Бюджетный кодекс на казахском

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 19:23, реферат

Краткое описание

Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бюджетный-кодекс-на-казахском.doc

— 909.00 Кб (Скачать документ)

  137-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен 
                стандарттары     

1. Мемлекеттік  қаржылық бақылау принциптері: 
      1) тәуелсіздік принципі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және олардың қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыруы кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін араласушылыққа жол бермеу; 
      2) объективтілік принципі - бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау; 
      3) анықтық принципі - бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен және бақылау объектісінің өзге де құжаттарымен растау; 
      4) ашықтық принципі - бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға, мемлекеттік органдардың басшыларына, жұртшылыққа есеп берушілігі; 
      5) құзыреттілік принципі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы; 
      6) жариялылық принципі - құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті түрде жариялау болып табылады. 
      2. Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу стандарттарымен айқындалады. 
      3. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органмен бірлесіп әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 
      4. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары орындауға міндетті.    

  138-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері     

 Мемлекеттік  қаржылық бақылау мынадай үлгілерге  бөлінеді: 
      1) сәйкестікке бақылау жасау - бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау; 
      2) қаржылық есептілікті бақылау - бақылау объектісінің қаржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау; 
      3) тиімділікті бақылау - сәйкестікке және қаржылық есептілікті бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілуін, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты  гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың, әлеуметтік саланың немесе жеке алғанда мемлекеттік басқару саласының (аясының) дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау.     

  139-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері     

 Мемлекеттік  қаржылық бақылау органдары өкілеттігі  шегінде бақылаудың мынадай түрлерін  жүзеге асырады: 
      1) кешенді бақылау - бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау; 
      2) тақырыптық бақылау - бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау; 
      3) үстеме бақылау - тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы; 
      4) бірлескен бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау.     

  140-бап. Бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын актілер     

 Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады: 
      1) бақылау актісі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелері бойынша жасаған құжат; 
      2) бақылаудың қорытындылары туралы есеп - белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жасаған құжат; 
      3) қаулы - Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитеті және мәслихаттың тексеру комиссиясы қабылдайтын, бақылау нәтижелерін растайтын және шешімдерді қамтитын өздеріне арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті құжат; 
      4) қорытынды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері және (немесе) аудиторлық есептер негізінде жасалатын құжат; 
      5) ұсыну - анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін бақылау объектілеріне жіберілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының орындауға міндетті құжаты.

28-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ    

  141-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау 
                жөніндегі есеп комитетінің құзыреті     

 Республикалық  бюджеттің атқарылуын бақылау  жөніндегі есеп комитеті: 
      1) республикалық бюджеттің атқарылуын, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес бағалауды жүзеге асырады; 
      2) өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асырады; 
      3) бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады; 
      4) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады; 
      5) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады; 
      6) Қазақстан Республикасының Парламентіне ағымдағы жылдың 15 мамырынан кешіктірмей өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынады; 
      7) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де жеке тапсырмаларын орындайды; 
      8) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділікті бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдар енгізеді; 
      9) республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуын, салықтық және кедендік әкімшілік ету тиімділігін бақылауды жүзеге асырады; 
      10) мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуын бақылауды жүзеге асырады; 
      11) республикалық бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 
      12) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен ғана немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады; 
      13) Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау мен жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы және ақпаратты сұратады және өздеріне белгіленген мерзімде алады; 
      14) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілері лауазымды адамдарының тиісті есептерін тыңдайды; 
      15) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және мәслихаттардың тексеру комиссияларын (олармен келісім бойынша), сондай-ақ қажет болғанда республикалық бюджеттен олардың көрсететін қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады; 
      16) бақылау және талдамалық іс-шаралар барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды; 
      17) бақылау объектісінен Қазақстан Республикасының құжаттандыру және сақтандыру мәселелерін реттейтін заңнамасын сақтай отырып, бақылау қорытындысын растайтын тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) кедергісіз алады; 
      18) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілерін талдайды және мемлекеттік қаржылық бақылаудың сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді; 
      19) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу тәртібін айқындайды, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлейді, олардың сақталуына бақылау жүргізеді; 
      20) талдау мен зерттеулер жүргізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау саласында әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы оқыту бағдарламаларын іске асырады; 
      21) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі; 
      22) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына мониторинг, сондай-ақ бақылау жүргізеді; 
      23) мәслихаттардың тексеру комиссияларына, оның ішінде мәслихаттардың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережені және мәслихаттардың тексеру комиссияларының қызметкерлері үшін үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік көмекті жүзеге асырады, мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 
      24) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларға бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалануын бақылауды жүзеге асырады; 
      25) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.    

  142-бап. Мәслихаттың тексеру комиссиясының құзыреті     

 Мәслихаттың  тексеру комиссиясы: 
      1) жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалауды, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес жүзеге асырады; 
      2) өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асырады; 
      3) бақылау объектілерінің есепке алу және есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады; 
      4) жергілікті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады; 
      5) жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, байланысты гранттар, жергілікті 
атқарушы органдардың қарыздары, мемлекет активтері түрінде жоғары 
тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген қаражатты 
пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін 
бақылауды жүзеге асырады; 
      6) мәслихатқа белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді, ол өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылады; 
      7) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жергілікті бюджеттерге нысаналы трансферттер, кредиттер және қарыздар түрінде бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат беруге құқылы; 
      8) мәслихаттың жергілікті деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ мәслихаттың өзге де тапсырмаларын орындайды; 
      9) жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығының қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады; 
      10) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін лауазымды адамдардың сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділікті бақылау нәтижелері бойынша мәслихатқа ұсыныстар енгізеді; 
      11) мемлекеттік органдардан, бақылау объектілерінен, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектісіне қатысты ақпаратты сұратады және алады; 
      12) бақылау объектілері лауазымды адамдарының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша есептерін тыңдайды; 
      13) бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын, сондай-ақ қажет болғанда жергілікті бюджеттен олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады; 
      14) бақылау объектісінен құжаттандыру және сақтандыру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бақылау қорытындысын растайтын тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) кедергісіз алады; 
      15) бақылау және талдамалық іс-шаралар барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтарды болғызбау жөнінде шаралар қабылдайды; 
      16) жергілікті бюджеттерге нысаналы трансферттер, кредиттер және қарыздар түрінде бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалану мәселелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін бақылау іс-шараларына қатысуға құқылы; 
      17) жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік органдарға және мемлекеттік қаржылық бақылау объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына мониторинг пен бақылау жүргізеді; 
      18) лауазымды адамдардың кінәсінен болған бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдарға немесе оларды тағайындаған адамдарға осы лауазымды адамдардың атқарып отырған лауазымдарға сәйкестігі туралы ұсыныстар енгізуге құқылы; 
      19) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 
      20) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері ұсынатын жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі бақылау жүргізу актілерін талдайды және жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі бақылау жасаудың тиімділігін арттыру жөнінде нұсқамалар береді; 
      21) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.    

  143-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік 
                берген ішкі бақылау жөніндегі органның құзыреті     

 Қазақстан  Республикасының Үкіметі уәкілеттік  берген ішкі бақылау жөніндегі  орган: 
      1) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады; 
      2) бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады; 
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 
      4) бюджеттік кредиттер, концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, байланысты гранттарды және мемлекет активтерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады; 
      5) өз құзыреті шегінде бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтық емес түсімдерді енгізудің толықтығы мен уақтылылығына қатысты мәселелер жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады; 
      6) мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаның қалыптастырылуы мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады; 
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды; 
      8) бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 
      9) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілерінен қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратады және өздеріне белгіленген мерзімде алады; 
      10) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау  объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кедергісіз танысады; 
      11) бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және қажет болғанда осы мақсаттарға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тартады; 
      12) ішкі бақылау қызметтерінің мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады; 
      13) ішкі бақылау қызметтеріне әдістемелік көмекті жүзеге асырады, олардың қызметін үйлестіреді, ішкі бақылау қызметтері қызметкерлерін даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 
      14) ішкі бақылау қызметінің қызметкерлері үшін үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді; 
      15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есептер береді; 
      16) бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар сомасын бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында сотқа талаптар жібереді; 
      17) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.    

  144-бап. Ішкі бақылау қызметтері     

1. Ішкі бақылау қызметі: 
      1) мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады; 
      2) мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүргізеді, мемлекеттік органның бірінші басшысына оны жақсарту жөнінде ұсынымдар береді; 
      3) мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеруді жүзеге асырады; 
      4) мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды, нәтижелерді бағалауды жүзеге асырады; 
      5) мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады; 
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды; 
      7) бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 
      8) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен сұратады және белгіленген мерзімде алады; 
      9) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау 
объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кедергісіз танысады; 
      10) мемлекеттік органның басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
      2. Ішкі бақылау қызметі мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін арттыру, оның қызметінің тікелей және түпкі нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ондағы бақылау нәтижелері туралы есептерді және ішкі рәсімдерді, ережелерді, процестерді жақсарту жөнінде ұсынымдар береді. 
      3. Ішкі бақылау қызметі басқа құрылымдық бөлімшелерге ұйымдық жағынан тәуелсіз, мемлекеттік органның бірінші басшысына ғана бағынысты болады және оған есеп береді. 
      4. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардағы және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдардағы ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.    

  145-бап. Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қаржылық 
                бақылау органдарының өзара іс-қимылы     

Информация о работе Бюджетный кодекс на казахском