Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 19:23, реферат
Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.
22-бап. Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын
қалыптастыру көздері
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын қалыптастыру көздері:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
түсімдер;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында
тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен
кірістер болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
түсімдер:
1) мұнай секторы ұйымдарының тікелей
салықтарынан (жергілікті бюджеттерге
есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады,
оларға:
корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда
салығы;
пайдалы қазбаларды өндіру салығы, бонустар,
өнімді бөлу жөніндегі үлестер;
экспортқа рента салығы;
өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша
қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушының қосымша төлемі жатады;
2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын
операциялардан түсетін басқа да түсімдерден
(жергілікті бюджеттерге есептелетін
түсімдерді қоспағанда), соның ішінде
мұнай келісімшарттары талаптарының бұзылғаны
үшін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге
есептелетін түсімдерді қоспағанда);
3) республикалық меншіктегі және тау-кен
өндіру және өңдеу салаларына жататын
мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден
түсетін түсімдерден;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден
тұрады.
3. Шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен
және (немесе) өткізумен айналысатын, сондай-ақ
шикі мұнай, газ конденсатын барлауға
келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар
мұнай секторы ұйымдарына жатады.
Кезекті қаржы жылына мұнай секторы ұйымдарының
тізбесін ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
орган және мұнай операцияларын жүргізу,
келісімшарттар жасасу және орындау саласында
мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын
мемлекеттік орган бірлесіп бекітеді.
4. Материалдық емес активтерді қоспағанда,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқарудан түсетін инвестициялық кірістер
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қаржы құралдарына орналастырудан құралады.
23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану
1. Қазақстан
Республикасының Ұлттық қоры:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
түсетін республикалық бюджетке кепілді
трансферт түрінде;
2) Қазақстан Республикасының Президенті
айқындайтын мақсаттарға Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан республикалық
бюджетке берілетін нысаналы трансферттер
түрінде;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге
байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
2. Материалдық емес активтерді қоспағанда:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
сақталуын;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап
тұруды;
3) тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде
ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан
Республикасының Ұлттық қоры кірістілігінің
жоғары деңгейін;
4) ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық
кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
рұқсат етілген қаржы құралдарына орналастырылады.
3. Материалдық емес активтерді қоспағанда,
рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
Басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп
айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
жеке және заңды тұлғаларды кредиттеуге
және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз
ету ретінде пайдаланыла алмайды.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын пайдалану тәртібін айқындайды.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
түсетін немесе Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорынан алынатын активтер Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген
тәртіппен айырбастауға немесе қайта
айырбастауға жатады.
24-бап. Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорынан
республикалық бюджетке түсетін
кепілдік берілген
трансферт
1. Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан республикалық
бюджетке түсетін қайтарымсыз түсімдер
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
кепілдік берілген трансферт болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
кепілдік берілген трансферт мөлшері
республикалық бюджет әзірленетін жылдың
алдындағы қаржы жылының соңындағы жағдай
бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық
қоры активтерінің үштен бір бөлігінен
аспауға тиіс.
Үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт
мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген тәртіппен айқындалады және
Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
3. Есепті қаржы жылы ішінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан республикалық
бюджетке аударылмаған кепілдік берілген
трансферт сомасын Республикалық бюджет
комиссиясының ұсынысы бойынша және Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке
сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің
бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік
бағдарламалар бойынша төленбеген тіркелген
міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде
өткен қаржы жылының республикалық бюджетінде
бекітілген бюджеттік даму бағдарламаларын
қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында
пайдалануға құқығы бар.
4. Есепті қаржы жылы үшін республикалық
бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорынан аударылмаған кепілдік берілген
трансферт сомаларын тарту өткен қаржы
жылының бюджеттік даму бағдарламалары
бойынша тіркелген міндеттемелердің төленбеген
бөлігінің және қаржы жылының басындағы
бюджеттік қаражаттар қалдықтары айырмасының
сомасында жүзеге асырылады.
25-бап. Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын басқару
жөніндегі кеңес
1. Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорын
басқару жөніндегі кеңес
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқару жөніндегі Кеңестің функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін
арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі
ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
орналастыру үшін, материалдық емес активтерді
қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының
тізбесі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу
болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқару жөніндегі Кеңесті құру туралы
шешімді, оның құрамын және ол туралы ережені
Қазақстан Республикасының Президенті
бекітеді.
6-тарау.
БІРЫҢҒАЙ БЮДЖЕТТІК СЫНЫПТАМА
26-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы
1. Бірыңғай бюджеттік
сыныптама объектілерге топтамалық
кодтар бере отырып, бюджет түсімдері
мен шығыстарын функционалдық, ведомстволық
және экономикалық сипаттамалар бойынша
топтастыру болып табылады.
2. Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік
сыныптама негізінде жүзеге асырылады.
3. Бірыңғай бюджеттік сыныптама мемлекеттік
жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті
орган белгілейтін тәртіппен Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілері,
Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулылары негізінде жасалады.
4. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы мемлекеттік
жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті
орган әзірлейді және бекітеді.
27-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы
Бірыңғай
бюджеттік сыныптама:
1) бюджет түсімдерінің сыныптамасын;
2) бюджет шығыстарының функционалдық
сыныптамасын;
3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын
қамтиды.
28-бап. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы
1. Қазақстан
Республикасының бюджет
2. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы
санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және
өзіндік ерекшеліктен тұрады.
Санаттар түсімдерді экономикалық белгілер
бойынша топтастыруды көрсетеді.
Сыныптар мен кіші сыныптарда түсімдер
олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырылады.
Өзіндік ерекшелік бюджетке төлем немесе
түсім түрін айқындайды.
29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
1. Функционалдық
және ведомстволық белгілер
2. Бюджет шығыстарының функционалдық
сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден
тұрады:
функционалдық топтар;
функционалдық кіші топтар;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;
бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар).
3. Бюджет шығыстарының функционалдық
сыныптамасы негізінде бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерін және бюджеттік бағдарламаларды
(кіші бағдарламаларды) топтастыру арқылы
жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық
сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін.
30-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
1. Бюджеттік
бағдарламаларды іске асыру
2. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын
топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан
және өзіндік ерекшеліктен тұрады.
Санат шығыстарды экономикалық белгілері
бойынша топтастырады. Сынып және кіші
сынып шығыстарды мемлекеттік мекемелер
жүргізетін операциялардың негізгі түрлері
бойынша топтастырады. Өзіндік ерекшелік
бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін
мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның
түрін айқындайды.
3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
ерекшеліктерінің құрылымын мемлекеттік
жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті
орган әзірлейді және бекітеді.
31-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
1. Бюджеттік
бағдарламалардың әкімшісі
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өзіне
жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге
сәйкес айқындалады.
2. Егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның
әкімшісі және мемлекеттік мекеме болып
табылса, ол бюджет қаражатын дербес пайдаланады.
3. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері
болып табылатын, облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер
органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдардың
құрылымдық және аумақтық бөлімшелері
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері
бола алмайды.
4. Орталық атқарушы және өзге де орталық
мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.
5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілері Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік
басқарудың үлгілік құрылымы негізге
алына отырып айқындалады.
6. Әкімдердің және облыстық мәслихаттардың,
республикалық маңызы бар қала, астана
мәслихаттарының аппараттары, облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың
әкімдіктері уәкілеттік берген атқарушы
органдар мен облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер
органдары облыстық бюджеттік бағдарламалардың,
республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері
болып табылады.
7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің
және мәслихатының аппараттары, аудан
(облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік
берген атқарушы органдар аудандық (қалалық)
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері
болып табылады.
8. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы
бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның),
ауылдық (селолық) округтің бюджеттік
бағдарламаларының әкімшілері осы әкімшілік-аумақтық
бірліктер әкімдерінің аппараттары болып
табылады.
32-бап. Бюджеттік бағдарламалар
1. Бюджеттік
бағдарлама нәтиже
2. Бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік
бағдарламалардың әкімшісі әзірлейді
және мемлекеттік органның стратегиялық
жоспарының құрамында бекітіледі.
3. Бюджеттік бағдарламалар стратегиялық
жоспарда тұжырымдалған мақсаттар мен
міндеттерді шешу үшін қажеттілік пен
жеткіліктілік принциптеріне негізделе
отырып әзірленеді.
Бюджеттік бағдарламалар өзінің мазмұны
бойынша мемлекеттік функциялармен, өкілеттіктермен
және мемлекеттік қызметтер көрсетумен
немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері
қызметінің бағыттарымен біртекті топталуға
тиіс.
4. Бюджеттік бағдарламада оны іске асыруды
бағалау үшін тікелей және түпкілікті
нәтижелердің көрсеткіштері болуы тиіс,
сондай-ақ бюджеттік бағдарламада сапа
мен тиімділік көрсеткіштерінің болуы
мүмкін.
Сапа көрсеткіштері көрсетілетін мемлекеттік
қызметтердің оны алушылардың талабына
және мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына
сәйкестігінің деңгейін көрсетеді.
Тиімділік көрсеткіштері бюджет қаражатының
бекітілген көлемін пайдалана отырып,
ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізуді
немесе бюджет қаражатының аз көлемін
пайдалана отырып, тікелей нәтижеге кол
жеткізуді көрсетеді.
5. Бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші
бағдарламалар үшін де бюджеттік бағдарламаларға
арналған нәтиже көрсеткіштерін қолдану
шартымен бюджет қаражатын жұмсаудың
бағыттары нақтыланған кіші бағдарламаларға
бөлінуі мүмкін.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган бюджеттік бағдарламаларды
(кіші бағдарламаларды) әзірлеу тәртібін
және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды
айқындайды.
33-бап. Бюджеттік бағдарламалардың түрлері
1. Мазмұнына
байланысты бюджеттік
мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді
және олардан туындайтын мемлекеттік
қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға;
трансферттер мен бюджеттік субсидиялар
беруге;
бюджеттік кредиттер беруге;
бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға;
күрделі шығыстарды жүзеге асыруға;
мемлекеттің міндеттемелерін орындауға
бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.
2. Мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты
бюджеттік бағдарламалар:
1) республикалық бюджеттің құрамында
бекітілетін республикалық бағдарламаларға;
2) облыстық бюджеттің, республикалық
маңызы бар қала, астана бюджеттерінің
құрамында бекітілетін облыстық, республикалық
маңызы бар қала, астана бағдарламаларына;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің
құрамында бекітілетін аудандық (қалалық)
бағдарламаларға;
4) республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы
бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін,
қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар
қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық
(селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларына
бөлінеді.
Облыстық, республикалық маңызы бар қала,
астана, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар,
сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық
маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның),
ауылдық (селолық) округтің бюджеттік
бағдарламалары жергілікті бюджеттік
бағдарламалар болып табылады.
3. Бюджеттік бағдарламалар іске асыру
тәсіліне байланысты:
1) бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік
бағдарламаларға;
2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының
құрамында бекітілетін және бюджеттік
бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері
арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге
жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға
бөлінеді.
Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын
тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Бюджеттік бағдарламалар біртұтас бюджеттік
сыныптаманың құрамында тиісті белгі
(код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік
бағдарламаларға және дамудың бюджеттік
бағдарламаларына бөлінеді.
Дамудың бюджеттік бағдарламаларына
бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға
бағытталған бюджет шығыстары жатады.
Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы
бюджеттік бағдарламаларға жатады.