Бюджетный кодекс на казахском

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 19:23, реферат

Краткое описание

Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бюджетный-кодекс-на-казахском.doc

— 909.00 Кб (Скачать документ)

25-тарау.  БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ  ЕСЕП    

  127-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық 
               есепті ұсыну     

1. Бюджетті атқару  жөніндегі орталық уәкілетті  орган есепті айдан кейінгі  жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті  қаржы жылындағы республикалық  бюджеттің атқарылуы туралы жылдық  есепті жасайды және оны Қазақстан  Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсынады. 
      2. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп: 
      1) республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептен; 
      2) республикалық бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылы ішінде стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен; 
      3) түсіндірме жазбадан тұрады. 
      3. Түсіндірме жазба елдегі экономикалық ахуал және республиканың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды. 
      4. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсынады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді. 
      5. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.    

  128-бап. Қазақстан Республикасының Парламентінде 
                республикалық бюджеттің атқарылуы туралы 
                жылдық есепті талқылау және бекіту     

1. Қазақстан  Республикасының Парламенті Республикалық  бюджеттің атқарылуын бақылау  жөніндегі есеп комитетінің республикалық  бюджеттің атқарылуы туралы есебін  алғаннан кейін есепті қаржы  жылындағы республикалық бюджеттің  атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдық есебін өз кезегімен қарау арқылы Палаталардың бөлек отырысында - алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылайды. 
      2. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылаған кезде Қазақстан Республикасының Парламенті: 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын; 
      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын; 
      Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған қосымша баяндамаларын тыңдайды. 
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептері Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында талқыланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.    

  129-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар 
                қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы 
                жылдық есепті ұсыну     

1. Облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың  бюджетті атқару жөніндегі жергілікті  уәкілетті органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органына ұсынады. 
      2. Есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп: 
      1) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есептен; 
      2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен; 
      3) түсіндірме жазбадан тұрады. 
      3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады. 
      4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса облыстық мәслихатқа, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ұсынады.     

  130-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар 
                қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы 
                жылдық есепті қарау және бекіту      

1. Мәслихат өткен  қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің жылдық есебін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы мәслихаттың тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін бір айдың ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды. 
      2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат: 
      әкімдік уәкілеттік берген адамдардың облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын; 
      мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы баяндамасын; 
      мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды. 
      3. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.     

  131-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің 
                атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну     

1. Ауданның (облыстық  маңызы бар қаланың) бюджетті  атқару жөніндегі жергілікті  уәкілетті органы есепті жылдан  кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылғы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсынады. 
      2. Есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп: 
      1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есептен; 
      2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен; 
      3) түсіндірме жазбадан тұрады. 
      3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады. 
      4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.    

  132-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің 
                атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту     

1. Мәслихат аудан  (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің  есепті қаржы жылындағы аудан  (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін мәслихаттың тексеру комиссиясының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды. 
      2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат: 
      әкімдік уәкілеттік берген адамның аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын; 
      мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы баяндамасын; 
      мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды. 
      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

26-тарау.  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ  ҚОРЫНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУЫ МЕН ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП    

  133-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 
                қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық 
                есепті жасау     

1. Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорын  басқаруға байланысты қызметтің  ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында  жыл сайын аудит жүргізіледі. 
      Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитін жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. 
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайды. 
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте: 
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп; 
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп; 
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер болуға тиіс. 
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару нәтижелері бойынша жылдық қаржылық есептілікке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен бас бухгалтері қол қояды. 
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасаудың нысандары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бекітеді.    

  134-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 
                қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 
                жылдық есепті ұсыну және бекіту      

1. Қазақстан  Республикасының Үкіметі Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкімен  бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы  жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан  Республикасы Ұлттық қорының  қалыптастырылуы мен пайдаланылуы  туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады. 
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Президенті бекіткеннен кейін оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады. 
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

7-бөлім. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ

27-тарау.  МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ  ТУРАЛЫ 
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР    

  135-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау     

1. Мемлекеттік  қаржылық бақылау бұзушылықтарды  анықтау, жою және болғызбау  мақсатында бақылау объектілерінің  Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеру және талдау жолымен жүзеге асырылады. 
      2. Мемлекеттік қаржылық бақылау: 
      1) оны жүзеге асыратын органға байланысты ішкі және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау; 
      2) бюджеттің тиісті деңгейіне байланысты республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізілетін болып бөлінеді.    

  136-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесі      

1. Мемлекеттік  қаржылық бақылау органдарының  жүйесін: 
      1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті; 
      2) мәслихаттардың тексеру комиссиялары; 
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган; 
      4) орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері; 
      5) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды. 
      2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады. 
      3. Мәслихаттардың тексеру комиссиялары жергілікті деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады. 
      4. Республикалық деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. 
      5. Жергілікті деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. 
      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды тиісті қаржы жылына бекітілген жоспар бойынша жүргізеді. 
      Жоспардан тыс бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша жүргізіледі.     

Информация о работе Бюджетный кодекс на казахском