Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 19:23, реферат
Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.
16-тарау. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУ ПРОЦЕСІ
84-бап. Бюджеттің атқарылу негізі болып табылатын құжаттар
Мыналар:
1) осы Кодекс;
2) республикалық бюджет туралы заң және
жергілікті бюджет туралы мәслихаттың
шешімі;
3) республикалық қаржы жоспары туралы
жарлық және жергілікті атқарушы органның
кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына
арналған жергілікті қаржы жоспары туралы
қаулысы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
немесе жергілікті атқарушы органның
республикалық бюджет туралы заңды немесе
жергілікті бюджет туралы мәслихаттың
шешімін іске асыру туралы қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
немесе жергілікті атқарушы органның
республикалық немесе жергілікті бюджеттерді
атқару барысында қабылдайтын шешімі;
6) мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарлары;
7) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер
туралы келісімдер;
8) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер
бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;
9) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
міндеттемелері мен төлемдері бойынша
қаржыландыру жоспарлары;
10) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері
мен төлемдері бойынша қаржыландырудың
жеке жоспарлары;
11) осы Кодекске сәйкес бюджеттің атқарылу
тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық
актілер бюджеттің атқарылу негізі болып
табылады.
85-бап. Міндеттемелер
бойынша қаржыландырудың жиынтық
жоспары, түсімдердің және
төлемдер бойынша
қаржыландырудың жиынтық жоспары
1. Міндеттемелер
бойынша қаржыландырудың
2. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспары функционалдық топтар,
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері
және бюджет шығыстарының функционалдық
сыныптамасының бюджеттік бағдарламалары
бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
оларға арналған бюджет қаражатының жылдық
көлемі шегінде ақшалай түрдегі міндеттемелердің
ай сайынғы көлемін айқындайтын, бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің және оларға
ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік
мекемелердің өздері қабылдайтын міндеттемелері
бойынша қаржыландыру жоспарлары негізінде
жасалады.
3. Түсімдердің және төлемдер бойынша
қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет
түсімдерінің және төлемдер бойынша бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландырудың теңгерімделген
ай сайынғы жоспарын айқындайтын құжат
болып табылады.
Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспары теңгерімделген болуға
тиіс, ол жыл басынан бергі өспелі жиынымен
айлар бойынша түсімдерден шығыстардың
асып кетуіне жол бермеуді білдіреді.
4. Түсімдердің және төлемдер бойынша
қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет
түсімдері сыныптамасының санаттары,
сыныптары және кіші сыныптары мен ерекшеліктері
бойынша жасалатын, бюджетке түсетін түсімдердің
жиынтық жоспарынан және функционалдық
топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері
және бюджет шығыстарының функционалдық
сыныптамасының бюджеттік бағдарламалары
бойынша жасалатын төлемдер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспарынан тұрады.
Бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық
жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес бюджетке төленетін
төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке
өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің
қарқынын, мемлекеттік бағалы қағаздардың
табыстылық қарқынын талдауды және бағалы
қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар
деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз
шарттарының, байланысты гранттар туралы
келісімдердің талаптарын негізге ала
отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының
топтама кодтарының толық көлемі бойынша
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
орган жасайды.
Төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық
жоспары оларға арналған бюджет қаражатының
жылдық көлемі шегінде бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің және оған ведомстволық бағыныстағы
мемлекеттік мекемелердің қабылдаған
міндеттемелерді орындау есебіне төлемдерді
жүзеге асыру үшін қажетті жеке бюджеті
қаражатының ай сайынғы көлемін айқындайтын
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары
негізінде жасалады.
Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспарының, түсімдердің және
төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық
жоспарының жылдық сомалары бюджеттің
бекітілген (нақтыланған) түсімдері мен
шығыстарының сомаларына сәйкес болуға
тиіс.
5. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері
мен төлемдері бойынша қаржыландырудың
жеке жоспарларын бюджет шығыстарының
функционалдық және экономикалық сыныптамасы
жөніндегі мемлекеттік мекемелер әзірлейді
және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
міндеттемелері мен төлемдері бойынша
қаржыландыру жоспарларын бекіту және
әзірлеу үшін бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілеріне беріледі.
6. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша
қаржыландырудың жеке жоспарлары бойынша
шығыстардың жинақталған сомасы міндеттемелер
мен төлемдер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспарларына сәйкес болуға тиіс.
7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
міндеттемелері мен төлемдері бойынша
қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар
әкімшілері шығыстардың функционалдық
және экономикалық сыныптамасы бойынша
әзірлейді және бюджеттік бағдарламалар
деңгейінде бюджетті атқару жөніндегі
орталық немесе жергілікті уәкілетті
органға береді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі операциялық
жоспарды уақтылы іске асыру мақсатында
айлар бойынша жоспарлы тағайындауларды
бөлуді қамтамасыз етеді.
8. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер
бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары,
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
міндеттемелері мен төлемдері бойынша
қаржыландыру жоспарлары, мемлекеттік
мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері
бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары
жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналып
әзірленеді және бекітіледі.
9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері
шығыстардың экономикалық сыныптамасының
ерекшеліктеріне және бюджеттік бағдарламалардың
кіші бағдарламаларына қатысты және бюджеттік
бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық
және ай сайынғы көлемдерін өзгертпейтін
өзгерістерді міндеттемелер мен төлемдер
бойынша қаржыландыру жоспарларына дербес
енгізуге құқылы. Бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілеріне қажетті бюджеттік бағдарлама
бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдерінің
өзгерістері бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік
мекемелердің өтінімдері бойынша мемлекеттік
мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері
бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына
өзгерістер енгізуді жүзеге асырады.
10. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер
бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын,
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
міндеттемелері мен төлемдері бойынша
қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік
мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері
бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын
жасау және жүргізу тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
17-тарау.
БЮДЖЕТТІҢ КАССАЛЫҚ
86-бап. Бірыңғай қазынашылық шот
1. Бірыңғай қазынашылық
шот аударым операцияларын
Бірыңғай қазынашылық шот бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының
банк заңнамасында көзделген тәртіппен
ашылады.
2. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол
ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдықтарын
қамтиды.
87-бап. Бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органның шетел
валютасындағы шоттары
Операцияларды
шетел валютасымен жүзеге
88-бап. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары
1. Қолма-қол
ақшаны бақылау шоттары
1) республикалық және жергілікті бюджеттерге
түсетін түсімдерді есепке алуға және республикалық және жергілікті
бюджеттердің шығыстарын жүргізуге;
2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатуынан
түсетін ақшаны есепке алуға және олардың
есебінен (ақылы қызметтер шоты) шығыстарды
жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
жіберілетін түсімдерді есепке алуға
және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
шотына аударуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелерге
арналған демеушілік, қайырымдылық көмектен
түсетін ақшаны есепке алуға және жұмсауға
(демеушілік, қайырымдылық көмек шоты);
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге
жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың
қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар
басталған кезде тиісті бюджетке немесе
үшінші тұлғаларға (ақшаны уақытша орналастыру
шоты) аудару шартымен беретін ақшаны
есепке алуға;
6) бюджет ақшасын есепке алуға және оларды
ерекше шығыстарды (нысаналы қаржыландыру
шоты) жүргізуге пайдалануға байланысты
операцияларды есепке алуға арналады.
2. Тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау
шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметті) өткізуінен түсетін ақшаның
түсімдері және жүргізілген төлемдер
мен аударымдар бойынша операциялар бірыңғай
бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік
мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.
Демеушілік, қайырымдылық көмектің қолма-қол
ақшасының бақылау шоттары ақшаны уақытша
орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың
және шетел валютасындағы шоттар бойынша
түсімдер мен жүргізілген төлемдер бойынша
операциялар мемлекеттік мекемелердің
кодтарына сәйкес ескеріледі.
3. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын бюджетті
атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
ашады.
4. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу,
жүргізу және жабу тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
89-бап. Мемлекеттік мекемелердің шоттары
1. Мемлекеттік мекемелердің мынадай
шоттары болуы мүмкін:
1) мемлекеттік мекеменің шетел валютасымен
операциялар жүргізуі үшін оған валюталардың
түрлері бойынша бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті орган ашатын шетел
валютасындағы шот;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған
мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық
шартта немесе байланысты грант туралы
келісімде айтылған, екінші деңгейдегі
банкте шетел валютасында ашылатын, үкіметтік
сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың
аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын
бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы
шоты;
3) ұлттық (шетелдік) валютамен төлемдерді
жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте
ашылатын бюджеттік инвестициялық жобаның
арнайы шотына арналған шот;
4) үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен
берілген кредит бойынша негізгі борышты
өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын
ақшаны есепке алу және пайдалану үшін
бюджеттік инвестициялық жобаны іске
асыру кезеңінде екінші деңгейдегі банкте
ашылатын бюджеттік инвестициялық жобаның
жаңартылатын шоты.
2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің
шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен
жүзеге асырылады.
Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелердің
шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан
Республикасының банк заңнамасында белгіленген
тәртіппен жүзеге асырылады.
18-тарау. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ
90-бап. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы
1. Бюджеттің
түсімдер бойынша атқарылуы
2. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы:
1) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа
есепке жазуды;
2) түсімдерді республикалық, жергілікті
бюджеттер мен Қазақстан Республикасының
Ұлттық қоры арасында бөлуді;
3) бюджеттен артық (қате) төленген түсімдер
сомасын қайтаруды не оларды берешекті
өтеу есебіне есепке жатқызуды қамтиды.
91-бап. Түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазу
1. Бюджетке түсетін
түсімдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады
және бюджетке түсетін түсімдердің сыныптамасына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген тәртіппен толық көлемде бірыңғай
қазынашылық шотқа есепке жазылады.
2. Бюджетке шетел валютасымен түсетін,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
шетел валютасымен бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті органның шотына есепке
жазылған түсімдер қайта айырбасталуға
және бірыңғай қазынашылық шотқа есепке
жазылуға тиіс.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
органның шоттарынан шетел валютасын
қайта айырбастау тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайды.
92-бап. Түсімдерді
республикалық, жергілікті бюджеттер
және Қазақстан Республикасының
Ұлттық қоры
арасында бөлу
1. Түсімдерді республикалық,
жергілікті бюджеттер және
2. Түсімдерді бөлу мемлекеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін
бюджеттің түсімдерін бюджеттердің деңгейлері
мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында
бөлу кестесі, облыстық мәслихаттың шешімімен
белгіленетін кірістерді облыстық бюджет
пен оның аудандық (облыстық маңызы бар
қалалардың) бюджеттері арасында бөлу
нормативтері, сондай-ақ мұнай секторы
ұйымдарының тізбесі негізінде жүзеге
асырылады.
93-бап. Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорынан кепілдік
берілген трансфертті тарту
Бюджетті
атқару жөніндегі орталық
1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер
бойынша болжам және республикалық бюджеттің
қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы бюджет
қаражатының қалдықтары негізінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан республикалық
бюджетке ағымдағы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген
оның көлемі шеңберінде кепілдік берілген
трансферттің қажетті сомасын айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
республикалық бюджетке кепілдік берілген
трансфертті аудару туралы тиісті өтінімді
жібереді.
94-бап. Түсімдердің
артық (қате) төленген сомасын
бюджеттен қайтару
не оларды берешекті өтеу
шотын есепке жатқызу
1. Бірыңғай бюджет
сыныптамасының бюджетке
Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын
бюджеттен қайтару және (немесе) есепке
жатқызу:
1) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде
белгіленген салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің және нормативтік
құқықтық актілерде белгіленген құзыреті
шегінде салықтық емес түсімдердің тізбесі
бойынша салық органдарының қорытындылары
негізінде;
2) салық органдары әкімшілік жасайтын
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді,
трансферттерді, бюджеттік кредиттерді
өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін
сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда,
бюджетке түсетін салықтық емес түсімдердің
алынуына жауапты уәкілетті органдардың
қорытындылары негізінде берілген салық
органдары табыс еткен төлем тапсырмалары
негізінде жүзеге асырылады.
2. Бюджетке түсетін түсімдерді алуға
жауапты уәкілетті орган өзі әкімшілік
жасайтын түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын
қамтамасыз етеді және олардың түсуіне,
түсімдердің артық (қате) төленген сомасын
қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектерді
өтеу шотына есепке жатқызылуына мониторингті
жүзеге асырады.
Осы қорытындылардың дұрыстығын және
олардың берілу негізділігін уәкілетті
органдардың басшылары қамтамасыз етеді.
3. Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің
алынуына, артық (қате) төленген соманың
бюджеттен қайтарылуына және (немесе)
есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің,
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің,
трансферттердің, бюджеттік кредиттерді
өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан
түсетін соманың, қарыздардың бюджетке
түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты
уәкілетті органдардың тізбесін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайды.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің
алынуына, артық (қате) төленген соманың
бюджеттен қайтарылуына және (немесе)
есепке алынуына жауапты және салықтық
емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан,
трансферттерден, бюджеттік кредиттерді
өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін
сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің
бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға
жауапты уәкілетті органдардың тізбесін
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың, ауданның (облыстық маңызы
бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы
органы айқындайды.
4. Төлем тапсырмалары Қазақстан Республикасының
банк заңнамасында белгіленген нысан
бойынша ұсынылады.
Қорытындылар Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген нысан бойынша ұсынылады.
5. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын
бюджеттен қайтару және (немесе) есепке
жатқызу Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
95-бап. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы
1. Бюджеттің
шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің және оларға
ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің
өздеріне арналған бюджет қаражатын осы
Кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік
құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес
және мемлекеттік органдар қызметінің
алдын ала белгіленген көрсеткіштерге
қол жеткізуі мақсатында өздерінің пайдалануы
болып табылады.
2. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы
мемлекеттік мекемелердің шарт нысанында
жасалған тіркелген азаматтық-құқықтық
мәмілелерге және басқа да міндеттемелерге
сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге
асыруы нәтижесінде бірыңғай қазынашылық
шоттан қаражатты есептен шығаруды қамтиды.
3. Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік
мекемелер бюджет қаражатын бірыңғай
бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық
мәмілелерге, оларға сай бюджет қаражаты
бөлінген нормативтік құқықтық актілерге
сәйкес пайдалануға міндетті.
96-бап. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері
1. Мемлекеттік
мекемелер азаматтық-құқықтық
Мемлекеттік мекеме міндеттемелер қабылдаудың
заңдылығын, азаматтық-құқықтық мәмілелерде
көрсетілген ақпарат пен деректемелердің
дұрыстығын қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік
сатып алу мәні болып табылатын тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып
алуға азаматтық-құқықтық мәміле жасасуы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының
мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының
нормаларын қолданбастан, тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып
алуға азаматтық-құқықтық мәміле жасасуы
Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының
мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы,
Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз
етеді және оларды сақтамағаны үшін жауапты
болады.
4. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық
мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан
Республикасының мемлекеттік сатып алу
туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын
мерзімге жасасады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған
мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық
шарт немесе байланысты грант туралы келісім
шеңберіндегі мемлекеттік мекемелердің
азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік
мекемелер Қазақстан Республикасы ратификациялаған
мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық
шарттың немесе байланысты грант туралы
келісімнің қолданылу мерзімінен аспайтын
мерзімге жасасады.
5. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық
мәмілелері бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті органның аумақтық
бөлімшелерінде олар міндетті түрде тіркелгеннен
кейін күшіне енеді.
Азаматтық-құқықтық мәмілелер тиісті
қаржы жылына арналған міндеттемелер
бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында
бекітілген сомалар және жоспарлы кезеңнің
екінші және үшінші қаржы жылдарының базалық
шығыстары шегінде олардың бүкіл қолданылу
мерзімі ішінде:
1) іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын
бюджеттік даму бағдарламаларына;
2) технологиялық дайындау мерзімінің
ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы
жылы (қаржы жылдары) беруді негіздейтін
активтерді және басқа да тауарларды сатып
алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік
сатып алу туралы заңнамасында белгіленген
жағдайларда бір қаржы жылынан астам мерзіммен
қызметтер көрсетуге;
4) аяқталу мерзімі келесі қаржы жылы басталатын,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
сатып алу туралы заңнамасының нормаларын
қолданбастан жүзеге асырылатын қызметтер
көрсетуге;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің
қаражаты есебінен бір қаржы жылынан астам
іске асырылу мерзімінде іс-шаралар өткізуге
байланысты тіркелуге жатады.
Бюджеттің базалық шығыстары өзгерген
кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмілелер
қайта тіркелуге жатады.
6. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық
мәмілелерін шетел валютасында тіркеу
үшін шарт сомасы шетел валютасында келтіріледі,
тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес белгіленген тіркеу күнгі нарықтық
валюта айырбастау бағамы бойынша жүргізіледі.
7. Шартты тіркеу туралы хабарлама азаматтық-құқықтық
мәміленің тіркелгенін растайтын құжат
болып табылады.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
немесе жергілікті атқарушы органның
резервінен бюджет ақшасын бөлу жағдайларын
қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмілелерді
ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан
кейін тіркеуге жол берілмейді.
9. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық
мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.