активтерді қоспағанда, Қазақстан
Республикасының Ұлттық қоры
Қазақстан Республикасы
2. Материалдық емес активтерді, экономиканың
мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз
сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуді
қоспағанда, Қазақстан Республикасының
Ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық
дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерін
және өзге де мүліктерді жинақтауға арналған.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
жинақтау және тұрақтандыру функцияларын
жүзеге асырады.
Материалдық емес активтерді және тәуекелдің
қалыпты деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада
Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің
кірістілігін қоспағанда, жинақтау функциясы
қаржы активтері мен өзге де мүліктің
жинақталуын қамтамасыз етеді.
Тұрақтандыру функциясы Қазақстан Республикасы
Ұлттық қоры активтері өтімділігінің
жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру
үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілдік
берілген трансфертті қамтамасыз етуге
қажетті мөлшерде айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру және пайдалану әлемдік,
ішкі тауар және қаржы нарықтарының конъюнктурасы,
мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық
жағдай, бұл ретте макроэкономикалық және
фискалдық тұрақтылық сақтала отырып
және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып,
республиканың әлеуметтік-экономикалық
даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру және пайдалану тиімділігін
арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың
көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді
Қазақстан Республикасының Президенті
қабылдайды.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
түсімі және жұмсалуы ұлттық және шетелдік
валюталармен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
операциялары бойынша есепке алу мен есептілік
ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
мен Қазақстан Республикасының Үкіметі
арасында жасалатын сенімгерлік басқару
туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге
асырады.
Сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
сенімгерлік басқару нәтижелері бойынша
жылдық қаржылық есептілікті жасауды
жүзеге асырады.