Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 19:23, реферат
Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.
182-бап. Бюджеттік кредитті игеру кезеңі
Бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушы бюджеттік кредитті пайдалана алатын уақыт кезеңі бюджеттік кредитті игеру кезеңі болып табылады.
183-бап. Бюджеттік
кредит бойынша міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз ету
тәсілдері
1. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің
орындалуы кепілмен, кепілдікпен, кепілгерлікпен
немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында
немесе шартта көзделген басқа да тәсілдермен
қамтамасыз етіледі.
Тізбесін Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайтын қаржы агенттіктеріне
республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер
міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей
бөлінуі мүмкін.
Қаржы агенттіктерін республикалық бюджеттен
қамтамасыз етілмейтін бюджеттік кредиттер
алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне
енгізу тәртібі мен өлшемдерін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз
ету құны сыйақы сомасы ескеріле отырып,
бюджеттік кредит мөлшерінен кем болмауға
тиіс.
3. Бюджеттік кредит жөніндегі міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз етуді бағалау
Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз етуді бағалау
жөнінде көрсетілген қызметтерге ақы
төлеуді қарыз алушы жүргізеді.
184-бап. Сыйақы ставкасы
1. Бюджеттік
кредитті пайдаланғаны үшін
2. Жылдық проценттер түрінде көрсетілетін
сыйақы шамасы сыйақы ставкасы болып табылады.
3. Сыйақы ставкасы тіркелген немесе құбылмалы
болуы мүмкін.
Мөлшері бюджеттік кредиттің барлық мерзіміне
өзгеріссіз белгіленетін сыйақы ставкасы
тіркелген сыйақы ставкасы болып табылады.
Мөлшері қаржы нарығындағы конъюнктураға
байланысты өзгеріп тұратын сыйақы ставкасы
құбылмалы сыйақы ставкасы болып табылады.
4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті орган шығарған мемлекеттік
бағалы қағаздар бойынша сыйақының орташа
өлшемді ставкасы кірістіліктің орташа
өлшемді ставкасы деп танылады.
Жергілікті атқарушы органдарға, қаржы
агенттіктеріне бюджеттік кредиттер бойынша
сыйақы ставкаларын қоспағанда, бюджеттік
кредиттер бойынша сыйақы ставкасы, айналыс
мерзімі бюджеттік кредиттің мерзіміне
сәйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар
бойынша кірістіліктің орташа өлшемді
ставкасынан төмен болмайтын шамада белгіленеді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
орган шығарған тиісті мемлекеттік бағалы
қағаздар бойынша кірістіліктің орташа
өлшемді ставкасын анықтау тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
185-бап. Бюджеттік кредит беру тәсілдері
Бюджеттік
кредит:
1) қарыз алушының төлем құжаттарына ақы
төлеу;
2) бір мерзімде не аудару графигіне сәйкес
бөліп-бөліп немесе қарыз алушының тиісті
құжаттар беруіне қарай қарыз алушының банк шотына
аудару арқылы берілуі мүмкін.
186-бап. Бюджеттік
кредитті өтеу және оған қызмет көрсету
графигі
1. Бюджеттік
кредитті өтеу және оған
2. Кредиттік шартта жеңілдік кезеңін
беру көзделуі мүмкін.
Бюджеттік кредит мерзімінің құрамына
кіретін уақыт кезеңі жеңілдік кезеңі
болып табылады, бұл кезеңде қарыз алушы
кредитті өтеуді жүзеге асырмайды. Жеңілдік
кезеңінің ұзақтығы кредит мерзімінің
ұзақтығының үштен бірінен аспауға тиіс.
38-тарау.
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ РӘСІМДЕРІ
187-бап. Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау
Бюджеттік
кредит беру туралы шешім қабыл
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен
бюджеттік кредиттеудің мақсатқа сай
екендігін айқындауды;
2) бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік
жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік
кредиттеу арқылы іске асыруды ұсынатын
бюджеттік кредиттеу өлшемдеріне олардың
сәйкестігі мәнін қарауын;
3) бюджеттік өтінімді және мемлекеттік
жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның
қорытындысын бюджеттік комиссияның қарауын;
4) бюджеттік комиссияның бюджеттік бағдарламаны
бюджет жобасына енгізу жөніндегі ұсыныстарын
әзірлеуді қамтиды.
188-бап. Бюджеттік кредит беру рәсімі
1. Бюджеттік
кредит беру рәсімі мынадай
кезеңдерді:
1) бюджеттік кредиттің негізгі талаптарын айқындауды;
2) қарыз алушыны айқындауды;
3) кредиттік шарт және олармен байланысты
шарттар жасасуды;
4) қарыз алушыға бюджеттік кредит беруді
қамтиды.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері
тиісті бюджеттер бекітілгеннен кейін
бюджеттік кредиттердің негізгі шарттары
туралы және қарыз алушылардың санаттары
туралы кредитор шешімдерінің жобаларын
бекітуге енгізеді.
3. Қарыз алушыларды:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын
бюджеттік кредиттеу кезінде тапсырма
шартына сәйкес сенім білдірілген өкіл
(агент);
2) қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған
ұйымдарды бюджеттік кредиттеу кезінде
конкурс нәтижелері бойынша бюджеттік
бағдарлама әкімшісі айқындайды. Мамандандырылған
ұйымдарды іріктеу тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді;
3) жергілікті атқарушы органдар бюджеттік
кредиттеу кезінде қарыз алушылар осы
Кодекске сәйкес айқындалады;
4) шет мемлекеттерді бюджеттік кредиттеу
кезінде қарыз алушылар Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарына сәйкес айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары
Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде көзделген жағдайларда бюджеттік
кредиттер алады.
Қазақстан Республикасының азаматтарын
бюджеттік кредиттеу сенім білдірілген
өкілдер (агенттер) арқылы жүзеге асырылады.
5. Бюджеттік кредит беру кредиттік шарт,
тапсырма шарттары және бюджеттік кредит
бойынша міндеттемелердің орындалуын
қамтамасыз етуді растайтын құжаттар
жасалып, тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.
6. Бюджеттік кредиттер беру жөніндегі
рәсімдерді, оның ішінде оларды беру кезіндегі
қажетті құжаттардың тізбесін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайды.
189-бап. Шет мемлекеттерді кредиттеудің ерекшеліктері
1. Шет мемлекеттерге бюджеттік кредиттер
Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шарттарға сәйкес республикалық
бюджет қаражаты есебінен беріледі.
2. Шет мемлекеттерге бюджеттік кредиттер
шет мемлекеттер бюджеттік кредит беру
туралы халықаралық шартқа міндетті күш
беру үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді
жүргізген жағдайда беріледі.
3. Шет мемлекетті бюджеттік кредиттеудің
тәртібі мен талаптары бюджеттік кредит
беру туралы халықаралық шартта белгіленеді.
Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік
кредит бойынша негізгі борыш шет мемлекеттердің
Қазақстан Республикасы алдындағы борышын
құрайды.
190-бап. Бюджеттік кредитті пайдалану
Қарыз алушы
бюджеттік кредит қаражатын
Бюджеттік кредит нысаналы мақсатта пайдаланылмаған
жағдайда қарыз алушы Қазақстан Республикасының
заңдарына және кредиттік шарт талаптарына
сәйкес жауаптылықта болады.
191-бап. Бюджеттік кредитке қызмет көрсету
1. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органның немесе сенім білдірілген өкілдің
(агенттің) бюджеттік кредит қаражатының
пайдаланылуын есепке алу және қарыз алушының
кредиттік шарт талаптарына сәйкес негізгі
борышты, сыйақыны және басқа да төлемдерді
өтеуге төлемдер жасауды жүзеге асыру
жөніндегі қызметі бюджеттік кредитке
қызмет көрсету деп танылады.
Ол бойынша есептелген сыйақы, комиссиялық
төлемдер, тұрақсыздық төлемдері (айыппұлдар,
өсімпұлдар) сомасы ескерілмей алынған
және өтелмеген бюджеттік кредит сомасы
негізгі борыш болып табылады.
2. Негізгі борышқа қызмет көрсету кредиттік
шарт талаптарына сәйкес, белгілі бір
уақыт кезеңіндегі сыйақының, өзге де
төлемдердің жиынтық төлемдерін білдіреді.
Бюджеттік кредитті (кредиттік шартты)
өтеу және оған қызмет көрсету графигіне
сәйкес мерзімі басталған, қарыз алушы
төлемеген төлемдер сомасы берешек болып
табылады.
3. Сыйақыны есептеу кредитордың шотынан
бюджеттік кредит аударылған күннен бастап
ол толық өтелген күнге дейін бюджеттік
кредит бойынша негізгі борыш сомасына
қойылған сыйақы ставкасы бойынша жүргізіледі.
4. Сыйақыны есептеу тәртібі кредиттік
шартта белгіленеді.
Сыйақыны есептеу үшін жылдың 360 күні
және айдың 30 күні не толық емес ай кезінде
өткен күндердің іс жүзіндегі саны есепке
алынады.
Төлем мерзімі басталған кезде қарыз
алушы тиісті бюджетке негізгі борыш пен
сыйақы бойынша төлем тапсырмасымен ақша
аудару арқылы кезекті төлемдерді жүзеге
асыруға міндетті.
5. Берешек пайда болған кезде бюджеттік
кредитке қызмет көрсету төлемдердің
мынадай кезектілігімен жүзеге асырылады:
1) есебіне жазылған тұрақсыздық төлемі
(айыппұлдар, өсімпұлдар);
2) есебіне жазылған сыйақы;
3) негізгі борышты өтеу.
192-бап. Бюджеттік кредитті өтеу
1. Қарыз алушының кредиттік шартқа және
Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі
борышты өтеуі бюджеттік кредитті өтеу
болып табылады.
2. Бюджеттік кредиттен қарыз алушылардың
кредитормен немесе сенім білдірілген
өкілмен (агентпен) келісім бойынша кредитті
мерзімінен бұрын өтеуге құқығы бар.
Қарыз алушы кредиттік шарттың талаптарын
бұзған кезде кредитордың немесе сенім
білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырма
шартына сәйкес кредитті мерзімінен бұрын
өтеуді талап етуге құқығы бар.
Қамтамасыз етілмеген бюджеттік кредит
алған қаржы агенттігінің акцияларын
сатуға олар бюджеттік кредитті қамтамасыз
етуді ұсынған жағдайда жол беріледі.
3. Қарыз алушыда бюджеттік кредит бойынша
берешек пайда болған кезде кредитор немесе
сенім білдірілген өкіл (агент) тапсырма
шартына сәйкес Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиттің
өтелуін қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды.
4. Бюджеттік кредит бойынша берешекті
өтеу есебінен өндіріліп алынған мүлік
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған
тәртіппен өткізілуге және (немесе) мемлекеттік
меншікке айналдыруға жатады.
5. Бюджеттік кредитті өтеу есебінен мемлекеттік
меншікке айналдырылатын мүлікке бағалау
жүргізуге арналған шығыстар тиісті бюджет
қаражаты есебінен төленеді.
6. Бюджеттік кредит бойынша берешекті
өтеу есебінен мүлікті мемлекеттік меншікке
айналдыру кезінде кредитор талаптарының
мөлшері мүлік құнының сомасына кемітіледі.
7. Жергілікті атқарушы органда жоғары
тұрған бюджет бөлген бюджеттік кредит
бойынша берешек болған кезде бюджетті
атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті
уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық
бөлімшесіне осы Кодекстің 100-бабының
1 және 2-тармақтарының 4) тармақшаларында
көзделген шараларды қабылдау туралы
жазбаша нұсқау береді.
39-тарау.
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТІ ҚАЙТА
193-бап. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау
1. Тараптардың
келісімі бойынша олардың
2. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау
туралы шешім қарыз алушыда қаржылық жағдайды
сауықтыру жөнінде жоспар болған кезде
қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау
негізінде қабылданады.
3. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау:
1) негізгі борышты өтеу және (немесе) сыйақыны
төлеу мерзімдерін өзгерту;
2) бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы
және өзге де төлемдер бойынша берешекті
капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге
асырылады.
4. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе
жергілікті атқарушы органның жанындағы
консультативтік-кеңесші органның оң
қорытындысы болған кезде әрбір кредиттік
шарт бойынша кредитордың шешімі негізінде
жүзеге асырылады.
5. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау
әрі кеткенде бір рет жүзеге асырыла алады.
Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау
кредиттік шартқа қосымша келісім жасау
арқылы ресімделеді.
194-бап. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару
Бюджеттік
кредит бойынша борышты
Борышты аудару бюджеттік кредит бойынша борышты өтеу
есебіне өндіріп алынған (ұсынылған) мүлікті
берген кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
40-тарау.
ТАЛАП ҚОЮ МЕРЗІМІНІҢ ӨТУІ, КРЕДИТОРЛАР
ТАЛАПТАРЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ
ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР
БОЙЫНША КЕПІЛДІКТІҢ
ТОҚТАТЫЛУЫ
195-бап. Талап қою мерзімінің өтуі
Бюджеттік
кредиттер бойынша
196-бап. Кредитордың
бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі
талаптарының тоқтатылуы және
кепілдіктің
тоқтатылуы
1. Кредитордың
бюджеттік кредитті өтеу
2. Кредитордың мемлекеттік білім беру
және студенттік кредиттер бойынша талаптары
қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс
болды деп жарияланған жағдайда тоқтатылады.
3. Қарыз алушы - заңды тұлға таратылған
жағдайда кредитордың бюджеттік кредитті
өтеу жөніндегі талабының тоқтатылуы
Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген міндеттемелердің орындалуын
бағалау жөніндегі алдын ала рәсімдер
жүргізілгеннен кейін:
1) республикалық бюджеттен берілген бюджеттік
кредиттер бойынша - республикалық бюджет
туралы заңның негізінде;
2) жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік
кредиттер бойынша - мәслихаттың шешімі
негізінде жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген
таратылған қарыз алушылардың берешегі,
сондай-ақ сот актісінің негізінде талаптар
тоқтатылған қарыз алушылардың берешегі
өтелді деп есептеледі және ол кредитордың
есептен шығаруына жатады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес таратылған қарыз алушыларға кредитордың
бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптары
тоқтатылған жағдайда, онымен бір мезгілде
тиісті бюджеттік кредиттер бойынша кепілдіктер
де тоқтатылады.
41-тарау. БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ, МОНИТОРИНГ, ЕСЕПКЕ АЛУ
197-бап. Бюджеттік кредиттерді бақылау
1. Кредитор және
(немесе) сенім білдірілген өкіл
(агент) бюджеттік кредиттің
2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты
бойынша пайдаланбау фактілері анықталған
жағдайда кредитор немесе сенім білдірілген
өкіл (агент) қарыз алушыдан кредиттің
заңсыз пайдаланылған сомасын кредиттік
шартта белгіленген мөлшерде айыппұл
ала отырып өндіріп алады.